Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 21:29, реферат
Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі. Балаларыңызды мұндай қасіреттен алдын-ала сақтандыру үшін мынандай қауіпсіздік шараларын жасаңыздар: Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық заттарды ешуақытта кока- коладан, алкоголсіз ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкін.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1) Уланудың жіктелуі.
2) Удың түсу жолдары
3) Улардың ағзаға сіңірілуі мен таралуы.
4) Балалардағы ауруханаға дейінгі кезеңдегі жіті улану.
5)Тағамдық уланулар
6)Өндірістік улар және олармен улану
7)Улардың ағзадан шығарылу жолдары.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Науқас самай және маңдай
аймағындағы ауырсынуларына, бас айналу,
бастың ауырлық сезімінің пайда болуына
шағымданада, жүрек айнуы, құсу байқалады.
Нерв жүйесізақымдалуының уланудың уауыр
дәрежесіне байланысты: ұзақ естен танумен
сипатталады, оматозды жағдайға дейін,
ал жеңіл улану формасында координацияның
бұзылысы тоникалық тітіркендіргіштер,
миофибриляция, естің бұзылуы және ориентацияның
уақытша бұзылуына әкеліп , көру-есту галюцинацияларына
дейін.Орталық гиперемияның өсуі мидың
токсикалық ісінуі алғашқы белгілері
болып келеді. Сыртқы тыныс алу функциялары
бұзылады. Жиі тамақ қышуы, тынысының ауырлығы
даусының қарлығуы, көбінесе қақырықпен
болатын жөтелге шағымданады.Аускультацияда
құрғақ немесе сулы қырылдар естіледі
СО уланудың жедел және созылмалы болуы
мүмкін.Жедел улану Бұған қан өзгерістері,
нерв жүйесінде, гемнің функциялық бұзылыстары
және жүрек тамыр жүйелері, терінің трофикалық
зақымдалуымен сипатталады.Уланудың жеңіл
дәрежесі, жалпы әлсіздік, құлақта шу,
кейде құсу және жүрек айнуы, көп үйықтау.
Айқын тахикардия көрінеді. Қанда 20-30 %
HbCO дейін анықталады ал қалыпта 5% дейін.
Уланудың орташа дәрежесі, науқасты қатты
бас аурулары мазалайды, бас айналу, , айқын
ентікпе, тахикардия, үзіліспен естен
тану, еріксіз қозғалыс, п.б. Тері және
ашық шырышты қабаттар қығылт қызыл түсті
болады. НвСО қанда 35-40% құрайды.Уланудың
ауыр дәрежесі , бірден п.б. , генерализденгентоникалық
және клоникалық еріксіз қозғалулар п.б.
бұлшық еттердің топтық фибрилярлы тітіркенуі.
Еріксіз зәр шығару және дефекация. Тынысы
беткейлі, жиі, айқын тахикардия артериялық
қысымы тез төмендейді,. Қанда НвСО деңгейі
50% - ға және одан жоғары болады. Кейде терінің
трофикалық зақымдалуы ісіну, эритема,көпіршік
түрінде зақымдалады.
СО уланудың жедел ағымы аурудың ауырлық
дәрежесіне және нерв жүйесінің зақымдануына
байланысты. Жеңіл және орташа дәрежесінде
жазылу мүкіндігі бар. Ал ауыр дәрежесінде
кезеңдік қалдықтарды, клиникасында қозғалысқа
шағымданады, психикалық бұзылыстарға
ретрогратты амнезияға, фобия, галюцинация
, саңдырақтау паркенсанизм синдромы жиі
кездеседі.
Созылмалы улану.
СО аз концентрациясының ұзақ әсер
етуінен п.б. сонымен қатар СО мен уланудың
жиі болуына әкеледі.
Созылмалы уланудың негізгі әсері, аурудың
алғашқы стадиясында ОНЖ функцияларының
бұзылысына әкеледі. Бұл бұзылыстың клиникалық
көрінісі ангиодестониялық синдромның
вегететивті дисфункциясы немесе астенияның
тууына әкеледі. Субьективті бастың аурысынуы,
бастың айналуы және баста шудың болуы,
жүрек қағысы, тез қажу, үйқының , естің
бұзылысы, кейде артериялық қысымның жоғарылауы
болады.
Жеңіл созылмалы
СО улану ұзақ уақыт аралығында қатынасты
тоқтатқанда толық жойылуы мүмкін. Науқаста
айқын улану стадиясында, нерв жүйесінің
органикалық өзгерісімен сипатталады,
жиі потологиялық ұрдістердің өршуі байқалады,
СО мен қатынасты тоқтатқандығына байлынысты
болсада.
Диагностика. СО созылмалы уланудың диагностикасы
үлкен ауыртпашылықтармен байланысты,
азғана СО көлемінің әсері кезінде клиникалық
көрінісі бейспецификалық.
Дұрыс диагнозды қою үшін науқастың еңбек
жағдайын, жұмыс зонасындағы СО концентрациясын,
газбен ұзақ қатынаста болғанын ескеру
қажет. Бұдан басқа, қоршаған ортаның басқа
факторларының әсерін алып тастау, бұл
нерв және жүрек тамыр жүйесінің өзгерістерін
тудыру мүмкін.
Қанның құрамындағы гемоглабинді емес
темір плазмасын және порфиринді айналымның
бұзылысының жоғарлауының диагностикалық
маңызы өте зор.
Емі. Жедел уланған нуқас жедел мидециналық
көмекті керек етеді.Бұндай науқастарды
дереу таза ауаға шығару керек,тыныштық
жағдайын жасап, суықтатып алмау керек.
СО мен жеңіл дәрежесімен уланған науқасқа
оксигенотерапия, кофеин, вдәрумендер
С, ВtB2 Bg, С ци тохромды егу, аяққа
горчичник немесе қыздырғыш, Тынысы тарылған
кезде көктамырға лобелии ді егу.Тынысы
мұлдем тоқтап қалса өкпенің жасанды вентеляциясын
жүргізеді, яғни удың ағзадан шығуын күшейтеді.
Психоматорлық қозуда, сандырақтағанда
галюцинацияларда : аминазин, димидрол,
барбитураттарды тағайындайды. Содай
ақ мынадай қоспаларды еккен жөн: 5% -500мл
глюкоза 5%-20мл аскарбин қышқылы және 2%50мл
новокаин ертінділерін. Ауыр дәрежеде
гипербариялық оксигенация. Егерде бас
миінің ісінуі байқалса, онда эндолюмбальдық
пункция жасап,10-15 мл жұлынның сұйықтығын
алу.
Уланудың созылмалы түрінде оның клиникалық
көріністеріне байланысты седативтік,
дәрумендер, глюкоза, оксегенатнрапия
тағайындайды.
Уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек
Егер уланды деп күдіктенсеңіз, дереу мыналарды жасаңыз:
егер жас сәби ұйықтамай, тынышы кетсе, оны құстырып тастаңыз. тамағына сұқ саусағыңызды салыңыз немесе бір ас қасық ипекак сиропын, артынан бір стакан су ішкізіңіз, әйтпесе оған иіс сабын мен ас тұзы қосылған су ішкізіңіз (бір кесе суға 6 шай қасық тұз қосыңыз).
егер қол астыңызда активтенген көмір езілген бір кесе су болса, соны беріңіз, ересек адамға бұл микстурадан 2 стақан ішкізіңіз.
Алдын-ала сақтандыру
Керосин, бензин не күшті қышқыл, ащы, зәрлі заттарды (сілтілерді) ішіп қойған адамды және есінен танып жатқан адамды зорлап құстырушы болмаңыз: егер оның тынымы кетіп сабырсыздана бастаса, оған ішіндегі уды еріту үшін көбірек су, не сүт беріңіз (жас балаға әрбір 15 минут сайын бір стақаннан су беріп отыру керек). Зардап шеккен адам егер тоңып түршігіп жатса, үстіне көрпе жабыңыз, бірақ оны тым ыстықтатып тұмшаламаңыз. Ауыр халде жатса, онда оған дәрігерлік білікті көмек ұйымдастыру жағдайын ойластырыңыз.
Иісті газбен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек.
- иісті газбен уланған
жағдайда иісті адамның иісті
газбен демалуына жол бермеу
қажет
- зардап шегушіні таза ауаға алып шығу
керек
- егер зардап шегуші есін білсе, оны жатқызып,
оның тыныштығы мен таза ауамен тыныстауын
қамтамасыз ету қажет (газетпен желпу,
желдеткіш немесе кондиционер қосу)
- егер зардап шегуші есінен танып қалса,
жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша
жүрегіне жабық массаж және жасанды тыныстандыру
әрекетін жасау қажет
- Естеріңізде болсын, зардап шегуші адамды
иісті газ концентрациясы бар жерден алып
шығу кезінде уланып қалмас үшін алдымен
өзіңізді қауіпсіздендіріп алыңыз. Бұл
үшін тез әрекет ету қажет және қол орамал
немесе марля арқылы тыныс алған жөн.
Улардың ағзадан шығарылу жолдары.
Улар мен
оның метаболиттерінің шығарлуының
негізгі жолдары: зәр, нәжіс, слекей,
тер, шығарылған дем, сүт. У бір немесе
бірнеше жолдармен шығарылуы
мүмкін.
Бүйректер арқылы суда
еритін, кіші молекулалы заттар, ионданғандар
және бейтарап заттар шығарылады. Органикалық
әлсіз негіздік улар (хинин, амитриптилин,
кофеин, теофиллин, ацетанилид, антипирин
және т.б.) қышқылды зәрде жақсмы шығарылады,
қышқылдық улар (барбитураттар, салицилаттар,
СА, антикоагулянттар және т.б.) – сілтілік
зәрде жақсы шығарылады. Күшті электролиттер
зәрдің рН мәніне тәуелсіз шығарылады.
Бүйректер арқылы шығарылу жылдамдығы
удың қан плазмасы белоктарымен байланысу
дәрежесіне тікелей байланысты.
Ішек арқылы,
өт улардың жоғары молекулалы конъюгирленген
метаболиттерін шығарады, удың ішек-бауыр
жүйесі бойынша айналымы болуы мүмкін
(билирубин тәрізді). У ішектің шырыштары
арқылы да шығарылады (ауыр және жер-сілтілік
металдардың тұздары).
Өкпе арқылы ұшқыш
сұйықтар және газ тәріздес заттар шығарылады:
СО, күкіртті сутек, этанол, диэтил эфирі,
ацетон, бензол, бензин, кейбір көмірсутектердің
хлорлы туындылары, улардың ұшқыш метаболиттері,
мысалы, СО2).
Сүт арқылы анасынан нәрестеге этанол,
аспирин, барбитураттар, кофеин, морфин,
никотин және басқалар түсуі мүмкін. Сиыр
сүтінде өсімдіктерді өңдеген кейбір
пестицидтер болуы мүмкін.
Терлегенде ағзадан мышьяктың, кейбір
ауыр металдардың қосылыстары, бромидтер,
йодидтер, хинин, камфора, этанол, ацетон,
фенол, көмірсутектердің хлорлы туындылары
және т.б. шығарылады. ХТА үшін бұл шығарылу
жолы аса маңызды емес.
Детоксикация әдістері.
Детоксикация – бұл уларды залалсыздандыру
және ағзадан шығарылуын күшейту процессі.
Үш түрлі әдісі бар: 1. белгілі бір табиғи
физиологиялық процесті күшейту, мысалы,
(құстыру, асқазанды шаю, ішектерді шаю,
мезгілсіз диурез, гипервентиляция); 2.
жасанды детоксикация (гемодиализ, перитонеальдық
диализ, гемосорбция, қанды алмастырып
құю және т.б.); 3 антидоттық терапия әдістері.
Улану кезіндегі құсу өздігінен жүретін
акт болуы мүмкін, оны жұтқыншақты немесе
тілдің түбін тітіркендіру арқылы немесе
дәрімен (апоморфин және т.б.) арқылы жүргізуге
болады. Қышқылдар немесе сілтілермен
уланғанда құсу өңештің зақымдалуына
әкеледі және тыныс алу жолдарын күйдіруі
мүмкін.
Асқазанды шаю – көп ретті 4-6 сағат сайын
жүргізіледі (АІТ шырышы бөліп шығару
мүшесі болып табылады), ФОЗ, нашақорлық
заттармен, қышқылдармен уланғанда, құсқанда
қарынды толық босатпайтындай етіп шаю
процессін жүргізеді. Қышқылмен уланғанда
содамен шаюға болмайды, себебі, бөлінетін
СО2 асқазанды кеңейтіп, ауырсынуды
және сіңірілуді күшейтеді (?). тырысуды
дамытатын уларды (стрихнин және т.б.) қабылдағанда
олардың әсерін күшейтетіндіктен зондты
енгізуге болмайды.
Асқазанды шайғаннан кейін активтелген
көмірдің судағы суспензиясын, басқа да
сорбенттерді, іш өткізгіш заттарды, мысалы,
вазелиндік майды (100-150 мл) (ол гидрофобтық
уларды ерітеді) тағайындайды.
Мезгілсіз диурез. Қан ағынынан уды аластау.
Зәрді сілтілендіру үшін вена ішілік жолмен
натрий лактатын, натрий гидрокарбонатын,
трисаминді енгізеді. Қанның сілтіленген
кезінде ұлпалардан барбитураттар шығарылады.
Бұл әдіс белоктармен мықты байланысқан
немесе липофильді улармен уланғанда
қолданылмайды.
Гипервентиляция. Ұшқыш улармен (спирты,
бензин, ацетон, хлороформ, трихлорэтилен,
бояуларға арналған еріткіштер және т.б.)
уланған кезде гипервентилляцияны жасанды
тыныс алу аппаратын қолдану арқылы жүргізеді.
Гемодиализ. «Жасанды бүйрек» қондырғысы
көмегімен кіші молекулалық массадағы,
диализге қабілетті (барбитураттар, изониазид,
дифенилгидантоин, хлордиазеэпоксид,
этиленгликоль, метанол, ССІ4, анилин,
хинин, сірке қышқылы, фенотиазин туындылары,
сынаптың, мышьяктың, кадмийдің, қорғасынның,
фторидтердің ерігіш тұздарымен уланғанда
қолданылады. Уланудың алғашқы тәулігінде
өте жоғары тиімді болады.
Перитонеалдық диализ, перитонеалдық лаваж,
іш диализі. Іш бөлігіне белгілі бір рН
мәндегі (удың табиғатына байланысты)
ерітіндіні енгізеді. Оған у қаннан өтеді,
ал мембрана қызметін іш көеті атқарады.
Гемосорбция (гемоперфузия). Детоксикатор
приборы көмегімен жүргізеді. Барбитураттар,
салицилаттар, глютетимидтер, наперстянка
гликозидтерімен, фенотиазин туындысымен,
улы саңырауқұлақтармен және т.б. уланғанда
қолданады. Сорбент ретінде активтелген
көмір, ионалмастырушылар (иониттер) қолданылады.
Жанама әсері – тромбоциттердің мөлшері,
АҚ төмендейді, оны болдырмау үшін сорбентті
альбуминмен немесе акрилдік гидрогельмен
жабады.
Қанды алмастырып құю. Қан шығару және
қанды донорлық қанмен немесе плазма алмастырғашпен
алмастыру.
Антидоттар көмегімен детоксикациялау
(уға қарсы заттар). Антидоттар – бұлар
уларды инактивтендіруге қабілетті (химиялық
антидоттар) немесе олардың әсерін антогонистеуге
қабілетті заттар. Антогонистерді физиологиялық
антидоттар деп атайды. Оларға атропин,ф
изостигмин, налорфин, хлорпромазин, дифенгидрамин
(ешқандай аналептикті қолдануға болмайды!!)
жатқызылады. Үшінші топты әртүрлі биохимиялық
реакцияларға қатысатын және улардың
әсеріне қарсы тұратын антидоттар құрайды.
Уланудың тек 2% ғана антидоттармен емделеді.
АІТ уларын
бейтараптандыруға арналған химиялық
антидоттар.
1. Активтелген көмір. Аспиринмен, ацетаминофенмен,
парацетамолмен, ұйықтақыштармен, антидепрессанттармен
уланғанда қолданылады. 2. Галлодубиль
қышқылы (танин) –алкалоидтарды (апоморфин,
гидрастин, стрихнин, вератрин және т.б.),
металлдар (Al, Pb, Ag), кейбір гликозидтерді
адсорбтейді, дозасы – 1 литр суға 3-5г,
гепатоулы, тек асқазанды жуу үшін қолданады.
3. магний оксиді – коррозирлеуші қышқылдардың,
арсиннің, арсиниттердің және арсенаттардың
антидоты; СО2 –ні бөлмейді және
іш өткізгіш болып табылады, дозасы 1 литр
суға 24-50г. 4. әлсіз қышқылдар – 1% сірке
қышқылы суға 1:4.5 қатынасындай, калий перманганаты
– алкалоидтар (стрихин, никотин, физостигмин,
хинин), антидоты, дозасы 1 литр суға 0,1г,
асқазандыналған, оны да таза сумен шаю
қажет. 6. натрий бикарбонаты – темір сульфаты
үшін антидот, күшті қышқылдармен уланғанда
колдануға болмайды. 7. Са-дің ерігіш тұздары
– қымыздық қышқылы тұздарымен, плавик
қышқылы, кальций лактаты тұздарымен уланғанда
1 литр суға 15-30г , Са хлориді нгемесе глюконаты
10-20% ерітінді, асқазанды шаюға дейін немесе
шаюдан кейін енгізеді. 8. күкіртқышқылды
магний – Ва мен Pb –дердің ерігіш тұздарына
арналған антидот, 2% және 5% ерітінді түрінде,
асқазанды шаю үшін іш өткізгіш ретінде
(30грамын 300 мл суға ерітіп) қолданылады.
9. аммоний ацетаты –формальдегид антидоты
(метгенаминнің түзілуі), 0,5л суға 5мл асқазанды
шаюға арналаған. 10. мыс сульфаты –фосфор
антидоты, бірақ оның өзі у болуы да мүмкін.
10. натрий хлориді– күміс нитратының антидоты,
асқзанды шаюға арналған физ-ерітінді,
бромидтермен уланғанда олардың шығарылуын
күшейту үшін суға 1гр ерітілегн тұзын
енгізеді, калий немесе натрий бромидтерімен
улану белгілері жойылғанға шейін береді.
11. йод тұндырмасы – Pb, Hg, Ag, хинин, стрихнинді
бөліп шығарады, 100 мл суға 15 тамшы, сонан
кейін асқазанды таза сумен шаю. 12. бромбензол
– селенге арналған антидот, асқазанды
шаюға арналған, жалпы дозасы 1 г-нан артық
емес. 13. Сүт. Ауыр металлдармен уланған
кезде. Алкалоидтармен, гидрофобтық улармен
уланған кезде (орг.сольвенттер, мұнай
дистллаттары, трихлорэтилен, фосфор және
басқалары). Сүт пен су қатынасы 1:1, асқазанды
шаю үшін пайдалануға болады. Сұйытылмаған
сүт дозасы 250-300мл енгізіледі, құсқызу
үшін. Мыс сульфатымен, кротон майымен,
хлораттармен, тиогликоль қышқылымен
уланғанда жеңілдетуші зат ретінде береді.
14. Жұмыртқа белогы. Ауыр металлдар тұздарымен,
алкалоидтармен уланғанда қолданылады.
15. Крахмал – йод антидоты. 1 литр суға
80г, асқазанды көгерген түсі жойылғанға
шейін шаюға қолданылады. 16. сабынды ерітінді
– катиондық детергенттерді жұтылдыруға
арналған антидот, 200 мл суға 5-7 г, қайталап
құсқызу үшін.
Хелаттүзуші агенттер.
1 . димеркаптол (сульфатин, дикаптол, димерол,
BAL). 10% арахис майы + 10-20% бензил бензоаты,
оның перігіштігін жоғарлату үшін қолданылады.
При отравлении As және оның қосылыстарымен,
сынаппен, алтынмен, висмутпен, хроммен,
антиомнимен, Со, мырышпен, мыспен, никельмен
уланғанда қолданылады. Күміс, теллур,
уранмен, кадмиймен, қорғасынмен, ванадиймен
уланғанда, бауыр-бүйректік қызметтің
ауыр жетіспеушілігінде тиімділігі болмайды.
Жанама әсерлері – белоктардағы дисульфитдтік
байланыстарды қалпына келтіреді, инсулинді,
цитохромоксидазаны инактивтендіреді,
мысты, мырышты, Са, магнийді бекітеді,
артық дозасы эритеманы, миалгияны, лоқсуды,
құсуды, өкпе қабынуын, саливацияны, жас
ағуын, бүйрек зақымдалуын, дене тырысуын,
команы, коллапсты дамытады. 2. динатрийлік
кальцитетрацемат (эдетамин, ЭДТА, келатон,
мосатил). Қорғасын, никель, хром, темір,
мыс, марганец, кадмий, кобальт және т.б.
металлдармен уланған кезде қолданылады,
ал сынаппен уланған кезде әсері төмен,
10% ерітіндісі вена ішілік, пероральді
2-3 г ересек адамға беріледі, жанама әсері
– нефроулы. 3. Дикобальтті тетрацемат
(Со эдетат, келацианор). Синиль қышқылы
және оның тұздарымен уланған кезде қолданылады.
20 мл флакондарда шығарылады, артық дозасы
– гипертензия, жалпы қалпы ашәлкестік
(дурнонота). Кенеттен пайда болатын лоқсу,
құсу, беті ісікті және т.б.. 4. Десфериоксамин (десферал)
– темірмен уланғанда және гемохроматозда
қолданылады. Пероральды немесе вена ішілік
қолданылады, гипотонияны дамытуы мүмкін.
5. Д-Пеницилламин ( купренил, купримин)
– мыспен, сынаппен, қорғасынмен, алтынмен
басқа да металлдармен уланғанда қолданылады,
гепатоцеребралды дистрофиядан емдеу
кезінде қолданылады. Капсула, таблетка
1-2 г б/д дозасы 4-5 г күніне 4-6 рет, В6 –мен
бірге беріледі. Жанама әсері аллергиялық
тромбоцитопения, нефротоксикалық синдром,
эпидермалық некролиз, қарсы әсері пенициллинге
аллергия болғанда. 6. Диэтилдитиокарбамат
– мыс хлоридімен, никель-карбонилімен,
полониймен, Вильсон-Коновалов ауруын
емдеу кезінде қолданылады, қарсы әсері
таллиймен уланғанда, себебі хелаттық
комплекс жинақталады және ОЖЖ-да ыдырайды.
7. Натрий димеркаптосукцинаты – сынаппен
уланғанда, қорғасынмен созылмалы уланғанда,
ЭДТА- Na2Ca –мен салыстырғанда жеңіл
өтеді.
Басқа хелаттаушылар. Натрий тиомалаты
– Аs, сынаппен уланған кезде қолданылады.
Натрий диаминоциклогексантетраацетаты
– кадмиймен уланған кезде қолданылады.
Этилентетрасірке қышқылының диэтиламинооксиді
стронцийді хелаттау үшін қолданылады.
Диэтилтриаминопентасірке қышқылы –
радиоизотоптармен, қорғасынмен, темірмен,
мырышпен, марганецпен уланған кезде қолданылады.
Тиола-2-
АХЭ реактивтеушілері. Олардың қолданылуы
уланудың ұзақтығына байланысты. Егер
емдеуді бірден бастаса, онда удың р атомы
мен АХЭ активті орталығындағы гистидиндегі
Nатомы арасындағы байланыстар ажыратылады
және АХЭ активтілігі қайта қалпына келеді.
Емдеу кеш басталғанда фермент реактивтелмейтін
қартайған формаға айналады (фосфорилді
дезалкилдендіру және Р мен АХЭ эстеразалық
орталығындағы байланысты тұрақтандырады),
активтілігі жоғарламайды. Реактивтеушілер
– альдоксиндер: пралидоксим (контратион)
және обидоксим (токсогонин, пирангит),
гематоэнцефалдық кедергі (ГЭК) арқылы
өте алады.
Физиологиялық антидоттар.
Витаминдердің антидоттар
ретіндегісі. Витамин К – кумаринмен
және андандионмен уланған кезде, Вит.В12 –
цианидтермен уланған кезде, вит.С – метгемоглобинтүзушілермен
уланған кезде қолданылады, вена ішілік,
күніне 3 рет дозамен. Вит.В6 – изониазидпен,
оның антагонистері пируват, кетоглутарат
болып табылады. Басқа кетоқышқылдар,
гемин және т.б., вена ішілік 500мг, сонан
кейін 250 мг-нан әрбір 8 сағат сайын 2-3 күн.
Фоль және фолиня (ТГФК) қышқылы. Метотрексат
және аминоптерин (антиметаболиттер) редуктазаны
ТГФК және НҚ снитезі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Шрейдер Ю.А. Этика. Введение в предмет.-М.,2005.
2.Малеина М.Н.
Человек и медицина в
3.Медицинская этика и деонтология.-М 2005
4.Иванюшкин А.Я. Профессиональная этика в медицине.-М.,2008
5. Шрейдер Ю.А. Этика.Введение в предмет.-М.,2005
6.Молдабеков
Ж.Ж. Этика-кәсіби этика –
7. www.info-health.eisz.kz
8. //www.google.kz/