Көпшіліктің улану жағдайындағы медициналық қызметкердің қимылы.Шақырылған қызметкердің міндеті.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 21:29, реферат

Описание работы

Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі. Балаларыңызды мұндай қасіреттен алдын-ала сақтандыру үшін мынандай қауіпсіздік шараларын жасаңыздар: Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық заттарды ешуақытта кока- коладан, алкоголсіз ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкін.

Содержание работы

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1) Уланудың жіктелуі.
2) Удың түсу жолдары
3) Улардың ағзаға сіңірілуі мен таралуы.
4) Балалардағы ауруханаға дейінгі кезеңдегі жіті улану.
5)Тағамдық уланулар
6)Өндірістік улар және олармен улану
7)Улардың ағзадан шығарылу жолдары.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

улану.doc

— 131.50 Кб (Скачать файл)

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Алғашқы санитарлық медициналық  көмек кафедрасы және акушерия-гинекология  курсымен

 


 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Көпшіліктің улану  жағдайындағы медициналық қызметкердің қимылы.Шақырылған қызметкердің міндеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Жамбаева Ж.

Тобы: 304 «А»МІҚ

Қабылдаған:Тулемирзаева А.Д.

 

 

 

ЖОСПАР

 

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі  бөлім.

1) Уланудың жіктелуі. 
                  2) Удың түсу жолдары

3) Улардың ағзаға сіңірілуі мен таралуы.

4) Балалардағы ауруханаға дейінгі кезеңдегі жіті улану.

5)Тағамдық уланулар

6)Өндірістік улар және олармен улану

                   7)Улардың ағзадан шығарылу жолдары.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі. Балаларыңызды мұндай қасіреттен алдын-ала сақтандыру үшін мынандай қауіпсіздік шараларын жасаңыздар: Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық заттарды ешуақытта кока- коладан, алкоголсіз ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкін.

 

Барынша сақ болатын кең таралған улар:

Егеуқұйрыққа  қарсы қолданылатын у;

Дәрілердің  көп дозасын қабылдау да қауіпті, әсіресе құрамында темір қосындысы  бар дәрілер;

Йод езіндісі;

Хлорлы әк;

Темекілерден;

Каучуктен немесе агаштан алынатын спирт;

Улы жапырақтар, тұқымдар, жидектер мен саңырауқұлақтар;

Үпілмәлік (касторка) дәнектері

Сіріңке;

Керосин;

Бояуларды ерітетін сұйықтар;

Бензин, газолин, тұтатқыш қоспалар;

Сілтілі немесе каустикапық сода

Көп мөлшердегі тұз да жас балалар мен нәрестелер өмірі үшін қауіпті

Бұзылған тағам

 

 

Уланудың  жіктелуі. 
 
Клиникалық ағымының ерекшеліктері бойынша бөлінеді:

 
Жедел улану – ағзаға удың жоғары дозасының нәтижесінде дамиды. Жылдам дамитын симптомдарымен байқалады және бірнеше минут, сағат немесе тәулік аралығында өлімге әкелімен аяқталуы мүмкін, мысалы, синил қышқылы және оның тұздары). Көптеген жағдайларда мұндай улану кездейсоқ болады, бірақ әдейі (криминалдық), суицидтік, өзін өзі емдеу нәтижесіндегі, мед. персоналдың қателігінен болатын жағдайлары да кездеседі. 

Созылмалы улану – ағзаның қандай да бір қызметін зақымдау үшін жеткілікті, ағзада ұзақ уақыт аз дозада қайталап қабылдағанда кумуляцияланатын улы заттарды қайта қабылдағанда дамуы мүмкін. Баяу ағымдаумен және айқын байқалмайтын симтомдарымен сипатталады. 

 
Туындау жағдайына байланысты бөлінеді:

 
Кәсіпқойлық улану – улы заттарды өндіретін немесе пайдаланатын кәсіпорындар мен зертханаларда кездеседі. Техника қауіпсіздігінің ережесінің бұзылуы созылмалы уланудың себебі болып табылады, ал аварияларда жедел улану болуы мүмкін.

 
Тұрмыстық улану – үй және шарушылық жағдайларында улы заттарды дұрыс сақтамау немесе дұрыс қолданбау нәтижесінде дамиды, кездейсоқтыққа жатқызылады. Себебі, тұрмыс пен медициналық мақсатта пайдаланылатын заттың улылығы туралытүсінікті толық білмейді, кей жағдайда ішімдікпен мас болуы нәтижесінде дамиды. Тұрмыстық улануға алкоголизм мен нашақорлық та жатқызылады.

 
Нашақорлық – нашалық заттарға жатқызылатын дәрілік немесе басқа да заттарды медициналық емес тұрғыда пайдалану нәтижесінде туындайтын ауру.  
 
Токсикомания – нашалық заттар тізіміне кірмейтін, бірақ жиі және жүйелі түрде қолданылуы теріс қоғамдық және медициналық маңызда болатын кейбір заттар мен дәрілерді қолданудан туындайтын ауру.  
 
Жедел улануының таралуы әр 1000 адамға 1,7-4,0 –ден келеді, ал госпиталдену деңгейі – 65%. Арнайы токсикологиялық орталықтарға госпиталденгендердің ішінде күйдіргіш сұйықтықтармен жедел уланғандар, негізінен сірке қышқылы эссенциясымен 4,6-21,8% құрайды, әртүрлі медикаменттермен уланғандар, негізінен психотроптық әсердегі -19,7-63,1%, этиль алкоголімен және оның суррогаттарымен уланғандар – 5,9-49,3% құрайды. Фосфорорганикалық инсектицидтермен уланғандарда біршама басым – 0,9-7,6%.Тергеу жүргізуші анықтау ұйымдарының токсикологиялық (соттық) химияның нәтижелерін тапсырмаларды практикада қолдану соттық-химиялық сараптаманың (соттық химиялық зерттеулердің негізін құрайды.

Удың  түсу жолдары

Пероральді (уланудың басым бөлігі, тағам немесе жекеленген жағдайларда), ингаляциялық жолмен, перкутандық жолмен, шырышты қабықша арқылы, парентеральді жолмен, плацента арқылы, қынап арқылы, тоқ ішек арқылы. 
Пероральді улану жолы. Улар ауыз қуысында, асқазанда, ащы ішектесіңіріле алады. У ауыз қуысынан сіңірілгенде бауырға түспейді, бірден жалпы қан айналысына өтеді (бұл жолмен негізнен келесі заттар түседі – цианидтер, никотин, фенол, нитроглицерин, спирт, кейбір заттардың спирттік ерітінділері және т.б.). Удың асқазан және ащы ішек арқылы сіңірілу жылдамдығы удың физика-химиялық қасиеттеріне, рН-қа, асқазан мен ішектің құрамына тәуелді болады. Қышқылдар және қышқылдық сипаттағы заттар (барбитураттар) асқазанның төмен рН-да диссоциацияланбайды және диссоциацияланбаған күйде сіңіріледі. Сілтілер мен сілтілік сипаттағы заттар (алкалоидтар және олардың аналогтары, аминдер) асқазанда сіңірілмейді, себебі диссоциацияланатын болғандықтан, олар ащы ішекте диссоциацияланбаған күйде сіңіріледі. АІТ-де көптеген липофильді және диссоциацияланбайтын заттар сіңріледі.  
Ингаляциялық жолмен улану. Улар газ,бу, және шаңдар күйлерінде түседі. Мысалы, көмірсутектердің хлорлы туындылары, спирттер, күкірт, азот, фосфор, мышьяктың ұшқыш қосылыстары, күкіртті көміртек, синиль қышқылы, ацетон,бензин, диэтиль эфирі, формальдегид, иіс газы және т.б.. У қанға альвеоланың үлкен ауданы болуына, олардың мембранасының жұқа болуына және қанның өкпеге интенсивті түсуіне байланысты жылдам өтеді.

 
Перкутандық жолмен улану. Липофильдік улар дамытады. Мысалы, никотин, аконитин, тетраэтилқорғасын, көмірсутектердің хлорлы туындылары, хлорқұрамды улыхимикаттар, ароматтық аминдер, майлар қатарындағы көмірсутектер (С610), таллий, сынап және т.б. металлдар тұздарының шаңдары. Терінің механикалық және термиялық зақымдалуы оған удың өтуін күшейтеді. 

 
Улардың ағзаға сіңірілуі  мен таралуы.

 Удың ағзаға  тарлуы жолдарын білу ХТА-ны жүргізу үшін өте маңызды: себебі, зеттеу үшін удың максималді концентрациясы болатын мүшелерді алу қажет. Удың таралу жолына ықпал ететін факторлар: олар қан-, және лимфоайналымдарының жылдамдықтары, қан мен мүшелердің белоктарымен байланысу, мүшелер мен ұлпалардың құрамдары мен қызметтік ерекшеліктері, липидтердегі ерігіштігі, иондану дәрежесі, улану сипаты (жедел, созылмалы) және т.б. факторлар.  
 
Дәрілер мен улардың жасуша мембранасы арқылы тасымалдануының бірнеше механизмдері белгілі.  
 
Бірінші түрі тек иондарды, бейтарап, липофильдік және кіші молекулалы заттарды, өткізетін мембрана түрі. Мысалы, этанол, ацетон, фенол және оның туындыларын, бензол, толуол, нитробензол, ароматтық аминдер, хлороформ, дихлорэтан, төртхлорлы көміртек, синиль қышқылы, күкірті көміртек, хлор, күкірт, азот, фосфор, мышьяк құрамды газтәрізді қосылыстар. У жасушаға диффуздық жолмен түседі. 
 
Мембрананың екінші түрінде оның белоктары түскен умен комплекс түзеді. Бұл удың жасуша ішіне өтуіне ықпал етеді.  
 
Тасымалданудың үшінші түрі – бұл спецификалық тасымалдаушылар арқылы өтетін активті тасымалдану. 
 
Мембрананың төртінші түрі оның құрлысының мозайкалық құрылыста болуымен ерекшелінеді, ол липидтік цилиндрлер мен белоктық ұяшықтардан тұрады. Бұл мембраналар арқылы су, аниондар, электролит еместердің кіші молекулалары өте алады.  
 
Удың таралуы мен кумуляциясы – келесі жағдайларға тәуелді: олардың майларда ерігіштігіне, мысалы, липофильділер (анестетиктер, ұйықтатқыштар, седативті заттар, хлорқұрамды улыхимикаттар және т.б.) май ұлпаларында, жілік майы мен бас миларына жылдам сіңіріледі және жинақталады, ұзақ уақытта ыдрайды. Липофильдік улардың таңдаулы улылығы да кездеседі, мысалы, аминазин бас миында жианқталады, хлороформ – жұлында, бензол - жілік майында жинақталады. Жілік майында ауыр металлдардың тұздары (висмут, барий, қорғасын), тетрациклиндер жинақталады.  
 
Сынап және мышьякпен жедел улану кезінде олар бауыр мен бүйректерде шоғырланады, ал созылмалы улану кезінде – тырнақтарда, сүйектерде, шаштарда (As), жүйке ұлпаларында жинақталады. 

 

Балалардағы ауруханаға дейінгі кезеңдегі  жіті улану.

Барлық әлемде медициналық көмекке жүгінудің  ең бірінші себебі - қайғылы оқыға  және улану болып табылады. ХІХ  ғасырдың басында ғылыми химия пайда  болғанда аса улағыш синтетикалық заттар шыға бастады. 
Соңғы он жылда қоршаған ортада негізгі жіті уланатын әр түрлі химиялық препараттар санының - 5 млн атауы бар. 60 мың препарат азық-түлікке қосымша түрде тұрмыста қолданылады дәрілік заттардың (6000 атауы бар), пестицидтердің (1500 атауы бар), тұрмыстық химия препараттары, косметикалық заттар және т.б. 
Балалардағы жіті улану барлық қайғылы оқиғалар арасында, тек қана жарақаттар санына қарағанда 38,1 % құрайды,  
Балалар уланған кезде шұғыл көмек көрсету келесі принциптерге негізделеді. 
1.Әрі қарай түсуін және ағзадан улы заттарды шығаруды тездету. 
2.Спецификалық (антидоты) терапия көмегін қолданумен удан тез залалсыздандыру, ағзадағы улы зат алмасуын өзгерту немесе оның уын азайту жақсы. 
3.Улы заттар-симптоматикалық терапияның ерекше жеңіліске душар ететін, ағзаны қорғауға және қолдауға жолданған, емдеу іс-шараларды жүзеге асыру. 
Оқиға орнында улану себебін, улы зат түрін, оның санын және ағзаға түсу жолын, мүмкін болған жағдайда улану уақытын, ерітіндіге улы затты қосылуын немесе дәрілік препараттар мөлшерін анықтау қажет.  
Cонымен қатар, баланың бұрынғы аурулары және осы уланудың дара немесе топтық екені туралы ақпарат білуі қажет. Жедел жәрдем қызметкерлері стационар дәрігерлеріне баланың жіті уланумен уланғандығы туралы хабарлауы керек.  
Ағзаға улы заттардың тек қана ауыз арқылы (ауызбен улану) ғана түспейтінін, тыныс жолдары (ингаляциялық улану) арқылы да түсуі мүмкін, мұрын шырышы арқылы, көз конъюнктивасы немесе ағзаның әртүрлі қуысына (тікішек және т.б.), сондай-ақ тері арқылы да жұғуын ескеру керек. 
Жіті уланудың клиникалық себептерімен барлық зардап шегушілер, сондай-ақ улануға күдіктенуде шұғыл ауруханаға жатқызылады. 
Шұғыл көмек: 
1.Теріден уды және шырышты ағынды сумен жуу. Көзді 10-15 минут қайнаған сумен жуған жақсы (физ.ерітінді, сүтпен жууға болады). 
2.Асқазаннан уды кетіру: 
а) Көп су ішкеннен кейін жасанды лоқсу немесе тіл тамырын тітікендіру 
асқазанды жумай тұрып және жуғаннан кейін. 
асқазанды жумай тұрып және жуғаннан кейін уды кетіру үшін активтенген көмір (активированный уголь 100-200 мл изотониялық ерітіндіге) енгізу 
Асқазанды жуғаннан кейін өсімдік майын ішке қабылдау керек ( 3 жасқа дейін шай қасықпен, 7 жасқа дейін десерт қасықпен, үлкен жастағы балаларға ас қасықпен), артынша қайталау; ақуыз суы (1 л суға 4-12 көпіршіген ақуыз), крахмалды өлшеп, үн, кисель, сүт.

Тағамдық  уланулар. Бактериялар, вирустар, ұсақ жануарлар немесе өсімдіктермен (мәселен планктон саңырауқұлақтармен, паразиттермен немесе уыттармен зақымдалған шикі өнімдерді адамдар пайдалану салдарынан болуы мүмін). Алайда барлық жағдайда осындай өнімдерді пайдаланған адамдар ауру болады деп санауға болмайды. Бір адамдар ауруға тұрақты болып келсе, кейбіреулері аурумен зақымдалып, аурудың ауыр түрімен ауырыды. «Тағамдық улану» гастроэнтерит терминімен синоним ретінде жиі қолданылады, алайда екеуі бірдей ұғымды білдіре бермейді. Гастроэнтерит түрлі факторлардың әсерінен, сонымен қатар тағамдық уланулар салдарынан болатын асқазан мен ішектің қабынуы.

Уланудың себептері. Бактериялар және басқа да тағамдық жұқпа қоздырғыштары әр түрлі себептермен тағам өнімдеріне түседі, мәселен олар өнімді сатып алып жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке оралған өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы жұқпаның негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде термиялық өңдеуден өтпеген (шикі немесе жартылай шикі) сонымен бірге тоңазытқышта немесе бөлме температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын тағамдар қауіпті.

Тағамдық уланулардың  симптомдары. Ішек жұқпасының симптомдарына жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің жиі ауруы мен түйіліп ауруы жатады. Кейде бұл сипаттар бір екі күнге созылып, арнайы терапияны қажет етпеуі мүмкін. Егер бірнеше күн бойы аталған белгілер кетпесе, (ауыз қуысы құрғаса, бас айналса, несептің түсі сарғыштау болса немесе оның көлемі үлкен болса, жиі дәретке бара берсе) дәрігерге қаралу қажет.

Келесі жағдайларда  жедел жәрдем қызметін шақырыңыз  немесе ауруханаға барыңыз:

- балада, жүкті әйелде, созылмалы  аурулары бар адамда немесе  егде адамда тағамдық улану болған жағдайда;

- көздің көруі анық  болмаса, жұтынуға, сөйлеуге қиындық  туса (бұл ботулизмнің өнімдерді  дұрыс консервілемеу салдарынан  болатын өте бір сирек түрі  болу мүмкін)

Асқынулар:

- кейбір дене мүшелерінің  құрғақ тартуы (ерін мен тілдің  құрғауы, теріні бүктеуге болатындай жағдайға келуі, соның салдарынан кейін олар ақырын жиналады, көз шүңірейеді, қатты шөлдейді, жиі демалады және несеп шығаруы әлсірейді);

- ботулизм жағдайында  респираторлы жолдардың салдануы  болады;

- ботулизм салдарынан  өлу жағдайлары өте сирек кездеседі.

Дәрігер не істеуі мүмкін?

Тағамдық уланудың себебін  анықтайды, сонымен қатар осындай  симптомдарды ұқсас ауыр аурулар  диагнозын тізімінен алып, сіздің жазылуыңызға әсер ететін тиімді ем тағайындайды.

Өндірістік  улар және олармен улану

Химиялық заттардың  жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек  ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында,тау-кен,машина жасау,мұнай,жеңіл өнеркәсіпте т.б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында,белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді.Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде 7 млн.астам химиялық заттан түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда.Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар/токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі. 
Экотоксикология - өндірістік уларды зерттейтін пән болып табылады.Ол өндірістік улардың ағзаға әсер етуін, қауіптілігі мен зияндылық деңгейін, гигиеналық тазалық сақтау нормативтерін шараларын ұйымдастырып нұсқау беріп отырады. 
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады. 
Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі ,бензолмен уланған - қан айналым мүшелерін айтуға болады. 
Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы,ісу,тері және шырышты қабаттың іріңдеуі – әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында туындайды. Тікелей эсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен сипатталады. 

Информация о работе Көпшіліктің улану жағдайындағы медициналық қызметкердің қимылы.Шақырылған қызметкердің міндеті.