Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 17:04, реферат
Описание работы
Кәсіптік ауру - бұл еңбек жағдайының және жағымсыз өндірістік факторлардың организмге және қосарланып жүретін сырқаттылықты айтамыз. Кәсіби патология клиникалық саласы және бөлімі; ол ішкі медицинадан этиологиясың қағида бойынша бөлінген және өзінше бірқатар ерекшеліктерден тұрады.
Содержание работы
Кәсіптік ауруының анықтамасы. Кәсіби патологияның даму кезеңдері. Кәсіптік ауруының этиологиялық факторлары. Кәсіптік ауруының жіктелуі. Кәсіптік ауруының клиникасының тапсырмалары, Қазақстанның кәсіби патология қызметін ұйымдастыру. ҚР заңдарымен, ҚР 243 12.03.2004ж. ДСМ бұйрығымен, құрылымдық материалдармен, кәсіби патология тапсырмаларымен айналысатын медициналық мекемелермен таныстыру. Дәрігер – профтологтың. Кәсіптік ауру мен кәсіби улану бойынша тіркеу, есепке алу және есеп беру. Кәсіптік ауруының басқа гигиеналық және клиникалық пәндермен байланысы. Кәсіптік ауруының диагностикасының ерекшеліктері. Өнеркәсіптін кәсіпорындар мен ауылшаруашылық өндіріс жұмыскерлерін қайта және кезеңдік медициналық тексерістен өтудің негізгі тапсырмалары. Медико - әлеуметтік сараптама, еңбек реабилитациясы мен диспансеризациясының негізгі принциптері. Еңбекке қабілеттілік пен оның бұзылыстары туралы түсінік. МСС кәсіптік ауруының клиникасындағы негізгі тапсырмалары. Мүгедектік тобы мен оларды анықтау критерилерін анықтау түсінігі. ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің № 243, № 294, № 709 бұйрығы бойынша жұмыс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСІРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЕЛЕКЕТТІК
ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ТЕРАПИЯ БАКАЛАВРИАТ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы:Кәсіби
паталогияны анықтауға қажетті құжаттар
Орындаған: Бескенова
Г
Тобы:310 «Б» ҚДС
Қабылдаған: Дәріпбекова Қ.Ж
Шымкент 2014ж
Жоспар
Кәсіптік ауруының анықтамасы.
Кәсіби патологияның даму кезеңдері.
Кәсіптік ауруының этиологиялық
факторлары.
Кәсіптік ауруының жіктелуі.
Кәсіптік ауруының клиникасының
тапсырмалары, Қазақстанның кәсіби патология
қызметін ұйымдастыру.
ҚР заңдарымен, ҚР 243 12.03.2004ж.
ДСМ бұйрығымен, құрылымдық материалдармен,
кәсіби патология тапсырмаларымен айналысатын
медициналық мекемелермен таныстыру.
Дәрігер – профтологтың.
Кәсіптік ауру мен кәсіби улану
бойынша тіркеу, есепке алу және есеп беру.
Кәсіптік ауруының басқа гигиеналық
және клиникалық пәндермен байланысы.
Кәсіптік ауруының диагностикасының
ерекшеліктері.
Өнеркәсіптін кәсіпорындар
мен ауылшаруашылық өндіріс жұмыскерлерін
қайта және кезеңдік медициналық тексерістен
өтудің негізгі тапсырмалары.
Медико - әлеуметтік сараптама,
еңбек реабилитациясы мен диспансеризациясының
негізгі принциптері.
Еңбекке қабілеттілік пен оның
бұзылыстары туралы түсінік.
МСС кәсіптік ауруының клиникасындағы
негізгі тапсырмалары.
Мүгедектік тобы мен оларды
анықтау критерилерін анықтау түсінігі.
ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің
№ 243, № 294, № 709 бұйрығы бойынша жұмыс
Кәсіптік
ауру - бұл еңбек жағдайының
және жағымсыз өндірістік факторлардың
организмге және қосарланып жүретін сырқаттылықты
айтамыз. Кәсіби патология клиникалық
саласы және бөлімі; ол ішкі медицинадан
этиологиясың қағида бойынша бөлінген
және өзінше бірқатар ерекшеліктерден
тұрады.
Кәсіптік аурулардың
дамуында кәсіптік зияндылық және маңызды
роль атқаратын сырқаттар (силикоз, қорғасынмен
улану, вибрация дерті) жатады және белгілі
өнеркәсіптік жағдайда жиі кездесетін
сырқаттар, кәдімгі жағдайларға қарағанда
(урсолмен контактыда жұмыс істегендегі
бронхиальды демікпе, беизолмен жұмыс
істеу барысында туындаған лейкоз, анилинді
бояғыштармен контактыда болғандармен
зәр қуығының рагі).
Кәсіптік аурулар жалпы
сырқаттардың ағымын ұзартуы мүмкін, сонымен
бірге жағдайының нашарлауына, жүйелер
қызметінің жетіспеушілігінің өсуіне
әкеледі, жағымсыз факторлардың әсер етуінің
арқасында жалпы аурулар ағымдары өзгеруі
мүмкін (құрамында кремний бар шаңды жұтқандағы
туберкулез, жоғары температура химиялық
кәсіби зияндылықтардың әсері жоғарлайды,
метеорологиялық факторлар фариниттердің,
бронхиттердіқ, пневмониялардың және
т.б. дамуына ықпал жасайды).
Кәсіптік
патологиялардың даму сатылары. Зиянды еңбек жағдайларының
адам денсаулығына әсер ететіні туралы
және нұсқаулар Египет жазбаларында, Рим
жазушыларында бар. Кәсіптік ауруларға
арналған жұмыстер XVI ғасырда пайда болған.
Кәсіптік
аурулардың этиологиялық факторлары. Жұмыс орындарында
еңбек жағдайына және еңбек сипатына гигиеналық
баға беру үшін "еңбектің гигиеналық
жіктеуі" құрылады, соған қарай бөлінеді:
а) Зиянды өндірістік
фактор - өндірістік фактордың белгілі
бір жағдайда жұмыскерге әсер етуі сырқаттылаққа
не еңбекке қабілетінің тұрақты түрде
төмендетуге әкелуі мүмкін.
б) Қауіпті өндірістік
фактор - өндіретін фактордың белгілі
бір жағдайда жұмыслерге әсер етуі жарақатқа
не денсаулығының күрт төмендеуге әкелуі
мүмкін.
в) Еңбек ауырлығы-тірек-қимыл
аппаратына не оның жұмысын қамтамасыз
ететін функциональды жүйелерге күш түсетін
еңбек үрдісін сипаттайды.
г) Еңбектің қарқындылығын
— ОЖЖ-не күш түсетін еңбек үрдісін сипаттайды,
Негізінен белгілі
бір жағдайда кәсіптік ауруларды тудыратын
еңбек процесі мен өндірістік ортаның
жағымсыз факторларын 5 топқа бөлеміз:
Химиялық факторлар;
Физико-химиялық факторлар:
өндірістік аэрозольдер жатады
Физикалық факторлар - бұл вибрация,
шу, иондаушы сәулелер, жоғарғы және төменгі
температуралар, жоғарғы және төменгі
барометрлік қысым және т.б.;
Биологиялық (инфекциялық, паразитарлық,
саңырауқұлақты);
5. Әр-түрлі мүшелер
мен жүйелердің шамадан тыс
шу түсу факторлары.
Кәсіптік аурулардаң жіктелуі.
1. Этиологиялық қағида
бойынша:
а) Химиялық заттар
жедел және созылмала кәсіби улануларға
океледі.
б) Өндірістік шаң силикоз,
силикатоздар, амтракоз, слақбронхиті
және т.б. өкеледі.
в) Физикалық факторлар
сәуле, вибрация, кессон; тау ауруларына,
кәсіби керендінне әкеледі.
г) Шамадан тыс күш
түсуден болатын кәсіби аурулар - бұл шахтерлердегі
бурсштер, мұғалімдердегі ларингиттер.
д) Көсіптік паразитарлық
және инфекциялық сырқаттылықтар — кәстын
ақшалардағы эхинокониоз, балық комбинатының
жұмыскерлердегі описторхоз.
2. Жүйелік қағида бойынша
(қандайда бір мүшесың зақымдалуымен жүреді)
а) Тыныс алу мүшелерінің
сырқаттары (химиялық факторлардың,шанның
әсері);
б) Қан жүйесінің сырқаттары
(химиялық және физикалық факторлар);
в) Гепатотропты улар
(негізінен химиялық заттар);
г) Терінің зақымдалуы
(химиялық, физикалық әсер ету).
Кәсіптік аурулар клиникасының
мақсаттары. Кәсіптік аурулар клиникасының
мақсаттарына жатады: кәсіптік ауруларда
уақытында табу, кәсіптік ауруларды ерте
диагностиқалау, №278 бұйрығына сәйкес
профилактикалық тексерулерді уақытында
өткізу, алғашқы табылған көсіптік аурулар
МСЭҚБ-те тіркеледі сәйкес мекемелерге
нақты - емдеу-профилактикалық шараларды
ауру.
ҚР зандарымен, ҚРДМ
9.02.99 жылғы №278 бұйрығымен инструктивті
материалдармен, кәсіптік патологияның
сұрақтарымен айналысатын медициналық
мекемелермен таныстыру. 24.05.99 ж. бекітілген
№278 бұйрығына ҚР заңдарына "еңбекті
қорғау туралы", "тұрғандарды санитарлы-эпидемиологиялық
салауаттылығы туралы" сәйкес өндірістегі
жағымсыз жағдайларды және кәсіптік ауруларды
төмендетуге және ескертуге бағытталған
кәсіби сырқаттылықтың ерте түрлерін
табу бойынша жұмысты жақсарту мақсатында
емдеу-профилактикалық шараларын құру
және енгізу.
Бұл бұйрық зиянды,
қауіпті заттардың және өндіріс факторларының
тізімін, жұмыстардың тізімін және де
оларды орындағанда міндетті түрде бастапқы
және кезенді медтексерулер өткізу, міндетті
бастапқы және кезенді медтексеру өткізу,
туралы қаулы, жалпы медициналық қарсы
керсеткіштер, кәсіптік аурулар тізімін
бекітеді.
Кәсіптік аурулар мен
уланулармен күрес және алдын алу шараларының
мемлекеттік сипаты 22.01.93 жылғы ҚР "еңбекті
қорғау туралы" заңында келтірілген.
Дәрігер-профпатологтың
(цех дәрігерінің) міндеттері. Цех дәрігерлік,
аймағаның дәрігер терапевт міндетіне
кәсіптік патология бойынша дайындығы
бар дәрігер терапевт тағайындалады. Оның
жұмысының негізгі түрлері: 1) өндірістік
мекемелердің жұмыскеріне мамандандырылған
медициналық (емдеу-профилактикалық) көмек
көрсету; 2) жұмысқа түсер алдында кәсіптік
іріктеу және жұмыскерлерге кезенді медтексерулер
жүргізу; 3) диспансерлеу өткізу; 4) санитарлық
ағарту шараларын; 5) сауықтандыру шаралары
атқару; 6) цех дәрігеріне бастапқы (жұмысқа
түсерде) және кезенді медтексеруді ұйымдастыру
мен өткізуде негізгі роль беріледі. Мұндай
тексерулердің негізгі мақсаты - кәсіптік
ауруларды ерте табу, бұл уақытта емдеу
мен ары қарай жұмысқа жарамдылығын бойынша
сұрақты шешуді және профилактикалық
шараларды бастауға мүмкіндік береді.
Кәсіптік ауруларды
және кәсіби улануларды тіркеу, есепке
алу және есепке беру. Еңбекке қабілеттіліктің
уақытша төмендеуі фактісін дәлелдейтің
негізгі есепке алу құжаты болып; "еңбекке
жарамсыздық парағы" - юристын, финансты
және медико-статистикалық құжат.
Уақытша еңбекке қабілетін
жоғалтумен бірге сырқаттылықты есепке
алу барлық ауруханалық парактар бойынша
жүреді, яғни есепке алуға медико-санитарлық
бөлімнің және басқа да емдеу-профилактикалық
мекемелердің берілетін парақтары жатады.
Қазіргі уақытта, уақытша
еңбекке жарамсыздық туралы есепке беру
бұрынғы 3-1 формасының орына №16 форма
бойынша толтырылады. Онда мекемеде жұмыс
істейтіндердің саны туралы сырқаттылықтың
26 негізгі нозологиялық түрлері бойынша
еңбекке жарамсыздықтың күнтезбелік күндері
мен оқиға саны туралы мәліметтер кіреді.
/3-1 форма бойынша — 17 сырқаттылық. Сонымен
қатар еңбекке жарамсыздықтың басқа да
түрлері саналады, түскен науқасты күту
және карантин, санаторлы-курортық емдеуге
байланысты демалыс, жұнтынын мен босату
бойынша демалыс және де алғашқы мүгедектік.
Медико-санитарлы бөлімнің
дәрігерлері жағымсыз еңбек жағдайлары
жумыскерлердің сырқаттылығына әсер етуін
анықтау мақсатында өте жиі №6 форма негізінде
уақытша еңбекке жарамсыз күндері мен
оқиғалардың көрсеткіштеріне талдау жүргізеді.
Бірақ ресми статистика мәліметтері бойынша
еңбекке қабілеттік көрсеткіштерінің
талдауы шектеулі мүмкіндікке ие, сондықтан
оларды тек бағдарлы және "фонды"
көрсеткіштерде ғана қолдануға болады.
Науқастардың кәсібі, жынысы, жасы және
жұмыс стажды құрамының мәліметтерінің
жоқтығы және де атаусыз оқиғалар анализі
дұрыс емес қорытындыға әкеледі. Жұмыскерлердің
уақытша еңбекке жарамдылығын жақсарумен
бірге сырқатталыққа өндірістік ортаның
нақты факторларынан әсерін анықтау үшін
арнайы құралған методика бойынша сырқаттылықты
терендете оқыту жүргізу қажет.
Кәсіптік аурулардың
және уланудың әр болған оқиғалары тексертуге
жатады, анықталған уақытта "тексеру
актісі" толтырылуы қажет. Тексеру актісі
/164 форма/ юристі және статистикалық есепке
алу құжаты болып табылады. Тексеру актісінде
жасалған жазбалар негізінде, юзартал
еткеннен кейін аудандық немесе қалалық
СЭҚБ есеп беруді толтырады (№ 43 формасы).
Мемлекеттегі өз күшіндегі
кәсіптік аурулар тізімінің айрықша ерекшелігі
болып, оның 1-пунктінде кез келген токсикалық
зат әсерінен болған кәсіби ауруларды
тіркеу міндетті, белгілі бар кәсіби зияндылықпен
жүретін кәсіби аурулар, басқа жағдайларға
қарағанда жиірек кездесетін зиянды заттармен
жұмыс істегендегі аурулар. Өз күшіндегі
кәсіптік аурулар тізімі 27 топтан тұрады,
олар әр түрлі мемлекеттерде қабылданғандай
тек жеке диагноздардан ғана тұрмайды,
бұл аурулар тобын қамтиды.
Кәсіби патологияның
басқа клиникалық және гигиеналық салалармен
байланысы.
Кәсіби зияндылықтар
тек кәсіби ауруларды тудырып қана қоймай,
еңбекке этиологиялық байланысы жоқ ағымына
әсер етуі мүмкін: жүрек-тамыр аурулары,
жүйке жүйесі, тыныс алу мүшелері, қан
түзуші мүшелер, тірек-қимыл аппараты,
тері және т.б. олардың өршуін, асқынуын,
рецидивін тудырады.
Кәсіби патология жалпы
патологияның бөлігі болып табылады, бірақ
патологиялық үрдістің орналасу қағидасы
бойынша жалпы патологияның дифференциясы
үрдісінде бөлінген басқа медициналық
салаларға қарағанда кәсіби патология
этиологиялық қағида бойынша бөлінген.
Кәсіби патологияның жалпы патологиямеи
тығыз байланысты екеніне күмән жоқ, себебі
дерттің дамуы, ағымы, кәсіби аурулар кезіндегі
бейімделу және компепсация жалпы заңдылыққа
бағынады. Кәсіби патология басқа да клиникалық
салалармен тығыз байланысты. Кәсіби аурулар
клиникасы аурудың патогенезін түсіну
үшін және науқасты диагностикалауда,
емдеуде ішкі және жүйке аурулары клиникасында,
басқа да медицина салаларында жинақталған
кәсіби патология ерекшеліктеріне келтірілген
мәліметтер қолданылады.
Кәсіби зияндылықтардың
әсерінен болатын мүшелер мен жүйелердегі
өзгерістер тек салыстырмалы сирек кезде
ғана ерекше сипат береді. Кәсіби аурулардың
үлкен бөлігі жалпы патологияның симптомдарымен
жүреді. Сонымен бірге кәсіби аурулар
клиникасы этиологиясына сүйене отырып,
жалпы патологияның сүрақтарыы шешуге
көмектеседі.
Кәсіби аурулар диагностикасының
ерекшеліктері
Кәсіби аурулар клиникасында
кәсіби ауруға қатесіз диагноз қоюға болатын
қандай да бір ерекше симптомдар жоқ. Кәсіби
емес басқа этиологиялық клиникалық симтоматикасы
ұқсас аурулармен ажыратпалы диагностика
жүргізу қажет. Мысалы, кәсіби негіздегі
токсикалық гепатитті Боткин ауруынан
ажырату қиын.
Кәсіби ауруларға диагноз қойғанда мыналарды
ескеру керек:
Анамнез мәліметтерінде кәсіби
зияндылықтармен контактіде болғанын
ғана есепке алмай, оның ұзақтығын, комбинациясын
ескеру керек.
Клиникалық көріністе берілген
зақымдалу - өзгерісін сипаттайтын симптомдар
кешенін анықтау..Биологиялық субстраттарда
дертке әкелген улы заттың немесе оның
өнімдерінің ағзаға өзгерісінің табылуын;
бензолмен уланғанда зәрмен фенолдың
көп мөлшерде бөлінуі.
3.Кәсіби ауруларға тән емес,
бірақ оларда байқалатын белгілер.
Ағзаның реактивтілігін анықтаудың
маңызы зор. Әр түрлі сынамалар: теріге,
ішікке. Бронх демікпесін күдіктенгенде
тудырушы аллергенмен дем алдыру.
Патологиялық үрдістің динамикасын
зерттеу. Адам бір дертпен сырқаттанған
соң көбіне қалдық белгілер байқалады.
Мұндайда науқасты зиянды фактормен байланыстыруға
болмайды, оған еңбекке жарамсыздық парағы
2-4 айға беріледі. Науқас сауықса, кәсіби
ауру диагнозы дұрыс.
Кейде кәсіби зиянды факторлардың
көп уақытқа әсер етуін болжап білген
жөн. Бензолдың нитроқосындыларымен жұмыс
істегенде папилома мен қуық ісігі.
Кәсіби диагноз қоярда бірнеше
топ жұмысшылар әр түрді зиянды заттармен
жұмыс істегенде олардың жедел, созылмалы
дерттермен ауырғандарын ескеру керек.
Кәсіби анамнезін сипаттағанда
созылмалы түрде әр мамандығын, жұмысының
түрін сипаттау керек. Мұнда мыналарға
көңіл аударған жөн:
өндірістік үрдіс түрлеріне;
зиянды факторларға;
жеке, ұжымдық қорғаныс құралдарына;
жұмыс уақытының үзақтығына,
түскі үзілістің болуына.
Анамнездің мәліметтерін
жұмыс жағдайы туралы санитарлық-эпидемиялогиялық
станциядан алынған анықтамамен еңбек
қауіпсіздігі туралы анықтамамен, еңбек
кітапшасымен салыстыру қажет. Науқас
толық тексерілген соң әлеуметтік-клиникалық
қорытынды беріледі:
негізгі диагноз;
дерт түрі;
еңбек қабілеті туралы.
Диагнозды толық, айқындылық
дәрежесі, өзгерістер, дерт ағымы, ерекшеліктері
Дерттің кәсібімен байланысы
— оның атауымен, қосымша толықтырумен:
созылмалы бронхит, бронх демікпесі.
Еңбек қабілетін бағалағанда:
а) өзінің бұрынғы жұмысына
жарамды - тек мұқият түрде дәрігердің
бақылауымен.
б) егер науқас зиянды
факторларсыз басқа жұмысқа орналасса
еңбек қабілеттілігі
в) кәсіби жарамсыз;
г) қандай болмасын
жұмысқа жарамсыз;
д) еңбекке жарамсыз,
бірақ күтім қажет емес.
Кәсіби патологиясы
бар науқасты тексергенде өзіне тән ерекшеліктері
болса да, клиникалық тексергенде науқастың
жұмыс жағдайын, т.б. сұрау міндетті. Науқасты
тексеру мынадай схемамен жүргізіледі:
құжаттық бөлім
науқастың түскендегі шағымдары
кәсіби анамнез
жұмыс жағдайындағы сан-гигиеналық
сипаты
Дәрігер-сарапшылардың
міндеттері жұмыскерлердің денсаулықтарын
сақтау, бұзылса, қалпына келтіру, халық
шаруашылығында жоғары маман кадрларды
сақтау, науқас пен мүгедектердің олардың
денсаулықтарына зиян келтірмейтін пайдалы
жұмысқа қабілеітілігін сақтауға, кәсіптік
мүгедектіктің алдын-алуға тырысу.
Кәсіби аурулармен
науқастардың МӘС мәселелерін шешу мен
емдеу алдын-алу мекемелерінің құқықтары.
Арнаулы кәсіби патологиялық орталықтар,
ғылыми-зерітеу институттарының клиникалық
бөлімдері, медакадемия кафедралары кәсіби
диагнозды анықтап, науқастың еңбекке
қабілетілігі туралы ұсыныстар беруге
толығымен құқылы.
Дәрігерлік еңбектік сараптау қағидаларының бірі кәсіби ауруларда ол науқастың өзінің бұрынғы жұмысына жіберу. Мұнда шешуші құжат ҚР "Еңбекті қорғау" заңы. Онда егер жұмыскерде кәсіби дерттің бастапқы белгілері байқалса, онда оны басқа жұмысқа ауыстыру керек делінген.
Диспансерлеу халықтың
денсаулығын динамикалық түрде ұдайы
бақылау, тұрмыс, жұмыс жағдайларын зерттеп,
физикалық даму, денсаулықты сақтау, сырқаттардың
алдын-алу, профилактикалық, санитарлы-гигиеналық,
әлеуметтік әрекеттерді қолдану.
Өнеркәсіптерде диспансерлік
бақылауға қолайсыз факторларда жұмыс
істейтін жұмысшылар, жасөспірімдер, әйелдер
жатады. Диспансерлік есепте тұратын барлық жұмысшылар
3 топқа бөлінеді: 1-тобы: дені сау адамдар;
2-тобы: бұрын созылмалы дерттермен ауырғандар,
3-тобы: компенсацияланған, субкомпенсацияланған,
декомепсацияланған ағымды дертті науқастар.
Диспансерлік бақылау топтарын анықтаудағы
негізгі критерилер еңбекке қабілеттілік.
Кәсіби диагнозы болғанда ол науқасты
мүгедек деп тануға болмайды. Бірақ жұмысшыда
кәсіптік дерттің алғашқы белгілері байқалса,
жұмыс жағдайын жақсартатын іс-әрекеттер,
науқаспен реабилитациялық шаралар жүргізілуі
қажет.
Реабилитация - үкіметтік, экономикалық, құқықтық деңгейдегі аспектілер, медициналық-әлеуметтік әрекеттер. Медицина қызметкерлерінің міндетіне науқасқа алдын-алу, емдеу шараларын, созылмалы дерттерді асқындырмау, оларды тиімді жұмысқа орналастыру, басқа мамандыққа үйрету жатады. Әлеуметтік реабилитация деп науқастардың, мүгедектердің әлеуметгік, еңбектік, тұрмыс жағдайларын жақсарту шараларын іске асыруды айтамыз. Реабилитациялық шараларды іске асырғанда ағза қызметінің бұзылғанын қалпына келтіретін компенсациялардың еңбек қабілетін жақсартуда манызы зор. Реабилитациялық шараларды жүргізгенде дәрігерлерге мына талаптар қойылады: