Ежелгі Грекиядағы медицина

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 01:27, реферат

Описание работы

Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Көне Грекияның тарихы бес кезеңнен тұрады:
Эгей заманы б.д.д. III-II
Мемлекеттік дәірден бұрын б.д.д.XI-IX ғғ.
Мемлекеттік дәуір б.д.д.VIII-VI ғғ

Содержание работы

Кіріспе
Ежелгі Грекиядағы медицина
Гиппократ
Гиппократ жинағы
Қорытынды
Әдебиеттер

Файлы: 1 файл

мед тарих.docx

— 41.26 Кб (Скачать файл)

«Гиппократ жинағы» ежелгі грек дәрігерлерінің қарапайым дәрілерді де, қиын дәрілерді де дайындай алғандығын дәлелдейді. Әр дәрігердің өз дәрілік шикізатының қоры болған және оларды осы мақсатқа арнайы бөлінген ғимараттарда сақтаған. Ондай ғимараттар грекше «apotheca» деп аталған. «Дәріхана» деген сөз осыдан пайда болған. Әр дәрігер өз дәріханасында, құлдардың көмегімен, өз емделушілеріне дәрі дайындаған.

«Жинақта» күрделі дәрілерді дайындаудың сипаттамасы, құрамының саны, жекелеген дәрілердің мөлшерлеу әдісі сипатталған. Мөлшерлер көбінесіе шамамен келтірілген: «бұғының тұяғының үлкендігіндей», «қойдың сүйегіндей» т.б. сияқты.

Ежелгі Грек дәрігерлері пайдаланған көптеген дәрі-дәрмектер көмекші заттар да болып табылған: бал, май, өсімдік шырыны, шарап. Іштей және сырттай пайдалануға мөлшерленген қаты түрдегі күлшелер түрі кеңінен пайдаланылған. Бұл пішін көптеген елдердің фармакопеясында жүздеген жылдар бойы пайдаланып келді. Сұйық дәрілік заттардан «Гиппократ жинағында» ерітінділерді, тұнбаларды, қайнатпалар мен өлшемдерді дайындау жолдары сипатталған. Құрамында тары қайнатпасы қосылған сорпа мен көжелерді және жарма немесе ұннан жасалған, дәмқосарлар қосылған емдік сорпаларды пайдаланғаны туралы жиі ескеріледі. Ішуге пайдаланатын сұйық «кикеон» дәрісін тары ботқасына су, шарап немесе бал  қосып дайындаған. Сумен араластырылған балдан- меликрат, ал бал, су және сіркесудан оксимель дәрілері жасалған.

Ежелгі Грецияда жұмсақ дәрілерден сырттай пайдалануға жақпа майлар, жапсырмалар, суппозиторийлер, буламалар, іштей пайдалануға - пилюлалар, ботқалар мен күлшелер дайындаған. Жақпа май пішінінде өсімдіктік (теңіз жуасы, қара чемерица, емен қабығы, мирра, ладан), жануарлық (өгіздің өті мен бауыры, шпан мушкалары) және минералды (ағартқыш, қыша сазы) заттар пайдаланылған.

Көз ауруларын емдеу үшін жұқа ұсақталған ұнтақтар, жақпа майлар және т.б. басқа дәрілер  пайдаланған. «Қабағың зуылдап қышитын болса, (созылмалы блефарит- қабақ қабынуы) қатты тастың үстіне мыстың кішкене бөлігін уыт та, қабағыңа уқалап жақ. Сосын мыстың қабықшаларын шама жеткенше жұқалап үгітіп, оған піспеген жүзімнің шырынын шүберек арқылы сүзіп, ынтамен аралыастыра отырып қосу керек. Қалған шырынды қызыл мыстан жасалған құмыраға құйып, жайлап, ботқаның қоюлығындай болғанша езу керек. Кепкеннен кейін ұсақтап үгітіп пайдаланады».

Өз тәжірибесінде Гиппократ шөппен емдеуге ерекше көңіл бөлген. Оның табиғи заттарды барынша толық сақтауға тырысқанын, оларды сақтап, орама жасау әдісін ойлап тапқанын, көне дәріханаларда жүргізілген қазба жұмыстары дәлелдейді. Гиппократ өсімдіктерді ұсақталған күйінде пайдалануды ұсынады. Олардың ішінде кездесетіндері: белена, бузина, қыша анар, зверобой, қауын, ирис, қалақай, жуа, қалампыр, жусан, қарағай, асқабақ, сарымсақ, шалфей- барлығы 250-дей өсімдіктер. Жануарлардан алынатын дәрілік заттардан қойдың, өгіздің, қаздың, үйректің, балықтың майлары қолданылған.

Гиппократ сақ болуға, бір дәріні екіншісіне алмастыруға асықпауға кеңес береді.

Гиппократ терапиядағы ерекше орынды ем-дәмге бөлген. Ол сontraria contraries әдісімен емдеген. «Тойынуды ашығу, ашығуды тойыну емдейді, еңбек тынығудың емі және керісінше тынығу-еңбектің емі. Бір сөзбен айтқанда, бір қарама-қарсылық екіншісінің емі, себебі, медицина бұл қосу мен азайту. Бар артықты алып тастап, жетіспегенді қосу. Осыны жақсы түсінген дәрігер- нағыз дәрігер» деген.

Гиппократ есімімен, жалпы дәрігерлердің, оның ішінде фармацевтің де , бейнесі мен этикалық әрекеті байланысты.

«Гиппократ жинағында» дәрігерлік этика мен ежелгі Грециядағы дәрігерлердің тәртіп ережесіне арналған бес шығарма бар. Олар: «Заң», «Ант», «Дәрігер туралы», «Тәртіп туралы» және «Өсиеттер». Олар дәрігерлерді оқытудың және моральды тәрбие беру жөніндегі анықтамалар және «Медицина заңдарына» сәйкес қойылатын талаптар туралы түсініктеме береді. «Медицинаның әсерін танығысы келген адамда табиғи жақындық. білім, жайлы орын, бала кезден тәрбие, еңбекқорлық және уақыт болуы керек» деген («Заң»).

«Дәрігер емдеуді ақысын ойлаудан бастамау керек. Тіпті кей кездері, «ризашылықты минуттық атақтан жоғары» санап тегін емдеуі керек. Себебі, адамға деген сүйіспеншілік бар жерде, өз ісіне деген сүйіспеншілік те болады» («Өсиеттер»). «Дәрігер өз бойында ақшаға деген жиіркенішті, ұяттылықты, қарапайымдылықты, шешімділікті, ұқыптылықты, ой ұшқырлығын, өмірдегі қажеттілік мен пайдасын білуі, кеселге деген жиіркенішті, құдай алдындағы қорқынышты мойындамау, құдайдың құдіреттілігіне сенбеуді тәрбиелеу керек. Дәрігер- құдайға теңестірілген философ» («Тәртіп туралы»).

«Дәрігер үсті-басын таза ұстауы керек, жақсы киім киіп, иісті майлар жағып жүруі керек. Себебі, осының бәрі, әдетте, науқасқа жақсы әсер етеді» («Дәрігер туралы»). Ұстазға, әріптестерге деген құрмет өзгермейтін ереже болып қалыптасқан. Ол ереже б.э.д. ІІІ ғасырда Александрия кітапханасында жазылып, Гиппократ есімімен аталған «Антта» бекітілген. «Қай үйге кірсем де, ең алдымен науқастың пайдасы үшін кіремін».

Ежелгі грек медицинасында Гиппократтан кейін де материализм мен идеализмнің күресі жалғасты. Ежелгі Грецияның идеалистік философиясын Платон (б.э.д. 428-374 жж.) басқарды.

Платон медицинадағы реакциялы ағымның бастаушысы болды. Аурудың алдын алуда да, күтімінде де бай адамдар мен басқарушылармен шектелген, құлдарға медициналық көмектің қажеті жоқ деп есептеген.

Платонның оқушысы- Аристотель (б.э.д. 384-322 жж.) ежелгі дүниенің ең көрнекті ғалымы болды. Дәрігердің баласы, медициналық білім алған. Өлген малдардың өлігін ашып, адам анатомиясының құрылымы туралы шешімдер жасаған.  Ол физиологиялық үрдістерді де зерттеген. Аристотель, ғылыми-тәжірибелік жұмысты болмаған биіктіктерге көтерген, сол замандағы бірінші натуралист болған. Ол Платонның идеалистік оқуын сынға алып, кейбір сұрақтарында материализмге жақын болған. Сонымен қатар, Аристотельге мақсатты бағытты оқу жақын болған (телеология). «Табиғат артық ештеңе жасамайды, табиғат барлығын бір қажеттілік үшін шығарады» деген.

Оның шәкірті, энциклопедиялық білімі бар Эфестік Теофраст (б.э.д. 370-285 ж.) ботаникадан көп еңбектер жазған. Теофрастың сақталып қалған еңбектерінің бірі - «Өсімдіктер туралы зерттеулері»  қызығушылық тудырады.

Ежелгі Греция тарихының қорытынды мерзімі - эллинизм мерзімі деп аталды (б.э.д. IV-I ғ.ғ.). Эллинистік оралықтардың ең ірісі Александрия болды. Онда барлығы 600 мыңнан астам орам қағаздар сақталған және Птоломей тұсында Аристотель мен Теофраст кітапханасымен толықтырылған екі әйгілі кітапханалар болған. Мұнда ішінде обсерваториясы, жануарлар бұрышы, ботаникалық бағы және анатомиялық мұражайы болған Муза Храмы ашылған.

Александрияда медицина әйгілі дәрігер Герофил есімімен байланысты. Ол көптеген дәрілік құралдарды енгізген және «еміне дәрі табылмайтын ауру болмайды» деп тұжырымдаған.  Герофил терапияда күрделі дәрілік заттардың пайдалануына бастау салып, қоспа бөлшек саны көп рецептерді пайдалана бастады.

Басқа атақты дәрігер Эразистрат (б.э.д. 280 ж. қайтыс болған) өлген адам мәйітін ашумен айналысқан және тірі жануарларда асқорыту мүшелерінің қызметін зерттеген, қызылтамыр мен көктамыр арасындағы байланыс жөнінде ойларын айтқан, сезімтал және қозғалтушы жүйкелерді айыра білген.

Герофил мен Эризастраттан кейін александрия медицинасы, Птоломейлер мемлекетінің экономикалық және мәдени құлдырауымен байланысты, өз мағынасын жоғалтты. Герофилдің шәкірті Филин Косский (б.э.д. 310-280ж.) «эмпириктердің» дәрігерлік мектебін ашқан. Олар: «Медицинаның мақсаты- тәжірибелі әдістермен ауруға қарсы тиімді құралдарды іздеу»,- деп есептеген. Эмпирика мектебінің жұмыстарына Героклеиттің (б.э.д. І ғ.) «Сыртқы және ішкі дәрілер туралы»,  «Ем дәм туралы», «Дәрілік құралдарды зерттеуге дайындау туралы» еңбектері жатады. Осы мектептің өкілдері удың қызметін уды қайтаратын затты табу мақсатында оқыған. Осылайша, Митридат VI Евпатюр (б.э.д.120-63 ж.) уды қайтаратын дәріні жасап шығарды және бірнеше жүздеген жылдар өте оған «Mithridaticum» аты берілді. Бұл зат 54 заттан құралған және ғалымның айтуы бойынша, барлық улану түрлеріне қарсы әсер береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Ежелгі Греция медицинасының ерекшеліктерінің бірі дене шынықтыруға,тазалыққа көп мән беру.Мысалы осы уақытөа дейін пайдаланылатын стадион деген сөз сол көне заманнан келеді. Жастарды дене шынықтыру мектептеріне оқытқан. Сонымен қатар көне грек мүсіндерінде адам денесінің сұлулығы,денсаулық айғақтығы ретінде көрсетілген.

Гректер темір, мыс, алтын, күміс, болатты алу әдістерін білген. Ежелгі Греция дәрігерлері минералды жолмен алынған дәрілік құралдар: мыс сульфатын, күкіртті, ашудастарды пайдаланған. Александрия химиктері мүсәтірді ашты. Олар оны табиғи өнім ретінде Аммона (осыдан атауы аммиак) оазисінде өндірген.

Ежелгі Грецияда алтынды-күнмен, күмісті-аймен, мысты-Шолпанмен, қорғасынды - Сатурнмен, темірді-Марспен, болатты - Юпитермен байланыстырған. Металлдарды көк тәңірінің белгілерінің атаулармен атау пайда болды.

Алғашқы қоғам тарихы өзінің ұзақтығымен барлық адамзат тарихының 99% құрайды. Алғашқы қауымдық құрылысты жер жүзінің әр қоғамы басынан өткерді, сондықтан да, адамзаттың болашақ қадамын түсіну үшін адамзат дамуының бастапқы кезеңдерін жете білу керек.

 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Гиппократ  Избранные книги: Пер.с греч. / Гиппократ. – М.: Государственное издательство биологической и медицинской литературы, 1936. – 736с.
  2. Петров Б.Д.  От Гиппократа до Семашко: преемственность идей (Очерки и портреты) /  Б.Д. Петров. – М.: Медицина, 1990.- 168с.
  3. Биғалиева Р.К.  Бүкіләлемдік медицина тарихы: Оқулық / Р.К. Биғалиева. – Алматы, 2004. – 390 б.
  4. Арцишевский А.  Этюды о врачевателях и фармацевтах / А. Арцишевский. - // Казахстанский фармацевтический вестник.- 2002. - №1. – С. 8 – 9.

 

 


Информация о работе Ежелгі Грекиядағы медицина