Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 12:48, лекция

Описание работы

Осы Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі – Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және ұңғымаларды жобалауға, пайдалануға, параметрлік, іздеу, барлау, пайдалану, айдау, бақылау (пьезотермиялық, қадағалау), арнайы (жұтатын, су жинау), йодбромды, бальнеологиялық ұңғымаларға және басқа ұңғымаларға таратылады.

Файлы: 1 файл

9416.doc

— 125.50 Кб (Скачать файл)


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар Министрінің

2011 жылғы «12» қыркүйектегі

№ 380 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ұңғымалар мен  жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі – Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және ұңғымаларды жобалауға, пайдалануға, параметрлік, іздеу, барлау, пайдалану, айдау, бақылау (пьезотермиялық, қадағалау), арнайы (жұтатын, су жинау), йодбромды, бальнеологиялық ұңғымаларға және басқа ұңғымаларға таратылады.

2. Ұңғымалар консервациясы, жою жобалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Ұңғымаларды жою кезінде жоба келесі бөлімдерден тұрады:

жалпы түсіндірме жазба. Ұңғыманы жою критерийлеріне негіздеме;

ұңғыманы жою бойынша технологиялық және техникалық шешімдер;

ұңғыманы жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі;

жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар.

4. Ұңғыма консервациялау кезінде жоба бөлімдерден тұрады:

жалпы түсіндірме жазба. Консервация нұсқалары (процессте және құрылыс, пайдалану аяқталған соң). Маусымдық консервация;

ұңғыма консервациясы, олардың сағасын жабдықтау бойынша  технологиялық және техникалық шешімдер;

ұңғыма консервациясы  және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі;

жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар.

5. Ұңғыманы консервациялау, жою бойынша жұмыстар олардың техникалық жағдайының нәтижесін есепке алумен, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жобалық шешімдерді орындауды қамтамасыз етумен оқшаулау-жою жұмыстары жоспары бойынша жүргізіледі.

6. Құрылысы біткен ұңғыманы жою мен консервациясы жер қойнауын пайдаланушының жою мен консервациялау туралы қабылдау комиссиясы актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.

7. Егер ұңғыма консервациясының ұзақтығы өңдеу жобасымен қарастырылған мерзімінен асса (немесе асуы мүмкін) немесе 15 жылдан артық болса және сараптама қорытындысы бойынша қоршаған табиғи ортаға, мүлікке, жергілікті халықтың денсаулығы мен өміріне нақты зиян тигізу қаупі туындаса, онда өздігінен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың талабы бойынша жер қойнауын пайдаланушы авариялық жағдайдың туындау қатерін болдырмайтын қауіпсіздіктің шараларын өңдейді және іске асырады немесе ұңғыманы жояды.

 

 

2. Ұңғыманы жою

 

 

2.1. Жойылуға жататын ұңғымалар санаты

 

8. Барлық жойылатын ұңғымалар жою себебіне байланысты 4 санатқа бөлінеді:

I – өзінің тағайындалуын орындаған ұңғымалар;

II – геологиялық себептер бойынша жойылатын ұңғымалар;

III – техникалық себептер бойынша жойылатын ұңғымалар;

IV – технологиялық, экологиялық және басқа себептер бойынша жойылатын ұңғымалар.

9. I санат – өзінің тағайындалуын орындаған ұңғымалар. Оған:

I-а) құрылыс жобасымен көзделген міндеттерді орындаған ұңғымалар;

I-б) жобамен белгіленген, дебиттердің төменгі шегіне жеткен, қабатты, айдалатын сумен суландырылған, қайтару немесе қосу объектісі жоқ, қажеттілігі болғанда оларды бақылау (қадағалау, пьезометриялық) қорына ауыстыратын ұңғымалар;

I-в) жобамен белгіленген міндеттерді орындағаннан кейін, әртүрлі технологияны сынау бойынша тәжірибелік және тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды жүргізу үшін бұрғыланған ұңғымалар;

I-г) табушы ретінде бұрғыланған, суландырғаннан кейін, оларды одан әрі пайдалану қажеттілігі жоқ кезде қадағалау, айдау және басқасына ауыстырылған ұңғымалар;

I-д) мұнай мен газдың жер асты қоймаларында әрі термальды және өнеркәсіпті сулар орындарында өз міндеттерін орындаған ұңғымалар жатады.

10. II санат – геологиялық себептерге байланысты жойылған ұңғымалар немесе олардың бағандарының бөлігі. Оларға:

II-а) жобалық тереңдікке дейін жеткізілген, бірақ жағымсыз геологиялық жағдайда, яғни коллекторлар жоқ аумақта болатын, мұнай және нәтиже бермеген ағынды интенсификация бойынша жұмыстар жүргізілген газ орындарының контурлы облысынан тыс, мұнай, газ, судың өнеркәсіптік емес ағындарын беретін ұңғымалар;

II-б) алдыңғы ұңғымаларды бұрғылау нәтижесі бойынша одан әрі жұмысты жүргізудің мақсатсыздығы салдарынан құрылысы тоқтатылған ұңғымалар;

II-в) жобалық горизонтты жаппаған және жобалық тереңдікке анықталмаған кедергілер (жұтылудың апатты аймағы, үйілулер, жоғары қабатты жыныстар) кесілуінде ашылуы нақты геологиялық жобалық кесілуіне сәйкессіздігі салдарынан жетпеген ұңғымалар;

II-г) мұнай, газдың жер асты қоймалары мен жылу энергетикалық және өнеркәсіптік сулар орындарында құрылысы аяқталған және жағымсыз геологиялық жағдайлардағы («құрғақ», ағын бермейтін және т.б.) ұңғымалар;

II-д) айдау, қадағалау, пайдалану, йодобромды, жылу энергетикалық, бальнеологиялық ұңғымалар, кәсіпшілік суды және басқа да өнеркәсіптік қалдықтарды құю үшін, жағымсыз географиялық жағдайдағы, оларды басқа шаруашылық мақсатта пайдалану қажеттілігі жоқ кезде, мұнай мен газдың жер асты қоймаларын сақтау үшін бұрғыланған ұңғымалар жатады.

11. III санат – техникалық себеп (авариялық) бойынша жойылатын ұңғымалар немесе олардың бағанының бөлігі. Оған құрылысы, күрделі жөндеу бойынша жұмыстар немесе қолданыстағы әдістермен жою мүмкін емес немесе экономикалық тиімсіз авария, себептер мен асқынулар салдарынан пайдалануы тоқтатылған ұңғымалар жатады.

III-a) салдарынан ұңғыма бағаны жоғалған, бұрғылау аспабымен авариялар, техникалық және пайдалану колонналарымен, ұңғыма ішілік және сағалық жабдықпен, геофизикалық аспаптармен және кабельмен, сапасыз цементтеу салдарынан болған авариялар, ашық атқымалар, өрттер туындаған ұңғымалар. Ұңғыма бағанының ақаусыз бөлігінде (авариялық бөліктен жоғары) осы ұңғыма орнын өңдеуге технологиялық құжаттамаға сәйкес өнеркәсіптік мәндегі өнімділік горизонты бар болатын жағдайда ұңғының авариялық бөлігі ғана жойылады, ал ақаусызы өндіруші кәсіпорынға беріледі;

III-б) игеру, сынау немесе пайдалану кезінде қабатты сулар ағыны болған, оқшаулау мүмкін болмайтын ұңғымалар;

III-в) агрессиялы ортада ұзақ уақыт пайдалану салдарынан тоттана тозуы нәтижесінде пайдалану колоннасының герметикалы еместігі анықталған ұңғымалар;

III-г) табиғи апат (жер сілкіну, көшкіндер) нәтижесінде бұзылған немесе көшкін салдарынан немесе су басудан нақты қауіп туындаған бағаналы ұңғымалар;

III-д) ұйпалану, тұздар, балшықтардың орналасу интервалында қоршаулы колоннаның сынған кезіндегі ұңғымалар;

III-е) бұрғылау құрылғыларының апатты кетуі, гидротехникалық құрылыстың бұзылуы, оларды қалпына келтірудің техникалық мүмкін еместігі мен экономикалық қажетсіздігі жағдайында теңіз орындарында бұрғыланған ұңғымалар;

III-ж) қабатты ашудың жобалық нүктесінен рұқсат берілмейтін ауытқулармен бұрғыланған ұңғымалар.

12. IV санат – технологиялық, экологиялық және басқа себептер бойынша жойылатын ұңғымалар. Оларға:

IV-а) құрылысы біткен және пайдалану колоннасының нақты жағдайға беріктілік пен тоттану сипаттамасының сәйкессіздігінен пайдалануға жарамсыз ұңғымалар;

IV-б) қабатқа әсер етудің жылу және газ әдістерін жүргізу жағдайында пайдалануға жарамсыз ұңғымалар;

IV-в) егер консервациялау мерзімі 10 және одан жоғары жылды құраса және таяу 5 жылда оны пайдалануға енгізу көзделмесе немесе колоннаның техникалық жағдайы мен цемент тасын қадағалау дерегі бойынша бұдан әрі консервациялау тиімді болмаса, шығарылымды ұйымдастыруды күтуде консервацияланған ұңғымалар;

IV-г) уәкілетті органның негізді талабы бойынша тұрғылықты жердегі санитарлы-қорғаныс аймақтарында, өзендердің, су айдыны, тыйым салынған аймақтарда су қорғау аймақтарында орналасқан ұңғымалар;

IV-д) олардың қабылдаушылығы тоқтатылған кездегі айдау ұңғымалары, олардың қабылдаушылығын қалпына келтіру мүмкін болмаған немесе экономикалық тиімсіз кезде жер асты қоймаларындағы ұңғымалар және кәсіпшілік сулар мен өндіріс қалдықтарын жинауға арналған ұңғымалар;

IV-e) жойылуы қойылған міндеттерді орындау шарасы бойынша заңнама талабына сәйкес жүргізілетін арнайы объектілер - ұңғымалар;

IV-ж) геологиялық жағдайы өзгерген, сонымен қатар экологиялық, санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шараларының өзгеруіне соқтырған және ұңғымаларды осы аймақтарда пайдалану сәйкессіздігі туындаған аймақтарда орналасқан ұңғымалар;

IV-з) жобалық горизонтты ашпайтын және ұзақ әсерден форс-мажор жағдайының туындауынан, кәсіпорынның банкроттығынан, қаржының болмауынан, кәсіпорын қызметінің тоқтауынан, жер қойнауын пайдалану лицензиясының жарамдылық мерзімі бітуінен жобалық тереңдікке дейін жетпеген ұңғымалар жатады.

 

 

2.2. Мұнай, газ және басқа ұңғымалардың оларды жою кезіндегі сағалары мен бағандарының жабдықтары

 

13. Ұңғымаларды жою бойынша әр ұңғыма бойынша аталған алаң немесе орын үшін жұмыстарды ұйымдастырудың жеке жоспарына сәйкес жүргізіледі.

14. Ұңғымаларда, салынып жатқан, пайдаланылатын орындарда, кендерде және өнімдерінде агрессиялы және улы компоненттері бар жер асты қоймаларында адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын шоғырлануларда оқшаулау-жою жұмыстары жоба бойынша жүргізіледі.

15. Құрылыс процесінде ұңғымаларды жою бойынша және континентальды шельфте құрылысы аяқталған жұмыстарды ұйымдастыруды пайдаланушылар жергілікті ерекшеліктерді ескерумен өңдейді.

16. Оқшаулау-жою жұмыстарын орындау процесінде немесе ұңғымалардың техникалық жағдайын зерттеу процесінде туындаған асқынулар мен авариялар қосымша жоспар бойынша жойылады.

17. Ұңғымаларды колонна аралық қысыммен, колонна арты қайталанған токтарымен, грифондармен жою оларды жүргізілген жұмыстарға акт ресімдеумен түзеткеннен және жүргізілген жұмыстардың сенімділігі бойынша зерттеу нәтижесінен және ұңғыманы бұдан әрі қауіпсіз пайдалану туралы комиссия қорытындысынан кейін рұқсат беріледі.

 

 

Пайдалану колоннасынсыз  ұңғымаларды жою

 

18. Ұңғымаларды ашық кесіктің таукен-геологиялық жағдайына байланысты пайдалану колоннасынсыз жою жоғары ағынды минералдандырылған сулардың (Ка = 1,1 және жоғары) және көмірсутектердің жиналған орындарында өнеркәсіптік мәні жоқ төмен өнімді орналасу интервалында цемент көпірлер орнату жолымен жүргізіледі.

Цемент көпірдің биіктігі төсемінен 20 м төмен және әр осындай горизонттың  жабынынан осынша жоғары болады.

19. Минералдандырылған сулы жоғарғы қабат жабыны үстінде, қабаттардың тұщы және минералдандырылған сулармен орналасу шекарасында (егер ол техникалық колоннамен жабылмаған болса) биікті 50 м цемент көпір орнатылады.

20. Соңғы техникалық колоннаның башмагында колонна башмагын кемінде 50 м жабумен цемент көпір орнатылады.

21. Көпірлердің болуы бұрғылау аспабын немесе сорғылық-компрессорлық құбырларды цемент тасына барынша рұқсат берілетін үлесті күштен артпайтын тиеумен тексеріледі. Соңғы технологиялық колоннаның башмагында орнатылған цемент көпір, сонымен қатар гидравликалық сығымдау әдісімен сыналады.

Сынау нәтижесі актпен ресімделеді.

22. Цементтелмеген құбыр арты кеңістігі бар техникалық колоннаның жоғарғы бөлігін шығару кесікте ағынды және көмірсутегі бар горизонттар жоқ кезде рұқсат беріледі.

Бұл жағдайда техникалық колоннаның қалған бөлігі колоннаны алу орнынан 20 м төмен және 50 м жоғары биіктікте цемент көпір орнатылады.

Техникалық колоннаның қалған бөлігі бейтарап сұйықпен, кондуктор - бейтарап қатпайтын сұйықпен толтырылады.

23. Авария нәтижесінде бұрғылау аспабымен (III-a санат) ұңғыманы жою кезінде ұңғының қоршалмаған бөлігінде және оны шығарып алу мүмкін болмағанда торпедтау немесе аспаптың қамтылмаған бөлігін кері бұру жүргізіледі.

Ұңғымада қалған аспаптың жоғарғы бөлігінің техникалық колонна башмагынан төмен болған кезінде қысым астындағы цемент көпірді қалған аспаптың басын 50 м жабумен орнату жүргізіледі. Цемент қатайғаннан кейін бұрғылау аспабының немесе сорғылық-компрессорлық құбырлардың түсірілуімен цемент көпірінің жоғарғы деңгейі анықталады. Техникалық колонна башмагында биіктігі 50 м цемент көпір орнатылады және оның болуы бұрғылау аспабын немесе сорғылық-компрессорлық құбырды және пресстеумен түсірумен тексеріледі. Бұдан әрі жұмыстар 20-23-тармақтарға сәйкес жүргізіледі.

24. Бұрғылау аспабымен авария кезінде оның жоғарғы бөлігі техникалық колоннамен жабылған ұңғы интервалында қалған кезде оның торпедтауын немесе колонна башмагы деңгейінде кері бұру және цемент көпірін техникалық башмак үстінен кемінде 100 м деңгейде орнатумен қысым астында цементтеу қажет. Ұңғыны одан әрі жабдықтау 22, 23-тармақтарға сәйкес жүргізіледі.

Ұңғыма сағасы кондукторда орнатылған (техникалық колоннада) бітеуішпен (немесе пісірілген келтеқұбырлы және шұралы тұқыл ернемекпен) бекітіледі.

25. Ұңғыма сағасында биіктігі 0,5 м кем емес биіктікті репермен және металл кестемен (бұдан әрі мәтінде «кесте» деп аталатын), электр дәнекерлеумен ұңғыма нөмірі, орны (алаңы), жер қойнауын пайдаланушы ұйым, оны жою мерзімі көрсетілген 1´1´1 м өлшемді бетон бағана орнатылады.

Информация о работе Ұңғымалар мен жабдықтарды олардың ұңғылары мен сағаларын жою, консервациялау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар