құрылыс өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 15:25, доклад

Описание работы

ХХІ ғасырдың басында Қазақстан 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуды іске асыруда. Осы дамудың құрамдас бөлігі, тұрғын үй құрылысының мемелекеттік бағдарламасы болып табылады. Тұрғын үй бағдарламасы – Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі даму стратегиясын іске асыруға, жақын арада Қазақстанды нағыз құрылыс алаңына айналдыру, құрылыс индустриясын қарқынды өсіруге мүмкіндік береді, еліміздің жалпы экономикалық өсуін қамтамасыз етеді.

Файлы: 1 файл

1.doc

— 97.00 Кб (Скачать файл)

Портландцементті бетондар ......7 тәулік бойы

Құрғақ және ыстық  климатта.....мерзім 1,5 есе өседі

Алғашқы үш тәулікте цементтің гидрадация процесі белсенді жүріп жатқан кезде бетонды күндізгі уақытта әр үш сағат сайын, ал түнде бір рет, келесі күндері тәулігіне үш реттен жиі емес суарып отырған жөн. Жаңадан құйылған бетонды +3ºС температурада суармаса да болады.

Құрылыс алаңында бетондау журналы болған дұрыс. Оған ретімен  барлық мәліметтерді жасып отырады  – бетондаудың дасталуы, үлгілер санаты, қоршаған ауаның температурасы, бетонның температурасы, оны суару уақыты және т.б.

Бетон сыныбы тапсырылғанға, егер сынақ барысында үш үлгіден  кем болмаса, бір жағдайға шыдайтын шарттары, оның төзімділігі бұл серияда  талап етілген төзімділіктен 85% кем болмаса да жауап береді.

Ыстық және суық климат жағдайларында  бетонның шыдамдылығын бақылауды құрылыс  зертханасы жүргізетіндігін атап өткен  жөн, бетонның шыдам тәртібі бойынша  қажетті ұсыныстар береді.

Бетон күтім бойынша  шаралар, оларды сақтау және жүргізу тәртібі, оларды орындауды бақылау және тарату мерзімі жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес белгіленеді.

 

1.5. Тас жұмыстарының  өндіру технологиясын баяндау

Тас құрылымдарын тұрғызу  келесі операциялардан құралатын көлемді  процесс болады: бау орнату және оларды ауыстыру; кірпіштерді әперу және оларды құрылып жатқан қабырғаға жаю; ерітндіні күректеу, әперу, төсеп жаю және тегістеу, кірпішті құрылымға қалау, жікті әшекейлеу, төселген қалаудың дұрыстығын тексеру, кірпішті жару және шабу.

Жоғары маманды тасшылар бау тарту, тек қатарларға кірпіш қалау және ұсталған қалаудың дұрыстығын тексереді, басқа операцияларды төмен маманды тасшылар орындауы мүмкін.

Күрделі сәулетті пішіндері  бар қабырғалар немесе көп санды  ойықтар, діңгекті немесе қалыңдығы 1 немесе 1,5 кірпішті қабырғалар тұрғызғанда қалауды екілік звеносымен жүргізген жөн. Тізбекті байлауда екі кірпіштен артық қалыңдығы бар және көп қатарлы байлауда 1,5 кірпіштен артық қабырғалар қалау үшін үштік звеносымен жүргізген жөн. Мұндай звенода 5-6 дәрежелі тасшы бай орнатады.

Қасбеттерін қаптап және сәулеттік бөлшектерін орнатып, екі кірпіштен артық қабырғаларды тұрғызғанда төрттік звеносын қолдану  керек. Мұнда X-XVI дәрежелі тасты ІІІ дәрежелі тастымен бірге қаптау элементерін орнатады. Екі кірпіш қалыңдықты жай және орта күрделі қабырғаларды қалауын бестік звеносымен орнату тиімді. Кірпішті жаю айқын тәртіппен орындалады: сыртқы қатар үшін – қабырғаның ішкі жағына жиналады, ол ішкі қабырғаға байланысты.

Тас жұмыстарын өндіру жобасын  жасау үшін негізгі мәліметтерді үймереттер мен ғимараттар жұмыс сызбалары, құрылыс ауданы және жұмыс орындау мерзімі саналады.

Тас жұмыстары өндірісін  жобалау ҚНжЕ ІІІ-17-78 талаптарына сәйкес жасалуы керек. Жұмыс өндіру жобасы түсініктемесінде тас және құрастыру жұмыстарының есептелуі: жұмыстар орындалуының тәсілдерінің таңдалуы, тасшылар мен құрастырушылар бригада құрамын іріктеуі, алкимдар, ярустар шамасын және сандарын анықтауы, крандар таңдауы, жұмыстар өндірісінің қабылданған әдістерін баяндауығ техникалық-экономикалық көрсеткшітерді есептеуі, мерзімдік жоспар жасауы және жұмысты орындау мерзімін дәлелдеуі, жұмысты қысқа уақытта және ыстық жағдайларда орындау ерекшеліктері, жұмысты қауіпсіз өндіру бойынша шаралар келтіріледі.

Жобаның графикалық бөлімінде  үймеретті алымдар мен кесінділерге бөлуі, кран жұмысының зоналары, оның тұрақ және материалдар қоятын орны, тасшылар жұмыс орнын ұйымдастырушы және жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе циклограмма көрсетілуі керек.

Техникалық  қауіпсіздік ережелері

Тас жұмыстарын өндіру жобасына жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелерін жүргізу мәселелерін ерекше мұқият шешу керек. Жобада зерттеп жасалған шаралар ҚНжЕ ІІІ-4-8 талаптарына сәйкес келуі керек .

Тас қалауды орындағанда  ағаш мінбелер мен, қорғаныш күнқағарлар  мен қоршаулар орнатқанда биікте сыртқы және ішкі қабырғалауға қарағанда ерекше саңылаулану шараларын қолдану керек.

Ені 1-5м тіреуіш те жақын түрінде жасалған инвентарлы қорғаныш күнқағарларын көкжиекте 20 бұрышын сыртқы қабырғалардың барлық периметрі бойынша жасалуы керек. Күнқағарлардың бірінші қатары жерден 6м көп емес биіктікте орнатылады және осы деңгейде инертті барлық биіктігін қалағанға дейін қалады. Күнқағарлардың екінші қатары бірінші қатардың үстінен 6-7м биіктікте орнатылады, содан соң қалау жүрісі бойынша әр 6-7м сайын қайта орналастырылып отырады.

Тас қабырғалардан қорғаныш күнқағарларсыз орнатуды 7м артық  емес биіктікте рұқсат етеді. Бұл  жағдайда жерде үймереттің периметрі  бойынша қабырғадан 1,5 кем емес аралықта қоршаулар орнатылады.

Төменгі қабаттың мінбелер биіктігі жабын деңгейінен биік 2-3 қатар қабырға қоршауының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қабылдау алаңшаларда басқыштарды өтулерде, қабаттардағы ашық ойықтарда қоршаулар жасауды ескеру керек.

Тас қалау жұмыстарына қолданылатын материалдар, аспаптар және жабдықтар

Тас жұмыстарында қолданылатын аспаптар мен құралдар:

    1. Кельма (мастерок) – ерітндіні тегістейтін, жиектерін толтыратын, артық ерітіндіні кесетін құрал
    2. Балға (корочка) – кірпіштерді бөлу үшін
    3. Расшивка – жіктерді нығыздау үшін
    4. Түрлі өлшеп бақылаушы аспаптар
    5. Метр (рулетка) – ұзындықты, юиіктікті өлшеу үшін
    6. Отвес – қабырғаның бұрышының, есік тіреуінің тік екенін тексеру
    7. Уровень – жазық жіктерін тексеру, қалаудың тетігін тексеру
    8. Жіп – түзу болу үшін.
    9. Шаблон – дайын ағаш
    10. Ағаш бұрыштауыш – 500-700мм, қаланған бұрыш түзулігін тексеру үшін
    11. Құрылыстық деңгей – көлденең және тік қаланған қалауларды тексеру үшін.

Тас қалау жұмыстарына қолданылатын материалдар:

Гипсті байланыстырғыштар  – уатылғыш және тез жабысқыштық. Беріктік қасиетіне байланысты 12 маркаға бөлінеді. Гипсті байланыстырғыштарды қосу сылақ жұмыстарды жүргізу кезінде ақ түсті және жұмсақтық береді.

Саз балшық – таулы  табиғи түр. Құмның құрамында құмның бар жоқтығына қарай сазды, майлы, орташа майлы деп бөлінеді.

Екі қатарлы байланыстыру арқылы қабырға өру

Жіктерді байлаудың  көптеген түрлері бар. Кірпіштерді  әртүрлі жүйелермен қалау және байлау арқылы қалауға, әр түрлі сыртқы кескін беруге, жұмыс тәсілдерінің қайталануы және сонымен жұмысты тездетуге, белгілі әсерлерге жоғары төзімділікті қалау арқылы алуға болады. Жіктер қалауға неше қатардан кейін жасалуына байланысты бір қатардан және көп қатарлы болып бөлінеді.

Бір қатарлы жүйемен  дайлау дәстүрлі әдіс болып табылады. Оның мәні мынада: бір қатарлы барлық жіктердегі келесі қатардың кірпішін жарты кірпішке жылжыту арқылы, ал көлденеңінен ¼ кірпішке асыра асыра басып жабылады. Тізбекті қалаудың үшкір қатарлары бүйір қатарларымен алмасып отырады. Барлық қатарлар бүйір қырларын қалау қасбетінде үздіксіз тізбек түріндегі сурет жасап бір жікте орналасады.

Көп қатарлы байланыстыру арқылы қабырға  өру

Көп қатарлы жүйемен  жіктер байлау кірпіш және тастың өлшемдеріне  сәйкес орнатылады. Жалаң қабатты  кірпіштен қалағанда бойлай тік  жіктер әр бес бүйір қатардан кейін  бір үшкір қатармен асыра жабылып  отырады. Мұндай қалауды бес қатарлы дейді. Көп қатарлы жүйенің кемшілігі – қалаудың бес қатарына дейінгі биіктікте бойлай жіктердің болмайтындығы, бірақ бұл оның беріктігін және тұрақтылығын төмендетпейді. Бір қатарлы қалаумен салыстырғанда көп қатарлы толық өлшемді емес кірпішті аз қажет етеді. Сондықтан мұндай қалау материал шығыны бойынша үнемді.

 

Кірпіш  тіреуіштерді үш қатарлы байланыстыру арқылы өру, арматура торын салу.

Үш қатарлы жүйемен  жіктер байлау негізінде кірпіш бағаналар  қалағанда қолданылады. Сонымен  мұнда биіктігі бойынша үш қатарда сыртқы тік жіктері тура келуіне рұқсат етіледі. Үш қатарлы жүйемен байлау жіктерді тізбекті және көп қатарлы байлау негізінде үйлестіру арқасында толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен қанағаттануға болады. Бірінші үшкір және екінші бүйір қатарлардың жіктерін және тізбекті жүйемен байлау бойынша төсейді, бірақ кірпіштің ¼ жылжытылмайды; үшінші бүйір қабаты қасбет бойынша ½ кірпішке жылжытылады. Төртінші қатар тағы да алдыңғы қатар туралы ½ кірпішке жылжытылған бүйір қатардан төселеді.

Сылаққа арналған қабырғаларының ең бетіндегі жіктерді 10-15мм тереңдікке ерітінділермен толтырмайды.

Қуыс жік деп аталатын мұндай қалау сылақ қабатымен  берік жабысуына мүмкіндік береді.

әшекей салып қалағанда  өң бетіндегі жіктерді арнайы сайман әшекейлегішпен өңдейді. Мұндай жіктерді тығыздайтын өңдеу сылақталмайтын кірпіш қабырғаларының сәндік сапасын жақсартады.

Кірпіш қалаудың көлденең жіктердің орташа қалыңдығы 12, ал тік 10мм болады. Кейбір жерлерінде көлденең жіктерінің қалыңдығы 10-15мм шегінде, ал тіктерінде 8-15 мм болуы мүмкін.

Көлденең арматуралау  кірпіштің бес қатарынан көп  емес биіктігінен соң, дәнекерленген немесе ирек торларды төсеп орнатылады. Көлденең арматураны төсегенде жік қалыңдығы оның қимасынан 4мм ден кем емес артып тұруы керек. Ирек торларды қалауға өзара перпендикуляр орналасқан, шыбықтардан төсейді.

Бойлай арматуралау  қалауға немесе оған жанасатын және параметрі 5-6 мм қалыптармен қалауға  бекітілген болат шыбықтармен жүзеге асырылады. Шыбықтардың ұшында сыммен байлайтын ілмектер жасайды.

Кірпіш діңгектері арматуралау  есеп бойынша жасалады, бірақ аралығы  бес қатардан, ал кірпіштің қалағанда  төрт қатардан сирек болмауы керек.

Қабырғаларды шыбықтармен  бойлай арматуралану шыбықтары ұзартылады, немесе 20диаметрге тең ұзындыққа асыра салып байлайды немесе үштарын бүгеді.

Ойықтарды жабу үшін құралмалы  темірбетон, қатарына тәрізді және арқа маңдайшалары жасалады. Осылардың  ішінде жеке тақталардан немесе қабырға  қалыңдығына сәйкес келетін брустардан жиналатын құрамалы темірбетон маңдайшалар кеңінен қолданылады. Кейде құралмалы маңдайшалар тіреулерінің астына тордан арматура салынады.

 

 

ІІ. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік бөлімі.

Құрылыстық бас жоспарды жобалаған кезде қаупсіз еңбек  жағдайын қамтамасыз етудің комплексті шаралары ескерілуі тиіс. Бұл мәселе бойынша төмендегі мәселелер қарастырылады:

- Жұмысшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ететін үйлерді, бұйымдарды сақтаудың қауіпсіз әдістерін қолдану;

- Құрылыс конструкцияларын, бұйымдарын қауіпсіз тиіп-түсіру, жұмыс орындарын жеткізу шаралары;

- Құрылыс алаңындағы транспорттық, монтаждық механизмдердің жүріп тұруын қамтамасы ету, жолдар мен өткелдер орнату;

- Құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалануда тұрақты және өзгермелі «қауіпті аймақ» шекарасын белгілеу;

- Құрылыс алаңында болатын шуларды азайту;

- Құрылыс жұмыстарын жүргізетін алаңдарда жарық беруді қамтамасыз ету.

Құрылыстық бас жоспарда материалды жинақтау алаңдары, кран жолдары, қоршау, ескерту белгілері қойылатын  орындардан басқа да ерекше аймақтар белгіленеді.

Жұмыс орындарының үстінен  кран жебесі өтпеу үшін кранның жебесінің  бұрылу бағыты, оның шектелу бұрышы көрсетілуі тиіс. Кран тұрағының орын ауыстыруы белгіленеді. Схемада  соынмен қатар жарық беру құралдары, санитарлық-тұрмыстық үйлер құрамыбелгіленеді. Олардың құрамында гардероб, киім кептіретін орын, жуынатын душ қондырғылары, жұмысшылардың жылынып, тамақтанатын орны, медпункт болуы тиіс.

Санитарлық-тұрмыстық  үйлер, тамқақтану және медпункт СН176-81 талаптарына сәйкес қабылданады. Оларды дайын типтік үйлерде стационарлық тұрмыстық үйлерде, ірі құрылыс объектілеріндегі әкімшілік үйлерде, салынып жатқан оюъектілік үйлерде, құрылыс алаңындғаы ескі үйлерде орналастыруға болады.

Құрылыс алаңында тұрақты  немесе уақытша қауіп туғызатын  аймақтар болады.

Тұрақты қауіп тудыратын  аймақтарға изоляциясы жоқ тоқ жүретін  жүйелер, қазаншұңқырлар мен траншеялар жиектері жатады.

Уақытша қауіпті аймақтар: монтаж жұмыстары жүретін орындар, монтаждық алаң, үйлер мен ғимарат  қабаттары, қоршалмаған терезе, тесік ойықтары, жаппадағы тесіктер, машиналар мен механизмдердің айналассы.

Қауіпті аймақта адамдардың болуын шектеу үшін ГОСТ 23407-78 талабына сәйкес қоршаулар орнатылады. Олар қорғаушы-қарауыл немесе дабыл беру функцияларын атқарады.

 

ІІІ. Өртке қарсы іс шаралар бөлімі.

Конструкциялар қоймада  түр-түрімен, маркаға бөлініп сақталады. Қоймаға келген конструкциялар объектілердің  сипатына қарай іріктеліп бөлінеді. Сонымен қатар олардың мөлшерлерінің  жобаға сәйкестігі, сапасы тексеріледі. Сынық, қисық конструкцияларға акт жасап, жасаған кәсіпорнына қайтарып жібереді. Монтаждау алаңына жөнелтер алдында конструкцияларды майлайды, құрал-саймандарын орнатады, ірілендіріп құрастырады. Осындай дайындық жұмыстары біткен соң конструкцияларды көлікке тиеп, құрылыс алаңына жеткізеді. Заводтан келген конструкциялар белгілі ГОСТ,СНиП және жұмыс сызбаларына сай болуы шарт. Сонымен қатар құрылыс – монтаж ұйымдары оларға қосымша техникалық талаптар қоюлары ықтимал.

Конструкцияларды орталық  қоймаларда тиеп-түсіріп, тұұратын мосы кран орнатылады. Ал объектілік қоймаларды тиеу-түсіру жұмыстарын көбінесе шынжыр табанды крандар атқарады. Орталық қоймалардың ауданы констуркцияларды үш айдай уақытта сақтауға жетерліктей болады. Қойма бір шаршы метрге 0,3-0,4 т жеңіл металл конструкцияларды, 0,8 т табақ конструкцияларды орнататындай боп саналады. Темірбетон конструкияларының ауданы 1 шаршы метрге 1,1-1,5 метр куб ірге тас блоктары, 0,35-0,55 метр куб, бағана 0,4-0,45 м³ кранасты арқалықтар, 0,15-0,25 м³ жамылғылық панельдер 1,3 м³ қабырға панельдері орналасатын есеппен алынады.

Информация о работе құрылыс өндірісі