науқастарды басқа жағдайлардағы
жұмысқа психологиялық дайындап, бағыттау;
ұтымды жұмысқа орналастыруда
науқастың мүмкіндігін ескеру - ол мекеме
басшысымен, еңбек қауіпсіздігі бөлімімен,
МСЭҚБ шешіледі;
науқастың уақытша жұмысқа
орналасуын сарапшы дәрігерлермен тексеру;
медициналық-әлеуметтік сараптау
мәселелерін шешудегі жағдайларды мекеме
басшысымен талқылау.
Жұмыс қабілеті және оны бұзу түрлері
туралы түсінік.
Медициналық фактор
— дерттің назологиялық түрі де, ол ағзаның
қызметітің бұзылуымен оның дәрежесінің
айқындылығын анықтау. Әлеуметтік факторға
- науқастың кәсібі мен жұмыс жағдайы жатады.
Науқастың еңбек қабілеттілігінің критериі
болып еңбекті болжау, оның кәсіби жарамдылығы,
сол мамандығымен тең ақы төленетін жұмыс
жағады. Сараптау жүргізерде кәсіби аурулар
тобымен мүгедектік топтарды, мынадай
жұмысқа жарамдылықтарды айырады:
ауру тарихы
өмір тарихы
обьективті тексеру мәліметтері
алғашқы диагноз
қосымша зертханалық-құралдық
зерттеу
клиникалық диагноз және оны
дәлелдеу
емдеу
күнделік науқастың дерті, қосымша
тағайындаулар, т.б. көрсетеді 9. әлеумеітік-клиникалық
қорытынды.
Өнеркәсіп орындары
мен ауыл шаруашылық өндірістеріндегі
жұмысшыларды алғашқы және кезеңді медициналық
қараулардың негізгі міндеттері.
Кәсіби аурулардың
медициналық профилактикасының өте маңызды
түрлерінің бірі алғашқы және кезеңді
медициналық қараулар. Олар зиянды, ауыр
жұмыс істейтіндердің денсаулықтарын
сақтау үшін, еңбекті қорғап, балалар мекемелерінде,
тамақ, сату орындарында санитарлық-гигиеналық
жағдайларды сақтау үшін жүргізіледі.
Алғашқы медтексеру
жұмысшыларда жұмысқа қабылдауда өткізіледі.
Оның мақсаты жұмысшылардың жұмысқа жарамдылығын
анықтап, кәсіби аурулардың алдын-алу.
Денсаулық сақтауда
іс жүзінде кезенді медтексеруді үйымдастырудың
екі түрі бар: 1) жылына 1 рет тексеру; Онда
дәрігерлерден комиссия құрылып, олар
өздерінің негізгі жұмыстарын жұмысшыларды
толық, жан-жақты тексеруге арнайды. Бұл
тексеру түрімен қатар кейбір медеу мекемелерінде
жыл ішінде цех терапевінің тексерулері
жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік
сараптаманың, еңбек реабилитациясы мен
диспансеризациясының кәсіби патологиядағы
қағидалары.
Кәсіби дерттің даму
қағидалары олардың жұмыс барысында әсер
ететін қолайсыз факторлардан пайда болуларын
анықтау медициналық-әлеуметтік сараптаудың
негізгі қағидалары болып саналады.
1. кәсіби диагнозды қою мәселесінің өзі клиникалық әлеуметтік-қүқықтық аспектілердегі мәселелерді шешудің негізі.
Негізгі критерилердің
бірі болып науқастың мамандығына, стажына
байланысты кәсіби маршруты болады. Жұмыс
жағдайын санитарлық-эпидемиялық станция
беретін санитарлық-гигиеналық сипаттама
ҚР Министрлер Кеңесінің 15.12.94 ж. 1414 қаулысына
және ДМ 9.12.99 ж. 278 бұйрығына сәйкес беріледі.
Клиникалық аспектілері методикалық кәсіби
диагноз қоюмен анықталады.
2. кәсіби патология саласындағы арнаулы клиникалық және сараптау, дәрігерлерін арнаулы түрде дайындау қазіргі заманда да, халықты медициналық қамтамассыз қайта құру жағдайларында кәсіби аурулар жағынан клиникалық дәрігерлерді дайындау өзекті мәселелердің бірі. Емханаларда жеке меншік бөлімдер құру, арнаулы емханаларды қысқарту, медициналық жоғарғы оқу орындарында оқу бағдарламаларын кеңейтіп, өзгерту және факультеттерде кәсіптік патология саласында кафедра құру жағынан өзгерістер енгізуді талап етеді.
өз мамандықтарына жарамдылар
өз мамандығы бойынша жұмысқа
қабілеті шектелгендер
кәсіби жұмысқа жарамсыздар
еш жұмысқа жарамсыздар
Бұл аталғандар жұмыс
істеу үшін берілетін ұсыныстар мен нұсқаулар:
Жедел не созылмалы дерті асқынғанда
амбулаторлық не ауруханалық емдеуді
ұйымдастырып, уақытша жұмыстан босату
(ҚР үкіметінің 21.01.96 1415 қаулысы). Жұмыстан
босату мерзімі 4 айға дейін не оған қосымша
2 ай – ол МӘСКпен шешіледі.
ДКК шешімімен .уақытша 2 ай
еңбекке жарамсыздық парағын беру. Оған
жедел уланғандар жатады.
Зиянды кәсіби факторлары жоқ
басқа жұмысқа ұзақ мерзімге орналастыру.
Мамандығы, еңбек жалақысы төмендегенде
— МӘСК шешеді.
Еңбек қабілеті түрақты жойылғанда
ҚР 22.01.93 ж. "Еңбекті қорғау" заңы бойынша
1914 және ҚР ДМ 15.03.97 2-3747, әлеуметтік қорғау
министрлігінің 07 15.03.95, ҚР Еңбек министрінің
4 - 71398 17.03.95ж., 11398 11.03.95 ж. қаулылары бойынша
мүгедектік топтарды айыру.
Еңбекке қабілеттіліктің
жойылуының түрлері:
1.Уақытша
-толық
-жартылай
2.Тұрақты
-толық -жартылай.
Уақытша еңбекке жарамсыздық
алдын-ала емдеу мекемелерінде ДКК-де
шешіледі. Бұлардың құрамына бас дәрігер
не оның сараптау мәселелері туралы орынбасары,
ДКК терағасы, бөлім меңгерушісі және
емдеу дәрігері кіреді. ДКК негізгі міндеті
еңбек қабілеті туралы күрделі, даулы
мәселелерді шешіп, соған басшылық жасау.
Еңбекке жарамсыздық парағының дұрыс
берілуін бақылау.
ДКК қажет болғанда
кеңесу үшін басқа мамандарды да шақырады.
Мысалы, кәсіби аурумен ауырған науқасты
дұрыс жұмысқа орналастыру үшін еңбек
гигиенасы дәрігерін.
Уақытша еңбекке жарамсыздық- жедел және созылмалы түрдегі кәсіби дерттермен уланулар асқынғанда науқас жазылып, еңбек қабілеті орнына келгенге дейін беріледі. Орташа 4 айдан көп емес. Уақытша еңбекке жарамсыздық жедел уланудың орташа не ауыр түрлерінде: токсикалық бронхитте, өкпенің токсикалық ісігінде, көміртегі тотығымен уланғанда, т.б. беріледі.
Жартылай уақытша еңбекке
жарамсыздық - кәсіби дерттерде ауруына
байланысты өз мамандығында жұмыс істей
алмағанда беріледі, науқас денсаулығына
зиян келмейтін басқа жұмыстар істей алады.
Мүгедектік -дерт салдарынан еңбекке
жарамдылығы тұрақты ойылғандарға беріледі.
МӘСК еңбекке жарамсыздықты не мүгедектікті
ДКК жіберген бағыттамасы бойыпша анықтайды.
Кәсіби ауруларда мүгедектікке
әкелетін себептер:
жедел уланудан болатын асқынулардың
қалдық белгілері;
созылмалы дерттер, жиі асқынып,
үдемелі өршулерімен;
жедел және созылмалы дерттер
мен уланулар, емдеуге көп уақыт талап
ететіндері, ал емдеу кезінде науқасты
жұмысқа орналастыру оның мамандығын
өзгертуді талап етеді.
Кәсіби аурулар клиникасындагы
МӘС негізгі міндеттері.
МӘС негізгі міндеттері:
науқастардың еңбек қабілетін
айыру, ағзаның қызметін дерт не жарақат
салдарынан болған еңбек қабілетінің
мөлшерің анықтау.
Науқастың денсаулығына байланысты
оған жұмыс түрі мен жағдайын анықтау.
Кәсіби болса емдеу мекемелерімен және
МСЭҚБ бірігіп шешу.
Науқас пен мүгедектің еңбек
қабілетін орнына келтіру мақсатында
медициналық және еңбектік-әлеуметтік
реабилитация шараларын анықтау.
Мүгедектік
топтар мен оларды анықтау критерилері.
Мүгедектік 3 топқа
— I,II,III топқа бөлінеді. Еңбек қабілетініц
жағдайын айырғанда науқастың жасын, мамандығын,
білімдік, кәсіби дайындығын, зиянды затпен
нақты жұмыс жағдайын ескереді.
I топтағы мүгедектік науқастардың қызметтері өте күшті бүзылғанда беріледі, олар өздерін күте алмай, сырттан күтуді талап етеді. Ондай науқастар еш жұмысты істей алмайды.
II топтағы мүгедектік жұмысқа қабілеті айқын бұзылған, дерті асқыну салдарынан толық тұрақты еңбекке жарамсыз болғандарға беріледі. Мұндай науқастар сырттан үнемі күтуді талап етпейді, ал кейбірі белгілі бір жағдай жасалған жекелеген жұмыстарды істей алады.
II топты беруге болатын негіздер:
еңбек қабілетінің дерттің
салдарынан өте айқын функцияларының
өзгеруінен бүзылуы;
жұмыс салдарынан денсаулығының
нашарлауы;
Дертінің салдарынан белгілі
бір жағдай тудырғанда жұмыс істей алуы.
III топтағы мүгедектік дерттері созылмалы немесе анатомиялық кемістіктердің болуы салдарынан ағзаның жұмыс қабілеті едәуір төмендеп науқастарға беріледі.
III топты беруге болатын негіздер:
науқасты оның дертіне қарай мамандығының төмендеуіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру;
науқастың денсаулығына байланысты оның жұмыс жағдайын өзгерту, оның әсерінен өндірістік деңгей мен оның мамандығының төмендеуін де;
науқастың мамандығы төмендегенде еңбек стажы болмауына байланысты және оның денсаулығының темендеуінен ағзаның қызметінің бұзылуынан жұмысқа орналасу шектелгенде;
"Міндетті медициналық тексеріп-қараулар өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауларды өткізу ережесін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік
құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Міндетті медициналық тексеріп-қараулар
өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың,
кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай
тексеріп-қарауларды өткізу ережесін
және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 бұйрығының күші жойылды деп
танылсын (Қазақстан Республикасының
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада
№ 5898 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитеті осы бұйрықтың көшірмесін
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне
жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап
күшіне енеді.
Министр
С. Қайырбекова
Олардың кезінде алдын ала және
мерзімдік медициналық қараулар міндетті
зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің
тізбесі мен Зиянды, қауіпті және қолайсыз
өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған
қызметкерлерді міндетті алдын ала және
мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы
12 наурыздағы N 243 бұйрығы.
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске
асыру және кәсіби аурулардың алдын алу
мен азайту, кәсіби ауруларды ертерек
анықтау, қызметкерлерді алдын ала және
мерзімдік медициналық қарауларды жүргізудің
тәртібін регламенттеу жөніндегі жұмысты
жақсарту мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Олардың кезінде алдын ала және мерзімдік
медициналық қараулар міндетті зиянды
өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі ;
2) Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік
факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді
міндетті алдын ала мерзімдік медициналық
қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық
бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық
сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық
дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген
күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Кәсіби аурулар мен улануларды
тіркеу, тексеру, есепке алу және
олар
бойынша есеп беру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы
23
маусымдағы № 294 Бұйрығы
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 7-бабының
9-тармағына, 29-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес,
кәсіби аурулар мен улануларды тіркеу,
тексеру, есепке алу және талдау жүйесін
жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кәсіби
аурулар мен улануларды тіркеу, тексеру,
есепке алу және олар бойынша есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитеті (Б.С. Байсеркин) осы
бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігіне жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Ұйымдастыру-құқықтық
жұмыс департаменті (Д.В. Акрачкова) осы
бұйрықты оның Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен
кейін ресми жариялауға жіберсін.
4. "Кәсіби аурулар мен улануларды
тіркеу, тексеру, есепке алу және олар
бойынша есеп беру ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы
28 сәуірдегі № 197 бұйрығының күші жойылды
деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын
бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік
күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы 23 маусымдағы
№ 294 бұйрығымен бекітілген
Зиянды,
қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың
әсеріне ұшыраған
қызметкерлерді міндетті түрде жұмысқа
алардың алдында
және кезеңді медициналық тексерістерден
өткізу, кәсіби жарамдылығын
анықтау туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
АКТІ
Мынандай
құрамдағы комиссия:
Дәрігер (кәсібипатолог, терапевт-дәрігер)___________________
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің
мемлекеттік органның еңбек гигиенасы
бойынша маманы (сәйкес аумақтың) __________________________________________________________________
Жұмыс берушінің өкілі ______________________________________
Ұйымның кәсіподақ комитетінің өкілі
________________________
Мыналарды анықтады:
Жоспар бойынша тексерілуге жататындар_______________________
оның ішіндегі әйелдер ______________________________________