құрылыс өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 15:25, доклад

Описание работы

ХХІ ғасырдың басында Қазақстан 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуды іске асыруда. Осы дамудың құрамдас бөлігі, тұрғын үй құрылысының мемелекеттік бағдарламасы болып табылады. Тұрғын үй бағдарламасы – Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі даму стратегиясын іске асыруға, жақын арада Қазақстанды нағыз құрылыс алаңына айналдыру, құрылыс индустриясын қарқынды өсіруге мүмкіндік береді, еліміздің жалпы экономикалық өсуін қамтамасыз етеді.

Файлы: 1 файл

1.doc

— 97.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

ХХІ ғасырдың басында  Қазақстан 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуды іске асыруда. Осы дамудың құрамдас бөлігі, тұрғын үй құрылысының  мемелекеттік бағдарламасы болып табылады. Тұрғын үй бағдарламасы – Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі даму стратегиясын іске асыруға, жақын арада Қазақстанды нағыз құрылыс алаңына айналдыру, құрылыс индустриясын қарқынды өсіруге мүмкіндік береді, еліміздің жалпы экономикалық өсуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда республикамызда  құрылыс саласы қарқынды дамып келу үстінде. Тек Астанада ғана емес тіптен Республикамыздың барлық өңірінде құрылыс жүргізілуде. Қай қала болмасын барлығы да құрылыс жүргізіп бұрынғы ғимараттарын жаңарту үстінде.

Қазіргі заманғы құрылыс  дегеніміз, бір-бірімен үйлесіп жатқан әртүрлі күрделі жұмыстар кешені. Уақытты үнемдеу талаптарын орындау үшін жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру деңгейін көтеру – қазіргі күн талабында тұрған мәселе. Ғылыми түрде ұйымдастырудың негізгі ережелері мен нормаларының бірыңғай жүйесі – жұмысты ұйымдастыру, жобалау, құрылысты жоспарлау және басқару болып табылады. Жұмыс көлемдерінің ұлғаюы, нысандардың күрделенуі, жұмыстың тасқындық әдістемелік орындалуы үнемі жетілдіруді талап етеді.

Күрделі құрылыс –  халық шаруашылығының материалдық  шығыны көп салаларының бірі. Қазақстанның өтпелі нарық кезеңіндегі халық шаруашылығында күрделі құрылыс саласының алатын орны ерекше. Бұл саланың тау-кен қазба байлықтарына, мұнай көздерін игеруге, сонымен қатар еліміздің алуан шаруашылық  өнімдеріне сұранысы жылдан-жылға артуда.

Ғылыми техникалық прогрестің үдеуі халық шаруашылығының барлық салаларының дамуы, халықтың күнделікті өмір сүру деңгейінің жақсара түсуі  күрделі құрылыстың техникалық деңгейінің жоғарылауына тікелей байланысты. Осыған сәйкес соғылатын немесе жаңартылатын үйлер мен ғимараттардың жобаларын дайындағанда ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын негізге алу керек, ал іске қосар алдында осы өндірістік, тұрғын және қоғамдық үйлер мен ғимараттар бүгінгі күн талаптарына сәйкес болуы және құрылыс – жинақтау жұмыстарының қысқа мерзімде жүзеге асырылыуы қамтамасыз етілуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Негізгі  бөлім

І.1. Жер жұмыстары туралы жалпы мағлұматтар

Жер жұмыстары дегеніміз  – үйлер мен ғимараттарының жерасты бөліктерін дайындау кезінде, олардың іргетастарын қалағанда, тоннель, метрополитен, су, жылу электростанциялары, жерасты қоймалары, тоңазытқыштар сияқты құрылыстарды салу және құрылыстарға арналған жерді жоспарлап жүйелеу кезінде атқарылатын жұмыстарының жиынтығы.

Жер жұмыстары өнімді болуы үшін, олар құрылыс салынатын жердің қыртысына, топырақтың негізгі қасиеттеріне байланысты болады. Айталық, тасты жерді қазудан гөрі құм немесе сазды жерді қазуға еңбек әлдеқайда аз жұмсалады. Соны ескере отырып, жер қазу жұмыстарын жүргізу әдістерін таңдап алу үшін қыртыстарының түрін, физика-механикалық қасиеттерін білу қажет.

Топырақтың қатты бөлігі кварцтан, дала шпатынан слюдадан, тау  жыныстары қалдықтарынан, гидрослюдадан, тағы басқа ұсақ қосындардан құралады. Құрылыс жұмыстарында кездесетін топырақ физика-механикалық қасиеттеріне, түйіршіктерінің құрамына және олардың мөлшеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді:

    • Тасты топырақ (тастақ) – жердің үстіңгі қабаты, ол тұтасып, қатпарланып жатады, сұғу күшіне төзімді болады. Тастақты қыртыс сынық тас, жарықшақ тас, қиыршық тас, малта тастардан тұрады.Оның құрамына кіретін түйіршіктердің көлемі 2 мм ден артық болады.
    • Құрылыс істерінде көп кездесетін жер қыртысының бірі – саз топырақ. Саз – негізінен сазды минералдардан тұратын шөгінді тау жынысы. Саз балшық қысым әсерінен кез –келген пішімге енеді де кепкен соң сол пішінді сақтайды. Саз құрамында ірілігі 0,01 мм ден ұсақ түйіршіктер басым болады, ал бұдан ірі түйіршіктер көбейсе, ол саз болудан қалады. Саздың ең басты қасиеті – иіліп-созылғыштық қасиеті, кез келген пішінге енуге, жапсыруға, созуға икемдігі.

Барлық жер жұмыстары  үйінді жасау және оймалар жасау  жұмыстары болып екі топқа  бөлінеді. Жер жұмыстарының түрлері  оларға жүктелетін міндеттерге және маңызына қарай, сондай-ақ пайдалану  мерзіміне сәйкес анықталады. Жер  құрылыстары берік, орнықты, сыртқы қысымға, су мен желге төзімді, көп шөкпейтін болуы керек.

 

І.2. Қалыптау жұмыстары

Қалыпты жасау, тұрақты  орнына қондыру, бетон бекемденгеннен кейін қалыпты алу жұмыстары  – қалыптау жұмыстары деп аталады. Бетоннан, темірбетоннан құйылған конструкцияларға жобалы форма беретін қуыс жабдық – қалып деп аталады. Қалып ағаштан, темірден, пластмассадан жасалады. Құрылысты жүргізу бағытына қарай қалыптар сом және құрастырмалы темірбетон қалыптарына бөлінеді. Қалыптау жұмыстарын жүргізу әдістеріне қарай жеке тақтайлардан жасалатын стационарлық, арнайы жасалған көлемі қалқандардан тұратын инвентарлық  жиналып бөлшектенетін қалыптарға бөлінеді. Инвентарлы қалыптар жай қалқанды, кең қалқанды, құрастырмалы-көтермелі, көлемді-көтермелі, сырғымалы қалыптарға бөлінеді.

Қалып әр түрлі материалдан  және құрылымдардан жасалған көтергіш, тірегіш және қалып жасаушы элементтерден  тұрады. Қалып дағдыдағыдай мамандандырылған зауыттар мен цехтарда жасалған элементтерден  жиналады.

Қалып құрылымдары тұрақтылық, өзгермеушілік, қаттылық және беріктік, қалып дұрыстығы, бетон беті сапасын қамтамасыз етуі, тез жиналуы және ажыратылуы, арматура орнатқанда, бетон қоспасын төсегенде және тығыздағанда кедергі жасамауға ие болуы керек.

Қалып құрылыс алаңына  дайын элементтер және арматура – қалып блоктар түрінде жеткізілуі керек.

Қалып оған әсер ететін негізгі  салмақтарды: бетон қоспасын және рматура  массалары, қалып пен ағаштар  өз массасы, қалып және төсемде істейтін адамдар, механизмдер массасы, жел  және дірілдеу әсері және бетон қоспасы бүйір керуін есепке алып есептеледі.

Палуба, төсемдер және жабын  қалыбы ағаш шеңберлердің есептегенде  адамдар және көлік құралдар салмағы 25мПа  тең алынады, ағаш шеңберлер  тірейтін құрылымдарды есептегенде  – 15 мПа және ағаштар тіреуін есептегенде – 10мПа. Бетно қоспа массасы 250мПа тең алынады (ауыр бетондар үшін).

 

1.3. Арматура  жұмыстары

Бетон және темір –  бетон конструкцияларына өзек ретінде  есілген, ыстық немесе салқын күйінде  бедерленген арматуралар қолданылады.

Арматура дара, торлы қаңқа түрінде болады. Ол темірбетонның сызықтық ұлғаю коэффицентін арттырады. Ал бетон арматураны қорғаныш қабаты арқылы тоттан, оттан сақтайды. Қорғаныш қабатының қалыңдығы 10-25 мм –ден кем болмауы керек. Темірбетон арматуралар қолдану шартына, дайындау әдістеріне, пішініне, материалдарына байланысты әр түрлерге бөлінеді. Қолдану шартына байланысты арматуралық болаттар кернелетін және кернелмейтін болып бөлінеді.

Пішініне және дайындау әдісіне байланысты ыстық күйінде бедерленген Ø6-90 милиметрге дейінгі жеке өзекті салқын күйінде созылған Ø3-8 милиметр дөңгелек сым темір түрлерінде кездеседі. Арматура болаттары прокаттан біржола бекемденіп шықса, ыстықтай созылған арматура болаттарына А-І, А-ІІ, А-ІІІ, А-ІV, А-V шартты белгілері беріледі. Егер де арматура прокаттан шықаннан кейін арнайы термиялық бекемдеуді қажет етсе, термиялық бекемделген арматура дейміз. Термиялық бекемделген жеке өзекті арматура болаттары қосымша «Т» индексымен белгіленеді. (Ат-ІV, Ат-V, Ат-VІ, Ат-VІІ). Егер де арматура болаттары созу арқылы бекемделсе олар қосымша «В» индексымен белгіленеді. (А-І в, А-ІІ в, А-ІІІ в). Салқын күйінде созылған арматура арматуралық сымға В-І, В-ІІ және арматуралық сым бұйымдарына бөлінеді.

Салқын күйінде созылған болат сым (В-І) кернелмейтін темір бетон конструкцияларында қолданылады да соған орай кәдімгі арматуралық сым деп аталады. Ал В-ІІ классты салқын күйінде созылған болат сым алдын-ала кернелген темірбетонда қолданылады да  аса берік арматуралық сым деп аталады.

Кәдімгі арматуралық бұйымдар үш, жеті, тоғыз, он сым еспелері мен сым арқандарға бөлінеді. Арматуралық болаттар қолдану алдында тазаланады, кесіледі, конструкциялардың пішініне қарай иіліп, қажет болса салқын күйінде созылып нығайтылады.

Арматура жұмыстары негізгі  екі жүйеге бөлінеді. Дайындау жұмыстары – арматураны түзеті, кесу, ию; құрастыру жұмыстары – жеке өзектерден, сымдардан тор, жазық және тік қаңқалар пісіру. Арматуралық торлар, жазықтық және көлемдік қаңқалар, арматуралық бұйымдар арнайы зауыттарда, құрылыс алаңындағы шеберханаларда жасалады. Арматуралық болаттарды ИО-35В, СМ-338Д, СМ-759, ИБ-032 станоктарында түзетіп кеседі. Аталған станоктар арматуралық сымдар кесуге арналған, 40-35В станогында жеке өзекті бедерленген арматура иіп, кесуге болады. Станоктардың сағаттық өнімділігі мына формуламен анықталады:

Пс = 60·0,9q·V·0,7/1000 = 54q·V·0,7/1000

Мұндағы 0,9 – жабдықтарды  пайдалану коэффиценты; q – бір  метр сымның салмағы, кг; V - өту шапшаңдығы, м/мин; 0,7 – станокқа сым өткізіп, майлау жұмыстарын ескеретін коэффицент.

Темірбетонның экономикалық тиімділігін арттыру, арматура, цемент толтырғыштарынан азайту, еңбек өнімділігін  арттыру үшін арматуралық торлар, жазық және көлемді қаңқалар қодлану  керек.

Арматуралық торлардың, жазық қаңқалардың өзектерінің  жалғасатын дерін қуатты ток күшімен балқытып, қысып біріктіру арматура құрастырудың негізгі түрі. Бұл әдісті контактілік (түйістіру), нүктелік немесе электр-механикалық әдіс деп атауға болады. Ені 1000мм ге дейінгі торлар бір нүктелі аппаратпен, ал 1000мм ден асқан соң көп нүктелі аппараттармен пісіріледі.

 

1.4. Бетондау  жұмыстары

Тұтас құйма құралымдар жасау дайындық және құрылыс басындағы  процестерден құралатын жұмыстар кешенін  орындау арқылы тікелей құрылып  жатқан объектіде өндіріледі. Сонымен  дайындық процестер құрылыс алаңы маңынан тыс, ал құрылыс басындағы белгілі технологиялық жүйелікпен объектіде орындалады.

Тұтас құйма бетон  және темірбетон құралымдарды жасаудың кешенді процесі тасқынды – жедел  әдіспен жүзеге асырылады және оған жататыны:

    • қалыпты тасымалдау және орнату, соңынан ажырату;
    • арматураны тасымалдау және орнату;
    • құралымдарды жасау процесінде бетонды баптап күту;
    • төсеу және тығыздау процесінде бетон қоспасының және қайталап төселген бетонның қату процесінде сапасын бақылау.

Тұтас құйма бетон  және темірбетон жұмыстары құрылыста еңбекті өте көп қажет етеді, сондықтан олардың кешенді механикаландыру мәселесін шешкенде тұтас құйма құралымдар жасау технологиялық процесін бетон қоспасын дайындаудан бастап (әсіресе ауылдық жерлерде), оны қалыпқа төсеумен аяқтап қарау керек. Тұрғызылатын тұтас құйма бетон және темірбетон құрылымдар үймәреттер мен ғимараттардың нольдік белгісінен төмен және жоғары орналасуы мүмкін.

Нөлдік цикл құралымдарына: үймәреттер мен ғимараттар және технологиялық  жабдықтардың іргетастары, түтіктер, науалар, өнеркәсіп үймәреттерінің жерасты туннельдері, үй асты қабырға және далбалары, төмен отырғызған сиымдықтар және ғимараттар, бірінші қабат еден астына бетон дайындықтары және тағы басқалары жатады.

Жерүсті бөлік құралымдарына: үймәреттердің қаңқасы және қабырғалары, жабын және аралық жабындар, күмбездер, аркалар, резервуарлар, түтін мұржалары, сүрлемдер және тағы басқалары.

Нөлдік цикл және жерүсті  бөлімдерінің тұтас құйма құрылымдарының өзіндік технологиялық ерекшеліктері  және түрлі механикаландыру құралдары бар. Олар жұмыс өндірісінің жобасын жасағанда есепке алынуы керек.

Тұтас құйма бетон  және темірбетон құрылымдары қалыпты  қолданып (көбінесе тереңдетіп жасалған және жерүсті құрылымдар) және қалыпсыз (едендер, еденасты дайындықтар, алаңшалар, өтетін жерлер, түтіктерді қаптау және тағы басқалар) жасалуы мүмкін.

Бетонды күту. Жаңадан қойылған бетон қатудың бірінші күндерінде күтімді, оның төзімділік жиынының барысын бақылауды талап етеді. Қатудың алғашқы кездерінде бетонды атмосфералық қалдықтардың түсуінен немесе ылғалдың жоғалуынан сақтау керек, содан кейін бетонның төзімділігін арттыратын жағдайларды жасап температуралық ылғалдылық тәртіпті қалыптастыру керек. Бетонды ұстау шарттары мыналарды қамтамасыз ету керек:

    • бетонның төзімділігін арттыратын температуралық ылғалдылық тәртіпті сақтау;
    • маңызды температуралық-қалдықты ауысуларды және жарықшақтардың пайда болуын болдырмау;
    • соққыдан, шайқалудан және механикалық әсерлерді қоса алғанда басқа да әсерлерден сақтау;
    • күннен, желден, жылдам кебуден және температураның тез ауысуынан сақтау;
    • құрылымдағы бетонның сапасын кемітетін басқа да әсерлерден сақтау.

Жаңадан құйылған бетон  ылғалды жағдайда ұсталады, оны кезеңдермен  суарып тұрады, жазда күн сәулелерінен сақтайды, қыста аяздан қорғаушы жабулармен сақтайды.

Ыстық және желді ауа-райында  жаңадан құйылған бетонның қорғалмаған  беттерін құйғаннан кейін 2-3 сағаттан кешіктірмей жақсы суланған матамен, құммен, ағаш үгінділерімен жабады. Үлкен көлденең бетон беттерін полимерлі  маталармен немесе слоенкамен жабуға болады. Осыған ұқсас қорғаныш жабулары және басқа да қажетті шаралар жазда күн сәулесінен, ал қыста тез үсігеннен қорғау үшін де жасалады. Қатуының 15ºС температурада жоғары қоршаған орта жағдайында қалыпты жағдайын жасау үшін ылғалды күйде үнемі суарып отырып ұстау керек:

Информация о работе құрылыс өндірісі