Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 18:32, реферат
Шалғындықтың жалпы сипаттамасы. Әр аймақта табиғи шабындық пен жайылымның негізгі типтері. Мал шаруашылығында шалғынның мал азығын өндірудегі орны. Бүгінгі кезеңдегі табиғи шабындық пен жайылымның жағдайы. Ғылымның және ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде шалғындық шаруашылығының дамуы мен келешегі. Еліміздегі және шет елдердегі шалғынтану ерекшеліктері. Мал азықтық жерлерді жіктеу оның көлемі. Әртүрлі аймақтарда таралуы. Табиғатта өсу жағдайына және оны пайдалануына қарай шабындық пен жайылымның өсімдік қауымының өзгеруі. Өсімдік қауымының пайда болуына адамзаттың тигізетін әсері: шөп шабу, суару, минералды тыңайтқыштар пайдалану, гербицидтер пайдалану т.б.
Еліміздегі және
шетелдердегі шалғынтану
1.Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Шалғындықтың жалпы сипаттамасы. Әр аймақта
табиғи шабындық пен жайылымның негізгі
типтері. Мал шаруашылығында шалғынның
мал азығын өндірудегі орны. Бүгінгі кезеңдегі
табиғи шабындық пен жайылымның жағдайы.
Ғылымның және ауыл шаруашылығының бір
саласы ретінде шалғындық шаруашылығының
дамуы мен келешегі. Еліміздегі және шет
елдердегі шалғынтану ерекшеліктері.
Мал азықтық жерлерді жіктеу оның көлемі.
Әртүрлі аймақтарда таралуы. Табиғатта
өсу жағдайына және оны пайдалануына қарай
шабындық пен жайылымның өсімдік қауымының
өзгеруі. Өсімдік қауымының пайда болуына
адамзаттың тигізетін әсері: шөп шабу,
суару, минералды тыңайтқыштар пайдалану,
гербицидтер пайдалану т.б.
Табиғи өсімдік қауымын есепке алу, әр
типтеріне ерекше құжаттар толтыру, шабындық
пен жайылымдардың өсімдік сапасын анықтау.
Табиғатты қорғау міндеттері.
2.Шалғынтанудың биологиялық
және экологиялық негіздері
Шабындық және жайылым өсімдіктерінің
тіршілік жүйелері және олардың жем шөптік
ерекшеліктері. Өсімдіктердің өркен құру
және тамыр жаю ерекшеліктері . шабындық
және жайылым өсімдіктерінің өніп-өсу,
даму кезеңі, оның ұзақтығы. Өсу мерзімі.
Өсу мерзімі кезінде өсімдіктердің дамуы,
жапырақтардың орналасу ерекшеліктері.
Алшынкөк шығу ерекшеліктері.Өсімдік
және тіршілік ортасы олардың ара қатынасы
және өзара әсері. Шалғын өсімдіктерінің
ылғалға, жылуға, жарыққа және ауаға қоятын
талаптары. Өсімдік тіршілігіне топырақтың
тигізетін әсері. Шабындық және жайылым
өсімдіктерінің тіршілігіне тигізетін
биологиялық және ортаның өзгеру факторлары.
3. Табиғи шабындық және
жайылымның негізгі өсімдіктері
Табиғи өсімдіктердің мал азығын өндірудегі
маңызы. Өсімдіктердің шаруашылық-ботаникалық
топтары: астық, бұршақ, қияқ-өлең және
аралас шөптер. Мал азықтық өсімдіктерді
желінгіштігі, химиялық құрамы, сіңімділігіне
байланысты салыстырмалы бағалау. Астық,
бұршақ, қияқ-өлең, күрделігүлділер, шатыршагүлділер,
алаботалар, раушан гүлдер, айқышгүлділер,
қырықбуындар тұқымдастарына жататын
көп тараған өсімдіктердің түрлерінің
қысқаша морфологиялық, экологиялық және
өндірістік сипаттамалары. Олардың малазықтық
қасиеттерін, әр аймақта малға тиімділігін,
сіңімділігін бағалау негіздері. Шабындықтың
өнімі туралы түсінік, жайылымның мал
азықтық көлемі оны есептеу әдістері.
4.Табиғи шабындық пен
жайылымды жақсарту әдістеріТабиғи өсімдік
қауымын жақсартудың әдістері мен негіздерін
қолдану. Шабындық пен жайылымға жеңіл-желпі
мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу. Сумен
қамтамасыз етілуін жақсарту және ретке
қою. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды
түбегейлі жақсарту және алдын-ала себудің
негіздері. Ауыспалы егіс қолдану. Шөп
қоспаларының негіздері. Шөп тұқымдарын
себу әдістері мен уақыты. Күтіп баптау
негіздері.Үстіртін жақсарту жүйесінің
кейбір ерекшеліктері. Өзен алқаптарында
екпе шабындықтар мен жайылымдар қолдану.
Көлтабандағы табиғи өсімдік қауымын
жақсарту. Сортаң жерлердің табиғи өсімдіктерін
жақсарту, өнімін көтеру. Шөлейт жерлердің
құм басқан жерлерін жақсарту. Таулы жерлердің
жартылай шөлейт және шөлейт аймақтарында
екпе шабындықтар мен жайылымдар орналастыру.
5.Шабындықтарды және жайылымдарды
пайдалануЖайылым мен шабындықты тиімді
пайдаланудың басты теориялық негіздері.
Жайылым үлесі, жайылымдық шөптің қоректік
құнарлығы және малды жазда жайылымда
ұстаудың экономикалық тиімділігі. Жайылымды
және шабындықты тиімді пайдалануда қойылатын
негізгі талаптар. Жайылым сыйымдылығы.
Жайылымды пайдалану, шабындықты пайдалану
жүйелері. Ауыспалы жайылым және шабындық
айналымын енгізу.Көк балауса конвейері,
маңызы және түрлері. Көк шөп пайдалану
әдістері. Мәдени жайылымдар мен шабындықтар.
6. Мал азықтық егін шаруашылығыМал азығын
егістікте өсіру жемшөп қорын жасап, мал
шаруашылығының тікелей өркендететін,
ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі
бір бөлігі. Танаптық дақылдар, оларды
жіктеу қағидасы.
Дақылдар туралы мағлұматтар. Қазақстанда
таралуы.Алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы
өндірісінің, ғылыми- зерттеу ошақтарының,
аудандар мен облыстардың жетістіктері.
Мал азығының жалпы өнімін көбейтуде және
сапасын арттыруда республика алдында
тұрған міндеттер.Өсіру технологиясы
және жемшөп дақылдарын жинау ерекшеліктері.
Интенсивтік егіншілікте малазықтық ауыспалы
егістің орны.
Ферма маңындағы малазықтық ауыспалы
егістік, шабындық-жайылым ауыспалы егістігі.Өндіріске
малазықтық егісті енгізу, оны толықтай
пайдалану.
7.Жемдік дәнді дақылдарЖемдік астық дақылдарының
өнімін молайту- мал шаруашылығын құнарлы
жемдермен қамтамасыз ету, олардың тағамдық
мал азықтық құндылығы және қолданылуы.Ерте
егілетін жаздық дақылдар. Арпаның, сұлының
шаруашылық маңызы. Биологиялық қасиеттері,
таралуы, өнімі және сорттары. Интенсивтік
өсіру технологиясы. Өнімді жинау мерзімі
мен әдістері.
Күздік дақылдар. Жүгерінің, қонақ жүгерінің,
тритикале, дәнді мал азықтық бидай, қара
бидайдың шаруашылық маңызы. Биологиялық
қасиеттері, таралуы, өнімі және сорттары.
Интенсивтік өсіру технологиясы. Мал азығына
пайдалану ерекшеліктері.
8.Дәнді бұршақ дақылдарыХалық
шаруашылық маңызы және азық белогын көбейтудегі
дәнді бұршақ тұқымдас дақылдардың алатын
орны. Олардың малазықтық және агротехникалық
маңызы. Қазақстанда ас бұршақ, ноқат,
жасымық, май бұршақ, мал азықтық бұршақ
өсірілетін аудандар. Өсірудің интенсивті
технологиясы. Дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды
басқа дақылдармен араластырып себу жолдары,
маңызы.
9.Сүрлемдік дақылдарЖем-шөп
қорын жасауда сүрлемдік дақылдардың
маңызы. Сүрлемге салудың мән-мағынасы.
Жоғары сапалы сүрлем салудың жолдары.
Негізгі сүрлемдік дақылдар – жүгері,
күнбағыс, қонақ жүгері. Олардың биологиялық
және өсіру агротехникалық ерекшеліктері.
Басқа да, әдеттен тыс сүрлемдік дақылдар
(құлқайыр, мақсары, гүлтәжі, перко, рапс
т.б.). олардың өсіру технологиясы.
10.Тамыр жемісті, түйнек жемісті және бақша
шырынды мал азықтарыАуыл шаруашылық
малдарын азықтандыруда шырынды мал азығының
маңызы. Мал азықтық тамыр жемістілер.
Қант қызылшасы және мал азықтық қызылша.
Олардың халық шаруашылық маңызы. Биологиялық
ерекшеліктері. Өсіру технологиясы.
Мал азықтық сәбіз, шалқан, тарна. Мал азықтық
маңызы және өсетін аудандары. Оларды
өсірудің агротехникалық негіздері. Тамыр
жемістілерді қоймаға салу және сақтау
жолдары. Тамыр жемістілердің сабағы мен
жапырағын пайдалану. Түйнекті жемістілер.
Мал азықтық маңызы. Картоп пен жер алмұртының
мал азықтық құндылығы, өсетін аудандары,
сорттары, өсіру технологиясы.Мал азықтық
бақша дақылдары. Олардың мал азықтық
құндылығы, таралуы. Мал азықтық қарбыздың,
асқабақтың, кәдінің биологиялық ерекшеліктері
және өсіру технологиясы.
11.Мал азықтық шөптерЕкпе
шөптердің азықтық ерекшеліктері мен
маңызы. Олардың топырақ құнарлығын арттырудағы
рөлі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер-
жоңышқа, түйе жоңышқа, сиыр жоңышқа, беде,
мүйізбас шөп. Көпжылдық астық тұқымдас
шөптер – еркек шөп, қылтықсыз арпабас,
жима тарғақ, тарлау, бидайық, субетеге,
шалғындық қарабас, субидайық. Олардың
малазықтық құндылығы, биологиялық ерекшеліктері,
тарауы және өсіру технологиясы.Біржылдық
бұршақ тұқымдастары (сиыр жоңышқа, сераделла,
парсы бедесі, ноқат, жасымық, вигна, сары
үрме бұршақ, егістік бұршақ, бөрі бұршақ)
және астық тұқымдастары (судан шөбі, атқонақ,
қонақ тары, күздік қара бидай, сорго-суданка
буданы, біржылдық үй бидайығы).
12.Мал азығын дайындау және сақтау технологиясы
Шөп дайындаудың және кептірудің теориялық
негіздері. Әртүрлі пішен дайындаудың
технологиясы (пішен-престелген, ұсақталған,
түйіршіктер т.б.).
Пішендеме. Оны дайындауда қойылатын талаптар.
Дайындау технологиясы. Сүрлем салу, оның
сипаттамасы.Мемлекеттік стандарт бойынша
мал азықтары сапасын анықтау.
13.Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы
Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығының
маңызы. Шабындық- жайылым өсімдіктерін
тұқым алу үшін өсіру әдістері. Көпжылдық
шөптерден тұқым алу жоспары. Тұқым шаруашылығында
интенсивті технология қолдану. Әдеттен
тыс өсімдіктердің тұқымын өсіру ерекшеліктері.
Шалғындық қоңырбас' -астық тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр сабақты шөптесін өсімдік.Қазақстанның барлық тегістік, таулы аймақтарында, шалғындық жерлерде, өзен бойларында, ормандар мен бұталар арасында өседі. Биіктігі 30 — 100 см, сабағы түзу, жалаң. Жатаған тамыры тығыз, шым құрайды. Гүлдері жасыл немесе көкшіл түсті. Гүлшоғыры шашыраңқы сыпыртқы құрайды, Ұзындығы 20 см-дей. Масағы домалақ, Ұзындығы 3,5 — 6 мм, 2 — 5 гүлді. Масақ қылтаны теңбе-тең, төменгі қылтаны бұдыр, түкті, салалы. Мамыр — шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі — тұқымша. Шабындық пен жайылымда бітік өсетін құнарлы мал азығы, гектарынан 60 — 120 ц шөп, 25 — 30 ц пішен түседі. 100 г көк шөбінде 45 жемдік өлшем, 3,5 қорытылған протеин болады.
Шалғындық дала - жеткілікті ылғалда жақсы өсетін далалық өсімдіктер (шалғынға ауыспалы) түрі; топырақтың толық немесе толыққа жуық шымдануы тән. Оттылық құрамында қуаң жерлік далалық астық тұқымдастармен қатар түрлі шөптер едәуір
,
Шалғындық атқонақ – Phleum pratense L., Phleum туысына, Euphleum секция тармағына жатады. Осы секция тармағына кіретін түрлердің негізгі ерекшелігі – бүйір бұтақшалары негізгі осьпен бірігіп өсетін сұлтан гүлшоғыры. Шалғындық атқонақ – жаздық және күздік типті өркендері бар селдіртүпті, тамырсабақты көпжылдық астық дақылы. Сабағы жатып қалуға төзімді, буынаралықтар саны 4-8 аралығында. Шалғындық атқонақ түрлерінің шаруашылықта қолданылуы олардың алғашқы буынаралықтарының ұзындығына байланысты. Сабақтың төменгі буынаралықтары сабақтың жалпы ұзындығына қарағанда неғұрлым қысқа болса (ара қатынасы 1:16), соғұрлым жапырақтар төмен орналасады. Бұндай түрлерді жайылымдық өсімдік ретінде пайдаланған тиімді. Керісінше, ара қатынасы негұрлым үлкен болса (1:9-1:11), соғұрлым жапырақтар жоғары орналасады, бұндай өсімдіктерді шөп шабу алқаптары үшін қолданған жөн.
Шалғындық атқонақ өркендерінің ең қарқынды пайда болуы, басқа көпжылдық астықтағы сияқты, көктемгі және жазғы-күзгі уақытына сәйкес келеді. Бірінші өмір жылының шалғындық атқонақтың жаңа өркендерінің қалыптасуы көктеуден 15-20 күн өткен соң басталып, негізгі өркеннің түтікке шығу фазасының басына дейін созылады. Жазғы-күзгі түптену гүлдеу фазасынан өсімдіктердің өсуі мен дамуы тоқтайтын күзгі төмен температураға дейін жүреді. Екінші өмір жылының өнімді өркендердің көпшілігі жазғы-күзгі түптену уақытында қалыптасқан өркендерден пайда болады. Шалғындық атқонақтың бұтағында өркендердің үш түрін бөледі: 1) дамыған сабағы бар, ХІІ органогенез кезеңіне дейін жетіп, жеміс беретін; 2) дамыған сабағы бар, буынаралықтары мен жапырақтары көп, ұзарған вегетативтік өркендер, яғни өсу конусы ІІ кезеңде; 3) жақындасқан буындары мен дегелек жапырақтары бар қысқарған вегетативтік өркендер (өсу конусы ІІ кезеңде).
Шалғындық атқонақтың генеративтік өркенінің дамуында үш мерзімді қамтитын 12 кезеңді ажыратады (13-14-сурет).
І кезең екі кезеңшеден тұрады. Өсімдіктерді тұқымнан өсірген кезде негізгі өркеннің дамуында бірінші кезеңше (Іа) тұқымның қалыптасуымен байланысты және аналық өсімдікте органогенездің Х-ХІІ кезеңдерінде жүреді. Бұл кезде тұқымның ұрығында өсу конусы мен ұрықтық жапырақтар қалыптасады.
Екінші кезеңше (Іб) тұқымдардың өнуінен басталып, өскіндердің пайда болуына дейін жүреді. Өсу конусы жоғары бөлігі – апекстен және ұрықтық жапырақтар орналасқан төменгі бөлігі – негізден тұрады. Шалғындық атқонақтың бүйір өркендері қалыптасқан кезде Іа кезеңше жабық бүршіктің күйіне, ал Іб - өсе бастаған ашық бүршікке сәйкес келеді. Жалпы І кезеңге гетеротрофты мен мезотрофты қоректену тән.
13-сурет. Шалғындық
1 – көктеу фазасы, І кезең - өсу конусы; 2 – үш жапырақ фазасы, ІІ кезең - өсу конусы; 3 – түптенудің басталуы, ІІІ кезең - өсу конусы; 4 – түптену, ІІІ кезең – созылған өсу конусы; 5 – түтікке шығудың басталуы, ІV кезең – гүлшоғыр қалақшаларының мамандануы; 6 – түтіктену фазасының аяқталуы - V кезең, 6а - өсе бастаған сұлтан, 6б – төбелік масақша, 6в – гүлшоғыр қалақшасы; 7 - V кезеңнің аяғындағы гүлшоғыр, 7а – гүлшоғыр масақшасы; ө.к. - өсу конусы, ж. – жапырақ, ж.б. – жапырақ білікшесі, қ. - қалақша
ІІ кезең өскіндердің пайда болуынан басталады. Өсу конусының көлемі біршама ұлғаяды. ІІ кезеңде өсу конусының негізінде ұрықтық жапырақтардан басқа жаңа жапырақтар қалыптасып, кескіндерде сабақ буынаралықтары көріне бастайды.
14-сурет. Шалғындық
8 – масақтанудың басталуы (VI-VII-VIII кезеңдер), 8а – масақша, 8б – VI кезеңдегі гүл, 8в – тетрада және диада; 9 – гүлдеу, 9а – гүлдеу алдындағы гүл, 9б – тозаң; 10 – тұқымдардың толық пісу фазасындағы сұлтан, 10а – тұқым; 11 - өркендер сапасының әртүрлілігі (а – І-ІІ кезеңде өсу конусының қысқарған вегетативтік өркені; б – ұзарған вегетативтік өркен, в – генеративтік өркен); 12 – гүлшоғырлар (а – 1-ші жылғы өсімдіктің сұлтаны, б - 2-ші жылғы өсімдіктің сұлтаны, в – салалы бұтақтану типіндегі сұлтан)
ІІІ кезең түптену фазасының басына сәйкес келеді. Өсу конусы қатты созылады және брактейлердің қалыптасуы арқылы бөлшектенеді. Осы созылған конус бөлігінен кейінгі дамуы барысында сұлтан пайда болады.
ІУ кезеңде гүлшоғыр
қалақшалары қалыптасады. Көп рет
бөліну нәтижесінде көптеген біргүлді
масақша түрінде күрделі
Бүйір өркендердің ІІІ-ІУ
органогенез кезеңдерінде өсу конусының
созылу деңгейі олардың пайда
болу мен қалыптасу уақытына байланысты.
Көктемгі-жазғы түптену
У кезең – гүлдердің қалыптасуы – гүл қабыршақтарының, кейін 3 аталық пен 1 аналық төмпешіктің, екі лодикуланың қалыптасуынан басталады. Бұл кезде масақша мен гүл қабыршақтары қарқынды өседі.
УІ кезең – тозаңдықтар мен тұқымбүршіктерде тетрадалардың қалыптасуы. Бір ядролы тозаң (микроспора) және тұқымбүршіктің нуцеллусінде ұрық қапшығының аналық клеткалары (макроспоралар) пайда болады. Спорогенез жапырақ қынабынан сұлтанның пайда болу сәтінен басталып, масақтануымен аяқталады.
Күздік форма мен сорттардың өркендері У-УІ органогенез кезеңдеріне келесі жылда көшеді. Бұл ретте, жазда себілген өсімдіктердің ұрықтық гүлшоғырлары ерте көктем мен қоңыр күзде себілгендерге қарағанда айтарлықтай үлкен. Жазда себілген атқонақ гүлшоғырларының мөлшері тек ІУ кезеңнің басына қарай өсу конустарының қатты созылыңқы болуына ғана емес, сонымен қатар, олардың кейінгі мамандану сатыларында қарқынды өсуіне байланысты.
Жазғы себу мерзімінде ірі сұртан саны жер оты ауданның бірлігіне шаққанда айтарлықтай ұлғаяды. Ірі (10-15 см көлемінде) сұлтандардың ең көп саны кең қатарлап және тар қатарлап себу жағдайында ерте жазда себілген өсімдіктерде байқалады. Кең қатарлап себілгенде ірі сұлтандардың абсолюттік саны көбірек.
П.В. Лебедевтің деректері бойынша, ІІІ-ІУ органогенез кезеңдерінің өтуіне азоттық тыңайтқыштар жағымды әсер етеді, себебі бұл кезде өсу мен өркен қалыптасу үрдістері қарқынды жүреді. Өсімдіктердің генеративтік фазаға көшуіне байланысты өсу конустарының мамандануы калий мен фосфордың аз мөлшерімен салыстырғанда көп мөлшерімен өңделген өсімдіктерде әлдеқайда жылдамырақ жүреді.
УІІ кезең масақтану фазасында жүреді, бұл кезде гүлдегі тозаңдықтар сары түске ие болып, оларда екі ядролы тозаң, яғни аталық гаметофит қалыптасады.
15-сурет. Шалғындық бетегенің
даму фазалары және
Информация о работе Еліміздегі және шетелдердегі шалғынтану егістіктері