Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 11:07, реферат
Металл түріндегі қалайы улы емес, сол себепті оны тағам өндірісінде қолданады. Қалайының улы қоспалары және 600 ºС температурадағы балқыған қалайы жұмыс аймағында айтарлықтай бөлінбейді. Ұзақ (15-20 жыл) қалайының шаңы өкпеге фиброгенді әсер етеді және жұмысшыларды пневмокониозомға душар етуі мүмкін.Өмірлік қажеттілік тағайындалмаған. Дефицит зерттелмеген. Артық шама жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Түсу жолдары: су, тағам (қаптама ретінде қолданылатын полиэтилен, ыдыс, пестицидтерменр өңделген өсімдіктер), өндірісті қалалардың ауасы. Қалайының органикалық қоспалары экспозиция сәтінде улылық дәрежесі артады. Қалайы тұзы пластмасса өндірісінде, пестицид және фунгицид дайындағанда кең қолданылады.
Адам организміндегі йодтың үштен екі бөлігі қалқанша безде жинақталған. Не дегенмен қалқанша без зат алмасуды қадағалайды ғой, ал йод қалқанша бездің жұмысын қадағалайды, бұл минералды заттың жетіспеуі ақыл-естің жетілуін төмендетеді. Йод диетаны сақтауды жеңілдетеді, артық майларды ыдыратып отырады, бойдың дұрыс өсуіне септігін тигізеді, қосымша энергия көзі рөлін де атқарады, шаш, тырнақ, тері және тістің саулығын қамтамасыз етеді. Йодтың негізгі көздері:
Адам организмінде (салмағы 70 кг) 12-20 мг йод бар, ересектер үшін йодтың тәуліктік нормасы - 80-нен 200 мкг-ге дейін, ал жүкті аналар үшін 125-тен 150мкг-ге дейін болады. Йодтың жетіспеуі эндимиялық зоб, кретинизм, гипотериоз сияқты ауруларға алып келеді. Қазіргі кезде йод жетіспеушіліктің алдын алу үшін тұз құрамына калий йодидін, натрий йодидін және калий йодатын қосады.
Табиғи сулардың микроэлементтері
Табиғи сулардың микроэлементтері— аз мөлшерде кездесетін және сулардың химиялык түріне (типіне) себепші болмайтын, бірак су құрамының ерекшелігіне көп әсер ететін микроэлементтер. Табиғи сулардың микроэлементтері тұтастай алғанда судағы барлық еріген заттардың жалпы мөлшерінің 0,01%-дан кемін, ал макроқұрамбөліктер — 99,99%-ын құрайды. Табиғи сулардың микроэлементтеріне: В, Ғ, Р, V, Сг, Мn, Со,Ni, Сu,Zn, Аs, Sе, Вr, Мо, Аg, Сd, Sb, Те, J,Ba,W, Au және т.б. жатады. Микроэлементтердің тіршілік процестеріндегі рөлі өте зор , олардың көпшілігі биологиялык жағынан белсенді болып келеді. Осындай микроэлементтердің табиғи сулардағы жетіспеушілігі немесе молдығы адамдар мен малдардың эндемия деп аталатын жергілікті ауруларын қоздырады.
Қорытынды
Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс — денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші-адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дүрыс сіңбеуі асқазандагы түз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Ал, тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тастар түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланысты екендігі түсінікті. Демек, облыс көлемінде халықтың денсаулығының төмен көрсеткіштері оларды қоршаған табиғат ортасына, экологиялық сипатына тікелей байланысты деуге болады. Жоғарыда айтылған элементтердің тәуліктік нормасын зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытынды жасалады: ересек адамдар үшін микроэлементтердің тәуліктік мөлшері: алюминий — 49,01 мг, бром — 0,821 мг, темір — 1,1-30 мг, йод — 0,2 мг, кобальт — 0,05-0,1 мг, марганец — 5—7 мг, мыс — 2-3 мг, молибден — 0,15—0,3 мг, никель — 0,63 мг, рубидий — 0,35-0,5 мг, фтор — 2-3 мг, мырыш — 10—15 мг. Әрине, бұл көрсеткіштер адамның жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін марганецтің мөлшері тәулігіне 5-6 мг. Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда көбірек қажет болады. Сондықтан да соңғы жылдары микроэлементтер жайлы зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Микроэлементтердің негізгі физиологиялық – биохимиялық қасиеттері бойынша Қазақстанда П. Р. Загриценко, Ж. Қалекенов, Қ. Кенжеев, Ж. Мамутов және К. Сағатов, ал Ресейде Я. В. Пейве, М. Я. Школьник, П. А. Власюк, О. К. Кедров – Зихман сияқты ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізген.
Қоректік зат, оны пайдалану барлық тірі организмге тән қасиет. Қоректену нәтижесінде ағзада көптеген биологиялық, химиялық және физикалық үрдістер, яғни, көбею, өсу, даму, еңбек ету, т.б. жағдайлары болады. Адамның денсаулығы дұрыс болып қалыпты өмір сүру үшін ең қажеттісі — қоректік заттың мөлшері, сапасы, ағзаға ену мөлшері міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Әрбір қоректік заттың энергетикалық балансын сақтау ең басты шарт болып табылады. Қоректік заттың құрамындағы әр түрлі бөліктерінің мөлшері, сапасы (белоктар, майлар, комірсулар, минералды заттар, макро және микроэлементтер, витаминдер) саны белгілі ретпен бір-біріне тығыз байланыста болатындығы анықталған.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Скурихин И.М., Шатерников В.А. Как правильно питаться. —М.: 1986.
2. Тагидиси Д.Г., Алиев С.Д. Микроэлементы и здоровье. Х 1979.
3. Джустин Гласе. Жить. 180.1990.
4. Искусственная пища: за и против. Х 1998.
5. Кавецкий Р.Е., Чебатарев Д.Ф. Здоровье, труд, отдых. -Киев.: Наука, 1996.
6. Маршелл Э. Биофизическая химия. —М: Мир, 1981.
7. Хьюз М. Неорганическая
химия биологических процессов.
8. Сеитов З. С. Биохимия. — Алматы, 2000..
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Микроэлементтер
3.Табиғи сулардың микроэлементтері
4. Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер