Сынаппен улану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 12:50, реферат

Описание работы

Сынап – күмістей жылтыраған, ақшыл түсті сұйық металл, химиялық элемент, судан 13,6 есе ауыр екендігін айтып жатудың қажеті жоқ. Ол манометр, термометр, вакуумды сорғылар жасауға пайдаланылады, заттың қаттылығын күшейту үшін оны басқа металдарға қосады. Сынап буы ауадан 7 есе ауыр. Алайда, осы сынаптың буы, оның басқа қосылыстары біз ойлағаннан улы екендігін естен шығармауымыз қажет. Сұйық сынап бәрінен бұрын өзінің ұшпалылығымен қауіпті: егер оны ғимаратта ашық күйінде сақтаса, ауада 0,001 мг./м3 тең сынаптың булы қысымы пайда болады. Өнеркәсіп ғимараттарындағы барынша жол берілетін сынап шоғырлануы 0,01 мг./м3 болу керектігін ескерсек, бұл – өте көп шама.

Файлы: 1 файл

сынап.doc

— 79.00 Кб (Скачать файл)

    Сынап (Hydrargyrum), Hg – элементтердің периодтық жүйесінің ҚҚ тобындағы химиялық элемент, ат. н. 80, ат. м. 200,59. Табиғатта 7 тұрақты изотопы бар, олардың ең көп тарағандары Hg200 (23,13%) және Hg202 (29,8%) Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған.

Табиғатта бос күйінде  сирек, көбіне суда еріген және газ  қалпында 10–6%, шашыранды элемент.×кездеседі. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 4,5 Белгілі 35 минералының ішіндегі өндіріс үшін маңыздылары: киноварь, метацианобарит, ливингстонит. Бөлме темп-расында сұйық күйде болатын жалғыз металл; жарқылдаған күміс °С, қайнау t 357,25°түсті ақ, ромбылық сингонияда кристалданады, буы улы, тығыздығы 13,52 г/см3 (20%-та), балқу t –38,89

     Сынап Химиялық активтігі  төмен, тотығу дәрежелері +1 және +2. Оттекпен әрекеттесіп екі түрлі  оксид түзеді (Hg2O, HgO). Патша арағы, HNO3, ыстық H2SO4-терде ериді. Металдармен амальгама түзеді. Сынапты HgS-ті күйдіру арқылы немесе оны Na2S-те ерітіп, ерітіндіде түзілген Na2[HgS2]-ге Al-мен әсер етіп алады. Сынап тұздарынан Hg2Cl2 (каломель) дәрі ретінде, HgCl2 (алмас) дезинфекция ісінде пайдаланылады. Металл сынап NaOH, Cl2 өндіруде катализатор ретінде және радиотехникада, т.б. қолданылады. Сынап кен орындары Орталық Қазақстанда (Успен), Солтүстік Қазақстанда (Торғай) орналасқан.

Сынап – күмістей жылтыраған, ақшыл  түсті сұйық металл, химиялық элемент, судан 13,6 есе ауыр екендігін айтып  жатудың қажеті жоқ. Ол манометр, термометр, вакуумды сорғылар жасауға пайдаланылады, заттың қаттылығын күшейту үшін оны басқа металдарға қосады. Сынап буы ауадан 7 есе ауыр. Алайда, осы сынаптың буы, оның басқа қосылыстары біз ойлағаннан улы екендігін естен шығармауымыз қажет. Сұйық сынап бәрінен бұрын өзінің ұшпалылығымен қауіпті: егер оны ғимаратта ашық күйінде сақтаса, ауада 0,001 мг./м3 тең сынаптың булы қысымы пайда болады. Өнеркәсіп ғимараттарындағы барынша жол берілетін сынап шоғырлануы 0,01 мг./м3 болу керектігін ескерсек, бұл – өте көп шама. Сынап,оның қосылыстары заттарды  күмістеуде, алтындауда,айна жасауда, тіс пломбасын жасауда , медициналық приборларды жасауда ( тонометр, термометр, Салли аппараты) және кварцты,сынапты шамдарды , рентген түтігін  жасауда, қопару жұмысында,тарсылдақ ойыншықтарды шығаруда, сонымен қатар сынаптан органикалық пестицидтерді алуда және катализатор ретінде т.б. салаларда қолданылады.Өнеркәсіптерде металды сынап,оның қосылыстары  кең қолданылады. Сынап қосылыстарынан  сулема,сынап нитраты, каломель,дандырық сынап жиі қолданылады.

Уланулар жоғарыда айтылған өндірістерде сынапты өндіріп алуда,оларды қолдануда,  заттарды жасағанда, санитарлық нормативті берілген құжаттарды сақтамағанда  байқалады.

    Патогенезі.Сынап- сульфгидрильді тиолды (SH) улар тобына жататын у болып табылады.Сынап,оның қосылыстары негізінен тыныс алу жолы арқылы,жартылай асқазан ішек және зақымдалмаған тері арқылы енеді.Көбіне өкпе арқылы енген сынап оның капиллярларынан өтіп қанда циркуляцияланып SH тобына бай белоктармен қосылып, сынап альбуминатын құрайды.Бұл сульфгидрилді белоктық қосылыстардың топтарын тежеп, белок алмасуын жіне ферменттік үрдістерді бұзады.Бұның бәрі едәуір орталық нерв жүйесінің қызметін бұзады.Қандағы  сынап тамырдың интерорецепторларын және ішкі ағзаларды тітіркендіріп, қоздырып, онда пайда болған импульстерді афферентті жолмен бастың ми қыртысына жеткізеді.Қыртыс жасушаларының жұмысы нашарлап,оған бағынатын қыртыс астындағы әр салаға жауапты құрылымдардың жұмыстарында тежеу үрдістері дамып,кейін  біртіндеп жоғалады.Осыдан қыртыс астындаға орталықтар рефлекторлық бұзылыстарға душар болады.Әр түрлі анализаторлардың жұмысы иіс,дәм,көру т.б бұзылады.Осымен қатар , сынап неврозы  жүрек- қан тамыр ,асқазан-ішек жүйесінде алмасу үрдістері бұзылады.Бұлар клиникалық көріністерді туғызып, арнайы сынап улану симптомдарын үдетеді,алғашқыда сынап эретизмін ,дірілдеу, әр түрлі бұлшық еттердің қосылмалы байланысының функциялық бұзылу симптомдарын береді.

    Сынап организмде өкпеде,мида, бүйректе,жүрек етінде, бауырда,  сүйекте жиналады, сондықтан да осы ағзалардың  зақымдалу симптомдары байқалады.Денеден сынап тыныс жолдары және бүйрек бездер ішек арқылы шығады.Сынапты зәрде тексеру диагностикалық жағынан маңызды,бірақ  оның мөлшері сынаппен  уланудың дәрежесін көрсетпейді,көп жағдайда сынаптық тасымалдаушылықты білдіретін белгі болады, мысалы, зәрде 0,1-0,8 мг/л  дейін көтерілгенде сынаппен жұмыс істеушілерде улану синдромдары болмауы мүмкін, зәрде 0,02-0,06 мг/л табылуы  тек тасымалдаушылыққа жатқызылады.

    Сынаптың  тағы бір  қасиеті ,ол гематоэнцефалдық кедергіден өтіп, жұлын ми сұйықтығына ,нерв жасушаларына ,тікелей ми қыртысына ,таламус – гипоталамусқа әсер етеді.ОНЖ ерте зақымдалғандықтан қыртыс асты орталықтың қызметі бұзылады.Сынап вегетативті нерв жүйесіне әсер етіп, қол-аяқтың  треморы ,қалтырауы, естің төмендеуі байқалады және трофикалық бұзылыстар,шаштың түсуі,тырнақтың сынуы,тістен мұрынның  шырышты қабығынан қан кету аурудың клиникалық симптомдарын береді.

   Жіктелуі. Сынап әсерінен жедел және созылмалы аурулар кездеседі, ауырлығы бойынша 3 сатыда өтеді.Осыған орай клиникалық сипаттамасы көрінеді.

   Клиникалық көрінісі. Жедел улану өте сирек кездеседі: қопрау жұмысында, домнаағы пеште, зауыттағы қазанды тазартақанда, авариялық т.б жағдайда .Созылмалы уланулар сынаппен аз мөлшерде және ұзақ уақыт қатынаста болған жұмысшыларда кездеседі. Клиникалық көрінісі біртіндеп дамиды, көпшілігі нерв жүйесінің зақымдалуымен жүреді.

    Диогнозды  анықтар алдында клиникалық симптомдар  кешеніне, оның ағымына және еңбек   жағжайының  санитарлық- гигиеналық сипаттамасының мәліметтеріне сүйенеді. Аурудың алғашқы кезеңде диагностикалау қиынға түседі. Осыған орай алдын-ала және кезеңді медициналық тексерудің мәліметтерін қажет етеді. Сыраппен уланған науқасты тексергенде мынандай симптомдарға көңіл аудару қажет: қозғыш, әлсіздік, гингивит, стоматит, және т.б. Диагнозды негіздеуде зәр мен нәжісте сынаптың  болуын анықтау.  Сынаптың зәрден анықталуына қарамастан соған сәйкесті  клиникалық симптомдырдың болмауы, сынаптың  тасмалдаушылығын көрсетеді.

Сынаппен буымен  уланғанда алдынғы орынға тыныс алу жолдарының зақымдалу симптомдары шығады. Сынапп буымен тыныс алғаннан соң бірнеше сағаттан кейін ауыр  пневмония басталады: жөтелдің пайда блуы, ентігу, көгерулар,  қызба. Рентгенограммаалық зерттеуде эмфизема, ателектаз, пневмоторакс анықталады. Интоксикацияның ауыр ағымында өкпе ісінуі болуы мумкін. Дәл осы уақытта жиі сұйық нәжіс және ОЖЖ ұйқышылдық, қозғыштық, барлық уақытта байқалады зақымдалу симптомдары байқалады. Гранозанмен улану  кезінде уақыт өте келе дамып, созылмалы сипатқа ие болады. Құрамында гранозаны бар аспен қоректенгеннен кейін 1-3 аптадан соң біріншілік интоксикация симптомдары көріне бастайды. Тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, құсу, шөлдеу, диарея, полиурия; сонымен қатар жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, бастың ауыруы, қол- аяқтың қалтырауы, жүрістің бұзылуы. Интоксикация жоғарылай келе ОЖЖ-ның зақымдалуы бірінші орынға шығады.

Есі тежелген, жауап беру  қиындаған  және анық емес, жалпы әлсіздік, жоғарғы және төменгі мүшелердің парезі, кейбір жағдайларда спастикалық көріністі рефлекстердің жоғарылауы және патологиялық рефлекстердің пайда болуы (Бабински, Бахтерев), сезімнің бұзылуы (жалпы гиперестезия(сезімнің жоғарылауы), жүйке діңдерінің жолымен ауырсыну). Осы уақытта жүрек айнудың кушеюі, құсудың жиілеуі, іштің өтуінің жиілеуі күніне 20-25 рет, құсық және нәжіс массаларында кейбір жағдайларда қанның болуымен спатталады.тілі ақ және қоңырға баялған. Бүйрек қызметінің бұзылуы симптомдарының болуы: жалпы зәрдәң көлемінің азаюы,  зәрда- ақуыздың, лейкоциттер жоғарылауы, цилиндірдің болуы, микро-гематурияның болуымен спатталады. Жүрек- қантамыры жүйесі жағынан жүрек тондарының әлсіреуі, тахикардия, кейде экстасистолия , артериялдық қысымның төмендеуімен жүреді.  ЭКГ да миокардтың айқын өзгерулері және өткізгіштіктің бұзылуы тіркелген. Перифириялық бөлімдердегі  канда гиперхромды анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ-нің жоғарылауы анықталады. Бауыры қлғайған және ауырсынумен. Уланудың ауыр ағымында бауыр, ОЖЖ және  жүрек- қантамыры жүйелерінің қызметінің бұзылуы симптомдарының күшеюі. Комалық жағдайдың пайда болуы  және өлімге алып келуі мүмкін.

   1 кезең- бастапқы  не сынаптық неврастения синдромы  дамиды,бұл қысқа мерзімді өтпелі микромеркуриализм.Ауруларда- бас ауру, жылағыштық, есінің сәл төмендеуі, әлсіздік,қорқыныш, жаман түс көру.

   2 кезең- орта  дәрежелі өзгеріс кезеңінде астено-вегетативті  синдром басымырақ болады, тұраұты  және қатты бастың ауруы,жүрек тұсының ауруы, жиі соғуы, беттің қызаруы, құсу,лоқсу. Аяқ-қолдың едәуір треморы, гастрит ,колит синдормдары байқалады.Қанда лейкопения, лимфоцитоз, моноцитоз, анемия анықталады.

   3 кезең- едәуір  дәрежелі өзгерістерді береді.Мұнда  сынапты токсикалық энцефалопатиялық синдромдар дамиды: бастың қатты ауруы, естің өте төмендеуі  кейде  жоғалуы, үлкен гиперкинез бен хорея тәрізді қозғалыстар, аяқ-қол сүйектерінің полиневриті, буындарының сырқырап ауруы.Осымен бірге парадонтоз, жаралы стоматит, геморрагиялық синдром , созылмалы нефроз, іштің ауруы байқалады.

     Емі. Сынаппен уланудағы емі кешенді және патологиялық үрдістің айқындалу дәрежесін ескере отырып жүргізілуі керек. Ағзаға түскен сынаппен оның қосындыларын шығару  және оны  залалсыздандыру үшін антидот ретінде қолдануға ұсынылады:  унитиол, сукцимер, натри тиосульфат. Осы аталған антидоттардың ішінде емдік әсері жоғары унитиол (2,3 натри димеркоптопропансульфонат), тиолды улармен байланысқа түскен сульфгидрильді топтар токсикалы  емес кешендер құрып, зәрмен бірге шығарылады. Уритиолды бұлшықет ішіне  5 ерітіндісінде 5-10мл көлемінде енгізеді(науқастың әр 10кг салмағына 0,05гр немесе 1мл 5/ етітіндіде). 1-ші тәулікте 6-12 сағат сайын  2-4 инъекция, кейінгі 6-7 тәулік бойы 1 инъекциядан егеді.

Сукцимер (мезо-2,3- димеркаптоянтарлы қышқыл) бұлшықетке және таблетка түрінде ішке қолданады. Бұлшықетке егу үшін флакондағы ұнтақ түріндегі 0,3гр ерітіндісін(6мл көлеміндегі 5/ натригидрокарбонат ерітіндісінеде) қолданады. Снаппен және оның қасындыларымен жеңіл уланғанда сукцимерді 1 таблеткадан (0,5гр) 3 рет тәулігіне 7 тәулік бойы берген ұсынылады. Уланудың ауыр ағымында сукцимерді бұлшық етке: 1-ші күні 4 инъекциядан(0,3гр), 2-ші күні 3 инъекциядан, келесі 5 күнде 2-1 инъекциядан егу тағайындалады. Емдеу курсында сукцимердің организімге 5,1гр егілуден аспауы тиісті.

Натритиосульфатты көктамырға 5-10мл 30/ ерітіндіде егу тағайындалады. 

Жүйелі емдеу шаралары ішінде метаболиз мен миды қанмен қаматамасыздандырушы заттарды қолданған  жөн. Осыған орай  сынаппен улануда аминалон, пирацетам, стугерон және тағыда басқаларды  қолданған тиімді. 40/ глюкоза ерітіндісін 20мл көлемдегі аскарбин қышқылымен қосып енгізеді. В1 мен В2  витаминдер қсынылады.

Эмоциональді тұрақсыздықтың айқын көріністерін мен  ұйқының  бұзылуы кезінде транквилизаторлар тобының препораттары тағайындалады: мепротан,  триоксазин. Онымен бірге  ұйықтатқыш препораттарды аз көлемде беруді тағайындайды, мысалы: фенобарбитал, барбитал.

Медикамантозды терапияны  гидрошаралармен  (күкіртсутекті, қылқан жапырақты және теңіз ванналары) , ультракүлгін сәулемен сәулелеу, емдік физкультура, психотерапиямен байланыстырып қолданған тиімді. Гингивит пен стоматиттер кезінде ауыз қуысын танином, кали перманганатынпен шайған тағайындалады.  Санитарлы- шипажайларда  Пятигорск, Серноводск, Мацесте емделген қарастырылады.

Еңбекке жрамдылық экспертизасы. Интоксикацияның алғашқы кезеңінде сынаппен және басқа да токсикалық заттармен қатынасты уақытша үзу ұсынылады. Науқасты еңбектік  науқастық  парағы арқылы 1-2 ай мерзімге басқа жұмысқа ауыстырады, онымен қатар  тиісті емді жүргізеді. Егерде науқастың жағдайы жақсарған болса оның денсаулығын дәрігерлік бақылауда ұстай отырып өзінің ескі жұмысына қайта баруына болады.

Интоксикацияның айқын  кезеңінде сынаппен байланысы бар  жұмыс қарсы көсетіледі. Науқасты барлық токсикалық әсері бар жұмыстардан алшақтатумен жұмысқа орналастырылады. Егерде жұмысын ауыстырудан кейін квалификациясының төмендеуіне алып келсе, науқасты МӘЭК-ке жұмысқа қабілетсіздігінің дәрежесін анықтауға жіберіледі. Токсикалық энцефалопатия жағдайында науқас жұмысқа қабілетсіз деп саналады.

Профилактика. Профилактикалық шаралардың еңбасты мақсаты- жұмыс орнындағы сынаптың орнына зияндылығы төмен заттарды қолдану және ауаның құрамындағы булардың концентрациясын төмендету. Бұл мақсаттың оорындалуы үшін өндірістік процесстң автоматтандыру мен герметизациялау қажет. Сынаппен жұмыс істейтңн бөлмелердегі дуалд мен еден сынап өтпейтіндей етіп жабдықталуы және тиімді ауа алмастырғыштармен жабдықталуы қажет. Орындықтар мен шкафтардың беті жылтырақ-тегіс және сынаптың су құйылған ыдысқа сырғып түсетіндей етіп еңістеу болуы қажет. Жқмыс орнының температурасы 10 С аспауы қажет. Сынаппен жұмыс істейтін адам арнайы тығыз материалдан жасалған киіммен жабдықталады.

Сынаппен және оның қосындыларымен жұмыс жасайтындар арасында кезеңді медициналық қарау 12айда 1 рет сынапты өндіргенде жіне балқытқанда жіне де оны алу мен тазалау процессінде; басқа металлдарды алу үшін қолданғанда; сынапты құрылғыларды, сырларды, сынаптың органикалық қосындыларын жұмыс жасағанда, ашық сынаппен қатынасты талап етілетін жұмыс түрлерінде. Кезеңді медициналық қарауға ір 24 айда 1 рет тексерілетіндер сынапты жабық түрде қолданатын  құрылғылармен жұмыс жасайтын өндірістердегң жұмысшылар; құрамында сынап бар фармацевтикалық және кометалогиялық препораттарды жасайтын өндірісте. Медициналық бақылауды міндетті түрде неврапатолог және терапевт дәрігерлері қатысуы керек, барлық тексерілетіндердің зәрін сынаптың болуына тексереді.

Информация о работе Сынаппен улану