Асептика туралы түсінік. Асептиканың негізгі қағидалары.Залалсыздандырудың әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 17:16, реферат

Описание работы

Патогенді микрооргнизмдерді науқастың ағзаларына және операциялық жараға алдын-ала тусудің алдын алу бойынша іс-шаралардың жуйесін «Асептика»-деп атайды, а-теріске шығару немесе қарсы, septicus- шіру.
Асептика туралы алғашқы жазбалар Гиппократ, Гален, Цельс, Парацельс және т.б. ежелгі медицинаның негізін қалаушылардың еңбектерінде кездеседі.

Содержание работы

Асептика туралы түсінік. Асептиканың негізгі қағидалары. Залалсыздандырудың әдістері.
Жанаспалы инфекцияның алдын алу
Антисептика
Залалсыздандырылған халат пен қолғапты хирургқа кигізу.
Бикстерді жинау
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Асептика антисептика Гулнур.docx

— 33.29 Кб (Скачать файл)

                                              Жоспар

  1. Асептика туралы түсінік. Асептиканың негізгі қағидалары.                        Залалсыздандырудың әдістері.
  2. Жанаспалы инфекцияның алдын алу
  3. Антисептика
  4. Залалсыздандырылған халат пен қолғапты хирургқа кигізу.
  5. Бикстерді жинау
  6. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Асептика туралы түсінік. Асептиканың негізгі қағидалары.                   

                                    Залалсыздандырудың әдістері.

  Патогенді микрооргнизмдерді  науқастың ағзаларына және операциялық  жараға алдын-ала тусудің алдын  алу бойынша іс-шаралардың жуйесін  «Асептика»-деп атайды, а-теріске шығару немесе қарсы, septicus- шіру.

  Асептика туралы алғашқы жазбалар Гиппократ, Гален, Цельс, Парацельс және т.б. ежелгі медицинаның негізін қалаушылардың еңбектерінде кездеседі. Алайда, қазіргі асептиканың тарихы 1890 жылдан, танымал неміс хирургі Э.Бергманның атымен байланыстырады. Ол 10-шы Халықаралық хирургтердің Конгресінде асептиканың негізгі қағидаларын және ондағы өзінің жетістіктерін баяндаған. Осы Конгрессте асептиканың негізгі екі қағидасы бекітілді:

-Операциялық жарамен  қатынастағылардың барлығы залалсызданған  болуы керек.

-Барлық хирургиялық  науқастар екі топқа бөлінулері  керек: таза және инфекцияға ұшырылған.

  1881 жылы неміс хирургтары Роберт Кох және Э.Эсмарх операциялық жабдықтарды, таңғыш материалдарды, тігетін материалдарды және аспаптарды ағымды будың көмегімен залалсыздандыруды ұсынған. Үш жыл өткеннен кейін, 1884 жылы ресей хирургі Л.Гейденрих залалсыздандыру үшін қысымды буды ұсынып, осы мақсатта арнайы қондырғы –автоклав құрастырды, оның принципі осы уақытқа дейін қолданылуда.

  Неміс хирургы  Шиммельбуш осы автоклавтың ішіне  залалсыздандыратын заттарды еңгізу  үшін арнай аспап – «бикс»  құрастырды.

  Жұмсақ жабдықтарды  және аспаптарды залалсыздандырудың  барлық әдістерін екі топқа  бөлуге болады: А) физикалық, Б) химиялық  әдістер.

  А) Физикалық әдіске жататын: 1) күйдіру және қайнату, 2) су будың қысымымен залалсыздандыру, 3) ыстық құрғақ ауамен залалсыздандыру, 4) сәулемен залалсыздандыру.

                 Эндогенді және экзогенді инфекция. Инфекция ошақтары

  Хирургиялық  инфекция экзогендә және эндогенді  деп топталады. Экзогенді инфекция  – бұл қоршаған ортаның микроорганизмдері, оларды тарату көзі-шаң араласқан  ауа, ауру адамдар мен медицина  қызметкерлердің жоғары тыныс  жолдарынан бөлінген сұйықтығы, тұрмыстағы қоқыстар, іріңді және инфекцияланған жаралардан бөлінетін сары су мен іріңдер болуы мүмкін. Мироорганизмдер қоршаған ортадан уш жолмен түсуі мүмкін:

  1. Ауа-тамшы жолымен
  2. Жанасу жолымен, хирургтың қолынан, таңу материалдарынан және операциялық жабдықтар мен хирургиялық аспаптардан.
  3. Имплантациялық жолмен, тігіс материалдардан, эндопротез, пластикалық материалдардан.

  Ауа-тамшы инфекцияның алдын-алу әдістерінің бірі-операциялық блоктың дұрыс орналасуы және ондағы залалсыздық тәртіптің сақталуы, келіп түскен науқастарға санитарлы-гигиеналық өңдеу жасау болып саналады. Операциялық блоктың ауасында асептикалық ортаны түзу үшін бактерицидтік шам  пайдаланылады.  Операциялық блокта жұмыс істейтін барлық қызметкерлер арнайы киім киеді, сол киіммен операциялық блоктан шығуға тиым салынады. Осы операциялық блокта 4 аймақ болады:

- Абсолютті залалсыздандырылған  аймақ.

- Салыстырмалы залалсыздандырылған  аймақ.

- Шектелген тәртіп  аймағы.

- Жалпы ауруханалық  тәртіп аймағы.

  Бірінші аймаққа  операция жасалатын бөлме, екіншіге  операция алдындағы бөлме, наркоз  беретін және залалсыздандыратын  бөлмелер, үшінші аймаққа-қанды, қондырғыларды, гипсті таңғышты сақтау бөлмесі, жылдам сараптама жасайтын лаборатория, таза операция жабдықтарына арналған  бөлме, аспаптар, хирургтер мен мейірбикелер  бөлмесі, санитарлық өткізу орны  жатады. Төртінші аймаққа операциялық  блоктың аға мейірбикесі бөлмесі, кірленген киім жабдықтарға арналған  бөлме, қызметкерлердің ас ішетін  бөлмелері кіреді.

  Операциялық блокты жинаудың 5 түрі болады:

  1. Ағымдық – пайдаланған таңу материалдарын, салфеткалар, түйіршіктер, адам денесінен кесілген бөліктер мен тіндерді жинау, еденді, үстелдерді сүртеді және соның ішінде – операция болып жатқан кезде де.
  2. Әрбір операциядан кейін – сабынды және антисептикалық ерітінділермен ылғалды тазалау жүргізеді, киім-кешектерді алмастырады, легенді қолданылған материалдардан босатып, содан кейін бактерицидті шамды жағады.
  3. Жұмыс күнінің соңында – операциялық блоктың еденін және барлық горизонтальді беткейлерді жуады, жұмсақ жарақты шығарады, түнге бактерицидті шамды жағып қалдырады.
  4. Әр жұмыс күнінің басында – барлық құрылғы, аппараттарды ылғалданған антисептикті ерітіндімен жуады, операциялық блоктың еденін және горизонтальді беткейлерін жуады, операциялық үстелді, аспаптарды, аппараттарды антисептик ерітіндімен сүртіп дайындайды.
  5. Жаппай дәйекті жинау – аптасына бір рет жасалады, антисептикалық және сабынды ерітінділермен барлық жерлер, беткейлер, бөлменің қабырғасы, төбесі, шамдар, шкафтар мен операция залындағы аппараттарды жуады.

Б) Аспаптарды залалсыздандырудың химиялық әдістері

Оған формалин буы немесе этилен тотығы арқылы газбен залалсыздандыру жатады. Залалсыздандырудың химиялық әдістері көбінесе хирургиялық аспаптарды тазалауда қолданылады.

 

 

                               Жанаспалы инфекцияның алдын алу

  Жанаспалы инфекцияны  алдын алуда хирургтардың қолдарын, операцияда қолданатын барлық  жабдықтарды, хиругиялық аспаптарды, науқастың терісінің операциялық  аймғын, операция алдында және  операциядан кейін залалсыздандыру  арқылы жүзеге асырады.

    Хирургтың қолын залалсызданыру. Хирургтың қолы әрдайым күтілген, сызатсыз, тырнақтары қысқа кесілген болуы керек. Хирург қолын өңдеу алдында, ағын сумен сабындап жуады. Жуыну кезінде су қол ұшынан бастап шынтаққа қарай бағытталып ағатындай етіп ұстайды. Келесі тәртіпті есте сақтау керек:

  1. Сол қолдың әрбір саусақтарының алақан жағын жуады.
  2. Сол қолдың әрбір саусақтарының сырт жағын жуады.
  3. Сол қолдың саусақтар аралығын жуады.
  4. Сол қолдың тырнақ аймағы арнасын жуады.
  5. Дәл осы ретпен оң қолды жуады.
  6. Сол қолдың алақан жағын жуады.
  7. Сол қолдың сырт жағын жуады.
  8. Оң қолдың алақан жағын жуады.
  9. Оң қоддың сыртын жуады.
  10. Сол жақ білезікті жуады.
  11. Оң жақ білезікті жуады.
  12. Сол қолдың білегін жуады.
  13. Оң қолдың білегін жуады.

  Қолды ағын  сумен сабындап және ысқылап  жуғаннан кейін , қол өңдеуін әртүрлі  әдістер арқылы орындауға болады.

  Спасокукоцкий-Кочергин әдісі. Қолды ағын сумен сабындап және ысқылап жуғаннан кейін, үш минут бойы 0,5% мүсәтір спирті құйылған бірінші легенге салып жуады. Үш минут бойы 0,5% мүсәтір спирті құйылған екінші легенде жуады. Қолын легеннен алып 5 минут бойы 96% спирт сіңірілген сулы орамалмен сүртеді де резеңкелі қолғапты киеді. Спасокукоцкий-Кочергин әдісі бойынша қолды өңдеу қағидалардың негізі: 0,5% мүсәтір спиртін қолданғанда қолдың терісіндегі ұсақ тесіктері ашылады, ал 96% спирт болса тесіктерден шыққан микробтарды жояды.  

  Хирургтың қолын тазартып залалсыздандыратын қазіргі заманғы тәсілдер

  Шұғыл хирургияда  қарапайым әдіс белгілі: Бастапқыда  қолды шүмектен аққан сумен  сабындап және щеткамен жуады, содан кейін 2,4% «Первомур» немесе хлоргексидин ерітінділерімен 2 минут бойы өңдейді.

  «Первомур»  ерітіндісімен қолды өңдеу әдісі. Ыдысқа 100% 85мл құмырсқа қышқылын және 33% 176мл сутегі тотығын құяды. Ерітінділер бір бірімен  реакцияға түсіп, құмырсқа тектес қышқыл түзілгенше қоспаны 1 сағатқа тоңазытқышқа қояды. Бір сағаттан соң , қоспаны тоңазытқыштан алып, 10литр дистиляциядан өткен су құйылған ыдысқа құяды. Осы ерітінді бір тәулі бойы өзінің залалсызданған қасиетін сақтайды, онымен 5 хирург қолдарын өңдей алады. Осы мақсатта хирург қолдарын алдын ала шүмектен аққан сумен жуған соң, «Первомур» ерітіндісі құйылған ыдсқа 1 минут бойы қолдарын саусақтарынан бастап шынтағына дейін батырады. Белгіленген уақыт өткен соң қолдарын залалсыздандырылған орамалмен құрғатып, резеңке қолғап киеді.

«Хлоргексидин» ерітіндісімен қолды өңдеу әдісі. Хирург қолдарын шүмектен аққан сумен сабындап жуған соң, қолдарын саусақтарынан бастап шынтағына дейін 0,5% хлоргексидин сіңірілген орамалмен 2-3 минут бойы сүртеді. Қолдарын залалсыздандырылған орамалмен құрғатып, резеңке қолғап киеді.

Операциялық жабдықтар мен таңу материалдарын залалсыздандыру.              Операциялық жабдықтарға хирургиялық халаттар, жапқыштар, орамалдар мен науқастың астына салатн жұмсақ материалдар жатады. Таңу материалдарына орамалдар, дәкелер, түйіршктер, тығындар және т.б. жатады. Таңу материалдрын операция алдында және операциядан кейін міндетті түрде санау керек. Жұмсақ операциялық жабдықтар, таңу материалдарды автоклавта залалсыздандырады. Осы мақсатта, жұмсақ жабдықтар мен таңу материалдарын Шиммельбуш биксіне температура индикаторымен қоса салады. Бикстің тесіктерін ашқан соң, оны автоклав ішіне орналастырады, қақпағын герметикалы жабады және электр торабына қосады. Белгіленген уақыт өткен соң автоклавты сөндіріп, бу қысымын төмендеткен соң, қақпағын ашып, суытады. Автоклав толық суығаннан кейін, бикстің тесіктерін жабады, оларды автоклавтан алып, операциялық блокка көшіреді.

   Хирургиялық аспаптар және заттарды залалсыздандыру

Барлық хирургиялық аспаптар залалсыздандыру әдістеріне байланысты металдан, резеңкеден, пластмастан жасалған және оптикалық болып бөлінеді. Залалсыздандыру екі кезеңде орындалады: 1) залалсыздандыру алдындағы дайындық және 2) залалсыздандыру.

 

Операциялық аймақты залалсыздандыру. Науқастың терісін дезинфекциялаудың бірінші кезеңі науқастарды қабылдау бөлімінде санитрлық гигиеналық өңдеуде – ванна немесе душ астында жуудан, киімін ауыстырудан басталады. Операция жасалатын аймақтағы терідегі жүнді мұқият қырады. Негізгі кезең операциялық үстелде орындалады: Операциялық тілік жасалатын тері аймағын химиялық антисептиктермен: 5% спиртті йод ерітіндісімен, хлоргексидин ерітіндісімен, первомур ерітіндісімен, 1% йодонат ерітіндісімен, 1% йодопирон ерітіндісімен және т.б. өңдейді. Теріні өңдеу ортадан шетке қарай орындалып, Гроссих-Филончиков ұсынған қағидаларға сәйкес 3-5% йод ерітіндімен 4 рет жасайды: 1) ақ жайма салар алдында, 2) теріге тілік салар алдында, 3) жараға тігіс салар алдында, 4) тігіс салынғаннан кейін – 4 қайтара өңделу керек.

 

 

 

 

 

                                                          Антисептика

Антисептика дегеніміз – жарадағы және жалпы организмдегі микробтарды жоюға арналған емдік профилактикалық шаралар жиынтығы. Антисептиканың механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық түрлерін ажыратамыз. 
Механикалық антисептика дегеніміз – жараның біріншілік және екіншілік хирургиялық өңдеуден немесе жараны жуудан тұрады. Жараны өңдеудің түрі жарақат алудың уақытына байланысты. Операционды бөлмеден тыс болған жаралардың барлығы шартты инфицирленген болып есептеледі. Микроорганизмедер жарақаттан кейінгі 6-8 сағат ішінде жара беткейінде, ал содан соң лимфа тамырлары бойымен сау ұлпаларға тарайды. Сондықтан алғашқы 6-8 сағат ішінде біріншілік хирургиялық өңдеу жасау керек. Ол жараның шеттерін кесіп, қан тоқтатып, жараны антисептикалық ерітінділермен жіып, тігіс салудан тұрады. Іріңденген жараларда өліктенген ұлпаларды антисептиктермен жуады. Бұндай жараларға тігіс салуға болмайды. Олар өздігінен грануляцияланып жарылады немесе жара тазарғаннан соң екіншілік хирургиялық өңдеу жасалады. 
Физикалық антисептика дегеніміз – физикалық әсер ету арқылы микроорганизмдердің дамуына қолайсыз жағдай жасау, яғни оларды өлтіру. Физикалық антисептиканың негізгі мақсаттарының бірі жарадан бөліністердің ағып кетуін қамтамасыз ету. Ол үшін марлілі салфеткалар, әртүрлі дренаждар қолданылады. Сондай ақ, физикалық антисептикада құрғату, ультрафиалет шамдарымы, кварц шамдары т.с.с қолданады. 
Химиялық антисептика дегеніміз – ағзадағы және жарадағы микроорганизмдерді химиялық заттармен жою. Химиялық антисептиктерді жергілікті, энтеральды және парентеральды қолдануға болады.  
Биологиялық антисептика дегеніміз – бұл биологиялық заттар арқылы микроорганизмдерді жою, немесе олардың өсіп өнуіне қолайсыз жағдай жасау.Кейбір биологиялық заттар микроорганизмге кері әсер етсе, басқалары организмнің оларға қарсы тұруын күшейтеді, ал үшіншілері жарақаттанған ұлпаларға әсер етіп, оларды ерітіп, жараның тазаруын жылдамдатады (сары сулар, вакциналар, витамин, ферменттер).  
Химиялық антисептика – патогенді микроорганизмдерді химиялық дәрілермен жою. Осы топқа галоидтер тобындағы антисептиктер, ауыр металлдардың тұздары, фенолдар, спирттер, альдегиттер, қышқылдар мен сілтілер, детергенттер және тотықтырғыштар, нитрофуран тобы, табиғи тектес антисептиктер, сульфаниламидтер мен антибиотиктер жатады.

 Органикалық емес қосындылар. 
1. Галоидтар: спирттелген иод, су мен спиртке езілген люголь ерітіндісі, йодонат. Бұл ерітінділер жараның айналасына, хирургтың қолын жууға, операция жасалатын теріге жағуға пайдаланылады.  
2. Қышқылданғыштар: 3 % сутегі тотығы мен перманганат калийдің 0,5-1 % ерітінділермен жараға түскен бөтен заттарды, іріңдерді емдеуге болады.

3. Органикалық қышқылдар және сілтілер, бор қышқылының 2-3% ерітіндісі жараларға жууға, мүсәтір ерітіндісінің 0,5%ын хирургтердің қолын жуу үшін пайдаланады.

4. Ауыр металл тұздары: сулема 1:1000 сулы ерітіндісін резеңке қолғаптарды, жараларды тігуге арналған жібек жіптердің микробтарын жою үшін пайдаланады. Күмістің 5-10% ерітіндісін сыздауық сияқты жараны күйдіру үшін қолданылады.

Органикалық қосындылар:

5. Этил спирті 96%, 70% түрінде қолданылады. Қолды және операциялық аймақты зарарсыздандыру үшін пайдаланылады.

6. Альдегиттер: формалин (36,5-37,5%ды сумен араласқан формальдегид) урологиялық аспаптарды, дренаждық түтіктерді тазартуға қолданады. Лизоформ-байлам жасау бөлмесін, операция жасалатын бөлмені тазартуға қолданады.

7. Нитрофурандар: фурациллин, фурадонин. Фурациллиннің 1:5000 ерітіндісімен  операция кезінде қарынның, қуықтың, кеуденің қуыстарын, іріңді жараны  жуып-шаяды.

8. Бояғыштар: метиль  көгі, бриллиант көгі, бриллиант  жасылы хирургиялық тәжірибеде  сыртқы жараларды зарарсыздандыру  үшін пайдаланылады.

9. Сульфаниламидті  дәрі-дәрмектер стрептоцид, сульфазин, этазол, сульфадимезин, сульфадиментоксин. Бұл дәрілер адам ағзасындағы  микробтардың тіршілігіне, өсіп-өнуіне  кедергі жасайды.

10. Антибиотиктер-бұл  микроорганизмдердің тіршілігі  нәтижесінде алынған антисептиктер, олардың өнімдері адам  үшін  патогенді микроорганимдердің өсуін  және дамуын тоқтатады. Олардың алғашқысы пенициллин болып табылады.

                     Залалсыздандырылған халат пен қолғапты хирургқа кигізу.

  Операциялық үстел дайын болған соң, операциялық мейірбике хирургты халат, маска және қолғапты кигізуге шақырады. Ол үшін алдымен бикстың этикеткасын және бикстің түрін көзбен көзбен қарап тексереді, содан кейін педальды аяқпен басып бикстың қақпағын ашады. Индикаторрлы таблеткаларды алып тастайды. Залалсыздандырылған корнцангпен хирургқа қолын сүртетін орамалды береді. Хирург қолын сүртіп болғаннан кейін, залалсыздандырылған спиртке немесе басқа керекті антисептикалық сұйықтыққа малып, дәке салфеткаларды береді.

  Хирургты киіндірудің  келесі тәртібі бойынша жасайды:

1.Мейірбике бикстен  таза халатты алып, оны жазады, екі иық тігісі аймағынан ұстап  тұрғанда, мейірбике қолын халаттың  бүйір бөліктері жауып тұру  керек.

Информация о работе Асептика туралы түсінік. Асептиканың негізгі қағидалары.Залалсыздандырудың әдістері