Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 17:14, творческая работа
Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр — адам ағзасының орталық химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.
Морфологиялық түрғыдан алғанда бауыр өте күрделі қүрылысқа ие, оның негізгі қүрылымдық бірлігі ацинус деп есептелінеді (Рапопорт 1959-1980). Ацинус екі орталық венаның аралығында орналасқан.
Ауқымды (массивті) рак бауырдың бір болігінде (негізінен оң бөлігінде) ірі (көлденеңі 10-15 см-ге немесе одан да үлкенірек) ісік түйіні түрінде өседі. Кесіп коргенде, ол ақшыл сүр немесе некроз, қан қүйылуына байланысты, шүбар түсте корінеді. Ауқымды рак нәтижесінде бауырдың массасы 5 кг дейін үлкейеді.
Диффузды рак цирроздық өзгерістер негізінде дамиды, кейде ол бауыр тініне араласа өсіп, сыртқы көрінісі анық білінбейді. Кейде рак диагнозы микроскопиялық тексеруден кейін ғана қойылады.
Холецистит - от қалтасының қабынуы - адамда жиі кездесетін патологияның бірі болып, әйелдерде еркектерге қараганда 3-4 есе жиі байқалады.
Этиологиясы. Холециститтерді негізінен бактериялық инфекциялар ішек таяқшалары, кейде стафилококтар мен энтерококтар қоздырады. Инфекция: 1) энтерогенді (ішектен);
2) гематогенді (шетте жатқан агзалардан);
3) лимфогенді (жақын жатқан агзалар қабынганда - аппендицитте, энтерит, колиттерде және т.б.) жол-дармен от қалтасына түседі. Сонымен қатар холецистит дамуында от жолдарында оттің іркіліп қалуының маңызы зор.
ӨТ ҚАБЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
Патологиялық анатомиясы. Жедел холециститтердің катаральды, іріңді (флегмонозды) және гангренозды түрлерін ажыратады. Олардың асқыну түрлеріне: перихолецистит, өт қабының тесіліп кетуі (перфорация), перитонит, іріңді холангит , өт қал-тасының шемені немесе эмпиемасы жатады
Созылмалы холецистит кейде жедел холециститтен кейін, негізінен өз алдына жеке дамитын сырқат. Холециститтің бүл түрі өт тасы ауруына, созылмалы гастрит, панкреатит, семіздікке және т.б. сырқаттарға байланысты дамиды. Өт қалтасының қабырғасы жүқарып, шырышты қабаты семіп қалады, ал осы жердегі бездер кеңіп кисталарға айналады және олар өт қалтасының басқа қабат-тарына өтіп кетеді немесе өт қалтасы кішірейіп, қабырғасы қалыңдап, бүрісіп қалады. Қабыну сіңбелері негізінен плазмалық жасу-шалардан, эозинофилді лейкоциттерден және лимфоциттерден түра-ды. Сонымен қатар, микроскопта склероз, липоидоз үрдісі көрінеді.
Ұйқы безінің ең жиі кездесетін сырқаттарына панкреатиттер мен ісіктер кіреді.
Панкреатит - үйқы безінің қабынуы - жедел және созылмалы болып екі топқа болінеді.
Жедел панкреатит дамуының негізгі себептері: панкреастың шыгару жолдарының от тастарымен бітеліл қалуына байланысты без солінің 12-елі ішекке түсуінің қиындауы, арақты оте коп ішкенде без секрециясының күшеюі және дуоденум солінің немесе оттің холедохопанкреастың рефлюкс нәтижесінде, үйқы безі жолдарына түсуі. Осы себептерге байланысты үйқы безінің ферменттері (трипсин, липаза) белсендіріліп, жергілікті тінде деструктивті озгерістер (аутолиз) шақырады.
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ
Патологиялық анатомиясы. Жедел панкреатитгің серозды, іріңді және геморрагиялық түрлерін ажыратады. Серозды панкреатитте үйқы безі үлкейіп, ісініп, болбыр болады. Іріңді панкреатитте үйқы безінде ірінді, жүмсарган ошақтар табылады. Геморрагиялық панк-реатит үшін некрозга үшыраган тіндерге геморрагиялық экссу-даттың сіңіп қалуы және осы ошақтардың жүмсап, болбыр болуы тән. Егер осы жерде некроз үрдісі басым болса - бүл озгерістерді панкреонекроз деп атайды. Некроз ошақтары ақ немесе ақшыл-сары түсте болып бездің сыртқы қабатында да, айналадагы май тіндерінде де стеарин тамшылары түрінде корінеді. Некроз ошақ-тарының айналасында алгашқыда лейкоциттерден түратын, кейінірек макрофагтардан (кейде көпядролы алып жасушалардан) түзілетін сіңбелер табылады
1
2
Информация о работе Бауыр ауруларының патоморфологиялық сипаттамасы