Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2014 в 22:12, реферат
Республикамызда жер пайдалану құқығына кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер сияқты азаматтар да ие. Бұл негізгі екі жер меншігі – мемлекеттік жәнеменшік түрлерімен шартталған.Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мәнге ие. Ол қоғамдық өндіріспен байланысты және тіркеуге алуға жататын, есепке алынатын және бағаланатын толық нақты территория ретінде тікелей белгіленіп қойылады. Ол негізгі кадастрлық бірліктің негізгі формасы – жер учаскесі сияқты болып келеді.Жердің көп бөлігі жер пайдаланушыларға шексіз уақытқа /тұрақты/ пайдалануға берілген. Сондықтан бұндай жерді пайдалану түрі негізгі болып есептелінеді. Ал қазіргі жағдайда, яғни жаңа заң қабылданғаннан кейін уақытша пайдалану /қысқа мерзімді - 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді 5-49 жылға дейін/ енгізілуі мүмкін. Және жерді уақытша пайдалану жалға берілген болып саналады. Жерлер қауымдық пайдалануға мемлекеттік заңды тұлғаларға және азаматтарға қызметтік учаскелер ретінде тұрақты пайдалануға беріледі.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Жер учаскесін тіркеу. Жер учаскесінің кадастрлық номерін құру
Тексерген: Сейтказина Г.С
Семей 2014
Жер учаскесін тіркеу. Жер учаскесінің кадастрлық номерін құру
Жоспар
Республикамызда жер пайдалану құқығына кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер сияқты азаматтар да ие. Бұл негізгі екі жер меншігі – мемлекеттік жәнеменшік түрлерімен шартталған.Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мәнге ие. Ол қоғамдық өндіріспен байланысты және тіркеуге алуға жататын, есепке алынатын және бағаланатын толық нақты территория ретінде тікелей белгіленіп қойылады. Ол негізгі кадастрлық бірліктің негізгі формасы – жер учаскесі сияқты болып келеді.Жердің көп бөлігі жер пайдаланушыларға шексіз уақытқа /тұрақты/ пайдалануға берілген. Сондықтан бұндай жерді пайдалану түрі негізгі болып есептелінеді. Ал қазіргі жағдайда, яғни жаңа заң қабылданғаннан кейін уақытша пайдалану /қысқа мерзімді - 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді 5-49 жылға дейін/ енгізілуі мүмкін. Және жерді уақытша пайдалану жалға берілген болып саналады. Жерлер қауымдық пайдалануға мемлекеттік заңды тұлғаларға және азаматтарға қызметтік учаскелер ретінде тұрақты пайдалануға беріледі.
Жерге жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі түрінде болады. Меншік иесінің тиісті жерді иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жеке меншікке жататын жер учаскесі қозғалмайтын мүлік деп саналады. Меншік иесі өзінің жер учаскесін заң актілерінде тыйым салынбаған кез келгенмәмілелерді жасауға, атап айтқанда жер учаскесін заңдылық бабы бойынша сатуға, шаруашылыққа, серіктестікке жарналық капитал ретінде енгізуге, кепілдікке беруге және мұра етіп қалдыруға, жер учаскесін жалға беру, жалдаунемесе өтеусіз пайдалану шарты негізінде уақытша пайдалануға беруге құқылы.Жер пайдаланудың экономикалық мәнін көрсетуші - жералқаптары. Жер алқаптарының өңдіріс құралдары сияқты жерді пайдалануда экономикалық, шаруашылық формалары болады. Алқаптардың өзара қатынасы арқылы ауыл шаруашылық өндірісіндегі жерлерді пайдалану сипаттамасы бойынша және белгілі бір шамада шаруашылықтың бағыты мен мамандандырылғандығы туралы пікір айтуға болады. Жер алқабы деп нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдаланылатын және белгілі бір табиғи-тарихи қасиеттеріне ие болған территорияларды айтады. Мемлекеттік жер кадастрында ол негізгі элемент болып есептеледі. Жердің құралы ретінде көрінуі оның тікелей түрде нақты шаруашылық қолдануында жатыр, бұл түрде ол белгілі бір жер алқабы түрінде болады, яғни нақты сол территория үшін пайдаланылады. Жерлерді ауыл шаруашылығында пайдалану арқасында біз адамдар тіршілігі үшін ең керекті өнімдерді аламыз. Ауыл шаруашылық алқаптарында мәдени өсімдіктерді өсіреді және мал шаруашылығына азық дайындайды. Сондықтан, бұндай өнімді алқаптар кадастрде ерекше топқа жатады - ауыл шаруашылық алқаптары ретінде бөлінеді. Егістік жерлерде негізгі ауыл шаруашылық өнімдері өсіріледі, оның ішінде бірінші орында астық. Жер пайдалану құрамында уақытша пайдаланылмай жатқан жыртылған жерлер де болады. Олар тыңайма. Бұл да бөлек алқаптардың бірі болып саналады.
Көпжылдық жемісті ағаштар егілген жер учаскелері /байлар, жүзімдіктер, т.б./ ауыл шаруашылық алқаптарының ең бағалы түрі болып саналады. Егістік жер секілді, олар жүйелі түрде күтімді қажет етеді. Егістіктен айырмашылығы учаскелерде көпжылдық ағаштарды және бұталы жерді өсіреді, жер есебінде бұл алқапты бірнеше түрге шабындықтар мен жайылымдардың маңызды шаруашылық мәні бар. Оларды әдетте табиғи азықтық алқаптар деп атайды. Олар белгілі үлесті мал шаруашылығы азығы қорын жасайды. Ауыл шаруашылығында қолданбайтын жерлер - алқаптар да болады.Жер пайдалану құрамында, пайдаланатын жерлерден басқа және пайдаланбайтын жерлер /шұңқыр, жыра, сай, батпақ, т.б./ болуы мүмкін. Оларды табиғи жағдайы бойынша есептейді. Әрбір алқаптар бөлек контурлардан тұрады. Контур деп әдетте, бір текті алқаптан тұратын және бекітілген сыртқы шекаралары бар территорияны түсінеді. Көрсеткіш ретінде ол белгілі шаруашылық мәні бар және өлшемімен сипатталады. Бөлек контурлардың аудандарын жинау алқаптардың аудандарын анықтауға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан дәлірек контурлар бастапқы есепке алу элементі ретінде шығады және жер есебінде есеп бірлігі болады.
Жер учаскесінің жерін пайдалануға және (немесе) меншік құқығын алуға мүдделі физикалық және заңды тұлғалары Шымкент қаласы жер қатынастары бөліміне, жекелеген жағдайда жер учаскесі орналастырылған орны бойынша жергілікті атқару органына өтініш береді.
Өтініште көрсетілуі тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның нақты көлемі, орналасқан орны, сұралынатын қолдану құқығы .
Өтінішке қоса тіркеледі:
- жеке басты куәландыратын куәлік;
- салықшының тіркеу нөмірі (СТН);
- инвентарлық іс;
- жер учаскесін бекіту негізі.
Жер учаскелері меншіктер иелері атынан және жер қолданушылар атанынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер –кадастрлық жұмысты орындаушы – тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер қолданушылар атынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер – кадастрлық жұмысты орындаушы – тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушының рәсімделген сенімхаты бар болса өтініш жасай алады. Жер қатынастары бөлімі жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе жер – кадастр жұмыстары іске асырушы олардың өкілетті тұлғасына бекітілген тәртіпте қажетті мәліметтер (геодезиялық тірек желісінің қосынының координат каталогы, жер-кадастрлық істерінің көшірмесі және басқа да) кімге жұмыс жасалады. Жер учаскесіне қатысты, сонымен бірге көршілес жер учаскесінің қажеттілігі бойынша мәліметтер ұсынылады.
Жұмыс сапасы үшін және мәліметтің растылығына жер-кадастрлық жұмыстарын орындаушы тұлға жауап береді.Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет көлем және мақсатты нысанды анықтау үшін тұрғылықты орны бойынша жер учаскесін зерттеумен ұсынылған құжатты тексеруді іске асырады. Айтылған өзгерістер болғанда, олар бекітілген тәртіпте атқару органында қайта бекітілуге жатады.Жер учаскесінің шекарасын белгілеу (қайта белгілеу) табиғи шартқа, геодезиялық қамтамасыз ету, жоспарлы-картографиялық материалдардың барлығына, геодезиялық құралдармен жабдықталу деңгейінің мүмкіндігі кезекті тәсілдермен орындалады:
- геодезиялық;
- аэрофотогеодезиялық.
Тәртіп бойынша жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстарды іске асыруда геодезиялық (теодолиттық жолдар, қиылыстырулар, полярлық әдістер және перпендикулярлық әдістер). Жер учаскесінің бұрылыс нүктелерінің координатымен анықталады.
Жер учаскесіне пайдаланушылар немесе меншік иесі тілек бойынша нақты координатсыз шекара (қайта белгілеуге) белгілеуге жіберіледі немесе (координатты анықтаудың графикалық тәсілі) берілген аумақ түрі үшін масштаб талаптарына және сапасы бойынша жауап беретін аэрофото жоспарлар және қазіргі карта негізінде графикалық координатын анықтаумен белгіленеді. Жер учаскесі жоспарында бұрылыс нүктесі координаты жоқ болғаны туралы тиісті жазба жасалады, немесе қор масштабының көрсетілуімен графикасы мен координаты анықталады. Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен белгіленеді. Жер учаскесінің шекаралары елді мекенде белгіленген үлгідегі межелік белгілермен бекітіледі.
Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстар нақты жүйемен орындалады:
- Дайындық (кіріс материалдарын жинау, геодеректердің үзіндісін алу, жұмыс сызбасын дайындау және т.б.);
- Далалық (бұрыштарды геодезиялық өлшеу және желі шаралары, шекараларды тану, межелік белгілерді қою, шекаралардың желісін айдау т.б.с.).
- камеральды (далалық өлшем материалдарын өңдеу, көлемін есептеу, соңғы құжаттарды рәсімдеу);
Жер учаскесінің шекарасын белгілеу бойынша жұмысты аяқтағаннан кейін жер – кадастрлық картасына координаттары бойынша учаскенің шекарасы енгізіледі, егер координаттар анықтамаса, онда учаске шекарасы сипаттау бойынша байланыстыра картаға, топографикалық карта және жоспарға, фотокартаға, фотожоспарға (фото сызба) жасанды түрде енгізіледі. Жер учаскесінің контурында шекарасының координаты анықталғаны қисық сызықпен штрихтеледі.
Жер кадастрлық картасына (сызбасына) шекараларды енгізгеннен кейін жер – кадастрлық нөмірін беру туралы тізімге кіргізу жолымен кадастрлық нөмер беріледі.
Кадастрлық номер иерархиалық құрылымы бар, аумақтық бірлікке сәйкес 4 деңгейден тұрады:
- А – Республикалық мәндегі қала және облыстың коды;
- Б – облыстық мәндегі қала немесе әкімшілік ауданының коды;
- В – есеп тоқсаны коды;
- Г – жер учаскесінің нөмірлері.
А – бірінші деңгейінде екі разрядты ондық сан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.06.1996 жылғы №710 Қаулысының 1 тіркемесі «Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірін қалыптастыру мақсаты үшін облыстық сәндегі қала және әкімшілік ауданның берілген код тізіміне» сәйкес республикалық мәндегі қала немесе әкімшілік - аумақты 19 коды бар.
Б – екінші деңгейінде үш разрядты ондық санды кадастрлық нөмірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.06.1996 жылғы №710 қаулысының екінші тіркемесі «Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірін қалыптастыру мақсаты үшін облыстық мәндегі қала және әкімшілік ауданының берілген код» тізіміне сәйкес облыстық мәндегі қала және әкімшілік ауданы коды көрсетілуді Шымкент қаласы 309.
Үшінші деңгейдегі кадастрлық нөмірде облыстық мәндегі қала немесе әкімшілік ауданының бөлігі болып табылатын квартал есеп коды көрсетіледі.
Кадастрлық бөлулер 1996 жылы қала құрылысын аумаққа бөлу материалдарын, орман құрылысы материалдарын негізін пайдаланумен электронды түрде (вектор) орындалған.
1:10000. Кадастрлық кварталдардың жалпы саны 139 құрайды.
Төртінші деңгейде – төрт разрядты сандар, есеп кварталындағы жер учаскесінің реттік саны.
Кадастрлық нөмірді құру мысалы: 19-309-139-487
Жер учаскесіне кадастрлық номер берілгеннен кейін Бірегей мемлекеттік жер реестрі дерегіне ену үшін тапсырыс бланкасы толтырылады. Жер – кадастрлық құжаттары келесі талаптарға сәйкес болады. Орындау бекітілген үлгідегі бланкада барлық деректермен толтырумен жүргізіледі. (Орган, мекеме, ұйым атаулары, олардың берген құжатының нөмірі, күні, адресат (құжат алушының) көрсетіледі. Жер учаскелерінің шекарасын (сызба) жоспарын дайындау, мемлекеттік актісін дайындау.
Жер ресурстарын басқару бойынша орталық өкілетті орган бекіткен техникалық талаптарымен және жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттарды облыстық өкілетті органы берген (республикалық мәндегі қала) болып табылатын тіркеме).
- жер учаскесіндегі жеке
меншіктегі – жеке меншік
- тұрақты жер пайдалану – тұрақты жерпайдалану құқығы актісі;
Уақытша өтеулі жер пайдалануда – уақытша өтеулі жерпайдаланулар құқығы актісі. Жер учаскесінің меншік құқығы актілер заңды тұлғалар және азаматтарға акт бланкасын беру туралы, тұрақты жер пайдалану құқығына, уақытша өтеулі жерпайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметі Президентінің Жарлығы қазіргі күші бар 22.12.1995 жылғы №2717 «Жер туралы» заңымен, ҚР Үкіметінің 22.08.2003 жылғы №851 «жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттардың формаларын бекіту туралы» заңмен бекітілген. Жер учаскесіне меншік құқығы актісі, тұрақты жерпайдалану құқығы немесе уақытша өтеулі жерпайдалану қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
Акт екі данадан жасалады: біріншісі жер учаскесінің меншік иесіне беріледі, ал екіншісі Қазақстан Республикасы жерге орналастыру және жер кадастры бойынша мемлекеттік комитеті аумақтық органына сәйкес сақталады. Тұрақты жер пайдалану құқығы актісі бланкасы, жер учаскесіне меншік құқығы жоғары сапалы ақ қағазда дайындалады. Жер учаскесіне қатысты көлемнің ұсынылған немесе пайдалануға сәйкес берілген бланк 210х300 мм және 300 х 420 мм құрайды. Акт бланкасының таңдалған көлемінің негізгі талаптары болып, жоспар масштабындағы жер учаскесінің шекара желі өлшемі бейнелейді. Актінің титул жағы (бірінші беті) көкшіл түспен болып және мазмұны мынадай болуы керек:
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гербі
- актінің атауы;
- көркемдік рама;
- қорғаныш торы.
Екінші бетінде сұр түспен кадастрлық нөмер, рет бойынша журналда берілген акті нөмірі, жер учаскесінің меншік иесі немесе заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты мекен-жайы жазылады. Жер учаскесінің мақсатты нысаны көлем (га).
Жер учаскесін шектеу немесе уақытында тоқтату.
Актіні беру негізі.
Үшінші бетте жер учаскесінің жоспары, оның орналасу орны, көршілесін сипаттау және байланыстыру желісін шығаруы орналасады. Төртінші бетте жер учаскесінің бөгде меншік иелері және жер пайдаланушылар оларға бекітілген жер көлемі тізім таблицасымен орналасады, тұрақты жер пайдалану құқығы, жер учаскесіне меншік құқығы актісін жазатын кітапқа актіні беру жазғанындай қандай нөмірмен жазылғаны,сонымен бірге актіні жіберген жерге орналастыру және жер қатынастары бойынша тиісті орган төрағасының аты, жөні, тегі, қол қою орны, актіні беру күні көрсетіледі. Жер учаскесі толық қалыптасып бітті деп есептеледі, егер оның шекарасы белгіленсе және кадастрлық ісі ашылса.
Мемлекеттік тіркеу жүргізетін органның басты мәселелері болып:
Информация о работе Жер учаскесін тіркеу. Жер учаскесінің кадастрлық номерін құру