Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 11:07, реферат
Металл түріндегі қалайы улы емес, сол себепті оны тағам өндірісінде қолданады. Қалайының улы қоспалары және 600 ºС температурадағы балқыған қалайы жұмыс аймағында айтарлықтай бөлінбейді. Ұзақ (15-20 жыл) қалайының шаңы өкпеге фиброгенді әсер етеді және жұмысшыларды пневмокониозомға душар етуі мүмкін.Өмірлік қажеттілік тағайындалмаған. Дефицит зерттелмеген. Артық шама жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Түсу жолдары: су, тағам (қаптама ретінде қолданылатын полиэтилен, ыдыс, пестицидтерменр өңделген өсімдіктер), өндірісті қалалардың ауасы. Қалайының органикалық қоспалары экспозиция сәтінде улылық дәрежесі артады. Қалайы тұзы пластмасса өндірісінде, пестицид және фунгицид дайындағанда кең қолданылады.
Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен химиялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды. Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топ-қа бөледі: 1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады. 2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%. 3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен. Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі: 1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады. 2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген. 3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз. Сондықтан егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар. Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар — көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш — қарын асты безінде, йод — қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий — шашта, кадмий, сынап, молибден — бүйректе, қалайы — ішек ұлпаларында, стронций — қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий — көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром — гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғай-ған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. КАЛЬЦИЙ. Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады. Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді. Айтпақшы, кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет.Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болады. СЕЛЕН. Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын білінеді.Селен теңіз өнімдерінде, еттерде мол мөлшерде кездеседі. МЫРЫШ. Ол — ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды элемент. Әсіресе, құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі — осы мырыш.Мырыш цитрус жемістерінде, қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада, асқабақ дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте, тазартылған күріште болады. КАЛИЙ. Қан қысымын төмендетеді. Жүрек қағысын реттейді.Бананда, өрік-мейізде, картопта мол болады. Хром - өсімдіктер мен жануарлардың қаптамасының құрамына кіретін биогенді элемент болып табылады. Жануарларда хром липид, нәруыз, көмірсутектің алмасу процестеріне қатысады. Тағам мен қан құрамында хромның шамадан тыс азаюы бойдың өсуін баяулатады, қан құрамында холестерин шамасын көбейтеді. Металл қалпындағы хромның еш зардабы жоқ, бірақ шаң түрінде өкпені тітіркендіруі мүмкін. Хром (ІІІ) қоспасы дерматитке соқтырады. Хром (VI) онкологиялық түрлі ауруларға душар етеді. Хлор биогенды элементтердің қатарына кіреді. Жануарлар мен адамдарда хлордың иондары осмотикалық(еріткіштің басқа ыдырайтын элементтерге қарағандағы белсенді қозғалысы) тұрақтылықты сақтайды, хлорид-ион мембранаға кіруге мүмкіндік беретін оптималды радиусқа ие.Асқазанда хлор иондары асқазан сөлінің ферменттеріне ыңғайлы жайлы ортаны қалыптастырады. хлор каналдары көптеген жасушаларда кездеседі, митохондприялы мембраналарда және қаңқалық бұлшықетте. Бұл каналдар сұйық алмасу процесінде, иондардың трансэпителді транспортында және мембрана потенциалдарының тұрақтануы, жасушалардың қышқылдық ортасын түзуінде маңызды рөл атқарады. Хлор вицералды жасушада, теріде және қаңқа бұлшықеттерінде жинақталады. Хлорды сіңіру тоқ ішекте іске асады. Хлордың 85 %-ы жасуша сыртындағы аймақта шоғырланған. Адам күніне 5-10 г NaCl қолданады. Адамның хлорды тұтыну шамасының ең аз шамасы күніне 800 мг құрайды. Нәрестелер өзіне қажетті хлор мөлшерін анасының сүті арқылы алады. Ана сүтінің құрамында хлор 11 ммоль/л құрайды. NaCl асқазанда асқорытылу және аурущаң бактерияларды жоятын қышқылдық ортаны түзуге қажет. Адам ағзасында (орташа салмақты, 70 кг) 95 г хлор бар. Күнделікті адам тағаммен 3-6 г хлор тұтынып отырады. Хлор өсімдіктердің өсіп-өнуіне қажет болып табылады.Өсімдіктерде хлор қышқылдық фосфорлануды әске асыра отырып энергия алмасуына ықпал жасайды. Өсімдіктегі фотосинтез процесіне қатысады. Хлор сонымен қатар өсімдік тамырына оттегіні, калий, кальций, магний қосындыларын сіңіруге оңтайлы жағдай жасайды.
Металл түріндегі қалайы улы емес, сол себепті оны тағам өндірісінде қолданады. Қалайының улы қоспалары және 600 ºС температурадағы балқыған қалайы жұмыс аймағында айтарлықтай бөлінбейді. Ұзақ (15-20 жыл) қалайының шаңы өкпеге фиброгенді әсер етеді және жұмысшыларды пневмокониозомға душар етуі мүмкін.Өмірлік қажеттілік тағайындалмаған. Дефицит зерттелмеген. Артық шама жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Түсу жолдары: су, тағам (қаптама ретінде қолданылатын полиэтилен, ыдыс, пестицидтерменр өңделген өсімдіктер), өндірісті қалалардың ауасы. Қалайының органикалық қоспалары экспозиция сәтінде улылық дәрежесі артады. Қалайы тұзы пластмасса өндірісінде, пестицид және фунгицид дайындағанда кең қолданылады. Қалайының иммунитетке әсері әркелкі болып табылады: бірде әлсіретсе, кейде керісінше күшейтіп отырады. Қалайыны қолдану өте жауапты іс болып саналады: оның қан және шаш құрамындағы мөлшерін анықтап алуды қажет етеді.
Адамның әрбір жасушасында кездеседі. Д дәрумені мен кальций фосфорды дұрыс сіңіруге атсалысады. Кальций мен фосфор дұрыс әрекет ету үшін олардың қатынасы екі де бір болу керек (кальций фосфорға қарағанда екі есе көп). Физиологиялық химиялық процестердің барлығында дерлік қатысады. Сүйек және тістің саулығына аса қажет болып табылады. Фосфор өсу мен организмнің қалпына келуіне атсалысады, энергия мен күшпен қамтамасыз етеді, май және крахмал метаболизміне көмектеседі, артрит кезінде ауырсынуды басады. Фосфордың негізгі көздері: балық, ет, тазартылмаған дән, жаңғақтар, пісте. Фосфордың ересек адамдарға тұтыну шамасы күніне 1-2 г.
Никель тірі ағзаның өсіп-өнуіне қажетті микроэлементтер қатарын құрайды. Бірақ оның ағзадағы қызметі жайлы дерек көздері аз. Бізге никельдің жануарлар мен өсімдіктердің ферменттк реакцияларына қатысатыны белгілі. Жануарлардың ағзасында никель мүйізденген жасуша құрамында жиналады, мысалы құстардың қауырсындарында. Топырақ құрамында никель шамадан тыс көп болып кетсе, өсімдіктің жемесіне тікелей әсер етеді: формасы өзгереді, жануарларда - көздің қасаң қабығына никелдің көп жиналуынан көз ауруына душар етеді.
Оттегі - Жерде кең тараған элементтің бірі, оның үлесіне жер қыртысының жалпы 47,4% массасын қамтиды. Оттегі элементі жер қыртыысындағы 1500-ден астам қосылыстың құрамына кіреді. Оттегі тотығу-тотықсықдану реакциясына қатысады. Оттегі медицинада кең қолданылады. Жүрек-қантамырлар ауруларын емдегенде алмасу процестерін жақсарту үшін асқазанға оттегі көпіршігі (оттегі коктейлі)енгізіледі. Оттегіні теріастында енгізуді трофикалық язва, гангренамен ауырғанда қолданылады. Оттегіні тазарту және дезинфекциялау үшін және суды тазалау үшін озонмен байытады. Оттегінің кейбір қосындылары, мысалы синглетті оттегі, сутегі перекисі, супероксид, озон және гидроксилді радикал улы болып келеді. Олар оттегінің қайта орынғуынан немесе активтендірілуінен түзіледі.Тағам өндірісінде оттегі Е941 тағамдық қоспа ретінде тіркелген.
Адам организміндегі жалпы темірдің салмағы 4,25 г. Осы көлемнен 57 % қандағы гемоглобинде болады, 23 % - ферменттерде, 20 % - бауырда, сүйек майында жинақталған және қосалқы темір қорын құрады. Темірді сіңіру ішекте орындалады, темір жетіспегенде организм асқазаннан да ала алады. Темірдің өмірлік маңызы жоғары, гемоглобиннің түзілуіне (қызыл қан денелері), миоглобин (бұлшық еттегі қызыл пигмент ) және кейбір ферменттердің түзілуіне қажетті. Әйел адамдарда темір және кальций тапшылығы жиі кездесіп отырады. Темір несеп арқылы (күніне 0,5 мг), терлеу нәтижесінде (әр тер 1-2 мг темір бар). Әйелдер айына 10-40 мг темір жоғалтып отырады. Біз қабылдап жатқан темірлердің тек 8% ғана сіңіріледі, нәтижесінде қан құрамына енеді. Қанның негізгі бөлігін қамтитын гемоглобин әрбір 120 күн сайын өңделіп және қайта айналымға түседі. Мыс, кобальт, марганец және С дәрумені темір сіңіру процесіне өте қажетті. Темір В дәруменінің дұрыс метоболизміне керек. Темір бойдың өсуіне, түрлі ауру түрлеріне қарсы тұруға мүмкіндік береді, шаршаудың алдын алады. Темірге кептірілген ақ саңырауқұлақтар, жануарлардың дауыры мен бүйрегі, шабдалы, жасыл өсімдіктер, картоп, пияз, асқабақ, алма, айва, алмұрт, горох, жұмыртқа өте бай. Адамның 1 кг салмағына темір қажеттілігі: балалар - 0,6 мг, ересектер - 0,2 мг, жүкті әйелдер - 0,3 мг күніне пайдалану керек. Тағаммен келетін темір мөлшері жеткілікті болып есептеледі, тек кейбір жағдайларда (анемия, қан тапсырғанда) құрамында темір мол өнімдер мен препараттар қабылдау керек.Темірдің шамадан тыс қабылдануы (200 мг және жоғары) улануға алып келеді.
Магний табиғатта кең тараған элементтердің бірі болып табылады. Теңіз суында хлолы магний көп кездеседі. Ауыз су да магний иондарын қамтиды. Магний - маңызды биогенді элемент, жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларында көп кездеседі. Магний ағзадағы энергетикалық процестерді қадағалайтын элемент болып табылады. Ақуыз синтезінің барлық этапында қажет. Магний ағзаға тағаммен, су және тұзбен үсіп отырады. Магний кальций, С дәрумені, фосфор, натрий, калийдің метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Жүйке жүйесінің және бұлшықеттердің дұрыс жұмыс атқаруына, қан құрамындағы қантты энергияға айналдыруға қажет. Тіс саулығын қамтамасыз етеді, кальцийдің кемуін, бүйрекке тастың жиналуының алдын алады. Адам ағзасында шамамен 21 г магний бар. Магнийдің негізгі көздері: лимондар, грейпфруттар, жаңғақтар, тұқымдар, жасыл көкөнiстер, күнжiт соя ұны, тәттi бадам, бұршақ, бидай, орамжпырақ, өрiктер. Магнийді шамадан тұтыну ағзаның әлсізденуіне алып келеді. Ересектерге күндік тұтыну мөлшері 400 мг, осы шаманың жартысын нан және ұн өнімдері толтырып отырады. Алкогольді, әлсіздендіргіш препараттарды жиі қолдану магнийдің көбеюіне алып келеді.
Натрий қарын сөлінің түзілуіне қатысады, бүйректе көптеген зат айналым өнімдерін бөледі, сілекей бездері және ұйқы безінің ферменттерін активтендіреді. Натрий иондары жасушаның организмде судың сақталуын қамтамасыз етеді. Ағзада натрий жасушалардың сыртында көп кездеседі (цитоплазмадан 15 есе көп). Калиймен бірлесе отырып келесі функцияларды орындайды:
Натрийді тұтынудың шектік нормасы балалар үшін 600-1700 мг, ересектер үшін 1200-2300 мг. Ас тұзынан күніне бұл көрсеткіш шамамен күніне 3-6 гр құрайды. Бүйрек күніне 20-30 мг тұзды өңдей алады, одан әрі өмірге қауіп төндіреді. Натрийге дефициттің кездесуі сирек, бірақ вегетариандық (етсіз) диета ұстайтындарда кездесу мүмкіндігі жоғары. Натрий жетіспегенде көмірсутектердің сіңірілуі бөзылады. Натрийді көп қолдану организмде судың мол көлемде жиналуына, қан қысымының өсуіне, калийдің сарқылуына алып келеді.
Кобальт - В12 дәруменінің бір бөлігі болып табылатын минералды зат болып табылады. Әдетте микрограммен (мкг) өлшенеді.Кобальт қызыл қан жасушаларына қажет. Ағзаға тазамдар арқылы түсіп отырады.Күнделікті тұтыну мөлшері анықталмаған, себебі бұл минералдың аз бөлігі ғана қажетті шама болып табылады (әдетте 8 мкг-дан артық емес).Ағза кобальттің жетіспеуінен акобальтозге ұшырайды. Акобальтоз тәбеттің нашарлауы, анемия, шамадан тыс салмақ тастауға алып келеді.
Калий натриймен біріге отырып жүректің жұмысын жақсартады.Калий жүйке импульстерінің таралу процесінде және олардың органдарға берілуінде маңызды рөл ойнайды. Мидың жұмыс істеу қарқындылығын арттырып, оттегімен қамтамасыз етеді. Аллергиялық жағдайларда жақсаруға әсер етеді. Негізгі көздері: қауын, киви, картоп, авокадо, банан, брокколи, бауыр, сүт, жаңғақ майы, жүзім, жасыл өсімдіктер, мята жапырағы, күнбағыс пістелері. Калий балық және сүт өнімдерінде мол. Негізінен, калий барлық өсімдіктердің құрамында бар. Клийдің жетіспеуінен : бітеулер, тұздар мен су бөлінуі нашарлайды, бойдың өсуі нашарлайды, қан қысымының төмендеуі, шаршау, ұйқысыздық, бұлшық еттердің ауыруы, депрессия, жүйкенің шаршауы, бұлшық еттердің қараюына, тәттіге деген тәбеттін болмауы, холестериннің жиналуына, жүрек соғысының жиілеуіне алып келеді. Ересек адамның күндік қабылдау мөлшері - 1800-5000 мг. Калиге деген қажеттілік салмаққа, физикалық белсенділікке, ауа-райына, тұрғылықты жеріне байланысты. Кофеин ағзадан калийдің жоғары мөлшерде бөлінуіне алып келеді. Сонымен қатар, қантты және алкогольді пайдалану нәтижесінде де калий жоғалады.
Цинк сүйектің түзілуіне қажетті микроэлементтердің бірі, диабетпен, қан айналымы бұзылған адамдардың сауығуына септігін тигізеді. А дәрумені цинктің қатысуымен әрекет етеді. С дәрумені және цинк - катар және т.б. вирустық ауру түрлеріне қарсы ем болып саналады. Цинктің вирус және токсиндердің алдын алатын қасиеті бар. Адам аяғында пайда болатын ақ дақтар адам ағзасында цинктің жетіспеушілігін білдіреді. Цинк дәм сезбеушіліктің, бедеуліктен емдеуге, өсуге, ақыл-естің дамуына мүмкіндік береді , адам ағзасында холестериннің жинақталуына кедергі жасайды. Цинктің негізгі көздері: бифштекс, жас қойдың еті, сыра дрожжалары, жұмыртқа, майсыз құрғақ сүт. Цинкке устрица бай. Асқабақ дәндерінде цинк устрицаға қарағанда 26%-ға кем.
Фтор адам ағзасына қажетті элемент болып табылады. Адам организмінде фтор негізінде тіс эмалінде және сүйек құрасында кездеседі. Фтордың негізгі көздері: су, теңіз өнімдері және желатин. Пияз және жасымық (чечевица) фторға бай өсімдіктер болып табылады.Фтордың күнделікті сұранымы - бір литр суға 1 мг. Фтордың жетіспеуі остеохондроз, тіс түсінің өзгеруі мен формасының өзгерісіне алып келеді. Фтордың жетіспеуі тісжегіге алып келеді (кариес). Кариестің алдын алу үшін фтор қосылған тіс пастасын, фторландырылған суды (концентрациясы 1 мг/л) қолданған абзал. Осындай іс-әрекеттер тісжегінің пайда болуын 30-50 %-ке азайтады
Ванадий және оның дериваттары
- қоршаған ортаны ластаушылар болып
табылады. Асфалть, мұнай, битум порфиринді
макроцикл құрамында ванадий
кездеседі.Біздің қоректеніп жатқан астарымызда
қандай мөлшерде ванадий бар екені белгісіз.
Организмге сырттан келетін барлық мөлшерінің
1 % ғана организмге сіңеді, қалған мөлшері
несеп арқылы шығарылып отырылады. Қан-
Мыс барлық жан-жануарларға, өсімдіктер, адамдарға қажетті элемент болып табылады. Темірді гемоглобинге айналдыру үшін қажет. Тирозин аминқышқылдарына адам терісі мен шашының пигменациясына әсер етуші фактор ретінде әрекет етуіне мүмкіндік береді. Мыс өсу және көбею процесеріне атсалысады. Мыстың негізгі көздері: жарма, бауыр, теңіз өнімдері.Мыстың ағзада жетіспеуінен бойдың өсуінің бәсеңдеуі, анемия, шаштардың депигментацияға ұшырауына, шаштың түсуіне, аппетиттің нашарлауына, салмақ тастауға, гемоглобиннің төмендеуіне, жүрек бұлшықеттерінің атрофиясына алып келеді.Ересек адамдарда мыстың күнделікті мөлшері 2 мг болып табылады (0,035 мг/ 1кг). Мыс пен цинк бір-біріне қарсы элементтер ретінде саналады. Біріншісінің жоғары мөлшерде сіңірілуі, екіншісінің сол мөлшерде аз сіңуіне алып келеді немесе керісінше.