Керамикалық қабырғалық бұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2013 в 14:46, лекция

Описание работы

Керамикалық қабырғалық бұйымдар қолданылады: сыртқы және ішкі қабырғалықтарға. Сыртқы қабырғалықтар ғимараттар үшін кірпіш және беткі тастар, ірі көлемді плиталар, сыртқы керамикалық плитар және ковры (кілем тәрізді) қолданылады. Кірпіш және беткі тастарды кірпіш стеналармен қатар жинастырып қояды.олардың формасы мен өлшемі бірдей болады, бірақ сапасы мен сыртқы түрлері бөлек болады. Түстері бірдей, беткі жағында дақ, жарық және де басқа да кемшіліктер болады.

Файлы: 1 файл

6. Дәріс кешені.doc

— 146.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс №1. КІРІСПЕ

Керамикалық қабырғалық бұйымдар

Керамикалық қабырғалық бұйымдар қолданылады: сыртқы және ішкі қабырғалықтарға. Сыртқы қабырғалықтар  ғимараттар үшін кірпіш және беткі  тастар, ірі көлемді плиталар, сыртқы керамикалық плитар және ковры (кілем тәрізді) қолданылады. Кірпіш және беткі тастарды кірпіш стеналармен қатар жинастырып қояды.олардың формасы мен өлшемі бірдей болады, бірақ сапасы мен сыртқы түрлері бөлек болады. Түстері бірдей, беткі жағында дақ, жарық және де басқа да кемшіліктер болады. Беріктігі, сығылуы, пішіні, өлшемі, орташа тығыздығы, сусіңгіштігі МЕСТ сәйкес болуы қажет.беріктік маркасы 75, 100, 125, 150, 200, 250, 300, аязға төзімділігі 25, 35, 70. шикізат материалдарын қосқанда олардың түстері табиғи немесе боялған болуы мүмкін. әйнекті немесе екі қабатты қалыптау. Екі қабатты өнім ұқалыптауда екі массасымен дайындалады: қызылкүйдірілген саз, беткі қабатының қалыңдығы 3-5 мм-ден түстікүйдірілген боялған немесе боялмаған сазды дайындайды. Әйнек  - жіңішке қабат, керамикалық бұйымның сыртқы жағынан салса әдемі түс береді. Әйнекті жасалуында табиғи материалдар, кремнезем және глинозем қолданады (кварцты, саз, песок, тальк) және де тұзды, қышқылды металдар: калия, натрия, лития, бора, кальция, магния, бария, цинка, свинца т.б. Суспензия мен консистенций сливокты алу үшін жіңішке ұсақ әйнекті сумен араластырамыз. Күйдірілген уақытта әйнекті балқыту беткі қабатына жайылып және салқындатқаннан кейін әйнек тәрізді  қабатқа айналады. Ірі көлемді қабырғалық плиталар тікбұрышты немесе квадратты пішінді иемденеді. Ұзындығы 490, 990, 1190 мм, ені 490 және 990 мм, қалыңдығы 9-10 мм. Олар  бір немесе көп түсті, әйнекті  немесе әйнекті емес бет жағы жұмсақ және бедерді шығарады. Сусіңгіштігі  1 % , аязға төзімділігі 50 цикл. Мұндай плиталар жерасты жолдарында және ғимараттардың сыртына қолданады.

Құрылыстық керамика – тұрғын және өндірістік ғимараттардың  құрылысында кеңінен қолданылатын керамикалық бұйымдардың үлкен  тобы.  Керамикалық қабырға материалдары – ең ежелгі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл шамасында. Олар ұзақ мерзімділігімен, қышқылға төзімділігімен және құрамында қоршаған ортаға зиянды заттардың жоқтығымен ерекшеленеді. Ыдыс және тағы да басқа керамикалық бұйымдарды дайындау үшін сазды қолдану ерте заманнан бар еді, тіпті біздің эрамызға дейінгі бірнеше мың жыл бұрын. Ежелгі Греция мен Римде де керамикалық өндіріс жақсы дамыған. Археологиялық қазбалар нәтижесінде Еуропа мен Азия территорияларынан IV-V ғасырларға жататын керамикалық ыдыстар, қыш құмыралар, әшекей бұйымдар табылған.

1415 жылы III Иванның шақыртуымен  кірпіш өндірісіне қосқан үлесі  зор  сол замандағы атақты  архитектор және инженер Аристотель  Фьорванти Мәскеуге келді. Ол  кірпіштің өлшемін өзгерте отырып, оны жіңішкерту туралы ұсыныс айтты, ұсынған кірпіш өлшемі 6,5×2,5×1,5 верш, немесе 270×110×70 мм болды және көлемі жағынан қазіргі кірпіштің 1,05-дей.

Керамикалық өндірістің Қазақстанда пайда болуынан бастап өндіріс технологиясы өзгеріссіз қалды. Жұмыс қолының арзан болуы  механикалық құрылғыларды керек етпеді. Осылайша кірпіш өндіру процесі ұзақ уақыт бойы былай болды: сазды қазу қолмен жүргізілді; сазды аяқпен араластырған немесе жылқының көмегімен; қалыптауды ағаш қалыптарға қолмен салу арқылы жасаған, ал кептіру ашық аудандарға қою арқылы, күйдіруді қарапайым пештерде жүргізген.

Керамикалық құрылыстық материалдардың түрлері тек қарапайым  сазды кірпіш және черепицамен шектелді.

Ұлы Октябрь революциясынан кейінгі бірінші жылдан бастап-ақ кірпіш өндірісін дамыта бастады. Құрылыстық керамиканың өндірісі халық шаруашылығының маңызды саласы болып табылады.

Соңғы он жыл ішінде өндіріс  көлемі жылына 50-100млн. дана шығаратын

 механикаланған заводтар  құрылды, олар қуатты сазды  өңдейтін және қалыптайтын машиналармен  және механикаланған үнемді кептіргіштер және пештермен жабдықталған. Қазіргі уақытта металдарды қолдануды, құнын және құрылыстағы жұмыс күшін, ғимараттардың салмағын азайтатын, жылуоқшаулағыштығы жоғарылататын құрылыс материалдарын өндіруде электростанциялардағы, металл және фосфорлық өндірістегі күлдер мен қалдықтарды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың маңызы зор.

Құрылыстық керамикалық  кірпіш дефицитті металдардың, цементтің, сонымен қатар тасымалдаудың  да шығынын азайтатын жергілікті кең тараған қабырға материалдарының  бірі. Өндіріс және қабырға материалдарын қолданудың жалпы балансы бойынша керамикалық кірпішке 30℅-дай тиесілі. Өзіне күннің энергиясын сіңіре отырып, жылуды қалыпты және жай береді, бұл жаз мезгілінде тез ысып кетуден, ал қыста салқындап кетуден сақтайды. Кірпіштен тұрғызылған қабырға «демалып тұрады», нәтижесінде бөлмеде ылғалдылық тепе-теңдік дәрежеде болады.

Қазіргі кезде керамикалық  кірпіш өндірісінде мыналарға көп  назар аударуда:

  • технологиясын әрі қарай дамыту;
  • шығарылатын өнімнің сапасын арттыру;
  • түрлерін көбейту.

Жаңа өнеркәсіптер салу кезінде автоматталған және механикалық  технологиялық құрылғыларды қондыру  көзделуде. Дәстүрлі толық денелі кірпіштің  орнын болашақта толықтай басатын, тиімді қуыс денелі кірпішті шығару көбеюде. Бұл тек қана шикізаттың шығынын азайтып қоймайды, сонымен қатар сыртқы қабырғалардың қалыңдығы мен массасын азайтады, осы кезде оның жылуұстағыштығы төмендемей, бұрынғыдай сақталып қалады.

Түрлерінің көбеюі, атап айтқанда, бұйымдардың өлшемдерін ұлғайта  отырып, орташа тығыздығын қуыстарын көбейту арқылы 1250-1350 кг/м3-ке дейін төмендету – 1м2 сыртқы қабырғаға кететін материалдың шығынын     20-30℅-ға қысқартады.

  1. Лекция №2. Шығарылатын өнімнің сипаттамасы.

Жартылай құрғақтай  престелген сазды кірпіш – көп  қолданысқа ие қабырғалы керамикалық материалдардың бірі. Көбіне заводтар кірпішпен бірге тиімді және өлшемдері ірі келетін тастар, беттік (лицевые) кірпіш пен тастар шығарады. Кірпіштер мен тастарды МЕСТ 530-95 бойынша сазды және кремнеземдық жыныстардан (трепел, диатомит), көмір өндірісінің қалдықтарынан, сонымен қатар күлдердерден, минералдық және органикалық қоспалардан (оларды қоспауы да мүмкін) дайындайды.  Кірпішті толық денелі немесе қуыс денелі етіп шығарады, ал тастарды  тек қуыс денелі түрінде шығарады.

    1.  Негізгі параметрлері мен өлшемдері.

 

Кірпіштер мен тастар өлшемдеріне байланысты 1.1.кестеде  көрсетілген түрлерге бөлінеді.

Кесте 1.1.1.

Бұйымның түрлері

Ұзындығы

Ені

Қалыңдығы

Кірпіш

250

120

65

Кірпіш қалыңдатылған

250

120

88

Модульді өлшемді кірпіш

288

138

63

Тас

250

120

138

Модульді өлшемді тас

288

138

138

Іріленген тас

250

250

138

Қуыстары горизонталь  орналасқан тастар

250

250

120


 

Техникалық қасиеттері мен тығыздығына байланысты (көлемдік массасын) тұрақты массаға дейін  кептірілген кірпіш үш топқа бөлінеді:

  • тиімді, қарапайым кірпіштен жасалған, қабырғаның техникалық қасиеттерін жақсартады және қабырғаның қалыңдығына қарағанда жіңішке келеді.Бұл топқа тығыздығы 1400 кг/м3-ден артық емес кірпіш және тығыздығы 1400 кг/м3-ден артық емес тастар жатады;
  • қатысты тиімді, жабын конструкциялардың жылу-техникалық қасиеттерін жақсартады. Бұл топқа тығыздықтары 1400 кг/м3 жоғары кірпіштер мен тығыздығы 1450-ден 1600 кг/м3 –ге дейінгі тастар;
  • тығыздығы 1600 кг/м3-ден жоғары болатын қарапайым кірпіш;

Кірпіштер мен тастардың массасы МЕСТ 22951-78 талаптарына сай болу керек. Тығыздығы бойынша кірпіштер мен тастар мынадай маркаларға бөлінеді: 300,250, 200, 175, 150, 125, 100, 75.

Аязға төзімділігіне  байланысты Мрз 15, Мрз 25, Мрз 35 и Мрз 50 маркаларына бөлінеді.

    1.  Техникалық талаптар.

Кесте 1.2.1.

Кірпіш пен тастың маркалары

Беріктік шегі , Мпа (кгс/см2)

Қысқандағы

Игендегі 

Кірпіштер мен тастардың  барлық түрлері үшін

Созымталдықта қалыпталынған  толық денелі кірпіш үшін

Шала құрғақтай қалыпталынған  толық  және қуыс денелі кірпіштер үшін

 

Бес үлгі үшін орташасы

Әрбір үлгі үшін ең кішісі

Бес үлгі үшін орташасы

Әрбір үлгі үшін ең кішісі

Бес үлгі үшін орташасы

Әрбір үлгі үшін ең кішісі

Бес үлгі үшін орташасы

Әрбір үлгі үшін ең кішісі

300

30(300)

25(250)

4,4(44)

2,2(22)

3,4(34)

1,7(17)

2,9(29)

1,5(15)

250

25(250)

20(200)

3,9(39)

2,0(20)

2,9(29)

1,5(15)

2,5(25)

1,3(13)

200

20(200)

17,5(175)

3,4(34)

1,7(17)

2,5(25)

1,3(13)

2,3(23)

1,1(11)

175

17,5(175)

15(150)

3,1(31)

1,5(15)

2,3(23)

1,1(11)

2,1(21)

1,0(10)

150

15(150)

12,5(125)

2,8(28)

1,4(14)

2,1(21)

1,0(10)

1,8(18)

0,9(9)

125

12,5(125)

10(100)

2,5(25)

1,2(12)

1,9(19)

0,9(9)

1,6(16)

0,8(8)

100

10(100)

7,5(75)

2,2(22)

1,1(11)

1,6(16)

0,8(8)

1,4(14)

0,7(7)

75

7,5(75)

5(50)

1,8(18)

0,9(9)

1,4(14)

0,7(7)

1,2(12)

0,6(6)

Қуыстары горизонталь  орналасқан кірпіштер мен тастар үшін

50

5(50)

3,5(35)

-

-

-

-

-

-

35

3,5(35)

2,5(25)

-

-

-

-

-

-

25

2,5(25)

1,5(15)

-

-

-

-

-

-


Кірпіштер мен тастар стандарттың талаптарын қанағаттандыру керек және дайындалуы белгіленген  тәртіп бойынша жүргізілуі қажет.

Кірпіш пен тастардың  қысқандағы және игендегі беріктік шегі 1.2.1. кестеде берілгеннен аз болмауы  керек.

Қарапайым кірпіштің  пішіні параллелепипед тәріздес, тік  қабырғалы және бұрышты, беткі жағы тегіс және өлшемдері 250×120×65 немесе 250×120×88 болуы қажет. Беткі жағы бұдыр болуы да мүмкін. Радиусы 15мм -ге дейін дөңгелектелінген бұрышты кірпіш пен тастарды өндіруге рұқсат етіледі.кірпіштер мен тастардағы қуыстар жазықтығына параллель немесе перпендикуляр орналасу керек және олар түбіне дейін тесік (сквозные) не тек ойық болуы мүмкін. Түбіне дейін тесік цилиндрлік қуыстардың диаметрі 16 мм-ден артық болмауы керек, ал ойық қуыстардың диаметрі – 12 мм-ден артық болмауы керек. Диаметр несквозных пустот не регламентируется. Размер горизонтальных пустот не регламентируется. Сыртқы қабырға кірпіштері мен тастарының қалыңдығы 12 мм-ден кем болмауы керек.

Практика  жүзінде өлшемдері дәл болатын кірпішті алу мүмкін емес, сондықтан да мемлекеттік стандартқа сай белгіленген өлшемдер мен көрсеткіштерден ауытқу келесілерден аспау керек:

    1. Өлшемдерден ауытқуы, мм:

    • ұзындығы бойынша ________ ±7
    • ені бойынша       ________  ±5
    • қалыңдығы бойынша:

кірпіштің ________ ±3

тастың  ________ ±4

    1. Қабырғалары мен шекараларының түзу болмауы, мм, артық емес:
  • жазықтығынан ________  4
  • жанынан    ________ 6

Кірпіштің аяғына дейін  күйдірілмеуі және күйіп кетуі жарамсыз болып табылады, ондай бұйымдарды тұтынушыға ұсынуға болмайды.

Әктік қоспалар сынақтан өткізгеннен кейін бұйымдардың  бетінде жарықшақтардың пайда болуына  әкеледі, сондықтан кірпіш бетіндегі жарықшақ ұзындығы 5-10 мм-ден болатын саны үштен артық болмауы керек.   

Тұрақты массаға дейін  кептірілген кірпіштер мен тастардың  су жұтымдылығы толық денелі кірпіштер  үшін 8% аз болмауы керек, ал қуыс денелі бұйымдар үшін – 6% кем емес.

Сумен қаныққан күйдегі  кірпіштер мен тастар қандай да болмасын ақауларсыз (жарықшақтың пайда болуы, үгітілуі, түсінің өзгеруі) аязға  төзімділігі бойынша маркаларына  байланысты кезектесіп қатыру мен ерітудің 15, 25, 35, және 50 цикліне шыдау керек.

Информация о работе Керамикалық қабырғалық бұйымдар