Ауыл шаруашылығына
деген мемлекеттің салық саясаты өзінің фискальдық
мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен
мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық
салу жолымен жеңілдетілген салық салу
есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы
функцияларына ерекше назар аударылуы
қажет.
Жерге біртұтас салық
енгізілгеннен кейін, жер негізгі
өндіріс құралы болып табылатындықтан,
ауыл шаруашылық кәсіпорындары
табысқа салық төлеуден босатылды.
Бұл аграрлық өңдірістің нәтиже
беретін көрсеткіштеріне тіпті
салық салудан босатылуға алып
келді. Нәтижесінде салық көмегімен
бағаны, ауыл шаруашылығы өнімдерін
сатудың көлемін, жеке тұтынуға
және қорлануға бағытталатын
пайданы мемлекеттік реттеу мүмкін
болмай қалды. Осыған байланысты
салық салудың негізгі обьектісі
ретінде мемлекеттік ауыл шаруашылық
кәсіпорындары үшін – пайда,
ал ұжымшарлар үшін жалпы табыс
белгіленді.
Жалпы алғанда, салықтар
мен аударулар кәсіпорынның жалпы
табысының 20-25%-інен аспауы керек.
Өйткені, жалпы табыстың 25%-інен 50%-іне
дейін салыққа лаынуы тек қана
өндірісті қалпында ұстауды қамтамасыз
етсе, ал 50%-тен астам салық салу
өңдірістің шығынға батып, жабылуына
алып келеді. Жеке меншікке негізделген
жеке немесе отбасылық еңбек
(шаруа қожалықтары, кооперативтер
және т.б.) сияқты шаруашылық жүргізудің
өркениетті тәсілдеріне болашақта
салықтың тек қана бір түрі
– жалпы табысқа салық салу
қолданылуы керек. Одан әрі
ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан
өту мен аграрлық рынокті қалыптастырудың
шама-шарқына қарай салық жүйесі
күрделене түседі. Оның негізгі
элементтері мыналар болады: пайдаға
(таза табыс) салық, капиталдың
өсуіне салық, қозғалмайтын мүлікке
салық, жалданбалы жұмыс күшін
әлеуметтік сақтандыру, акциздер.
Инвестициялық саясат
агроөнеркәсіп кешеніндегі көпукладты
экономиканың қалыптасу кезеңінде көптеген
өзгерістерге ұшырайды. Агроөнеркәсіп
кешенін дамытудың кең көлемдегі мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік
сферадағы обьектілер құрылысын салу,
сондай-ақ селолық тауар өндірушілерді
қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік
бюджеттік қаржыландыру сақталады. Агроөнеркәсіп
кешенін дамытудың басқа барлық шараларына
инвестиция бөлу қайтарылу негізінде
жүргізілуі тиіс.
Агроөнеркәсіп кешенінің
бірінші сферасында инвестициялық
саясаттың басым бағыттары мыналар
болып табылады:
- конверсия нәтижесінде босап қалған бұрынғы кәсіпорындарды қайта бағдарлау мен жаңа құрылыстар салу есебінен өзін экономикалық жағынан ақтайтын ауыл шаруашылық және азық-түлік машиналарын жасайтын өзіндік база жасау;
- түпкілікті техникалық қайта жарақтандыру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жабдықтау;
- алдыңғы қатарлы технологияға және өндіріс құралдары рыногіндегі коньюнктураның өзгерістеріне тез бейімделетін аз сериялы өндіріспен айналысатын орташа және ұсақ кәсіпорындарды дамыту.
Ауыл шаруашылығындағы
инвестициялық саясат өнеркәсіп
және ауыл шаруашылығы өнімдеріне
баға паритетінің сақталмауы
жағдайында мемлекеттік қолдау
көрсету жолымен меншіктің барлық
тәсіліндегі ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының материалдық-техникалық
базасының сапалық жаңғыруын,
негізгі қордың шапшаң қалпына
келтірілуін және жаңартылуын,
өндірістік инфрақұрылымның дамытылуын
көздейді.
Агроөнеркәсіп кешенінің
өңдеу сферасында мемлекеттің
қатысуымен тікелей селолық елді
мекендерде өңдеу (кіші және
орта қуаттылықтағы) жөніндегі
кәсіпорындар салынатын болады.
Тұжырымдық бағдарлама
сондай-ақ әлеуметтік даму және
Республика агроөнеркәсіп кешенін
мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі
нақты
Қазір Қазақстанға
шет елдерден ет, сүт тағамдарын
тасымалдағанды көріп жүрмін. Бұл
– жақсылық емес. Яғни, Қазақстан
басқа елдердің адамдарын жұмыспен
қамтамасыз етіп келеді деген сөз. Бұл
олқылықты түзету үшін ауылдық жерде
өндірілетін өнімдердің өзіндік
құны шетелдік тауарлармен салыстырғанда
төмендеу болу керек те, сапасы кем
болмауы тиіс. Бұл айтар ауызға
ғана жеңіл міндет ғылыми тұрғыдан
жан-жақты жоспарланған жағдайда, компелексті
шаралар жүзеге асырылғанда ғана
талапқа сай болмақ. Сонда ғана
егемендіктің де, келешектің де талабына
сай экономика бой көтереді.
Елбасының
«ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға
арналған негізгі бағыттары» деп аталатын
Қазақстан Халқына жолдауында ауылды
/селоны/ жаңғырту еліміздің әлеуметтік-экономикалық
саясатының базалық басымдығы деп анықталды.
Президент өзінің Жолдауында агроөнеркәсіп
кешенінің тұрақты және серпінді дамуы,
оның экономикасының қазіргі заманғы
рыноктық принциптер бойынша тез көтерілуі
ауылды көтерудің басты факторы болып
қала береді деп көрсетті.
Республикалық бюджеттік комиссия
2003 жылға арналған республикалық
бюджеттің жобасын жасаған кезде
Президент Жолдауында айтылған
міндеттерді шешу қажеттігін
ескере отырып 2003-2005 жылдарға арналған
республикалық бюджеттің қаражатын
жұмсаудың басымдық бағыттарын
анықтады. Аграрлық секторды дамыту
және ауылды \селоны\ жайғастыру
жөніндегі басымдықтар шеңберінде
ондай міндеттерге мыналар жатады:
- Ауыл шаруашылық өндірушілерді қолдаудың несиелік және лизингтік тетіктерін дамыту;
- Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге ақшалй жәрдем жасау;
- Өсімдіктерді жаппай зиянкестер мен аурулардан, малды – аса қауіпті және жұқпалы аурулардан қорғау;
- Тұрғын мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
- Селолық инфрақұрылымды құру және қайта құру;
Қазақстан Республикасының Президентінің
2002 жылғы 5 маусымдағы №889 жарлығымен
Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы
бекітілді. Осы құжатқа сәйкес
мемлекет село экономикасына
2003-2005 жылдар ішінде 150 миллиард теңге
бөлуді жоспарлауда. Осы қаражат
есебінен мал мен өсімдіктің
аса қауіпті ауруларына диагностика,
мониторинг жасауды және олармен
күрес жүргізуді, карантинді өнімге
лабороториялық және фитосанитарлық
талдауды, ауыл шаруашылық дақылдарының
сорттарын сынақтан өткізуді, суармалы
жерлерді мелиоративтік бағалауды,
мемлекеттік резервтегі астықты
сақтауды, элиталық тұқым шаруашылығы
мен асыл тұқымды малдарды
сақтау мен өсіруді жүзеге
асырып, минералдық тыңайтқыштарды
сатып алуға ақшалай көмек
көрсету және басқаларды қаржыландыру
жүзеге асырылатын болады.