Сынаппен улану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 12:50, реферат

Описание работы

Сынап – күмістей жылтыраған, ақшыл түсті сұйық металл, химиялық элемент, судан 13,6 есе ауыр екендігін айтып жатудың қажеті жоқ. Ол манометр, термометр, вакуумды сорғылар жасауға пайдаланылады, заттың қаттылығын күшейту үшін оны басқа металдарға қосады. Сынап буы ауадан 7 есе ауыр. Алайда, осы сынаптың буы, оның басқа қосылыстары біз ойлағаннан улы екендігін естен шығармауымыз қажет. Сұйық сынап бәрінен бұрын өзінің ұшпалылығымен қауіпті: егер оны ғимаратта ашық күйінде сақтаса, ауада 0,001 мг./м3 тең сынаптың булы қысымы пайда болады. Өнеркәсіп ғимараттарындағы барынша жол берілетін сынап шоғырлануы 0,01 мг./м3 болу керектігін ескерсек, бұл – өте көп шама.