Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 20:02, реферат
Описание работы
Қазіргі таңда республикамызда етті бағыттағы мал тұқымдарын өсіру қарқынды дамуда. Мал шаруашылығының осы саласына аса зор көңіл бөлінуде. Әр аймақта осы шаруашылықпен айналысып жатқан шаруа қожалықтары және асыл тұқымды фермалар аз емес. Солардың бірі - «АКА» ЖШС асыл тұқымды ірі қара фермасы. Бұл ферма Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Тасты ауылдық округі, Астана қаласынан 50 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл шаруа қожалығы 1998 жылы 5 – қарашада құрылған. Фермада асыл тұқымды ірі қараның 3 түрі бар, олар: абердин – ангус, герефорд және әулиекөл.
Содержание работы
Кіріспе 2 1.1 Әулиекөл тұқымының өсіп – жетілуі 3 1.2 Бұқалар мен сиырлардың тірілей салмағы 4 1.3 Сиырлардың сүттілігі 5 1.4 Төлдің өсіп – жетілуі 5 1.5 Табынның көбею қабілеттілігі 5 2 Малды сұрыптау және жұптау арқылы бағалау 6 2.1 Малдың дене бітімі ерекшелігі 6 2.2 Малды өнімділігі бойынша бағалау 6 2.3 Малды ұрпағының сапасы бойынша бағалау 7 3 Ірі қараны азықтандыру 7 Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Бүкілодақтық етті ірі қара
шаруашылығының ғылыми зерттеу институты
ұсынған әдістерге қарағанда, қазіргі
кезеңде Л.П.Праховтың, 1990 жылғы әдістемелік
нұсқауларында көрсетілген бағаланатын
бұқалардың ұрпақтарын жастастарымен
салыстыру ең жеңіл әдіс болып саналады.
Соған қарамастан, осы күнге дейін көптеген
асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар
Бүкілодақтық етті ірі қара шаруашылығы
ғылыми зерттеу институтының (БОЕІШҒЗИ,
1972 жылғы) ескі әдістемесін қолданып, етті
тұқымның бұқаларын ұрпағының сапасына
қарап, баға беруді жалғастыруда [2].
3. Ірі қараны азықтандыру
Мал денесінің өсуіне және ет
сапасының жақсаруына әсер ететін жағдайлардың
ең маңыздысы – азықтандыру. Н.И.Чирвинский
және А.А.Малигонов жұмыстарының негізінде
мал денесінің өсуі эмбриондық және эмбрионнан
кейінгі кезең болып бөлінеді.
Осы кезеңдердің қай – қайсысында
болмасын азықтандыру сапасы мал денесінің
өсуіне барынша әсер етеді. Азықтандыру
деңгейі мен сапасы, біріншіден, бұлшық
еттің және сүйектің өсуіне ықпал жасайды.
Жас малдың еті, әсіресе азықтандырудың
басынан соңына дейін құнарлы жем – шөппен
қамтамасыз етсе ғана барынша көп өседі.
Толық құнды азықпен қарқынды
өсіргенде 18 айлық жас малдың салмағы
450 – 500 кг жетеді және сойыс шығымы да
жоғары болады.
Қарқынды азықтандыру қорытындысында
еті сапалы мал өседі. Етінің құрамында
құрғақ заттар және май мөлшері де артады.
Қарқынды өсірілген немесе жемделген
малдың сыртқы және ішкі майында да ылғалдылық
та, протеинде аз, ал шыны майы көп.
Жаз айларында малды жайып семірткенде
тәулігіне 800 – 900 г қосымша салмақ алуға
болады. Сондықтан да малды жайылымға
жайып семірткен тиімді. Бір центнер қосымша
салмақтың өзіндік құны байлап бордақылағанда
алынатын 1 ц салмақпен салыстырғанда
2 – 3 есе арзан.
Азықтандыру жағдайына, қоңдылығына
қарай сойыс салмағы және түрлі мүшелерінің
үлес салмағы да әр түрлі.
Малдың еттілігі бордақылау
мерзімінің ұзақтығына да байланысты.
Бордақылаудың алғашқы мерзімінде малдың
салмағы тез өседі. Өйткені бұл уақытта
денеге бұлшық ет, май да өосылады және
ас қорыту ағзалары жем – шөпке толады.
Жоғары сапалы етті жайылымда
семірген малдан алуға болады. Шөбі шүйгін
жайылымда малдың бұлшық еті тез дамиды,
кәрі малдың тірілей салмағы 50 % – ға, жас
малдың тірілей салмағы 70 % – ға өсіп, еттің
тағамдық қасиеті 2 – 3 есе артады.
Азық рационын жасағанда, қатты
жемді бергенде қосымша 1 – 1,5 кг көлемді
азықты нағыз күйінде немесе ұсақталған
күйінде береді. Бұқаны ылғалды бағалы
рационды азықтық қоспамен азықтандырғанда
(құрамында сүрлем, пішендеме, көлемді
азық (пішен және сабан) және құнарлы азық
болады), азық цехында дайындағаннан кейін
күніне 2 рет беру керек.
Ірі қараның етті бағытындағы
тұқымдарға арналған азықтық рацион: сүрлем,
сенаж (күнбағыс, арпа, сено, жүгері және
бұршақ), құрамажем. Тәулік ішінде берілетін
азық мөлшері – 1 басқа 5 кг [5].
Қорытынды
Еліміздің аграрлық кешенін
реформалаудың өтпелі кезеңі мал басының
күрт азаюына, өнім өндіру мөлшерінің
төмендеуіне әкеліп соқты.
Союға арналған малдың тірілей
салмағының төмендеуі, сонымен қатар ішкі
базардағы ет ресурстарының жетіспеушілігі,
Қазақстан ТМД елдеріндегі сиыр етінің
экспорттары ретіндегі жетекші орнын
жоғалтуына әкеліп соқты. Кейінгі жылдары
ет экспортының көлемі 10 еседен астам
азайып, импорт үлесі айтарлықтай көбейді.
Әулиекөл тұқымы етті ірі қара
шаруашылығындағы негізгі тұқымдардың
бірі болғандықтан, оның өнімділігін арттырып,
тұқым сапасын жақсарту саланың экономикалық
тиімділігін арттыруға әсерін тигізері
күмәнсіз.
Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасында
етті ірі қара малының, соның ішінде әулиекөл
тұқымының бағалы қоры бар. Осыған орай,
болашақта аталмыш тұқым малын индексті
селекциялау тәсілі арқылы тұқымішілік
типтерінің тұқымдылық және өнімділік
сапасын жетілдіру жолдарын енгізу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
Алматы облысында етті ірі қара
тұқымдарын өсіру (нұсқаулар). //Алматы, 2006.
Ермұхан Б., Әлібаев Е.Т. Мал
өнімдерін өндіру технологиясы.// Астана, 2010.
Кәрімов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов
Д.Қ. Ірі қара мал шаруашылығы.// Қостанай, 1996.
Ысқақбаев Б. Ірі қара шаруашылығы.// Алматы, 1996.