Мазмұны
Беті
Кіріспе 2
1.1 Әулиекөл тұқымының өсіп
– жетілуі
3
1.2 Бұқалар мен сиырлардың
тірілей салмағы 4
1.3 Сиырлардың сүттілігі
5
1.4 Төлдің өсіп – жетілуі
5
1.5 Табынның көбею қабілеттілігі
5
2 Малды сұрыптау және жұптау
арқылы бағалау 6
2.1 Малдың дене бітімі ерекшелігі
6
2.2 Малды өнімділігі бойынша
бағалау 6
2.3 Малды ұрпағының сапасы бойынша
бағалау 7
3 Ірі қараны азықтандыру
7
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда республикамызда
етті бағыттағы мал тұқымдарын өсіру қарқынды
дамуда. Мал шаруашылығының осы саласына
аса зор көңіл бөлінуде.
Әр аймақта осы шаруашылықпен
айналысып жатқан шаруа қожалықтары және
асыл тұқымды фермалар аз емес. Солардың
бірі - «АКА» ЖШС асыл тұқымды ірі қара
фермасы. Бұл ферма Ақмола облысы, Целиноград
ауданы, Тасты ауылдық округі, Астана қаласынан
50 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл шаруа
қожалығы 1998 жылы 5 – қарашада құрылған.
Фермада асыл тұқымды ірі қараның 3 түрі
бар, олар: абердин – ангус, герефорд және
әулиекөл.
Қазіргі уақытта шаруа қожалығында
жалпы ірі қараның саны 1698 бас. Соның ішінде,
871 бас абердин – ангус, 441 бас герефорд
және 386 бас әулиекөл тұқымына тиесілі.
Шаруашылық қарамағында мал
ұстайтын қора – жайы, шөп жинайтын орны,
15000 га егістік алқабы, сою цехы, наубайханасы,
демалыс орны, азық – түлік дүкені және
Астана қаласында «АКА» атты қонақ үйі
бар.
Шаруашылыққа абердин – ангус
және герефорд тұқымдары 2009 жылы алғаш
Ирландия елінен әкелінген болатын. Ал
әулиекөл тұқымы Қостанай облысынан әкелінген.
3 тұқымның түрін әр түрлі жайылымдарда
ұстайды. Ерте көктемнен қыс мезгілі басталғанша
жайылымда ұстаса, одан кейінгі кезеңде
қора жағдайында, жылы жерде ұстайды.
Абердин – ангус және герефорд
ірі қаралары шаруашылық маңындағы жайылымдарда
болса, әулиекөл тұқымының ірі қара малдарын
Қорғалжын ауданындағы Құмкөл ауылында
ұстайды.
Белгілі бір уақыт аралығында
вакцинациялау жұмысы жүргізіліп отырады.
Жаңа туылған төлдеріне сырға салу, түрлі
ауруларға қарсы екпелер салу, дезинфекциялау
секілді шаралар жасалынды.
72 км деген аймақтағы 2 – жайылымдағы
абердин – ангус тұқымына және Қарақоғадағы
жайылымда герефорд тұқымына санақ жүргізілді.
Әр мал басында арнайы ветеринарлық
паспорт пен инвентарлық құжаттары
болады. Вакцинациялау кезінде сол мәліметтер
ветеринарлық паспортқа енгізіліп отырады.
Жаңа туылған төлдерін жынысына
қарай, тұқым түріне байланысты бөліп,
аталық және аналықтарын есепке алып,
сырға салып, сырғадағы нөмірге сәйкес
есеп кітапшасына тіркейді.
Қолдан ұрықтандыру жұмысы
жүргізілмеген, сол себепті, 100 бас аналық
малдан 50 – 55 % ғана төл алынады.
Шаруашылықта 10 – 15 жұмысқа
пайдаланатын жылқылары бар.
Қызметкерлеріне келетін болсақ,
директор орынбасары, бас зоотехник, есепші,
селекционер, мал дәрігері, агроном және
әр жайылымда кем дегенде 2 малшыдан бар.
Қазір «АКА» ЖШС – де жалпы 200 адам жұмыс
істейді.
Әулиекөл ірі қарасының
тұқымдық және өнімділік сапасын бағалау
1.1 Әулиекөл тұқымының
өсіп – жетілуі
Ірі қара малынан алынатын ет
өнімінің молаюы және сапасының жақсаруына
байланысты арнайы етті ірі қара тұқымдарын
өсірудің қажеттілігі біздің елімізге
зор маңызды жұмыстың бірі болып табылады.
Осыған орай, республикамызда қазақтың
ақбас, әулиекөл, санта – гертруда, галловей,
қалмақ, герефорд тұқымдары өсірілуде.
Олар әр тұқымның биологиялық қасиетіне
байланысты аудандастырылған. Сол етті
ірі қара тұқымының ішінде әулиекөл тұқымының
орны ерекше. Себебі бұл тұқым республика
бойынша өнімділігі жоғары, халықаралық
деңгейде бәсекелестікке сәйкестігін
көрсетіп отыр және біздің өсіріп жатқан
жердің табиғатына жерсінгендігінен көзге
түседі. Әулиекөл сиыры жергілікті қазақтың
ақбас, шетелдік шароле және абердин –
ангус сиырларының тұқымдарын пайдалану
арқылы 1992 жылы Қостанай облысының Әулиекөл
жерінде шығарылған болатын.
Бұл сиыр тұқымы өте өскелең,
еттілігі жоғары әрі тез жетіледі, ал сиырдың
салмағы 650 – 700 кг, бұқанікі 950 – 1200 кг –
ға дейін жетеді. Тәулігіне 900 – 1100 г салмақ
қосып, сойыс шығымы 58 – 60 пайыздан асады,
ал ет сапасы өте жоғары.
Міне осы әулиекөл тұқымының
биологиялық ерекшелігі мен өсімділік,
өнімділік сапасына байланысты республикамыздың
көп жеріне тарауға себеп болып отыр.
Сиырлардан бағалы тұқымды
бұзау алынады. Бұзаулары жақсы өсіп –
жетіледі.
1 кесте – Әулиекөл тұқымының
жаңа туылған төлдерінің тірілей салмағы
№ |
Жеке нөмірі |
Туылған жылы |
Жынысы |
Тірілей салмағы, кг |
1 |
09167113 |
13.03.13 |
аталық |
26 |
2 |
09167690 |
13.03.13 |
ұрғашы |
25 |
3 |
09167663 |
20.03.13 |
аталық |
30 |
4 |
09167591 |
20.03.13 |
аталық |
25 |
5 |
09167659 |
20.03.13 |
аталық |
26 |
6 |
09167699 |
20.03.13 |
аталық |
24 |
7 |
09167525 |
20.03.13 |
аталық |
30 |
8 |
09167431 |
20.03.13 |
аталық |
35 |
9 |
09167661 |
20.03.13 |
аталық |
25 |
10 |
09167514 |
20.03.13 |
ұрғашы |
24 |
Кестеде төлдердің туылған
уақыттағы салмақтары. Қазіргі кезде,
яғни 6 айлық бұқашықтардың орташа салмағы
185 – 220 кг, тайыншалар 170 – 205 кг тартты.
Ет шығымы 59 – 63 % болды.
Табын асылдандыру жұмысы оның
негізгі элементтерінің бірі болып табылатын
генотипі (шығу тегі мен тұқым сапасы)
және фенотипі (типке жататындығы, тірілей
салмағы, өсу қарқыны, төлділік қабілеттігі
мен сүттілігі) бойынша жүргізіледі.
Малды алғашқы сұрыптау енесінен
бөлгенде жүргізіледі. Бұл кезде асылдандыруды
есепке алу мәліметтері бойынша шығу тегі,
тұқымдылығы, шыққан тегінің өнімділігі
және дене бітімі мен сырт пішіні бағаланады.
Сұрыптаудың екінші кезеңі
15 – 18 айлығында енесінен бөлгендегі бағалауды
ескере отырып, келесі кезеңдегі өсу қарқыны,
етті типтің сипатына сай болуы және ақаулары
мен кемшіліктеріне қарай мал топтарға
бөлінеді. Кешенді бағалау жолымен малдың
асыл тұқымдық тиімділігін анықтаймыз.
Сұрыптау нәтижесіне байланысты мал асылдандыру
және оның өнімділігін арттыру үшін жұптастыру
жұмысы жасалынды. Жұптастыру кезінде
алдыңғы қашырудың нәтижесі мен жеке мал
арасындағы туыстық қатыс ескеріледі.
Егер қазақтың ақбас сиыры тұқымы
еліміздің барлық аумағында бір мезгілде
шығарылып, келешекте оны әрі қарай өркендету
үшін бүкіл асыл тұқымдық шаруашылықтардағы
малдың тұқымдық қорын алмастыру арқылы
жүргізіліп, соның нәтижесінде гетерозиготты
жеке түр берді. Осындай ықпалды әулиекөл
тұқымына да жасау керек. Себебі бұл жалғыз
«Москалев» шаруашылығында ғана шығарылды.
Ол аздаған генетикалық топқа дифференцияланған:
2007 жылы апробацияланған небары екі зауыттық
аталық із басы мен төрт туыстық топтан
тұрады. Сондықтан да тұқымның тұқымқуалаушылық
сапасын бір шаруашылықта өсіріп өркендету
мүмкін емес, яғни басқа еншілес шаруашылықтардың
еншілес қорларын пайдаланып, ғылыми негізделген
жұптау типтері мен түрлерін қолдана отырып
гетерозиготтық жұп жасау керек.
1.2.1 Бұқалар мен сиырлардың
тірілей салмағы
Етті ірі қара шаруашылығында,
сақа малдың тірілей салмағы олардың өсіп
– жетілуін және ет өнімділігін сипаттайтын
негізгі жиынтықты көрсеткіш болып табылады.
Осы тұрғыда, ауыр салмақты малдарға және
олардың ұрпақтарына жоғары өсу қарқындылығы
мен азықты өніммен өтеу қабілеті тән
екені белгілі. Көптеген ғалымдар зерттеулерінде
ірі малға және олардың ұрпақтарына жоғарғы
өсу қарқындылығы, жемді өтеу қабілеті
тән екендігін дәлелдейді (Штейман С.И.,
1948; Уилсон, Динкел, Диран және Мунвард
1963; А.В.Черекаев және И.А.Черекаева, 1973;
Л.П.Прахов, 1975 және Қ.Қ.Бозымов 1994 т.б).
Мал салмағының ауырлауы – олардың өсіп
– жетілуінің жақсарғанына, жеммен және
қора – жаймен жақсы қамтамасыздануына,
сұрыптау және жұптау жүйесінің жетілдірілуіне
тығыз байланысты. Салмағы ауыр малды
сұрыптаумен ұнамды типті шығарудың тиімділігі
жоғары.
Малдың салмағының бірнеше
жыл ішіндегі өзгеруі тұқымды асылдандыру
жұмыстарының дәрежесін меңзейді [4].
1.2.2 Сиырлардың сүттілігі
Енесінің бауырындағы бұзаулардың
тез өсіп – жетілуі енелерінің сүттілігіне
байланысты. Етті ірі қара шаруашылықтарында
сиырлардың сүттілігін 6 айлық бұзаулардың
салмағымен анықтайды. Бұл әдісті нақты
деп санауға болмайды, өйткені бұзау енесінің
сүтінен басқа өзге азықтарды да жейді,
бұл оның жетілуіне қосымша азықтандырудың
да әсері күшті екенін көрсетеді. Сол себепті
тұмса бұзаулаған сиырлардың сүттілігін
бағалағанда ең төменгі қойылатын талапты
10 пайызға, екінші рет төлдеген сиырға
5 пайызға кемітеді [3].
1.2.3 Төлдің өсіп –
жетілуі
Өсу мен даму бірдей емес, олар
жалпы дамудың жеке жақтарын байқатады.
Ал, мал ағзасының дамуы мен тірілей салмағының
өзгерісінде белгілі бір байланыс қалыптасқан.
Осы тұрғыда көптеген ғалымдар
мынадай тұжырымдар жасайды: G.Backman және
R.Rubner өсу деген жасушаның бөлінуі мен
көлемінің ұлғаюы деп түсінген. К.Б.Свечин
дәлелі бойынша ағзаның дамуы жіктеу мен
өсу процесстері қосылады. Жіктеу – бұл
ағзаның даму процесінде пайда болатын
оның жасушаларында, ұлпаларындағы, ағзасындағы
биохимиялық, морфологиялық және қызметтік
айырмалар.
Ең жақсы малдардың бойының
өсуі мен денесінің дамып – жетілуі үздіксіз
байланыста болады. Сондықтан да, әр түрлі
типтегі төлдердің туылғаннан бастап
ересек мал болғанға дейінгі аралықтағы
бойының өсуі мен дамып – жетілуін білу
сиырлардың өздері өмір сүретін ғана емес,
сондай – ақ белгілі бір ортаға қаншалықты
бейім және биологиялық тұрғыдан төзімді
екенін анықтауға, сонымен бірге оларда
ерекше бағып – күту жолдарын қолдануға
мүмкіндік береді.
Тірілей салмақтың, денесінің
өсуі белгілі жаста маңызы зор, өйткені
тез өскен малдың салмағы баяу өсетініне
қарағанда аз уақыт ішінде етке тапсыруға
дайын болады [1].
1.2.4 Табынның көбею
қабілеттілігі
Төлдегіштік қасиет – ірі қара
шаруашылығын ұдайы өсірудің негізгі
көрсеткіші. Себебі, бұл көрсеткіш шаруашылықтың
экономикалық тиімділігімен тығыз байланысты.
Жыл сайын әр сиыр мен құнажыннан
бір бұзау алу арзан ірі қара етін өндіруде
маңызды. Табынды толықтырудың басты мақсаты
жылма – жыл сиыр мен құнажын, қашардан
нәсілді бұзау алу.
Көптеген шаруашылықтарда төл
аз алынады, бұл жағдай етті мол өндіруге
кедергі жасап, өзіндік құнын арттырады.
Бұзаудың аз алынуының басты себептерінің
бірі – сиырдың қысыр қалуы. Сиырлардың
қысыр қалуының алдын алу үшін бірсыпыра
шараларды жүзеге асыру қажет.
Етті ірі қара шаруашылығындағы
маусымды бұзаулату – буаз және жас туған
сиырларды дұрыс азықтандыруға, төл алуға
тұрақты бақылау жасауға, мүмкіндік жасайды.
Бұл тұрғыда, Н.И.Москаленко
сиырларды шағылыстырудың ең қолайсыз
уақыты қаңтар – ақпан айлары деп, ал шағылыстырудың
ең қолайлы уақыты шілде – тамыз айлары
екенін келтіреді.
Сиырлардың ұрықтану үрдісінің
жасына қарай төмендейтінін Dieten S.W өз тәжірибесінен
дәлелдейді. Мысалы, қашарлардың ұрықтану
қабілеті жоғары – 68,8%, ал он туған сиырлардың
ұрықтану проценті жасына қарай төмен
-58,5 [2].
2 Малды сұрыптау
және жұптау арқылы бағалау
2.1 Малдың дене бітімі
ерекшелігі
Малдың дене бітімінің ерекшелігін
білмей асылдандыру жұмыстарын жүргізу
мүмкін емес. Себебі, олар дене бітімі,
тірілей салмағы мен ет өнімділігінің
жетілу дәрежесі мен құрылуын сипаттайды.
Бұл жөнінде зоотехния ғылымының
классиктері малдың дене бітіміне өздерінің
ғылыми ізденістерінде көп көңіл бөлді.
2.2 Малды өнімділігі
бойынша бағалау
Малды еттілігіне қарай бағалауды
тірі кезінде және сойғаннан кейін жүргізеді.
Еттілікті жануардың тірі кезінде бағалау
түрлі жастағы төлдің тірілей салмағының
көрсеткіші негізінде және оның өсу қарқынына
қарай жүргізіледі. Сұрыптауда жедел өсетін
жануарларға артықшылық беріледі, өйткені
олар 1 кг қосымша салмаққа 6 – 7 азық өлшемін
жұмсай отырып, тәулігіне орта есеппен
1 – 1,5 кг салмақ қосады да, 15 – 18 айлығында
(өгізшелер) 450 – 550 кг тірілей массаға
жете алады. Бұған қоса жануардың экстерьері
көз мөлшермен бағаланады, мұнда жоғары
сортты ет алынатын және жақсы дамитын
мүшелеріне (жотасы, сегізкөзі, саны) артықшылық
беріледі.
Жануардың еттілік қасиеттеріне
негізгі және түпкілікті баға оны сойғаннан
кейін беріледі. Мұндағы негізгі көрсеткіштерге
мыналар жатады: сойыс массасы, сойыс шығымы,
ұшадағы май мен бұлшық ет ұлпаларының
арақатынасы, бұлшық еттің гистологиялық
құрылысы, ет жұғымдылығы мен дәмдік қасиеттері.
Етті мал өсірудегі сұрыптау
жұмысының ерекшелігі мынада: мұнда тұқымға
қалдырылатын жануарларды емес, етке сойылатын
жануарларды бағалайды. Оларды арнайы
бордақылайды немесе жайып семіртеді.
Жануарларды сойғаннан кейінгі еттілігіне
қарай бағалау олардың ата – енелерінің
және табынды ұлғайту үшін қалдырылатын
өзге де туыстарының асыл тұқымдық артықшылықтары
туралы пікір айтуға мүмкіндік береді
[2].
2.3 Малды ұрпағының
сапасы бойынша бағалау
Селекциялық асылдандыру жұмыстарының
басты бағыттарының бірі аталық бұқаларды
ұрпақтарының сапасы бойынша баға беруді
ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.
Осындай әдістердің
бірі «Жастастарымен» салыстырып
бағалау әдісі. «Жастастар» әдісі
тексерілетін аталық мал ұрпақтарының
өнімділігін осы ұрпақтың жастастарымен
салытыруға негізделген. Бұл әдіс
біздің елде де, шет елдерде
де кең қолданылады. Бұл әдістің
негізгі артықшылығы – тексерілетін
аталық мал ұрпағының көрсеткіштерін
оның жастастарымен ешқандай түзету коэффиентісіз
– ақ салыстыруға болады. Себебі, жастастар
бір жылда туылғандықтан олардың жастары
бірдей, азықтандыру, бағып – күту жағдайлары
ұқсас.