Адам ағзасындағы микроэлементтердің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 13:28, реферат

Описание работы

Микроэлементтер қан жасалу, тотығу – тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді.

Файлы: 1 файл

гигиена.docx

— 30.89 Кб (Скачать файл)

Микроэлементтер қан жасалу, тотығу – тотықсыздану, тамырлар мен  ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде  кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты  микроэлементтердің мөлшерлері кемиді. Әр түрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аурулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен  подагра пайда болады. Адам ағзасын-дағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің тепе-теңдігін сақтайды   (химиялық гомеостаз). Бұл баланс элементтің жетіспеушілігіне немесе артық болуына байланысты бұзылады және әр түрлі аурулар туады.

Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері және қатынасы жайындағы мәліметтерді сот –  медициналық сараптама жасау  істеріне пайдаланады. Мысалы, этил спиртінің  қатынасында алкогольді улану жағдайында бауырда кальцийдің мөлшері көбейіп, натрий мен калий азаяды. Тағам  құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний және т.б. элементтері жетіспесе, адам денсаулығына үлкен зардап келуі мүмкін. Сонымен қатар, ағзаға биогенді элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес, артық мөлшері де зиян, өйткені бұл кезде химиялық гомеостаз бұзылады. Мысалы, тағамда марганец артық мөлшерде болса, плазмада мыстың мөлшері көбейеді, ал, бүйректе азаяды. Тағам құрамында молибденнің мөлшері көбейсе, бауырда мыстың мөлшері көбейеді. Тағамда мырыш көбейсе темірі бар фермент-тердің белсенділігі төмендейді. Сондықтан да тіршілікте маңызды болып саналатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе олардың аз мөлшерінің өзі де улы болып табылады деуге негіз бар.

Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді. Адам ағзасында 250 – 300 г NaCl  болады, тамақпен 10 – 15 г күнделікті қайта толықтырылып отырады. Натрий хлоридінің артық мөлшері ішкі ағзаларға (бауыр, бүйрек) әсер ететіндігі зерттелген. Ал, Жамбыл облысындағы тұз бассейндері кендерінің (Ресей ғалымдарының зерттеулері бойынша барлығы 54 тұз бассейндері бар екендігі келтірілген) осы уақытқа дейін ашық болуы, желдің әсерінен тозаң түрінде аймаққа таралуы экологиялық ахуалының нашарлығын көрсетеді деуге болады.

Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс — денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші-адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға  дүрыс сіңбеуі асқазандагы түз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Жоғарыда айтылған элементтердің тәуліктік нормасын зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытынды жасалады: ересек адамдар үшін микроэлементтердің тәуліктік мөлшері: алюминий — 49,01 мг, бром — 0,821 мг, темір — 1,1-30 мг, йод — 0,2 мг, кобальт — 0,05-0,1 мг, марганец — 5—7 мг, мыс — 2-3 мг, молибден — 0,15—0,3 мг, никель — 0,63 мг, рубидий — 0,35-0,5 мг, фтор — 2-3 мг, мырыш — 10—15 мг. Әрине, бұл көрсеткіштер адамның жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін марганецтің мөлшері тәулігіне 5-6 мг. Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда көбірек қажет болады. Сондықтан да соңғы жылдары микроэлементтер жайлы зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Микроэлементтердің негізгі физиологиялық – биохимиялық қасиеттері бойынша Қазақстанда  П. Р. Загриценко, Ж. Қалекенов, Қ. Кенжеев,  Ж. Мамутов және    К. Сағатов, ал Ресейде Я. В. Пейве, М. Я. Школьник, П. А. Власюк, О. К. Кедров – Зихман сияқты ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізген.

Қоректік зат, оны пайдалану  барлық тірі организмге тән қасиет. Қоректену нәтижесінде  ағзада көптеген биологиялық, химиялық және физикалық үрдістер, яғни, көбею, өсу, даму, еңбек ету, т.б. жағдайлары болады. Адамның денсаулығы дұрыс болып қалыпты  өмір сүру үшін ең қажеттісі — қоректік заттың мөлшері, сапасы, ағзаға ену мөлшері міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Әрбір қоректік заттың энергетикалық балансын сақтау ең басты шарт болып табылады. Қоректік заттың құрамындағы әр түрлі бөліктерінің мөлшері, сапасы (белоктар, майлар, комірсулар, минералды заттар, макро және микроэлементтер, витаминдер) саны белгілі ретпен бір-біріне тығыз байланыста болатындығы анықталған.

Ағзаға  қажетті негізгі қоректік заттар

Негізгі қоректік заттар

Тәуліктің мөлшері

Негізгі қоректік заттар

Тәуліктің мөлшері

Белоктар

Майлар

85г

102г

Көмірсулар

380-400г

Минералды заттар

 

Кальций

Марганец

Молибден

Магний

Темір

Мыс

800 мг

5-10 мг

0,5 мг

400 мг

14 мг

2 мг

Кобальт

Фосфор

Хром

Фторидтер

Йодтар

0,1-0,2 мг

1200 мг

2-2,5 мг

0,5-1,0 мг

0,0-0,2 мг

Витаминдер

 

В(тиамин)

В(рибофлавин)

В(пиридоксин)

В(фолацин)

В12 (цианкобаламин)

1,7 мг

2,0 мг

2,0 мг

200 мкг

3 мкг

С (аскорбин қышқылы)

А (ретинол)

Е (токоферол)

Д (кальцийферол)

РР (ниацин)

70 мг

1000мкг

10 мг

2,5 мкг

19 мг


 

 

Кестеде келтірілген заттардың  арасынан  фторидтерге тоқталатын болсақ, оның ағзаға қажетті мөлшері 0,5-1,0мг аралығында. Ал, судың құрамында болуға тиісті шекті мөлшері-0,75мг. Жамбыл облысы аймағындағы фторидтердің мөлшері шектен артық екендігі зерттелді, яғни, Талас-Аса бойындағы мөлшерлік шамасы 1,5-6,25мг/л.  Фторидтердің тотығу-тотықсыздану үрдісінен кейін ағза үшін маңызды иод элементін ағзадан ығыстырып шығару мүмкіндігі жоғары. Сонда, иодты дәрі-дәрмек пен қоректік заттарды қанша пайдалансақ та ағзадағы иодты фторидтердің ығыстырып шығарып жіберуі қазіргі кезде белең алып отырған зоб ауруының көбеюіне  негіз болып отыр.

Жамбыл облысы елді мекендерінің су құрамында тұздардың тиісті деңгейден   артық болуы облыстың экологиялық жағдайының талапқа сай еместігін көрсетеді. Сондықтан да,  кезінде өндіріс орталығы болған Жамбыл облысы аймағының су ресурстары мен топырағының құрамына экологиялық сараптаулар жасап және  солардың негізінде  әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған  іс-шараларын жүргізудің маңызы ерекше.

Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган).  Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі.     

 Йод жетіспеушілігіне  байланысты ауруларды емдегеннен  гөрі алдын – алған жөн.  Адам күнделікті өсімдік және  жануартекті өнімді қабылдағанмен,  ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен  мен микроэлементтердің орнын  толтыра алмайды. Ағза йодты  синтездей алмағандықтан, тршілік  үшін күнделікті йоды бар тағамдарды  пайдалану есебінен қажет мөлшерін  толтыру қажет. 

 

 

 4 – кесте.                            Йодтың күндік нормасы  

 

Йод мөлшері (мкг)

Категориясы

Жасы

50

Емізулі сәби

Алғашқы 12 айда

70

Ерте жастағы  балалар

1- ден 2 жасқа  дейін

90

Мектеп жасына дейінгі  балалар

2- ден 6 жасқа  дейін

120

Бастауыш және орта сынып оқушылары

7- ден 12 жасқа  дейін

150

Жасөспірімдер, ересектер

12- ден жоғары  жастағылар

200

Аяғы ауыр әйелдер  мен бала емізетін әйелдер

 

 

      

 Ең жоғарғы  мөлшердегі өнімі – теңіз өнімдері (800 – 1000 мкг/кг). Теңіз балдырлары  мен губкалар және балық майы, кальмар, теңіз капустасы. Ет, сүт, жұмыртқада йод аз, өсімдіктекті  азықта тіпті аз.     

 Йод бар өнімдерді  қабылдағанда (80 – 85 % мөлшерін ал  үшін) мынаны ескер жөн:

1)      йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А, Е дәрумендері бірге жүруі қажет.

2)      микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.

3)      кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сіңірілуін нашарлатады, ондай қасиетке барлық шаршыгүлділер: орымжапырақ, шалқам, шалқан, шомыр, соя, бұршақ жатады. Бұл оларды жемеу деген  емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде қабылдау керек деген сөз.

4)      йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе – теңдік сақтап, май, ақуыз, көмірсуларды да аз мөлшерде қабылдар отырыңыз.

5)      йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік мөлшерін бірден аласызда, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі мүмкін 

Адамның өмір сүруіне  бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.       

Йод адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте  маңызды үрдістерді атқарады.

Хром - өсімдіктер мен жануарлардың қаптамасының құрамына кіретін биогенді элемент болып табылады. Жануарларда хром липид, нәруыз, көмірсутектің алмасу процестеріне қатысады. Тағам мен қан құрамында хромның шамадан тыс азаюы бойдың өсуін баяулатады, қан құрамында холестерин шамасын көбейтеді.

Металл қалпындағы хромның  еш зардабы жоқ, бірақ шаң түрінде  өкпені тітіркендіруі мүмкін. Хром (ІІІ) қоспасы дерматитке соқтырады. Хром (VI) онкологиялық түрлі ауруларға  душар етеді.

Кобальт - В12 дәруменінің бір бөлігі болып табылатын минералды зат болып табылады. Әдетте микрограммен (мкг) өлшенеді.

Кобальт қызыл қан жасушаларына қажет. Ағзаға тазамдар арқылы түсіп  отырады.

Күнделікті тұтыну мөлшері  анықталмаған, себебі бұл минералдың аз бөлігі ғана қажетті шама болып  табылады (әдетте 8 мкг-дан артық  емес).

Ағза кобальттің жетіспеуінен акобальтозге ұшырайды. Акобальтоз тәбеттің нашарлауы, анемия, шамадан тыс салмақ тастауға алып келеді.

 

Адам организміндегі жалпы темірдің салмағы 4,25 г. Осы көлемнен 57 % қандағы гемоглобинде болады, 23 % - ферменттерде, 20 % - бауырда, сүйек майында жинақталған және қосалқы темір қорын құрады. Темірді сіңіру ішекте орындалады, темір жетіспегенде организм асқазаннан да ала алады.

Темірдің өмірлік маңызы жоғары, гемоглобиннің түзілуіне (қызыл қан денелері), миоглобин (бұлшық еттегі қызыл пигмент ) және кейбір ферменттердің түзілуіне қажетті. Әйел адамдарда темір және кальций тапшылығы жиі кездесіп отырады. Темір несеп арқылы (күніне 0,5 мг), терлеу нәтижесінде (әр тер 1-2 мг темір бар). Әйелдер айына 10-40 мг темір жоғалтып отырады.

Біз қабылдап жатқан темірлердің  тек 8% ғана сіңіріледі, нәтижесінде  қан құрамына енеді. Қанның негізгі  бөлігін қамтитын гемоглобин әрбір 120 күн сайын өңделіп және қайта  айналымға түседі.

Мыс, кобальт, марганец және С дәрумені темір сіңіру процесіне  өте қажетті. Темір В дәруменінің  дұрыс метоболизміне керек. Темір  бойдың өсуіне, түрлі ауру түрлеріне  қарсы тұруға мүмкіндік береді, шаршаудың  алдын алады.

Темірге кептірілген ақ саңырауқұлақтар, жануарлардың дауыры мен бүйрегі, шабдалы, жасыл өсімдіктер, картоп, пияз, асқабақ, алма, айва, алмұрт, горох, жұмыртқа өте  бай.

Адамның 1 кг салмағына темір  қажеттілігі: балалар - 0,6 мг, ересектер - 0,2 мг, жүкті әйелдер - 0,3 мг күніне пайдалану  керек. Тағаммен келетін темір мөлшері  жеткілікті болып есептеледі, тек  кейбір жағдайларда (анемия, қан тапсырғанда) құрамында темір мол өнімдер  мен препараттар қабылдау керек.

Темірдің шамадан тыс  қабылдануы (200 мг және жоғары) улануға  алып келеді.

 

Цинк сүйектің түзілуіне қажетті микроэлементтердің бірі, диабетпен, қан айналымы бұзылған адамдардың сауығуына септігін тигізеді.

А дәрумені цинктің  қатысуымен әрекет етеді. С дәрумені және цинк - катар және т.б. вирустық ауру түрлеріне қарсы ем болып  саналады. Цинктің вирус және токсиндердің алдын алатын қасиеті бар.

Информация о работе Адам ағзасындағы микроэлементтердің рөлі