Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2015 в 14:25, реферат

Описание работы

Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.

Содержание работы

.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
1.Аралық мидың бөлігі гипоталамус
2.Гипофиз
3.Бүйрек үсті безі
4. Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі
IV.Қорытынды
V.Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

гипоталамус.docx

— 37.51 Кб (Скачать файл)

Гипофиздің артқы бөлігі, немесе нейрогипофиз, түрленген нейроглия торшаларынан — питуициттерден, құралады. Қазіргі деректерге сәйкес нейрогипофизден бөлінетін гормондар гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында түзіледі де, липопротеидтік секрет түйіршікгері түрінде гипоталамус-гипофиз жолы арқылы гипофиздің артқы бөлігіне өтеді. Нейрогипофиз тек нейро-секреттер қоймасы ғана емес, олардың белсенді күйге айналуын қамтамасыз ететін құрылым болып табылады. Нейрогипофизде жинал-ған нейросекреттер окситоцин және вазопрессин гормондары түріңде бөлінеді. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин — паравентикулярлық ядроларында түзіледі.

Вазопрессин зәрдің түзілуін азайтады — антидиурездік әсер етеді, бүйрек түтікшелерінде алғашқы зәр құрамындағы судың қайта сорылуын күшейтеді, калий, натрий және хлоридтердің кері сорылуын тежейді. Осымен байланысты оны антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Сонымен қатар, вазопрессин артериолалар мен капиллярлар арнасын тарылтып, қан кысымын жоғарылатады.

         Окситоцин — холинэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннің белсенділігін арттырады, жатырдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтеді. Бүл гормон желіннің альвеолалық бөлігіндегі миоэпителийдің жиырылуын күшейтіп, ию процесін, сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді. Аталық организмде окситоцин шәуеттік жолдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтіп, эякуляцияны қамтамасыз етеді.

Әр түрлі тосын, қолайсыз факторлардың әсерімен (инфекция, улану, қансырау, тоңазу т.с.с.) организм әрекеттері өзгеріп, ол шамадан тыс ширығады, булығу (стресс) күйіне ұшырайды. Стресс деген терминді канада ғалымы Ганс Селье ұсынған.

         Күшті тосын әсер тек сол тітіркендіргіш табиғатына байланысты реакция тудырып қана қоймай (мысалы, суықта тері тамырларыньщ тарылуы), сонымен қатар нақтылы әсерге катысы жоқ басқа да жалпылама реакциялар тудырады. Осымен байланысты организм өз қызметін жаңа, тосын жағдайға үйрену, бейімделу үшін жұмылдырады. Осындай жалпылама реакциялар тудыратын факторларды стрессорлар деп атайды. Стрессорлардың әсер күші үйреншікті деңгейден жоғары болады, сондықтан олар организмнің бейімделу тетігінің тек нервтік жолын ғана емес, гормондық жолын да әрекетке қосады.

         Булығу (стресс) жағдайында қан құрамындағы адреналиннің, норадреналиннің, глюкокортикоидтардың, АКТГ, СТГ, глюкагонның, тироксиннің және йодпен байланысқан белоктардың, қанттың, еркін май қышқылдарының деңгейі жоғарылайды. Сонымен қатар қанның ұйығыштық қасиеті өзгеріп, қарын сөлінің бөлінуі азаяды, қан түйіршіктерінің саны көбейіп, жүрек жұмысы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды, жүректегі қан айналым күшейіп, организмнің қорғанғыштық қабілеті артады. Сондықтан стресс жағдайын жалпылама адаптациялық синдром (ауруға тән белгілер жиынтығы) деп атайды.

Огрессор әсерімен алдымен рефлекс ретінде адреналиннің бөлінуі артады. Адреналин гипоталамусқа әсер етіп, одан кортиколиберин бөлінеді. Кортиколиберин аденогапофизден АКТГ- бөлінуін үдетеді. Ал, АКТГ бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінен зат алмасу процесінің қарқынын реттейтін глюкокортикоидтардың бөлінуін күшейтеді.

Стресс үш сатыда өршиді.

1) Дабыл сатысы — АКТГ  мен глюкокортикоидтар секрециясының  күшеюімен сипатталады.

2) Төзімділік сатысы —  зат алмасу процесі қарқынының  күшеюімен байланысты организмнің  қорғаныстық қабілетінің жоғарылауымен, оның әр түрлі қолайсыз әсерлерге  төзімділігінің артуымен сипатталады.

3) Қажу сатысы — стрессор  әсері тым күшті болып, ұзаққа  созылса, глюкокортикоидтардың бөлінуі  тиылып, зат алмасу процесінің  қарқыны басылады да, организмнің  қолайсыз әсерге қарсыласу қабілеті  төмендейді, ауру дендейді.

         Бүйрекүсті бездері . Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.  
       Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше.  
Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер жануардың екі безін де сылып алып тастаса (экстирпация) 7-10 күннің ішінде ол өліп қалады. Мұндай жағдайда жануар еттері әлсіреп, тамақтан қалады, өте тез арықтап салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құса береді, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр шығару қызметтері нашарлайды қантамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады. Жеке бөліп алынған қыртысты және милы қабаттарға жасалған тәжірибелер арқылы аталған өзгерістердің көбі қыртысты қабаттың ішкі сөлініс қызметіне байланысты екені анықталды. Мысалы, бездің милы қабатын қалдырып, қыртысты қабатын сылып алып тастаса, жануар өте тез өліп қалады. Ал милы қабатын алып тастап қыртысты қабатын қалдырса, жануар салыстырмалы ұзақ уақыт айтарлықтай өзгеріссіз өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромаффиндік жасушалар бүйрекүсті безінен басқа да ағзаларда кездеседі (ұйқы артериясының бифуркациясы (айырық) тұсында, омыртқа бағаны бойындағы симпатикалық шеткі торапта т.б.). Оған қоса симпатикалық жүйкелердің ұштары норадреналин бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормонындай әсер етеді. Сондықтан (бүйрекүсті бездерінің ми қабатын алып тастағанда (демодулляциясы) оның гормондарының кемшіліктері хромаффиндік құрылымдар арқылы толықтырылады.  
Бүйрек үсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына (өніміне) жатады. Мұның ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық қасиет бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: 1) глюкокортикостероидтар (ГКС); 2) минералокортикостероидтар (МКС); андрокортикостероидтар (АКС);  
Глюкикортикостероидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бұл топқа кортизон (өте белсенді гормон), гидрокортизон және кортикостерон (белсенділігі төмендеу) жатады. Кортизон молекуласының С17 бөлігінде окситобы болғандықтан оларды 17-оксикортикостероидтар деп те атайды (әсіресе емханаларда жиі пайдаланылады).

       Гипоталамус-гипофиз жолы (гипоталамо-гипофизарный тракт)(грек, hypothalamus жәнеhypophysis, лат. tractus — жол) — гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларынан басталып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофизге өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер түрінде аяқталатын эфферентті жүйке талшықтарының будалары. 
     Гипоталамус-гипофиз жолының аксондары арқылы гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында түзілетін окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздің нейрогипофизіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктерде (Херринг денешігінде) жинақталады. Аталған гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде Херринг денешіктерінен қанға өтеді.

      Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.  
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустық супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген. Нейрогипофиздің гормондары белок – нейрофизинмен қосылыста болып, қанға өткенде бұл байланыстан босайды.  
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды.  
Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсер етушілер шығады. Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына құйылады. Олар гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр торын құрады. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без тіндеріне тікелей әсер етуге мүмкіндік алады.  
Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің алдыңғы бөліміне босатушы факторлар (ағыл. release – фактор) (кортикотропин босатушы, тиротропин босатушы, фолликулотропин босатушы, соматотропин босатушы, лютеотропин) өтеді. Олар соматотропин, АКТГ, ГТГ, ТТГ т.б. осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып бөлінуін қамтамасыз етеді.  
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын нейропептидтер либерин және статин деп аталады.  
Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің нәтижесінде гипоталамуста полипептидтерден құралған бірсыпыра биологаялық белсенді заттар түзілетіні анықталды. Олардың әр қайсысы гипофиздің алдыңғы және аралық бөлімдерінде белгілі бір гормонның түзілу жылдамдығына әсер етеді. Либерин (лат. liber – бос деген мағынада) босатушы, күшейтуші, ал статин – тоқтатушы, тежеуші (ағыл. state – тежеу) факторлар. Қазіргі кезде 7 либерин мен 3 статин анықталып отыр.  
Либериндер тобына кортиколиберин, тиролиберин, люлиберин, фоллилиберин, соматолиберин, меланолиберин және пролактолиберин жатады.  
Сәйкес үш гормондардың шығуын тежейтін статиндер тобына соматостатин, меланостатин және пролактостатин жатады. Түрлі либериндер мен статиндердің сөлініссы өздеріне сәйкес қандағы гормондарға байланысты және гормондар реттейтін үрдістердің сипаты мен түріне байланысты.  
Орталық жүйке жүйесінің ішкі сөлініс бездерге әсері вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары мен гипоталамус – гипофиз жүйесі арқылы іске асады.  
      Бұл әрекеттік жүйенің болуы да тұтасқан екі реттеу тетіктері – жүйкелік және гуморальдық тетіктер бар екенін дәлелдейді. Ішкі сөлініс бездерінде кең көлемде өзін-өзі реттеу үрдісі жүреді, қызметтердың өзін-өзі реттеуі осы екі реттеуші тетіктерінің қызметінің үйлесімділігіне байланысты. Гормондардың түзіліп, қанға өтуінің маңызды себептері – реттелетін жүйелермен үрдістердің өзіндік қалпы болып келеді. Мысалы, қандағы кальцийдің (Са2+) өзгеруі қалқанша және қалқансерік бездерінің гормондарының шығуын реттейді. Ал қандағы қанттың мөлшері ұйқы безінің инсулинді және бірқатар инсулинге қарсы гормондарды шығаруға әсер етеді. Тироксин, глюкокортикоидтар мөлшеріне лайық гипофиздің троптық гармондары түзіледі.  
       Сонымен бездер мен олар реттеуге қатысатын ағзалар қызметі арасында екі жақты – тура және кері байланыс бар. Солардың арқасында реттеуші тек қана реттелетін үрдістерге әсер етіп қоймай, ондағы өзгерістер бездердің қызметіне әсер етеді. Өзіндік реттелуде қан тамырларының қабырғасында, тіндерде және гипоталамустың өзінде орналасқан арнайы рецепторлардың маңызы күшті. Гипоталамуста баро-, термо-, хемо-, осмо- және глюко-рецепторлар орналасатыны анықталды. Олар гомеостаздың түрлі өзгерістерін сезгіш келеді. Тіпті гормондар мөлшерлерінің өзгерістерін сезетін рецепторлары да бар деген болжамдар да кездеседі.  
Түрлі рецепторлар мен сөліністік жүйкелердің гипоталамуспен байланыстығының барлық бездерде болуы олардың қызметінің рефлексті түрде өзіндік реттелуін қамтамасыз етеді. Мысалы, Na+ мөлшерінің артуы альдостеронның бөлінуін рефлекс арқылы тежейді, сөйтіп артық Na+ несеп құрамында сыртқа шығарылады.  
Қандағы Са++ мөлшері артқанда қалқансерік безінің паратгормон бөлуі тежеледі, ал тирокальцитонин артады. Тироксин мөлшері көбейгенде гипофиздің тиреотропин шығаруын тежейді. Глюкокортикоидтар мөлшерінің көбеюі алдыңғы гипофиздің адренокортикотропинді шығаруын тежейді.  
Өзіндік реттелу гипоталамус арқылы да, тікелей гуморальдық әсерлердің ішкі сөлініс бездерге әсері арқылы да орындалады.  
Ішкі сөлініс бездердің өзіндік реттелуінің көбінесе ішкі ортаның -гомеостаздың – тұрақтылығын сақтауында мадызы зор. Қандай да болмасын организмдегі өзіндік реттелу жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Ол өзін-өзі реттеуші жүйелердің қызметін сыртқы ортаның жағдайларына бейімдейді.  
        Организмнің бейімделу әсерленістерінде жағымсыз жағдайларға, зиянды экстремалді әсерлерге қарсы тұру әсерленістерінде гипофиз-адренал жүйесінің маңызы зор.  
      Организмнің бейімділігі мен ішкі сөлініс бездерінің қарым-қатынасы канадалық ірі физиолог дәрігер, эндокринолог Ганс Сельенің лабораториясында көп зерттелді. Барлық зиянды, қалыптан тыс төтенше әсерлерді Г.Селье стрессор деп атаған (ағыл. stress – зорлану деген мағынада). Стрессорларға организмнің зорлануын, яғни стресті тудыратын көптеген агенттер жатады. Химиялық немесе бактериялық интоксикация, шектен тыс тоңу, қызу, аштық, өте ауыр дене еңбегі, психикалық әсерлер гипоксия, организмнің ішкі жүйелер қызметтерінің бұзылуы т.б. стрессор болуы мүмкін. Тіпті орта шамадағы ауру, күшті эмоциялық қозу (жағымды, жағымсыз болсын) да стресс тудыруы мүмкін. Жағымды стресстер эвстресс, жағымсыздары дистресс деп атапады. Стресс тетіктеріне қамшымен қатты ұру және құшырланып сүю де есептеледі. Г.Селье мен оның шәкірттерінің зерттеулері бойынша, барлық стрессорлар алғашқы кезде біркелкі жалпы әсерленіс тудырады: ең алдымен адренокортикоидтардың гиперсекрециясы (әсіресе глюкокортикоидтардың) пайда болады. Себебі гипофизде АКТГ көп өндіріледі. Оған қоса айырша бездің гиперқызметы байқалады. Лимфа түйіндері мен көкбауырдың салмағы мен көлемі азаяды, қанда лимфоциттер мен эозинофилдер азаяды (эозинопения). Соңғы екі өзгеріс Торн зерттеуі арқылы оңай анықталады. Мұндай организмнің арнайы емес әсерленісін жалпы адаптациялық синдром деп атайды. Бұл зиянкес әсерлерге организмнің қарсы тұру қабілетін күшейтеді.  
Бүйрекүсті бездерінің қандай да болмасын әсерге гиперсекрециясымен жауап беруін Г.Селье алғашқы стресс әсерленісі яғни «қобалжу әсерленісі» деп атаған. Бұл әсерленістен кейін стрестің келесі кезеңі резистендігі (төзімділігі) яғни бейімделуі басталады да бүйрекүсті бездері гормондарының сөлінісі қалпына келеді. Сонымен бүйрекүсті безінің мұндай әсерленісі арқылы организмнің компенсация (өтеміс) тетіктері іске қосылады да, ол өзгерген жағдайға бейімделеді. Глюкокортикоидтар мен адреналиннің физиологиялық мол әсері бейімдеу үрдістерін қалыптастырады.  
     Адаптациялық синдромның негізі – бүйрекүсті бездерінің белсенділігінің іске қосылуы жүйкелік механизмнен гөрі гипофиздің АКТГ-ның қанға шығатын мөлшеріне байланысты. Гипофизэктомиядан (гипофизді алып тастағаннан) кейін жануарларда адаптациялық синдром дамымайды. Ал гилофизі сақталған, бірақ бүйрекүсті безінің жүйкелері кесілген, яғни оны кесіп алып миға қондырған жануарларда «қобалжу әсерленісі» байқалады.  
Бүйрекүсті бездерінің кортикоидты гормондары организмнің төзімділігін қалай күшейтетіні әлі де белгісіз. Мүмкін бүйрекүсті безінің адренокортикоидты гормоны жасушада энергияның жиналуы мен босауына әсер етіп, жасушалар мен ағзалардың жұмыс қабілетін және энергия тепе-теңдігіне ықпалын тигізетін шығар. Егер зиянкес жағдай әсерін жалғастыра берсе және оның күші үдесе, стрестің 3-і кезеңі «әлсіреу кезеңі» басталады да, бүйрекүсті бездері қажетті мөлшерде глюкокортикоидтарды (кейде бұларды бейімдеуші гормон дейді) өндіруді тоқтатады. Мұндайда организмнің жағдайы мүлде нашарлап кетеді.  
Организмнің бейімделу әсерленістерін белсендіруге басқа да ішкі сөлініс бездері қатысады. Бұл бездердің қызметінде өзара байланыс айтарлықтай орын алады. Жалпы алғанда ағзаға, оның қандай да болмасын қызметіне тек қана бір без әсер етіп коймайды. Қалыпты жағдайда бұл бездердің қызметіндегі өзара байланысына қарай бірнеше без қатысады. Кейбір бездер бір-бірімен антогонистік байланыста болады (мысалы, көмірсуларға адреналин мен инсулиннің әсері немесе паратгормон мен тирокальцитониннің Са++-ға әсері т.б.).  
Синергист бездер де бар. Олардың гормондары бір бағытта әсер етеді. Мысалы, көмірсу алмасуына адреналин мен глюкогон, глюкокортикоидтар тағы басқа гормондар әсері бір бағытта жүреді де қандағы қантты көбейтіп гипергликемия тудырады. Гипоталамус-гипофиз жүйесінде сонғы жылдары нейрондарды реттейтін пептидтер тобы ашылды. Олар эндорфин, энкефалин, нейротензин, Р заты және басқа қосымша гормондық жүйелер.  
Қазіргі кезде гастро-интестиналды гормондар (ГИГ) – асқорыту жолының көп гормондар тобы зерттеліп жатыр.

 

                                             Қорытынды.

 

         Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.  
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустық супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген. Нейрогипофиздің гормондары белок – нейрофизинмен қосылыста болып, қанға өткенде бұл байланыстан босайды.  
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

                       

                               Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әбилаев С.А., Қуандықов Е.О. Медициналық биология және генетика. Алматы-Шымкент, 2004
  2. Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам және жануарлар физиологиясы. Алматы, 2000
  3. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы, 2005
  4. Аймаутов Ж. Психология. Алматы ”Рауан”, 1995

 


Информация о работе Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі