Асептика туралы түсінік. Асептиканың негізгі қағидалары.Залалсыздандырудың әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 17:16, реферат

Описание работы

Патогенді микрооргнизмдерді науқастың ағзаларына және операциялық жараға алдын-ала тусудің алдын алу бойынша іс-шаралардың жуйесін «Асептика»-деп атайды, а-теріске шығару немесе қарсы, septicus- шіру.
Асептика туралы алғашқы жазбалар Гиппократ, Гален, Цельс, Парацельс және т.б. ежелгі медицинаның негізін қалаушылардың еңбектерінде кездеседі.

Содержание работы

Асептика туралы түсінік. Асептиканың негізгі қағидалары. Залалсыздандырудың әдістері.
Жанаспалы инфекцияның алдын алу
Антисептика
Залалсыздандырылған халат пен қолғапты хирургқа кигізу.
Бикстерді жинау
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Асептика антисептика Гулнур.docx

— 33.29 Кб (Скачать файл)

2. Мейірбике хирургке  халатты созады, ал хирург мейірбикенің  киіміне қолдарын тигізбей, екі  қолына халаттың жеңдерін кигізеді.

3. Санитарка артынан  келіп халаттың бауларын байлайды.

4. Мейірбике халаттың  қолындағы бауларды байлайды.

5 Мейірбике қолғапты  кигізеді: екі қолымен қолғаптың  шеттерін керіп, хирургтың қолының  астына әкеледі. Хирург қолдарын  қолғапқа кигізеді, қолғап хирургтың  қолында созылып киілгенше мейірбике  қозғалысын жоғары қарай жалғастыра  береді. Екінші қолғапты да осылай  кигізеді. Хирургтың қолына этил  спиртіне малынған таза дәке  береді. Хирург қолдарын шынтақ  буындарына бүгіп, белінен төмен  түсірмей ұстап тұруы керек. Осы қалпында бірінші хирург, мейірбике екінші хирургті киіндіргенше, науқасты үстелге жатқызып, оған наркоз берілгенше тосады. Наркоз берілгеннен кейін мейірбике таза спирт ерітіндісіне малынған дәке түйіршік бар корнцангты, сақинасымен алдына қаратып, хирургтың қолына ұсынады. Хирург корнцангты алып, операциялық аймақты екі рет йод ерітіндісімен тазалайды. Содан кейін спирт ерітіндісімен тазалайды. Екі хирург екі бүйірден науқастың үстіне ортасы кесілген таза ақ жайғышты жабады. Жапқыштың тесігін қажет болғанша ажыратып, шеттерін өткір қысқыштармен науқастың терісіне бекітеді. Операциялық аймақты тағы қайталап йод және спиртпен екі рет сүртеді, хирург операция жасауға кіріседі.

                                                        Бикстерді жинау

1.Бикстерді универсальді жинау – бір операцияға қажеттердің барлығы салынады

  Бастапқы қабат – бикстің түбіне мақтадан дайындалған бір қабат матаны төсейді, бикске индикатор салады. Таңу материалдарын орналастырады: сулық орамал, турунда, дәкеден жасалған шар тәрізді түйіршіктер, дәкелер.

  Екінші қабат – екі индикатор салынады және операциялық киімдер, халаттар, маскалар.

  Үшінші қабат – салыған материалдарды мақтадан дайындалған матамен жабады, оның үстіне операциялық мейірбикенің киімін салады: халат, мска, қолғап, матадан дайындалған сулық орамалдар және т.б. , оның үстінен индикатор қояды.

2. Бикстерді белгілі бір мақсатта жинау. Қандай да бір операция үшін жоғарыдағы тәртіппен материалдарды жинайды. Бұлайша жинау арнайы хирургиялық операцияларда жасалады, мысалы: урологиялық, нейрохирургиялық, кардиологиялық және т.б.

3. Бикстерді түріне байланысты жинау. Бірнеше бикстерге жеке-жеке тек белгілі бір материалды ғана жинайды. Мысалы бір биксте тек ақ жапқыштар, басқасына таңу материалдары, келесіге хирургтың киімдері және т.б. Биксті жинап болып, оның бетін жапқан соң, бикске этикетка байлайды, онда материалдардың саны, түрі, жауапты адамның аты-жөні жазылады. Автоклавқа салар алдында бикстің бүйір тесіктерін ашады, ал залалсыздандырылғаннан кейін 5 минут өткенде, бу шыққан соң бүйір тесіктерін жабады. Ішінде таза материалдар бар бикс арнайы шкафтарда екі күн бойы сақталады, содан кейін олардың залалсыздығы жоғалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Қолданылған әдебиеттер:

«Хирургиядағы мейірбике ісі» Алмас Коптлеу 23-69 беттер

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Асептика туралы түсінік. Асептиканың негізгі қағидалары.Залалсыздандырудың әдістері