Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 17:15, реферат
Европа мен Солтүстік Америкадағы экономикасы өркендеген елдерде атеросклероз өте жиі кездеседі. Адам атеросклерозбен, өмірінің екінші жартысында сырқаттанады. Дүние жүзі елдерінің көбінде байқалатын өлім–жітім мен мүгедектіктің басты себептері – атеросклероз бен оның зардаптары. «Атеросклероз» бен «артериосклероз» аталымдарының мәнін ажырата білген жөн. «Артериосклероз» аталымы артерияларда әртүрлі баска да себептер мен механизмдер негізінде туындайтын склерозды атау үшін қолданылады. Ал атеросклеоз – артериосклероздың липидтер мен белоктар дұрыс алмаспағанда дамитын, метаболизмдік түрі. Бұл терминді алғаш рет 1904 жылы Маршан ұсынған-ды, кейін оны Н.Н.Аничков эксперименттік деректермен дәйектей түсті. Сондықтан атеросклероз Маршан-Аничков ауруы деп аталады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) атеросклерозға анықтама, этиологиясы, патогенезі
ә) атеросклероздың клинико морфологиялық көрінісі, белгілері
б) атеросклероздың диагностикасы, емі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер