Паркинсон ауруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2015 в 22:03, реферат

Описание работы

Жүйке жүйесінің патологиялық физиологиясы ішіндегі Паркинсон ауруының патологиялық физиологиясын, этиологиясын, патогенезін, морфологиясын анықтап жазу.
Тақырып міндеті:
- Паркинсон ауруының патологиялық физиологиясын;
- Паркинсон ауруы тақырыбын жан-жақты ашу.

Файлы: 1 файл

Паркинсон ауруы.docx

— 39.57 Кб (Скачать файл)

Бағаналы жасушалармен емдеу. Гендік терапия. Бағаналы жасушаларды науқастарға енгізгеннен кейін 36 айдан соң 80% науқастың жағдайы жақсарған. Емдеудің әдістемесі – бағаналы жасушаларды дифференциациясы нәтижесінде бас миына нейрондарды трансплантациялайды. Теория жүзінде бағаналы жасушалар өлген дофаминсекреторлы жасушалардың орнын басу керек. Бұл әдіс әлі толық зерттелмеген, сондықтан клиникада ол қолданылмайды. [2]

2003 жылы алғаш рет Паркинсон  ауруымен ауратын адамға субталамикалық  ядроға генетикалық векторлар  енгізген, олар глутаматдекарбоксилаза  синтезіне жауапты. Бұл фермент  субталамикалық ядроның белсенділігін  төмендетеді. Жақсы оң нәтижелерге  қарамастан, бұл әдіс клиникада  қолданылмайды, себебі бұл әдіс  әлі күнге дейін зерттелуде. [3]

Қазақстан Республикасындағы емдеу. Біздің республикамызда Паркинсон ауруын жаңа технологиялармен емдеуге кірісу жоспарлануда. Емдеуді операция арқылы жүргізіледі. Бұл туралы АҚ «Республикалық ғылыми нейрохирургиялық орталығы» директоры Шыңғыс Шашкин «Неврология мен нейрохирургия. Біріккен стратегиялар» жиналысында хабарлаған болатын.[8]

 

 

Шыңғыс Шашкин:

«Біз Паркинсон ауруын емдеудің жаңа әдістерін еңгізуді жоспарлап отырмыз. Эссенциалды тремор мен дистонияны емдеуде – мидың терең стимуляциясы болып табылады. Бұл стимуляция нәтижесінде аурудың тремор және дірілдеу параличі сияқты көріністерін басып тастайды. Операция Паркинсон ауруымен ауратындардың бастапқы кезеңінде жасалса, симптомдарын жойып, науқастарға қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді. Нейропатиялық ауру сезімін емдеу жұлын бағанасын стимуляциялау арқылы жаңа методика енгізілуі жоспарлануда. Жұлын бағанасына инвазивті жолмен өте кішкентай электродтар имплантацияланады. Бұл электродтар жоғары технологиялық электронды құрылғыға қосылады. Құрылғы электрлік сигналдарды жұлынға жібереді. Олар жүйке жүйесін модуляциялап, нейропатиялық ауру сезімін аяқ-қолдарда жеңуге көмектеседі. Бұл операциялар науқастарға еш зиянын тигізбейді. Егер операция еш нәтижесін бермесе, науқастың өміріне зиян келтірмей импланттарды алып тастауға болады. Қазіргі кезде шетелден арнайы мамандарды шақырылып, біздің мамандарымызды үйретуде. Шетелде бұндай операциялар 60-70 мың евро тұрса, біз бұл операцияларды квота бойынша науқастарға тегін жасаймыз. Қазіргі таңда арнайы кандидаттар таңдалып, 10 терең стимуляторларлы имплантанттар және 15 жұлын бағанасының нейростимуляторларына арналған операциялар жасалуы жоспарлануда». [8]

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қорытынды

1. Бұл тақырыптыптың өзектілігі Паркинсон ауруының бүгінгі күнде маңызды емі жоқ аурулардың бірі болып табылатыны көрсетілген.  Медицинаның бұл жүйке жүйесінің патологиялық физиологиясын емдеуде күші жетпей жатыр. Бірақ ауруды зерттей отырып, онымен күресудің жолдары іздестірілуде. Қазіргі кезде біздің республикамызда 16 000 жуық адам Паркинсон ауруымен аурады.

2. Паркинсон ауруы –  ересек адамдарда кездесетін  баяу дамитын созылмалы неврологиялық  ауру. Паркинсон ауруы экстрапирамидалық  бұзылыстармен жүретін дегенеративті  ауруларға жатады. Қара субстанциядағы  нейромедиатор дофаминді өндіретін  нейрондардың өлуімен шақырылады. Дофамин өндірілуінің жеткіліксіздігі  базальді ганглийлердің белсендірілуіне  әкеп соқтырып, ми қыртысына әсерін  тигізеді. Паркинсон ауруының негізгі  белгілері: бұлшықеттердің қатаюы, гипокинезия, тремор, постуральді тұрақсыздық.

3. Паркинсон ауруының  нақты этиологиясы әлі күнге  дейін белгісіз. Этиологиялық тәуекел  факторына кәрілік, генетикалық  тұқым қуалаушылық, қоршаған ортаның  әсерін жатқызады.

4. Паркинсон ауруы кезінде  экстрапирамидалық жүйенің базальді  ядросы, қара субстанциясы, т.б. құрылымы  зақымдалады. Үлкен өзгерістер қара  субстанцияның алдыңғы бөлігінде  байқалады. Паркинсон ауруының симптомдары 60-80% нейрондардың өлімі кезінде пайда болады.

5. Паркинсон ауруын емдеуде  ең тиімді әдістер: хирургиялық емдеу, бағаналы жасушалармен емдеу, гендік терапия. Бірақ бұл әдістер тек эксперименталды түрде ғана жүргізілуде. Олар клиникалық тәжірибелерден әлі өтуде, өйткені олардың науқастарға қалай әсер ететіні белгісіз. Ал дәрілік препараттар науқастарға тек уақытша ғана аурумен күресуге көмектеседі. Мен болашақта бұл аурумен күресудің әдісі анықталатынына сенемін.

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Davie C.A. A review of Parkinson’s disease. Br Med Bull, 2008. – 109-127 б.
  2. De Lau L.M., Breteler M.M. Epidemiology of Parkinson's disease. Lancet Neurol, 2006. – 525—535 б.
  3. Hoehn M. M., Yahr M.D. Parkinsonism: onset, progression and mortality. Neurology, 1967. 427—442 б.
  4. Samii A., Nutt J.G., Ransom B.R. Parkinson’s disease. Lancet, 2004. –363-ші бет,  1793 б.
  5. Гусев Е.И., Коновалов А.Н. Неврология. Национальное руководство. ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 2116 б.
  6. Дубенко Е.Г. Экстрапирамидная система. Нервные болезни. Здоровье, 2001. – 61-65 б. 
  7. Машковский М.Д. Противопаркинсонические дофаминергические препараты. Лекарственные средства. Издательство Новая Волна, 2002. 140—144 беттер. 540 б.
  8. Оспанова Ш. В Казахстане начнут делать операции при болезни Паркинсона. http://tengrinews.kz/, 2013.
  9. Пулатов А.М., Никифоров А.С. Бледный шар и полосатое тело как основные отделы экстрапирамидной системы. Их строение, связи и функция. Пропедевтика нервных болезней. Медицина, 1979.97-100 б.
  10. Яхно Н.Н., Штульман Д.Р. Болезни нервной системы. Медицина, 2001. – 76-95 беттер, 744 б.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Паркинсон ауруы