Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 18:33, реферат
Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті. Бұл, ең бірінші – терең білім, ауру адамды оның проблемаларын сабырлы, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол таба білуі.
Дәрігердің еңбегі мен
жұмсаған энергияның ең басты бағасы
– ауру адамға көрсеткен көмегі.
Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы
мен оның беделінің өсуіне септігін
тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен
тіл табысуда үлкен роль ойнайды.
Отандық медицинаның классиктер
Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А. Линкольн айтпақшы әрбір есі кіріп, етек жап-қан адам-белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста болады.
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару - ол әр дәрігердің міндеті болып табылу керек. Клиникада коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану - «Ақ халатты абзал жандар» деп атан-ған дәрігердің парызы деп санауымыз қажет.
Коммуникативтік дағдылар
Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет.
Дәрігердің кәсіби қызметі
ауру адаммен байланысты: тірі
ағзаларды құрайтын
Дәрігердің мамандығы – ерлік.
Ол төзімділікті,қайсарлықты,
жанның тазалығы мен ақыл
Дәрігер ауру адамға
Күйзеліске түскен жандардың ең басты емі - жан жылуы екендігін жақсы түсінуіміз тиіс.
Коммуникативтік дағдыларды
қолдану үшін науқастарды
Адам неғұрлым талантты, дарынды бол-
ған сайын, ол өзінің еңбегін,
«Басы ауырып, балтыры сыздаған» кез келген адамға қол ұшын бере алатын, көмек қолын соза алатын құдірет иесі біреу-ақ, ол – дәрігер.Жанары жәутеңдеген, ағзасын ауру меңдеген науқас адамға ерекше көңіл бөлу, рухани дем беру, дертіне шипа беру, жан жылуын сыйлау- әрбір дәрігердің парызы болғанын қалар едім.
Ежелгі грек философы Сократ айтқан екен:
«Жанды емдемей, тәнді емдей алмайсың» деген ұлағатты ойы есіме түседі осындайда.
Маман иесі өте
көп, алайда өз ісіне мығым,
ойы мен ісін шеберлікпен
Сол кезде жүрек сыздап, көңіл құлазитын кездер де кездесіп тұрады.Үстіне ақ желең киіп отырып, есіктен енді еніп үлгірмеген сырқатты сыздана қарсы алып, ызғарымен ықтыратын дәрігерлер де кездеседі:
-Алатыным аз айлық. Сенің асты-үстіңе түсіп бәйек болатын уақытым жоқ. Тезірек ауыратын жеріңді айт,- деп дікеңдейтін де дәрігерлер бар.
Науқас адам сенен
тән саулығын жазар деп
Әр адамның мүддесі
болады. Адам болған соң оның
көңілі бір нәрсені тілемей
тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол
тілеуінің жолындағы амалы да
адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым
қайратты болса, соғұрлым
Әрбір науқас қуанышқа жетуге, ауруынан айығуға ұмтылады. Оған жетудің сенімді жолы - ойлау жүйесін бақылай білу. Ол сыртқы факторлар мен жағдайларға да байланысты,әрі қасында жүрген адамдардың да қарым-қатынасына да байланысты.
Науқас адамдарға көңіл бөлу - бүкіл дәрігерге ортақ парыз. Өз қызметін дамыту үшін әр дәрігер өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Кім жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе немесе еңбекте табысқа жеткісі келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн.
Адам – ақыл
ойы бар қоғам мүшесі. Сондықтан
оның психикалық қасиеттері
Адамдармен қарым-қатынасты орнықтыру үшін мәдениеттілікті басты назарда ұстау қажет. Адамдардың ішкі рухани әлемінің маңыздылығын, адамгершілікті жетілдіру қажеттілігін жете түсіну де керек. Ал дәрігер клиникада коммуникативтік дағдыларды тиімді пайдаланғанда ғана философиялық концепцияларды терең түсінуге жол ашады. Дәрігер науқастардың әрқайсысына дұрыс қарым-қатынас орнату үшін жоғарыда айтылған дағдыларды ескеру қажет.
Ибн Синаның дәрігерлерге айтқан төмендегі сөзін
«Ақ халатты абзал жан» атанамын деген әрбір дәрігер өз ұстанымы ретінде қабылдаса нұр үстіне нұр болар еді.
Дәрігер қыран құстай қырағы,
Қыз баладай епті,
Жыландай ақылды,
Арыстандай жүректі болуы тиіс».
Маман дәрігер ретіндегі, рухани — әдептілік біліктілігінің маңызы өте жоғары. Келісіңізші, дәрігер алдындағы кез-келген биоэтикалық жағдай, науқаспен қарым- қатынастағы кез-келген психологиялық қиындық, кез-келген мамандыққа қатысты тапсырмалар бұл дәрігер мамандығының маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.
Қоғамдық көзқарастың маманы ретінде дәрігердің моральдық-этикалық бейнесін елестетіп көрейік. Дәрігерлік өнердің этикалық және деонталогиялық негіздерін тануға бағытталған ғылыми зерттеулер материалдары, негізінен қызметтік міндетіне қарай дәрігер-тұлғасының әдептілігін мінездейді.
Қоғам мүшесі ретіндегі дәрігерге арналған моральдық ұйғарымдарды оқу көрсеткендей, әрбір тарихи кезен дәрігердің әдептілігіне өзінше моральдық-этикалық талаптар қойған. Қазіргі заманда дәрігердің әдептілігі жөніндегі қалыптасатын қоғамдық пікірге көп жағдайлар әсер етеді, олар: менталитет, адамдардың мәдени және этникалық ерекшеліктері, дәрігерлік өнерге деген ғасырлар бойы қалыптасқан сый мен құрмет, дәрігердің профессионалдық және психалогиялық-педагогикалық біліктілігі.
Барлық жоғарда айтылғандарды түйіндей келе,біздер әрбір тарихи кезенде, әрбір елде дәрігердің әдептілік және рухани бастауы жөнінде өз ойымызды қалыптасатынына көзіміз жетті. Бірақ, дәрігердің мамандандырылу денгейіне қарамастан,оның бойында адамшылықтың болуына деген талап өзгеріссіз қалады. Біз оқытушылар осы болашақ дәрігерлерді тек қана маман ретінде дайындап қана қоймай, оларға адамгершілік мәдениетін қалыптасуына жағдай жасап, үлес қосамыз.