Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2015 в 14:25, реферат

Описание работы

Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.

Содержание работы

.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
1.Аралық мидың бөлігі гипоталамус
2.Гипофиз
3.Бүйрек үсті безі
4. Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі
IV.Қорытынды
V.Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

гипоталамус.docx

— 37.51 Кб (Скачать файл)

 
  «Астана Медицина Университеті»  АҚ

Қалыпты физиология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

CӨЖ

Тақырыбы: Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Баулы М.

топ:218 ЖМ

Тексерген:Ибраева С.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2015жыл

                                                Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:

1.Аралық мидың бөлігі гипоталамус  
2.Гипофиз 
3.Бүйрек үсті безі

4. Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі

IV.Қорытынды

V.Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

                                            КІРІСПЕ

         Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.

        Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.

       Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.

       Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сгіпео — бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады (24-сурет). Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.

       Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады — эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының (кейбір жүйке жасушаларының) нейросөлініссы бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан баска ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады — бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкрео-зимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т. б

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

                                             Негізгі бөлім

          Гипоталамус.Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус Дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол неиросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан Гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын және сергектігін реттеуге қатысады. 
       Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар — нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (1-кесте). 
1-кесте Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері. Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері 
Тироксин Қалқанша безі - Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады. 
Паратгормон Қалканшамаңы безі - Кальций және фосфор алмасуын реттейді. 
Инсулин - Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді.

Глюкагон - Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді. Адреналин - Бүйрек үсті бездің без заты Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді. 
Норадреналин - Қантамырларын тарылтады. 
Өсу гормоны (соматропты гормон)- Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді 
Гиреотропты гормон - Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді 
Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) —- Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді 
Окцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді 
Вазопрессин —- Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады 
Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді 
Эстрадиол (экстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

      Гипоталамус — көру төмпегінің (таламустың) төменгі жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен үлкен миаяқшаларының аралығында орналасқан аралық мидың бөлігі. Ол үшінші ми қарыншасының түбі мен қабырғасын құруға қатысады.Оның қызметі: зат алмасуды, дене температурасын, ашығу және шөлдеу сезімдерін, бүкіл ішкі мүшелердің қызметін реттейді. Негізгі биологиялық мотивация мен эмоцияның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Гипофизбен бірігіп, эндокриндік бездердің нервтік реттелуін қамтамасыз етеді. Гипоталамус ядроларының дамуы жыныстық жетілу кезінде аяқталады. 
    Гипоталамус ядролары(гипоталамические ядра) — мультиполярлы нейроциттерден құралған, гипоталамуста орналасқан сұр заттық орталықтар, яғни ядролар. 
     Гипоталамустың сүрзаттық орталықтары алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған ядролар нейроциттері биологиялық тұрғыдан тым белсенді және жүйке жүйесі медиаторларымен салыстырғанда, алыстан және ұзақ уақыт әсер етуге бейімделген нейрогормондар бөледі. Гипоталамустың алдыңғы бөлімі — нейросекрет бөлетін ірі мультиполярлы нейроциттер құрайтын жұп супраоптикалық және паравентрикулалық ядролардан тұрады. 
Ядролар нейроциттерінің эндоплазмалық торында протеинді (нонапептидтер) нейрогормондар түзіледі. Оларға вазопрессин жәнеокситоцин гормондары жатады. 
Окситоцин мен вазопрессин гормондарының қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни бұлар мүшелер құрамындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы қабықтары мен қабаттарына әсер етеді. Сондықтан, гипоталамустың алдыңғы ядролары нейроциттерін — холинергиялық нейроциттерге жатқызады. 
Вазопрессин мен окситоцин гормондары нейросекреторлы нейроциттер аксондары бойымен жылжи ағып, медиальды дөңес пенгипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы нейрогипофиз бөлігіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер (Херринг денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде соңғы денешіктерден қанғаөтеді. 
Гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі ішкі- негіздік (медиобазальдық) және төмпектік (туберальды) ядролары, қызметісимпатикалық жүйке жүйесіне сәйкес келетін ұсақ мультиполярлы нейроциттерден құралған. Сондықтан, бұл ядроларды — адренергиялық нейроциттерге жатқызады. Аталған нейроциттер гипофиздің безді бөлігі — аденогипофиздің гормондар түзу процесін реттеп отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі. 
Бұлар өз кезегінде гипофиз аденогипофизінің гормондар бөлу қызметін күшейтетін — либериндерге (күшейткіш гормондар) және керісінше, аталған қызметті баяулататын — статиндерге (баяулатқыш гормондар) бөлінеді. Гипоталамустың гормондар бөлу қызметін мидың жоғары бөлімдері бөлетін нейроаминдер (дофамин, норадреналин, серотонин, ацетилхолин) мен гормондар (эндорфиндер, энкефалиндер) реттеп отырады.

        Гипофиз. Гипофиз, немесе мидың төменгі қосындысы, ми сыңарларының астыңғы жағында, ашамай сүйектің үстіңгі ойысында орналасады. Ол сол жағынан мидың қатты қабығымен қапталады. Гипофиз құрылысы мен қызметі жағынан аралық ми мен тығыз байланысты. 
      Без қанмен өте жақсы жабдықталады. Оған келетін қан гипоталамус арқылы өтеді сондықтан гапоталамустың нейросекрециялық торшаларынан бөлінген биологиялық белсенді заттар аденогипофизге өтіп, оның троптық гормондарының түзілуін күшейтеді.

       Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Ол төрт бөліктен — туберальдық, алдыңғы, аршық (ортаңгы) және нервті (артқы), — құралған. Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп аденогипофиз деп атайды. Ал, нервті бөлік, гипофиз шанағы, сұр төмпешіктің ортаңғы денесі нейрогипофизді құрайды. Құстарда, киттерде, дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды.

       Гипофиздің алдыңғы безді бөлігінде 3 түрлі торшалар кездеседі хромофобтар немесе негізгі торшалар, базофильдер және ацидофильдер. Хромофобтар гормон түзбейді, олар торша қоры болып табылады да, организм жағдайына қарай базофильдерге не ацидофильдерге айналып отырады. Ацидофильдік торшалар соматотроптер және лактотропоциттер болып екі топқа жіктеледі, ал базофильдік торшалар — тиреотропоциттер, кортикотропоциттер, фолликулотропоциттер және лютеотропоциттер болып төрт түрге бөлінеді. Гипофиздің аралық бөлігінде меланотропоциттер орналасады. Ал, гапофиздің артқы бөлігі питуициттер мен миелинсіз нерв талшықтарынан құралады.

      Гипофиз гормоңдары организмнің негізгі биологаялық процестерін, денедегі зат алмасуды — судың, минералды заттардың, көмірсулардың, белоктардың, майлардың алмасуын, — реттейді. Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады. Ол басқа эңдокриндік бездер қызметін реттеуге қатысады, соңдықтан оны орталық без деп есептейді . Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөледі оларға мыналар жатады.

Соматотроптық, немесе өсу гормоны (СТГ), — организмнің барлық торшаларында белоктың синтезін күшейтіп, РНК мөлшерін көбейтеді, кемірсулар мен липидтер алмасуын жандандырады, организмнің өсіп дамуын реттеп, сүйектің жетілуін жақсартады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Бұл гормон жетіспесе организмнің өсіп-дамуы тоқтап, ергежейлік байқалады, ал ол көп бөлінсе — өсу процесі шапшаңдап, алыптық (гигантизм) қалыптасады. Пісіп жетілген организмде бұл гормонның көп бөлінуінің салдарынан акромегалия (кейбір сүйектер мен мүшелер өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхоме галия (ішкі ағзалар өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Гипофиз қызметінің ауытқуларымен байланысты организм кахексия (көтерем) және гипофиздік май басу сияқты ауруларға да шалдығады.

Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) бүйрек үсті безінің шоғырлы және торлы аймақтарына әсер етіп, глюкокортикоидтардың түзілуін күшейтеді. АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрийдің, хлордың, судың кері сіңірілуін арттырып, организмде май мен амин қышқылдарының биосинтезін жаңдандырады, қандағы қанттың деңгейін жоғарылатады. АКТГ — катаболизмдік әсері бар гормон. Ол организмнен азоттың бөлінуін күшейтіп, капиллярлар қабырғасының өтімдігін төмеңдетеді, қабынуға қарсы әсер етеді.

        Тиреотроптық гормон (ТТГ) — қалқанша бездің қызметін жандандырады, фолликула ішінде жинақталған тиреоглобулиннің ыдырауын шапшандатады, қанға тироксин мен трийодтирониннің бөлінуін күшейтеді, қалқанша безде йодтың жинақталуын жақсартады. Гонадотроптық гормондар (ГТГ) — жыныс бездерінің өсіп-дамуына жағымды әсер етіп, олардың қызметін реттейді, жыныс гормондарының секрециясын күшейтеді. Гонадотроптық гормондар фолликуланы жандандырушы (ФЖГ), лютеиндеуші (ЛГ) және лютеотроптық (ЛТГ, пролан) болып үш топқа бөлінеді. Бұл гормоңдар аналық организміңде де, аталық организмінде де синтезделінеді, бірақ аналық организмдер лютеиндеуші гормондарды көбірек бөледі.

       Фолликуланы жандандырушы гормон (ФЖГ) аналық бездің дамуын, қызметін реттейді. Оның әсерімен фолликулалар дамып, фолликулалық сұйық түзіледі, түйіршікті (гранулезді) торшалар көбейіп, олардан аналық гормондар (эстрогевдер) бөлінеді. Аталық организмде ФЖГ аталық жыныс торшаларының көбеюін (сперматогенезді) жандандырады.

        Лютеиндеуші гормон (ЛГ) жетілген фолликулалардың жарылуын -овуляцияны, жыныс торшаларының аналық безден бөлінуін реттейді, овудяция жүрген фолликулада уақытша ішкі секрециялық қызмет атқаратын құрылым — сары денешік, түзіледі. Аталық организмде ЛГ жыныс гормондарының түзілуін күшейтеді.

       Лютеотроптық гормон (ЛТГ) сары денеден прогестерон гормонының бөлінуін күшейтіп, желіндеу және сүттену процестерін реттейді.

Пролактин (ПРЛ) — сүт безінің (желіннің) қызметін реттейді, сүт қантының (лактоза) және сүт белогының (казеиноген) түзілуін жандандырады, жүктілік (төл көтеру) кезінде сары дене қызметін сүйемелдейді, денедегі су мен тұздар балансын реттеуге қатысады. Бұл гормон кептер балапанын асырайтын кезде олардың жемсауының қабырғасында ерекше сүт бездерінің өсіп-дамуын, құсық сүттің бөлінуін реттейді.

       Әдеби деректерге сәйкес гипофиз қалқанша серік бездің, ұйқы безінің қызметін реттеуге де қатысады.

         Гипофиздің аралық бөлігі көп қабатты эпителийден құралған жіңішке табакша іспеттес құрылым. Ол интермедин немесе мелано-форлык, гормон бөледі, пигменттер алмасуын реттейді. Кейбір деректерге сәйкес интермедин көздің фоторецегщиялық торшалары — таяқшалар мен сауытшалар, қызметін жандандырып, көздің жарық күшіне бейімделгіштігін жақсартады.

Информация о работе Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі