Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 17:14, творческая работа
Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр — адам ағзасының орталық химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.
Морфологиялық түрғыдан алғанда бауыр өте күрделі қүрылысқа ие, оның негізгі қүрылымдық бірлігі ацинус деп есептелінеді (Рапопорт 1959-1980). Ацинус екі орталық венаның аралығында орналасқан.
Тақырып:Бауыр ауруларының патоморфологиялық сипаттамасы
.
Бауыр — қанды
тазартуға және удан арылтуға көмектесетін,
дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың
астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр — адам ағзасының орталық химиялық
зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы
жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар
мен қорек болар өнімдерді бөліп алады.
Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп
отырады.
Морфологиялық түрғыдан алғанда бауыр өте күрделі қүрылысқа ие, оның негізгі қүрылымдық бірлігі ацинус деп есептелінеді (Рапопорт 1959-1980). Ацинус екі орталық венаның аралығында орналасқан. Оның орталығын ескі, классикалық бөліктің шеті деп жүрген аймақ қүрайды.' Қанмен, демек, оттегімен, ең жақсы қам-тамасыз етілетін жер осы орталық, ал орталық венага жақын аймақта оттегі мөлшері өте аз болады. Сондықтан әртүрлі улы заттар әсерінде ең ауыр өзгерістер осы жерде дамиды.
Бауырдың атқаратын қызметтері:
• ас қорту кезінде мүшелердің
қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен
қаматамасыз ету және әр түрлі энергия
көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);
• ағзадағы қажетсіз химиялық
қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
• ағзадағы қан жасау немесе
жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды
синтездеу;
• холестерин мен оның эфирін
синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді
синтездеу және ағзадағы липид алмасуын
реттеу;
• он екі елі ішек пен аш ішектің
кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне
қатысатын гормондар мен ферменттерді
синтездеу;
• Өт қышқылы мен пигменттерін
синтездеу;
• Кейбір дәрумендердің қорын
толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды
ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін
В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру.
Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда
болады.
Бауыр аурулары
Гепатит
Бауыр ісіктері
Цирроз
Гепатоз
Бауырда зат алмасуының бүзылуы негізінде дамитын, гепатоциттердің дистрофиясы және некрозымен сипатталатын патологияны гепатоздар деп атайды. Гепатоздардың түқым қуалау жолымен дамитын және жүре пайда болған түрлерін ажыратады.
Туқым куалау жолымен туындайтын гепатоздар зат алмасуыдың туа пайда болған бүзылуына дамитын ферментопатиялар тобына жатады. Ферменттер тапшылығы нәтижесінде бауырда белоктар мен аминқышқылдар, гликоген, майлар, пигменттер, мине-ралдар өз мерзімінде ыдырамастан жиналып қалуы әуелі дистрофиялық өзгерістерге, кейін циррозға алып келеді.
ГЕПАТОЗДАР
Бауырдың улы дистрофиясы. Әртүрлі сыртқы жене ішкі улар-дың өсерінде дамиды.
Сырттан тусетін улы заттарға фосфор, мышьяк, төртхлорлы көміртек, гелиотроп, ботулизм жөне саңырауқүлақтар улары, кейбір дәрі-дәрмектер (ПАСК, тубазид, аминазин, метатрексат және т.б.) кіреді. Іштен туындайтын улар тиреотоксикозда, вирустық гепатиттің ауыр түрлерінде, гестоздарда, әртүрлі шокта бөлініп шығады. Осы заттардың өсерінде гепатоциттерде өте ауыр дистрофиялық және некроздық өзгерістер дамиды
Этиологиясы
Морфологиясы бойынша бауырдың улы дистрофиясы дегенде бауырдың ауқымды (массивті) некрозын түсінеді. Ол бірнеше ке-зендерден түрады.
Аурудың алгашқы кезеңінде бауыр үлкейіп сап-сары, үстап көргенде жүмсақтау болады. Бауырдың сарғаюы гепатоциттердің майлы дистрофиясымен түсіндіріледі. Кейін бауыр тез арада кішірейе бастайды, ол өзінің жарты немесе одан да көбірек массасын жоғалтып сыртқы қабы өжімденіп, қамырдай жүмсақ, саз түстес сары болады. Бүл кезде гепатоциттерде некроз, аутолиз қүбылыстары басым болып орталық вена айналасындағы жасушалар бүтіндей жойылады. Бүл өзгерістерді бауырдың сары дистрофиясы деп атайды.
Кейін некроз ошақтары фагоцитоз және резорбция нәтижесінде жойылып, осы жерде қанмен толған капиллярлар және ретикулалы қаңқа ғана қалады. Жоғалған жасушалар орнына қан құйылып, бауырдың түсі сары-қызыл болады. Бұл өзгерістер қызыл дистрофия кезеңіне
сәйкес келеді.
Майлы гепатоз. Оны бауырдың майлы дистрофиясы немесе стеатоз деп те атайды
Бауырдың майлы дистрофиясы әртүрлі токсин-дер әсерінде дамиды. Мысалы маскүнемдерде бүл дистрофия түрақты түрде кездеседі. Бүл жерде этанолдың тікелей әсерінен басқа тамақта липотропты факторлардың, белок тапшылығының маңызы зор. Майлы гепатоз сонымен қатар қантты диабетте, жалпы семіруде, өкпе, жүрек ауруларына байланысты дамитын гипоксияда да ұшырайды.
Этиологиясы
Бұл патологияда бауыр біраз үлкейіп сары немесе қоңыр сары түске кіреді, ол болбыр, кесіндісінің беті май жағып қойғандай жылтыр болады. Май басудың үш кезеңін ажыратады: 1)гепатоциттердің некрозынсыз өтетін жай семіру, 2) гепатоциттер некробиозымен және мезенхима реакциясымен сипатталатын
3) бауырдың бөлікті қүрылымының бүзылып циррозға өтуімен аяқталатын семіру. Демек стеатоз үзақ созылғанда циррозға соқтырады. Бүл патологияда май бауыр массасының 40-60%-тін қүрайды (қалыпты жағдайда 4%).
Патологиялық анатомиясы
Бауырдың қабынуы. Клиникалық белгілеріне қарап жедел және созылмаяы түрлерін ажыратады.
Этиологиясы бойынша гепатиттердің біріншілік және екіншілік түрлері бар.
Морфологиясына қарап: а) жедел (экссудативті, продуктивті);
б) созылмалы (активті немесе агрессивті, персистенциялы, холес-тазға байланысты) гепатиттер.
Қабынудың таралу шегіне байланысты: а) ошақты;
б) диффузды гепатиттер
ГЕПАТИТТЕР
Гепатитті тудырушы негізігі себептерге әртүрлі инфекцилардың және улы заттардың әсерлері жатады. Инфекциялардың ішінде вирустардың орны ерекше. Гепатит туындатушы арнайы вирустардан басқа, гепатитке энтеровирустар, инфекциялық мононуклеоз вирусы, кейбір респираторлық вирустық инфекциялар да алып келуі мүмкін.
Улы заттар қатарына әртүрлі гепатотропты улар: фосфор, сынап, төртхлорлы көміртек, фосфордың органикалық қоспала-ры, алкоголь және басқалар жатады. Көптеген дәрі-дәрмектер, мысалы ПАСК, фтивазид, тетрациклин, сульфаниламидтер үзақ уақыт қолданылганда бауырда қабыну үрдісі дамиды.
Сонымен қатар көптеген созылмалы инфещиялар: туберкулез, мерез, бруцеллез, ішек қүрттары (эхинококккоз, және т.б.б) немесе қарапайымдар (лямблиялар) да бауырдың созылмалы қабынуы-на алып келеді.
Этиологиясы
Вирустық гепатиттер бауырдың өзіне тән аурулары қатарына жатады. Оларды ең алғаш рет С.П.Боткин (1888) инфекциялық сырқат есебінде, жеке бөліп қараған. Қазіргі кезде осы вирустардың 5 түрі белгілі, олар А, В, С, Е және дельта вирустары. Осы вирустардың әрқайсысының өзіне тән клиникалық көріністері, патогенезі, кейбір морфологиялық белгілері бар екендігі анықталып отыр. Гепатит А вирус РНҚ вирустарына кіреді, клиникалық ағымы жедел. A вupycmap қоздыратын гепатиттің басқа ішек инфекциялары тәрізді жуылмаган қол арқылы (яғни асқазан-ішек арқылы) жүғатыны белгілі. Сондықтан оның эпидемиясы жаз, күз айларынан байқалады. Оның жасырын кезеңі 15-45 күн
Вирустық гепатиттер
В гепатитінің вирусы қан құйғанда, вакцинация кезінде, операциядан соң ауру адамнан сау адамға өтеді, сондықтан оны сарысу гепатитідей атайды. Сонымен қатар вирус сөлде, үрықтық сүйықтықта, қынаптың секретінде, несепте табылған. Ягни, В-гепатитін жыныстық қатынас арқылы жүқтырьп алуға болады. Іштегі ұрыққа инфекция плацента арқылы түседі немесе туылу кезінде жүғады, жасырын кезеңі 25 күннен 180 күнге дейін. Клиникада гепатиттің бұл түрі ауыр өтіп өлім-жітімге көбірек алып келеді және де созылмалы түрде өтеді. В гепатитінің вирусы ДНҚ-вирустарына кіреді, оның 3 антигені анықталған. Вирустың сыртқы қабығында беткей антиген — HbsAg бар. Вирустың өзінің қабығында (капсидте) екі антиген - HbcAg және HbeAg табылған. Иммуногистохимиялық әдістер арқылы HbsAg гепатоциттердің ядросында, ал HbeAg — олардың цитоплазмасында анықталады. Осы антигендерге қарсы организмде антиденелер түзіледі
С гепатитінің вирусы бірспиралды РНҚ-вирусы қатарына жатады. Бүл инфекция қан қүюды, вена ішілік инъекцияларга (нар-командарда), ағзалар трансплантациясына байланысты дамиды. Клиникалық ағымы жеңіл болғанымен 30-60% жағдайда созылмалы гепатит түрінде өтеді, сондықтан гепатит С-дан кейін бауыр циррозы немесе гепатоцеллюлярлық рак дамуы мүмкін.
Д гепатитінің вирусы организмде көбеюі үшін В-гепатитінің вирусы болуы шарт. Дельта-вирустар В-гепатитімен қатар дамиды немесе осы инфекцияға қосылады. Сөйтіп, В-гепатиттің клиника-лык ағымын ауырлатады, бауырдың зақымдануын күшейтеді. Дельта-вирустар РНҚ-вирустары қатарында жатып, оның сыртқы қаба-ты HbsAg-мен қоршалган.
Клиникада вирустық гепатиттердің:
1) жасырын кезеңін,
2) продромалды немесе сарғаю алды кезеңін,
3) сарғаю немесе аурудың өршу кезеңін жөне
4) реконвалесценция кезендерін ажыратады
Саргаю алды кезеңінде бауырдағы өзгерістер купфер жасушаларының белсенділігі мен көбеюінен басталады, ал қақпа венасы жолында лимфоциттерден, макрофагтардан түзілген сіңбе көрінеді. Осы кезеңнің соңында гепатоциттер өзгере бастайды: олардың ядролары мен ядрошықтары үлкейіп: РНҚ, ДНҚ синтезі күшейеді, жасушалар көптеп бөліне бастайды.
Ал сарғаю кезеңінің басында-ақ гепатоциттерде дистрофиялық өзгерістер дамиды. Бауырды эндоскоппен қарағанда ол қызыл-сары немесе қызыл ала түрде көрінеді. Вирустық гепатиттер үшін баллонды дистрофияның дамуы төн. Сонымен қатар жеке жасуша-ларда бүл қүбылыс колликвациялы некрозга яғни гепатоциттердің бүтіндей жоқ болып кетуіне соқтырады, олардың орнын, Т-лим-фоциттер мемақрофагтар басады.
Аурудың сауығу кезеңінде жедел өзгерістер басылып, некроз ошақтары жойылады. Бауырдағы қабыну сіңбелері азайып гепатоциттерде қалпына келу (регенерация) қүбылыстары көріне бастайды
Патологиялық өзгерістердің осылайша өтуі вирустық гепатиттің циклді туріне тән. Сонымен қатар бүл сырқаттың өте тез өтетін, көлемді некроз ошақтары пайда болуымен сипатталатын, ауыр халге (бауыр комасына) соқтыратын қатерлі түрі бар. Өлген аурудың бауыры кішірейіп, өз пішінін жоғалтып, қамырдай жүмсап қалады, кесіп қарағаңца сап-сары түрде көрінеді. Ауру бауыр комасынан өледі, тірі қалған күнде некроздан кейінгі цирроз дамиды
Егер жедел гепатит басталғаннан кейін 6 аи ішінде гепатиттің клиникалық, биохимиялық, морфологиялық белгілері жойылмаса, гепатит созылмалы түрге өтті деп есептеледі Созылмалы гепатит жедел гепатиттен ауырған адамдардың 5-10%-да кездеседі.
Этиологиясына қарап: а) вирустық;
б) аутоиммундық; в) алко-голвдік;г) холестаздық; д) дәрі-дәрмектік; е) реактивтік гепатштерді ажыратады.
Морфологиясы бойынша созылмалы вирустық гепатиттер белсенді (агрессивті), персистенциялық және бөліктік (лобулярлық) деп үшке бөлінеді. Вирустық гепатиттердің ішінде созылмалы түрге өтетіндері С гепатит пен В гепатиті.
Созылмалы гепатиттер
Цирроз деп бауыр жасушаларының дистрофиясымен, олардың үздіксіз қалпына келуімен, дәнекер тіннің диффузды өсіп кетуімен, осыған байланысты ағза пішінінің бүзылуымен (деформациясымен) сипатталатын созылмалы патологияны түсінеді. Клиникада бүл ауру бірте-бірте бауыр жетіспеушілігіне алып келеді. Цирроз тек бауырға ғана тән патология емес, себебі кез-келген организмнің дәнекер тін өсіп кетуі нәтижесінде пішінсізденуін цирроз деп атайды. Мысалы: нефроцирроз, пневмоцирроз жэне т.б.
БАУЫР ЦИРРОЗЫ
Бауыр циррозы негізінен вирустық гепатиттер-ден, эсересе В, С гепатиттен кейін, аутоиммудық гепатитте дамиды. Циррозға соқтырушы себептердің бірі маскүнемдік, алкоголь әсерінде дамитын цирроздар. Маскүнемдердің 10%-де бауыр циррозы табылған. Өт жолдарының обструкциясы, холангиргтер мен холестаз өт циррозының дамуына себеп болады. Белоктардың, липотропты факторлардың тапшылығы афлотоксиндер әсері алиментарлық циррозбен асқынады.
Этиологиясы
Цирроздың жіктелуі. Цирроз жіктелуі морфологиялық принципке негізделген. Бұл жерде регенераторлық түйіндерінің үлкендігі есепке алынады. Осыған қарап цирроздар: майда түйінді, үлкен түйінді, аралас және толық болмаған септалды деп бөлінеді.
Майда туйінді циррозда регенераторлық түйіндердің көлденеңі 0,3-1 см, ал ірі туйінді циррозда бірнеше сантиметрге жетеді (128, 129-суреттер).
Толық болмаган септалды цирроз сирек кездесетін сырқат болып, ол тек микроскоппен қарағанда ғана анықталады. Цирроздың бұл түрінде регенерация қүбылысы диффузды болғандықтан, дәнекер тін бауырда жүқа перделер тәрізді жайғасады.
Морфогенездік принцип бойынша, цирроздың 4 түрін ажыратады: 1) некроздан кейінгі, 2) портальды, 3) билиарлы 4) аралас.
Некроздан кейінгі цирроз өзінің атынан көрініп түрғандай, гепатоциттердің ауқымды некрозына байланысты (бауырды зақымдаушы улармен уланғанда, вирустық гепатиттің ауыр түрлеріңде) дамиды. Бүл кезде бауыр едәуір кішірейген, қатты, беті кедір-бүдыр, кесіп қарағанда көлденеңі бірнеше сантиметр болатын түйіндерден түрады.
Порталды циррозда бауырдың беті түйіршікті немесе майда түйіңді болып, олардың көлденеңі І см-ден аспайды, үстап көргенде қатты.
Билиарлы цирроз бауыр тінінің жасыл түске боялуымен ерекшеленіп, бауырдың сырты тегіс немесе майда түйінді болады. Оның біріншілік жөне екіншілік түрлері бар.
Бауыр рагы рактың сирек кездесетін түрі, көбінесе бауыр циррозына байланысты 50-60 жастан кейін дамиды. Ер кісілер әйелдерге қарағанда.2 есе жиі ауырады. Бауыр рагының дамуы біркелкі емес, ол Африка, Азия елдерінде жиі кездеседі. Оның себебіне дәнді дақылдар қүрамының канцерогендік зат, афлотоксинмен ластануы жатады. Сонымен қатар бауыр рагының дамуында вирустық гепатиттер В, С тасымалдаушылығьшың маңызды екендігі анықталған. Бүл вирустардың онкогендік қасиетке ие екендігі белгілі.
БАУЫР РАГЫ
Сыртқы көрінісіне қарап бауыр рагының: 1) түйінді; 2) ауқымды; 3) диффузды түрлерін ажыратады. Рактың туйінді түрінде бауырда бірнеше ісік түйіндері табылады, Олардың түрі ақшыл, сары немесе сарғыш жасыл, консистенциясы жүмсақ немесе қатты. Ісік түйіндері бірнеше жерден бір мезгілде (мулътицентрлі) өседі
Информация о работе Бауыр ауруларының патоморфологиялық сипаттамасы