Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2014 в 22:12, реферат
Республикамызда жер пайдалану құқығына кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер сияқты азаматтар да ие. Бұл негізгі екі жер меншігі – мемлекеттік жәнеменшік түрлерімен шартталған.Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мәнге ие. Ол қоғамдық өндіріспен байланысты және тіркеуге алуға жататын, есепке алынатын және бағаланатын толық нақты территория ретінде тікелей белгіленіп қойылады. Ол негізгі кадастрлық бірліктің негізгі формасы – жер учаскесі сияқты болып келеді.Жердің көп бөлігі жер пайдаланушыларға шексіз уақытқа /тұрақты/ пайдалануға берілген. Сондықтан бұндай жерді пайдалану түрі негізгі болып есептелінеді. Ал қазіргі жағдайда, яғни жаңа заң қабылданғаннан кейін уақытша пайдалану /қысқа мерзімді - 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді 5-49 жылға дейін/ енгізілуі мүмкін. Және жерді уақытша пайдалану жалға берілген болып саналады. Жерлер қауымдық пайдалануға мемлекеттік заңды тұлғаларға және азаматтарға қызметтік учаскелер ретінде тұрақты пайдалануға беріледі.
1. Жылжымайтын мүлікке
мемлекеттік тіркеу құқығын
2. Құқықтық территориалдық
органдардың жұмысы және
3. Құқықтық кадастрды, заңды тұлғалардың, бірыңғай мемлекеттік тіркеуші және филиалдар мен өкілдердің реестрін енгізуі.
4. Жылжымайтын мүлікке
мемлекеттік тіркеу құқығын
Басқару органы тапсырыс берушінің құжаттарының түгелдігін тексереді:
1. Жылжымайтын мүлікке тіркеу құқығын беру өтініші;
2. Жылжымайтын мүлікке тіркеу құқын беретін құжаттар;
3. Тіркеу органдарының қызметіне төлем ақысын көрсететін құжаттар;
4. Өтініш берушінің жеке басты қуәлігі, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің беделін көрсететін құжаттар.
Тіркеуші жерге құқықтың қолданылу растығын анықтайтын жағдайда тексеру керек. Өтініш беруші қажетті талаптарға сай болуы керек: әрекет қабілеті және құқықтық қабілеті бар болуы керек.Өтініш беруші ретінде меншік иелері мен жерге басқа құқығы бар мемлекеттік тіркеуді міндетті қажет ететін, сонымен қатар ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматы, Қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар шыға алады.
Өтініш беруші тіркеу органына:
1. Жер төлеміне құқықты тіркеу жайында өтініш
2. Жер төлемін құқықты растайтын құжаттар.
3. Тіркеу органының көрсеткен
қызметін банктен төлемін
Жеке тұлғаның өтінішінде тіркеу органының аты, өтініш берушінің аты - жөні, тегі, мекен жайы, жеке бас куәлігі, жер учаскесінің орналасқан жері және аты, тіркеу құқығының категориясы керекті құжаттардың тізімі және басқа бекітілген түрге сәйкес мәліметтер көрсетілуі қажет. Заңды тұлғаның өтінішінде: тіркеу органының аты, заңды тұлғаның аты заңды мекен жайы, жер учаскесінің орналасқан жері және аты, тіркеу органының категориясы керекті құжаттың тізімі және басқа бекітілген түрге сәйкес мәліметтер көрсетілуі қажет. Сондай-ақ заңды тұлға тіркеу жайлы куәлікті, сауда реестрынан көшірмесі және осы мемлекеттің заңына сәйкес берілген субъект заңды тұлға екенін растайтын басқа да құжаттарды көрсетеді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тарту келесідей негіздемелер бойынша жүзеге асады:
- сенімсіз адам өтініш берсе немесе жеке басын куәландыратын құжаты және өкілеттігі болмаса;
- құжаттарда тазартулар, қосымша жазулар жазылған, сызып тастаған сөздер мен өзгеде ескертілмеген түзетулер болса;
- құжаттардың түпнұсқасында немесе олардың көшірмелерінде қажетті қолдар мен мөрлер болмағанда, мекен-жайлары, аты-жөндері немесе заңды тұлғалардың атаулары дұрыс көрсетілмегенде;
- талап беруші құжаттар жиынтығын толық немесе дұрыс рәсімдемеген жағдайда;
- тіркелуге төленетін алым туралы құжат болмағанда;
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін белгіленген заңдар жүйесінде белгіленген тәртіппен Құқықтық кадастрдың тіркеу парағына жеке-жеке жазады. Тіркеу тоқтатыла тұрғанда немесе одан бас тартылған жағдайда құқықтық кадастрда тиісті жазба жасалады. Тіркеуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бас тартылу себебі туралы жазбаша нысанда хабар жіберіледі. Хаттың көшірмесі, бұрынырақ осы жылжымайтын мүлікке арнап ашылған іске тіркеледі.Егер тіркеуге бас тартудың негізі болатын жағдайлар жойылған кезде, талап беруші тіркеуші органға жанадан өтініш беруге болады.
Бүгінгі күнде жерді бағалаудың қажеттілігі жер қатынастарының өзгеруіне және жерді, жер пайдалану құқығын сату-сатып алу мүмкіндігінің пайда болуына байланысты өсуде. Жерді бағалау нәтижелері іс жүзінде нақты мәселелерді шешуде, жерді тиімді пайдалану мен талдауды жоспарлауда; жер төлемдерін реттеуде, жер пайдаланымдардың оптимальды, оңтайлы мөлшерін анықтауда; жерді пайдалануды және қорғауды бақылауда, жерді алып қою кезінде шығындарды қайтаруда атқаратын міндеті зор.
Жер – қалалар және басқа да елді мекендер (кенттер, селолар және ауылдар) үшін, құрылыс, өндіріс, байланыс және тағы басқасы үшін орналасу базисі. Бұл ретте, жердің нормативтік бағасы – оны пайдалану мақсатына, салынатын объектінің бағасына, алынатын өнімнен түсетін кіріске, инфроқұрылымының дамуына, табиғи жағдайына және т.б. факторларға байланысты анықталады.
Информация о работе Жер учаскесін тіркеу. Жер учаскесінің кадастрлық номерін құру