Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 01:27, реферат
Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Көне Грекияның тарихы бес кезеңнен тұрады:
Эгей заманы б.д.д. III-II
Мемлекеттік дәірден бұрын б.д.д.XI-IX ғғ.
Мемлекеттік дәуір б.д.д.VIII-VI ғғ
Кіріспе
Ежелгі Грекиядағы медицина
Гиппократ
Гиппократ жинағы
Қорытынды
Әдебиеттер
ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯДАҒЫ МЕДИЦИНА
ЖОСПАР
Адамзат тарихының дамуына антикалық әлем елдері – Ежелгі Греция (Эллада) мен Ежелгі Рим үлкен әсерін тигізді.
Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Көне Грекияның тарихы бес кезеңнен тұрады:
Бұл кезеңдердің әрқайсысында емдеу әдістерінің дамуының және медициналық білімнің негізделуінің ерекшеліктері болған.Медицина туралы жазылған осы әдебиет көздеріне қарағанда б.д.д II мыңжылдықта көне Грек мемлекетінде медицина аса зор дамыған болып табылады.Б.д.д XI-IX ғғ бұл кезеңді көп уақытқа дейін “Гомер” заманы деп атады. Себебі дейін ежелгі Грекия туралы мәлемет тек қана Гомердің екі поэмасынан ғана белгілі болды. Осы поэмаларда дененің және аяқ –қолдың жаралану түрлері сипатталған. Олардың ішінде жараны емдеу,улы жылан шаққанда көмек көрсету,жараның іріндеуі,оны емдеу әдістері жазылған. Сонымен қатар қан тоқтату,жансыздандыру.
Гиппократ шамамен б.д.д 460-364 ж.ж. өмір сүрген. Оның туып,өскен жанұясында медициналық кәсіп атадан балаға мұра болған делінеді. Гиппократтың ғылыми қазыналарын зерттеушілер оның еңбегінің тарихтағы маңызы туралы былай деген:
-Біріншіден –медицина
өзіне жеке мншікті әдіс
Екіншеден-адам физиологиясымен ағзаларының физиологиялық қалыптан тыс ауытқуы зерттейтін ғылымның кілтін ашқан.
Ежелгі Грецияда медицина дамуы, ортақ «философия» деген ұғымғы біріккен басқа да ғылымдармен тығыз байланысты болды. Ежелгі грек философиясына аппаттық диалектика тән болатын.
Ежелгі Грецияның философиялық ағымдары- материализм мен идеализм- өткір таптық күрестің айнасы.
«Демокриттің материалистік жолы» мен «Платонның идеалистік жолының» күресі, өркендеуші құлиеленушілік демократияның реакционды жерлік құлиеленуші аристократтарымен күресі болды.
Ежелгі Грецияның ойшылдары жаратылыс зерттеушілер болумен қатар, дәрігерлер де болған, дәрі дайындаумен айналысқан. Солардың бірі Демокрит (б.э.д. 460-370 ж. шамасы). Ол «әлемнің негізінде құдай емес, ұсақ бөлшектерден (атомдардан) тұратын материя тұр»,- деп оқытқан. Олар үздіксіз қозғалыста болады. Табиғаттағы алуан түрлі құбылыстарды Демокрит атомдардың түрлі қосылыстарымен түсіндірген. Табиғат біртұтас, әрі үздіксіз қозғалыста тұрады. Атомистік материализм құдайлардың әлем тағдыры мен жекелеген адамдардың тағдырына араласуына қарсылық білдірді.
Табиғатты үздіксіз қозғалыста болатын зат ретінде қабылдау көзқарасы грек философиясының ерекшелігі. Гераклит: «Бәрі ағады, бәрі өзгереді, қозғалыссыз ештеңе жоқ, ғаламның бәрі қозғалыс ағымымен қапталған»,- деп жазған.
Демокрит медицина көңіл бөлген. Ол қабыну, құтырма, тамыр соғуы, ем дәм туралы жазған. Демокриттің медицинадағы материалистік ұстанымы оның :
«Адамдар өз қолдарындағы мүмкіндіктерін білмей, дұға оқу арқылы денсаулықты құдайдан сұрайды. Сабырсыздықпен өз денсаулықтарына қарсылық көрсетіп, өз нәпсісінің арқасында өз денсаулығының сатқыны атанады»,- деген сөздерінде анықталған.
Демокриттің ісін жалғастырушы Эпикур ғаламның шексіздігі мен материяның үздіксіздігін негізге алған.
Эпикурдың ілімі «Геродотқа хат», «Зат табиғаты туралы», «Тита Лкуреция Кара» поэмасында мазмұндалған.
Классикалық уақыт аралығындағы Грек медицинасы философиядағы екі: материалистік және идеалистік бағыттарды айқындады.
Материалистік даму Родосс (Родос аралы, Кіші Азия), Кирен (Солтүстік Африка), Кротон (Кротон қаласы, Оңтүстік Италия), Книд (Книд қаласы, Кіші Азия), Косс (Косс аралды. Кіші Азия) мектептерінде байқалған. Ежелгі Грециядағы бұл мектептерге Пифагор мен Платонның идеалистік мектептері қарсылық танытты.
Олар әлемдегі барлық қозғалыстарға мистикалық сандар (Пифагор) мен мәңгілік «идеялар» (Платон) әсер етеді деп түсіндірген.
Ежелгі Греция медицинасы діннің әсерін, Ежелгі Шығыс елдерінің медицинасына қарағанда, азырақ сезінді. Грек құдайларынан адамдардың жақсы да, жаман да қылықтарын табуға болатын. Емдеуді шіркеулерде, «асклепейондар» деп аталған арнайы орындарда жүргізген. Ақсүйектерге арналған, дәл осылай аталған, бақсы емес кәсіби дәрігерлердің емханалары мен мектептері болған, ұсақ «ятрейлер»- дәрігерлердің үйдегі жеке емханасы да болған.
«Асклепейон» сөзі Асклепийдің есімімен байланысты. Асклепий (латынша Эскулап)- солтүстік Грецияда тұрған дәрігер. Оны құдай деп санаған және грек және әлем әдебиетіне «емдеу ісінің құдайы»- «сауықтырушы» Аполлонның баласы» деген есіммен енгізілген.
Ежелгі Грецияның көптеген дәрігерлері оның ұрпағы болып саналған. Медицинаның жекелеген салаларының қолдаушылары: Гигиея (осыдан «гигиена» термині пайда болған) және Панакея (дәрілік терапия)- оның қыздары болып есептелген.
Көне заман өнерінде Асклепий қолында жылан оратылған таяғы бар бейнеде көрсетілген. Гигиея- туник киген, жылан ұстап, алқа таққан ару кейпінде көрсетілген. Кейіннен жылан бейнесі медицинаның символына айналды. Бұл белгінің мағынасы дәрігер де жылан сияқты данышпан болуы керек дегенді білдіреді.
Ежелгі Грециядағы саны 300-ден астам болған асклепейондардағы емдеу ісі көбінесе сенімге негізделген. Асклепейонның үш құрамдас бөлігінің бірі саналатын абатонда аурулар «қасиетті түнді» өткізген.
Шіркеулік медицинаның негізін түстерді жору құраған. Бақсылар көрген түстері туралы сұрап барып, уқалау, гимнастика, сумен емдеу, аластау сияқты емді бастаған:
Демек, шіркеулердегі бақсы - емшілер қарапайым, көбінесе физикалық әдістермен емдеген. Бірақ, сол емді жасау салт-дәстүрі өте көрнекті, әрі жұмбақты болып көрінген және ол шіркеулік «психотерапияның» негізін салған.
Емдеу ақысы айтарлықтай жоғары болған: ақшалай сыйақы, дененің немесе оның емделген бөліктерінің мәрмәрдан, күмістен немесе алтыннан жасалған бейнесі.
Алдыңғы қатарлы философиялық ілімдер - буырқанған материализм мен қарапайым диалектиканың әсерінен грек медицинасы мен фармациясы қалыптасты.
Ежелгі Греция дәрігерлері ауруды, өз ағымында белгілі сатыларды өтетін, сыртқы ортамен байланысты, дәрігерлік бақылауды талап ететін құбылыс ретінде қабылдау керек деген ұғымды қалыптастырған.
Ауруға деген осындай көзқарастың қалыптасуы, адам физиологиясы мен патологиясын танудың негізгі көзі болумен қатар, дәрілерді пайдаланудың да жаңаша түрлерін игеру мүмкіндігін ашты.
Бұл принциптерді медицинада бірінші болып, «медицина атасы» атанып кеткен, Гиппократ қолданысқа енгізді. (460-377 ж. б.э.д.)
Гиппократ (Ἱπποκράτης) – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді.
Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» (Facіes Hіppokratіca) деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.
Гиппократ «грецияның жоғарғы ішкі гүлденуі» кезеңінде, адам білімінің әр саласында өз атақты өкілдері болған кезде, өмір сүрді. Саясатта бұл - Перикл заманы, тарихта- Геродот пен Фукидид; философияда – Левкипп, Демокрит, Эмпедокл, Сократ және Платон; поэзияда- Пиндор, Срфркл, Эврипид және Аристофан; медицинада – Гиппократ заманы
Гиппократ Косс аралында туған. Әкесі Гераклит жағынан асклепиадтардың атақты ұрпағына жатады және өз ұрпағынАсклепийдің баласы – Подалириден жалғап келген. Асклепийдің ұрпағында жеті Гиппократ болған. Ұлы Гиппократ екіншісі болған.
Дәуір дәрігері бола жүріп, ол Греция мен Кіші Азияның көптеген қалаларында болған, Скифия, Ливия; Қара теңіздің шығыс жағалауын аралаған, Мысырда да болуы мүмкін. Оның дәрігерлік өнері туралы атағы көптеген мемлекеттерге жайылып кетті. Өмірінің соңғы жылдарын Гиппократ Лариссте (Фесалия) өткізіп, сол жерде Демокритпен қатар бір күнде қайтыс болады.
Гиппократ пен бізді 2500 жылдай уақыт бөліп тұр. Осы уақыт ішінде көп нәрсе аңызға айналды. Бірақ, оны аса құрметпен еске алатын замандастарының жазбалары қалды. Гиппократтың сол замандағы медицинаның мақсаты мен мүмкіндіктері және қиындықтары туралы нақты түсінігі болған. Ол өз бойында үлкен дәрігерлік тәжірибе мен адамдар мен оларды қоршаған табиғатты терең түсіну қабілетін ұштастыра білген дәрігер - философ болған. Дәрігерлік өнерді ластайтын көзбояушыларды өте жек көрген. Ол ұлы реформатор, ежелгі грек медицинасының үлкен жетістіктерін дәлелдейтін әйгілі Косс медицина мектебінің басшысы болған.
Гиппократтың және Ежелгі Грецияның басқа да дәрігерлерінің мұрасы, Александр Македонскийдің ізбасары - Птоломей негізін қалаған әйгілі Александрия кітапханасында сақталған., б.э.д. ІІІ ғасырда құралған «Гиппократ жинағында» жинақталған. Олардың бұйрығы бойынша, Александрияға әлемнің барлық түкпірінен ғалымдардың жазбалары әкелінген. Олардың ішінде грек тілінде жазылған 72 медициналық шығармалар болған.
«Гиппократ жинағының» қандай шығармалары нақты Гиппократтың өзінікі, ал қайсысы басқа авторлардыкі деген сұрақ әлі де болса жауабын толық тапқан жоқ. Көптеген зерттеушілер «Афоризмдер», «Болжау», «Індеттер», «Ауа, су, жер туралы», «Сынықтар туралы», «Бас жарақаты туралы», «Ежелгі медицина туралы» деген атақты жұмастырды Гиппократтың өзі жазған деп есептейді. Басқа жұмыстарды оның шәкірттер, баласы және күйеу баласы жазған.
Гиппократ, ауруды - құдайдың жіберген жазасы немесе «қара күштердің» қарғысы деп санамаған, керісінше, материалды субстраттың өзгеруі нәтижесінде, организмнің өмір сүру қабілетін көрсетуі деп есептеген.
Гиппократ ауруды үш түрлі жағдайдың ауысуы деп қараған: дымқылдану, қорыту және жеңілдену. Осыдан аурулардың мерзімі, ырғағы және емдеудің негізгі принциптері туралы ілім туындады:
1) ең бастысы жамандық жасамау;
2) қарама-қайшылықты қарама- қайшылықпен емдейді;
3) өлшем сәйкестігі заңын сақтау;
4) табиғи заңдармен келісе отырып емдеу, басқаша айтқанда, аурудың өз «табиғатын» ескеру, тұрмыс жағдайын, қоршаған ортаның әсерін ескеру.
Гиппократтың гуморальді анықтамасы бойынша, ағзаның өмір сүру қабілеті төрт шырынмен: (дымқылмен, сұйықтықпен), қан, сілекейлі қабық (флегма), сары және қара өтпен анықталады. Бұл шырындардың негізінде табиғаттың төрт бастауының: жылудың, суықтың, құрғақшылық пен ылғалданудың түрлі қосылыстары жатыр. Төрт шырынның әрқайсысына анықталған темперамент сәйкес келеді. Қанға - сангвиниктік, сілекейге (флегмаға)- флегматикалық, сары өтке – холериктік, қара өтке- меланхоликтік темперамент сәйкес келеді.
Адам ағзасында аталған заттардың біреуінің сандық өзгеріске ұшырауы сырқаттануға әкеліп соғады. Гиппократ: «Егер ауру адамға өтке әсер ететін дәрі берсе, запыран құсу, сілекейлі қабыққа әсер ететін дәрі берсе, сілекейлі құсу, т.с.с. болады»,- деп есептеген. Денедегі сұйықтықтың көлемі қоршаған ортаның (климаттың) әсерінен өзгеріске ұшырайды.
Ежелгі гректердің айтуы бойынша, төрт сұйықтықтың әрқайсысының ерекшелігі ағзаның түрлі ауру түрлеріне икемдігін анықтайды және дәрігерден емдеу кезінде әр түрлі тәсіл қолдануын талап етеді.
Екі жарым мың жылдай уақыт өткеннен кейін, орталық жүйке жүйесіндегі қозу және тежелу үрдістерін зерттеу негізінде И.П. Павлов темпераменттің ғылыми негізделген сипаттамасын жасаған. Ол Гиппократ берген сипаттамаға сәйкес келді.
Хирургия саласындағы «Сынықтар туралы», «Бас жарақаты туралы», «Буындарды түзету туралы» шығармалар сынықтарды, жарақаттарды, шығуларды және бас жарақаттарын емдеу туралы түсініктеме берді. «Буындарды орнына салу туралы» еңбегінде «Гиппократ орындығын» сипаттаған. «Гиппократ орындығы»- шығуларды түзету үшін қолданылатын рычагты құрылғы. «Гиппократ тақиясы» деп аталатын қиын хирургиялық таңғыш хирургияда осы күнге дейін қолданылады.
Ежелгі Греция дәрігерлері мәйітті ашумен айналыспағандықтан, анатомиядан арнайы білімдері болмаған. Олардың адам денесінің құрылымы туралы түсініктері эмпирикалық дәрежеде болған. Дегенмен, ежелгі грек дәрігерлерінің оқуы хирургияның дамуында қажетті роль атқарды.
«Гиппократ жинағында» 250 өсімдіктен алынған және 50 жануарлардан алынған дәрілік құралдар тізілген. Гиппократ 60-70 емдік құралдарды пайдаланды. Гиппократ: «Дәрі мен оның қарапайым қасиетін, егер ондай сипаттамасы болса, сен санаңда сақтап қалуың керек. Олардың ішінде ауруды емдеуге қатыстысын, белгілі ауру түрлеріне қанша және қалай әсер ететінін меңгеріп алуың керек. Себебі, бұл- дәріні танудың бастауы, ортасы және соңы».