Жер реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 20:20, реферат

Описание работы

Ауыл шаруашылық проблемалары өте күрделі мәселе, еліміздің бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттернің бірі, бірі емес бірегейі.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...».

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2. Жер қатынастарын реформалау және ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтын енгізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 29.30 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
  2. Жер қатынастарын реформалау және ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтын енгізу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Ауыл шаруашылық проблемалары өте күрделі мәселе, еліміздің бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттернің бірі, бірі емес бірегейі.

     Республика Президенті  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен  мемлекет ретінде қалыптасуы  мен дамуының стратегиясы» деген  еңбегінде былай деп атап көрсетті: «...барлық стратегиялық жоспарлардың  алдында агроөнеркәсіп кешенінің  дамуы, оны жүйелі және батыл  реформалау келеді...».           «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.

   «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.

     Оны жасау барысы  кезінде мынадай көптеген обьективтік  факторлар еске алынды:

  • Егемен мемлекет құру;
  • Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
  • Адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
  • Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;
  • Табиғи аймақтардың потенциальдық биоклиматтық мүмкіндіктері;
  • Аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;
  • Ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі;
  • Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының мақсаты, міндеттері мен өлшемдері;

     Бағдарламада жергілікті  жағдайда азық-түлік және өнеркәісп  үшін шикізат өңдірудің тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық  өнімдерін сыртқа шығару және  сырттан алу мүмкіндіктері ғылыми  тұрғыдан обьективті және қатаң  түрде талданды.

  Қазақстанда ауыл шаруашылық  жерлеріне жеке меншік енгізілгенде  аграрлық өндірісті жүргізу қауіп  - қатерінің өсуі мүмкін, оның  ең бастысы – жер реформасының  алғашқы кезеңінде басталған,  жалдамалы еңбекті кең қолданатын  ірі латифундиялар құру. 2002 жылдың  басына қарай жалпы көлемі 1345 мың гектар жер үлесіне деген құқық сатылды, 4473 мың гектар жер сыйға берілді, 42.173 мың гектар жер жарғылық қорға берілді, 28.331 мың гектар жер жалға алынды. Тұтас алғанда, елімізде шаруа қожалықтары 2001 жылы 30,6 миллион гектар жерді, беймемлекеттік заңдық тұлғалар – 57,2 миллион гектар жерді, оның ішінде, әртүрлі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар – 37,6 миллион гектар жерді пайдаланды. Сөйтіп, сату нәтижесінде тек бір жыл ішінде 53 мыңнан астам ауыл тұрғындары жерсіз қалып, жердің бір қолда шоғырлануы жалғаса түсті. Жаңа заңда жердің бір қолда жинақталуын шектеуге болады.    

Ауыл шаруашылық жерінің аса  үлкен көлемі және салыстырмалы түрде  аз деп саналатын 3,5 миллион ғана еңбекке жарамды ауыл халқы жер  барлығына жетеді деген жалған елес туғызады. Шын мәнінде сатып алу-сату және қайтадан сату операцияларының  салдарынан қатардағы шаруаның қатынас  жолдарынан, өнім өткізу базарларынан шалғай аудандарға ығыстырылып кету қаупі туындайды.

     Жерге жеке меншік енгізуге байланысты туындайтын тағы бір қауіп рента жер иесінің пайдасына кетеді де, мемлекет қосымша табыс көзінен айырылады. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы үкіметінің ауылдың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын қолдап отыру үшін халыққа және кәсіпкерлерге салық салмағын арттыруын, яки экономиканың пайдасы жоғары салаларынан атап айтқанда, кен қазушы салаларынан алынатын трансфертті көбейтуіне тура келеді.

 Жерді тиімді пайдалануына  жағдай туғызу үшін қазіргі  кезде Қазақстан Республикасының  үкіметі жаңа Жер кодексін  әзірлеп жатыр. Ол елдің таяу  жылдарға арналған аграрлық саясатын  бейнелеп жерді жеке меншікпен  пайдалануға көшудің механизмін  жасап беруге, жер учаскелерінің  айналымын кеңейтіп, оны құқықтық  реттеу механизмін жетілдіруге  тиіс.

 Жоғарыда айтылғандай Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуның басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды терендету және кеңейту қажеттілігі туып отыр.

Әрине, нарықтық экономика заңмен тыйым салынбайды қызметтің кез  келген түрімен айналысатын іскерлердің  бостандықтағы қарым-қатынастарына  негізделеді. Дей тұрғанмен, агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін проблемалар ерекше белгі болып табылады. Олардың  қатарында шаруашылық жүргізу нәтижелерінің  адам бақылауына көнбейтін табиғи және әсіресе ауа райы жағдайларына тәуелді  болуымен өндіріс қоры мен қызмет көрсетудің бағалық конъюнктурасымен анықталатын ауыл шаруашылық өндірісінің  төмен рентабельділігін, ірі, бірақ  өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі қаржыны  игеру қажеттілігін және басқа факторларды  айтуға болады.

 Сонымен бірге мемлекеттік  ұйымдардың агробизнеске шамадан  тыс араласуы жағымсыз жағдайларға  алып келуі мүмкін. Сондықтан  да, мемлекеттік реттеу ең қажетті  шаралармен шектелуі тиіс. Олардың  қатарына мыналар жатады:

    • Нарықтық қатынастарды дамытуға ынталандыратын заң мен нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау;
    • Баға белгілеу, салық салу, қаржылық-несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру және басқа мәселелерді дұрыс шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру;
    • Агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру, тауар өндірушілердің табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өңдірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру;
    • Халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру;
    • Ауыл шаруашылық және жер ресурстарны бөлу, жер реформасын жүзеге асыру, жер кадастры енгізу;
    • Шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік саясатты реттеу; Шаруалардың зейнетақысының қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық құрылысқа қатысу, ауылдық жерлерде фермерлік үлгідегі шағын елді мекендерді дамыту, республиканың аз табысты тұрғындарын мемлекеттік бюджет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өндірісінен босап қалған еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамту және басқа проблемаларды шешуге қатысу;
    • Ғылыми зерттеу, селекциялық және асылдандыру ісін қаржыландыру және ұйымдастыру, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу;
    • Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;
    • Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік ресурсын қалыптастыру;
    • Табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын сақтауға, азық-түлік сапасына бақылау жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветеринарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;
    • Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын басқару;
    • Агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құқықтық тұрғыдан қорғау.

Нарықтық  қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда Республика агроөнеркәсіптік кешеніндегі  мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттен  алу және жекешелендіру, оңдағы меншікті тікелей тауар өндірушілерге, яғни шаруаларға беру проблемасы ерекше маңызды  болып табылады.

Нақты жекешелендіру  төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

    • Кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік кәсіпорындарды шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық кооперативтеріне, шағын кәсіпорындарға, олардың ассоциацияларына және басқа шаруашылық жүргізудің мемлекеттік емес тәсілдеріне көшіру;
    • Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін құру;
    • Меншіктің тұлғаландырылған тәсіліндегі ұжымдық кәсіпорындарға көшіру; мемлекеттік мүлікті конкурс бойынша немесе аукционда сату.

     Тұрақты өзін-өзі  ақтамайтын кәсіпорындарды жекешелендіру  осы шаруашылықтың еңбек ұжымы  құратын шаруашылық серіктестіктеріне  немесе аукционерлік қоғамдарға  олардың мүлкін тегін беру  немесе ұжым бұл мүлікті алудан  бас тартқан жағдайда аукцион  немесе конкурс арқылы сату  жолымен жүргізіледі.

     Біртұтас және технологиялық  ажырамас өндірісі бар құс  фабрикалары, мал шаруашылығы  кешендері, жылыжай комбинаттары  және басқа ауыл шаруашылық  кәсіпорындары басым жағдайда  акционерлік қоғамдарға және  корпорацияларға айналдырады.

     Нан өнімдері, ет, сүт,  тамақ, жеміс-көкөніс қалбырлау  өнеркәсібі жүйесіндегі және  материалдық-техникалық жабдықтау,  жөндеу, машина жасау, агросервистік  қызмет көрсету, транспорт және  ауыл шаруашылық өнімдерін тарату  саласындағы кәсіпорындарды және  құрылыс пен су шаруашылығы  кешендерін мемлекеттен алу және  жекешелендіру көпшілік жағдайда акционерлендіру жолымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тауар өндірушілердің мүдделері барынша толығырақ қорғалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтаумен тікелей байланысты салаларда, сондай-ақ қызмет көрсететін сфераларда акциялардың ең кем дегенде жартысы олардың қызметін пайдаланатын және өндеуге өндірістік және әкелетін кәсіпорындарға, шаруашылықтарға және шаруа қожалықтарына өткізілуі тиіс.

     Ұсақ және орта  дайындау, өңдеу және қызмет көрсету  кәсіпорындарының мүлкі жекешелендірілгенде,  оларды селолық өндірушілердің  қатысуымен жабық акционерлік  қоғамға айналдырған жағдайда  мемлекетке акциялардың бақылау  пакеті қалдырылмайды. Республика  немесе облыс рыногінде ерекше  орын алатын кәсіпорындар мен  ұйымдар мемлекет қатысуымен  ашық акционерлік қоғамдарға  айналдырылуы керек. Мемлекеттің  спирт, ликер-арақ және темекі  өнімдерін өндіретін салаға монополиясын  сақтау маңыздылығы есепке алына  отырып, сондай-ақ шикізатты, материалдар  мен құрал-жабдықтарды сырттан  сатып алу үшін валюталық қорды  тиімді пайдалану қажеттілігіне  байланысты өнеркәсіптің бұл  саласындағы кәсіпорындарды жекешелендіру  кезінде олар акциялардың 51%-і  мемлекет меншігінде сақталынатын  ашық акционерлік қоғамға айналдырылады. 

     Жекешелендіруге жатпайтын  кәсіпорындар мен ұйымдар:

  • Мал дәрігерлік қызмет;
  • өсімдік карантинасы;
  • мемлекеттік тұқым инспекциясы;
  • өсімдіктердің сорттарын сынау жөніндегі комиссиялар, сорт сынау станциялары және мемсоручаскелері;
  • химияландыру және өсімдіктерді қорғау станциялары;
  • өнім сапасы жөніндегі инспекциялар;
  • мемлекеттік ауыл шаруашылығын бақылау ; жоғары және орта оқу орындарының оқу шаруашылықтары;
  • мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелерінің тәжірибелік және тәжірибе-эксперименттік шаруашылықтары;
  • мемлекеттік асыл тұқымды және жылқы зауыттары;
  • мемлекеттік асылдандыру шаруашылықтары;
  • дәрілік өсімдіктер кеңшарлары;
  • су шаруашылығы және суландыру жүйелері мен құрылыстары обьектілері;
  • әлеуметтік инфрақұрылым обьектілері (білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелері);
  • мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары балансында тұрған өндірістік инфрақұрылым обьектілері (көпірлер, плотиналар, жолдар, су құбырлары, суландыру жүйелері, жылу және электр жүйелері, канализациялық жүйелер, байланыс құралдары және т.б.).

     Тұтастай алғанда,  агроөнеркәсіптік кешен өндіріс  құрал-жабдықтарына мемлекеттік  және жеке меншік базасында  жұмыс істейтін болады. Бұл жағдайда  І сфера (ауыл шаруашылығы үшін  өндіріс құралдарын шығару) басым  жағдайда мемлекеттік меншікке  негізделеді; ІІ сфера (ауыл  шаруашылығы өндірісі) жеке; ІІІ  сфера (ауыл шаруашылығы өнімдерін  дайындау, сақтау, тасымалдау және  өңдеу) жеке және мемлекеттік  меншікке негізделеді.

     Ауыл шаруашылығы  өнімі рыногін мемлекеттік реттеу  басым жағдайда бағалақ, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды  пайдалану арқылы экономикалық  әдіспен жүзеге асырылады.

     Баға саясатының негізгі бағыты еркін тағайындауға көшу болып табылады. Рыноктің қалыптасуы барлық тауар өндірушілердің меншік және шаруашылық жүргізу әдістеріне қарамастан баға белгілеу мен өнімді өткізу арналарын тандауда толық түрде өз бетінше шешім қабылдауын қарастырады. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген белгілі бір мемлекеттік қажеттілікті өтеу үшін мемлекет өндірушілермен ерікті және өзара тиімді контрактіге отырады. Онда келісімді бағадан басқа салықтық, несиелік жеңілдіктер мен материалдық техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, өндірістік және өндірістік емес обьектілерді қаржыландыру жөнінде әр түрлі ынталандыру шаралары қарастырылуы мүмкін. Алайда, еркін баға агроөнеркәсіп кешенінің І және ІІІ сфераларындағы кәсіпорындарды демонополизацияланған жағдайда ғана тиімділік беруі мүмкін, ал басқаша жағдайда өндірістің құлдырауы мен бағаның өсуінен қашып құтылуы мүмкін емес.

     Селолық өндірушілер  табысын қолдау мақсатында өнімді  өткізу мен жеңілдік несиелерге  жол ашуды қамтамасыз етуге  кепілдік беретін ауыл шаруашылығы  өнімдерінің негізгі түрлеріне  сауда және сатып алу операциялары  қарастырылған. Сондай-ақ, биржалар  болашақ өнімді сатып алуға  ауыл шаруашылық өндірушілермен  келісім-шартқа отырған жағдайда  фьючерстік сауда-саттық тегеріші  пайдаланылады. Мұндай фьючерстік  операциялардың артықшылығы тауар  өндірушілер өнім алғанғадейін  процентсіз несиелерді пайдалана  алатындығында жатыр.

     Мемлекеттік реттеусіз  монополизм жағдайында өнеркәсіп  және ауыл шаруашылық арасындағы  бағаның паритетін қамтамасыз  ету мүмкін емес. Сондықтан да  өңдіріс құралдарын шығаратын,  ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына  қызмет көрсететін немесе олардың  өнімін өңдейтін барлық монополист  – кәсіпорындар үшін келісімді  бағаның жоғарғы шегін (немесе  рентабельділік деңгейінің шегін)  белгілеу қажет.

     Қаржылық саясаты селода көпукладты экономиканы құрудың бастапқы кезеңінде бәсекелестікті тудыруға  және дамытуға жағдай жасауы керек. Сондықтан да қаржылық көмек ең алдымен тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік бағаны қамтамасыз етуге, агралық сфераны жеңілдікпен қаржыландыруға көмектесетін коммерциялық банкілердің шығындарын жабуға, сондай-ақ жекелеген селолық аудандар, экологиялық аймақтар жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға, шаруашылық  айналымынан шығып қалған ауыл шаруашылығы жерлерін қайта қалпына келтіруге бағышталуы тиіс.

     Тауар өндірушілерді  бюджет есебінен кең көлемде  қаржыландыру нарықтық экономика  толық орнатылғанда ғана мүмкін  болады. Мұндай жағдайда мемлекеттік  қаржылық қолдау шаруа қожалықтарын  ұйымдастыруға, табиғат апаттарының  шығындарын өтеуге, су шаруашылығы  және топырақты суландыру жұмыстарын  жүргізуге, ауыл шаруашылығындағы  жаңа немесе ерекше қиын өңдірістерді  ұйымдастыруға бағытталады.

     Экономиканың аграрлық  секторындағы несие саясаты ауыл  шаруашылығындағы өте төмен табыстылықты  есепке алады. Сондықтан да  ол төмендегі арналар бойынша  бағытталуы тиіс:

  • ауыл шаруашылығын несиелендіретін банкілер қызметін ұйымдастырушы ерекше мемлекеттік несиелік институттар құру;
  • меншік және шаруашылық жүргізу тәсіліне қарамастан барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерін өнім жинағанға дейін өнімнің тауарлық бөлігіне 50%-ке дейінгі көлемде, өнім жинау кезеңінде 20%-ке дейінгі көлемінде процентсіз қаржы, сондай-ақ несиелендірілетін обьектілердің басқа түрлеріне азайтылған несиелік қаржы (10%-ке дейін) алуға жол ашуды қамтамасыз ету;
  • несиені қамтамасыз етуге төмендетілген талап орнату;
  • коммерциялық банкілерге қарыздарын қайтаруға кепілдік беру;
  • ауыл шаруашылығына несие беретін банкілерге бағалы қағаздар шығару құқын беру және олардың эмиссиясы мен айналымы үшін ерекше қолайлы жағдай жасау (эмиссия жөніндегі жеңілдіктер ауыл шаруашылық несиесіне қажетті қаржылық ресурстарды арзандатуымен қатар тез жинақтауды жеделдетеді);
  • несиелік қаржыны төмендетілуі мен қарыздың қайтарылмауынан туындаған шығындарды жабу үшін ауыл шаруашылық несиесін ұйымдастыруды мемлекеттік қаржыландыру.

Информация о работе Жер реформасы