Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 18:33, реферат
Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті. Бұл, ең бірінші – терең білім, ауру адамды оның проблемаларын сабырлы, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол таба білуі.