Термин және түсінік.Терминология түсініктер жүйесі.Фармацевтикалық терминология кешені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 21:04, реферат

Описание работы

Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады. Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» не болмақ?

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
• Термин туралы жалпы түсінік.
• Термин сөздердің талдану жолдары.
• Терминоэлементтер.
• Грек латын жиілік бөлшектері.
• Фармацевтикалық терминология.
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Аманкелді Ә.Н.Термин және түсінік.Реферат.docx

— 40.03 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Денсаулық Сақтау Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Қазақ тілі мен  латын тілі кафедрасы

 СӨЖ

Тақырыбы:Термин және түсінік.Терминология түсініктер жүйесі.Фармацевтикалық терминология кешені.

                                                        

 

 

 

  Қабылдаған:Құдайбергенова Ж.

 Тобы:202 “Б” ФК.

Орындаған:Аманкелді Ә.

 

                                   

                                      Шымкент 2013ж.

                                 Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

  • Термин туралы жалпы түсінік.
  • Термин сөздердің талдану жолдары.
  • Терминоэлементтер.
  • Грек латын жиілік бөлшектері.
  • Фармацевтикалық терминология.

ІІІ.Қорытынды

IV.Пайдаланылған   әдебиеттер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Кіріспе

Тіл -  қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша  қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі  таңда тіліміздің терминологиялық  жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар  тілінен, әр алуан ғылым салаларының  сараланған терминологиялық жүйесінен  байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей  тілде де даму процесі үздіксіз жүріп  жатады. Жаңадан жасалған терминдер  «тағдыры» не болмақ? Олар қолданысқа ене ме, жоқ әлде тасада қалып  қоя ма? Тіліміздің терминологиялық  лексика қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі қандай? ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған  термин төңірегінде үнемі туындап  отырады. Олардың әрбірі қоғам тарапынан  қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді  қажет етеді. Сондықтан да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның  даму бағытын белгілеу – бүгінгі  күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.Ал термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру – үнемі  қадағалап, реттеп отыруды қажет  ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз, терминологиямыздағы  бірізділіктің сақталмай әр автордың өзінше термин жасап, термин қолдану  жұмысының әлсіздігінен, өкілетті орындардың өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай  отыруынан деп білген жөн.1910 – 1930 жылдар аралығында үстемдік етуші орыс тілінің мүддесі көзделіп, термин жасау мен шет тілдер сөздерін қабылдауда өзге ұлт тілдерінің ерекшелігі ескерілмеді. Ұлт тілінде термин жасаудың мүмкіндігі шектеліп келуінің салдарынан тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала бастады.1990 жылдардан бері қарай ұлттық ғылыми терминологияны дамытудың жаңа принциптерін жасау күн тәртібіне қойылды. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа ене бастады. Жасалып жатқан терминдердің бәрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындары да бар.Ондай сәтсіз жасалған терминдер қазақ тілінің термин жасауға «икемсіздігін», ғылыми ұғымдарды дәл беруге мүмкіндігінің жетпейтіндігін көрсетеді.  Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі.Сондай-ақ көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары  бола тұра тұрақты қолданылмай немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Термин» атауының өзі әр кезеңде ұлт тіліне түрліше аударылып,оның бірнеше балама нұсқасы ұсынылды.Сонымен ғасырға жуық уақыт аралығында арнаулы лекcиканың бірлігі болып табылатын бір ғана ұғым атын «Термин» сөзін ұсынды. Бұл атау латын тілінде «шек,шекара» деген мағынаны білдіреді.Терминді әдетте біз ең алдымен,адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде негізінен кәсіби мамандар тілінде,арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұғамыз.Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің тілдік табиғатын танытатын әр түрлі белгілері атап көрсетіледі.Термин жөнінде сөз қозғағанда «Барлық термин-сөз,бірақ сөздің бәрі термин емес» деген тұжырым қолданылады.Бұл тұжырымды тілдегі сөз деп танылатын тілдік бірліктерге қатысты дұрыс айтылған деуге болады.

    Жалпы термин,термин сөздер жөнінде нақты мыналарды айтуға болады:

  1. терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады.
  2. терминдер негізінен тілдік бірліктер.
  3. термин-белгілі бір терминологияның мүшесі.
  4. термин деген ұғым аты.
  5. терминнің міндетті түрде дефинициясы болады.
  6. терминдердің  негізгі басым бөлігі жалпы есімдер,сөз табына қатысты жағынан зат есімдер болады.
  7. терминдер  атауыштық қызмет атқарып,негізінен ғылым тілінде,белгілі бір арнаулы сала шеңберінде қолданылады.

Термин құрамы жағынан  түбір сөз де,туынды сөз де,күрделі  сөз де,терминологиялық тіркес те болуы мумкін.Мысалы;

         Түбір терминдер: сөз(лингв),тау(геогр),сан(матем) т.б

         Туынды терминдер: асқазан,ішперде,сөзжасам  т.б

          Тіркесті терминдер: кіші қан  айналым шеңбері.

Терминдер ұлт тіліндегі  сөзжасам үлгілерімен қатар шет  тілдерінің термин жасаушы терминбөлшектері қатысуы арқылы да жасалады.

 Терминбөлшек(терминоэлемент) дегеніміз- терминологиялық мағынасы бар ең кіші бөлшек,яғни бір түбірлі сөздерді құрайды.Термин бөлшектің мағынасын бұдан да толығырақ аша түсетін анықтама бар.Мысалы:

    Термин бөлшек-әдетте терминнің құрамында белгілі бір орынды иеленіп,мейлінше тұрақтаған жалпы мағынаны білдіретін,туынды терминдердің үнемі қайталанып отыратын және жаңа терминдер жасауға қабілетті бөлшек.

Қайталану дегеніміз, сөздердегі бір немесе бірнеше бөліктерінің қайталануын айтамыз. Олардың бөліктерінің қайталануы, олардың мағынасына жақындығын көрсетеді.

 Термин сөздер латын тілінде 3 топқа бөлінеді.Бірінші топ анатомиялық – гистологиялық термин сөздер. Екінші топ - фармацевтикалық термин сөздер (рецепт, химиялық элементтер).Үшінші топ - клиникалық термин сөздер.

 Термин сөз (terminus) - латындық және бұрын бұл «шекара, жеткілікті шеті» деген мағынаны білдіреді.Термин сөздер немесе терминдік тіркес дегеніміз нақтылы мамандыққа немесе жүйеге (ғылым, техника, ұйым ) айтылатын, оларды толық және анықтауға жұмсалатын сөздер.Термин сөздің өзіне сай мағынасы, құрлымы, мазмұны және формасы немесе дыбыстық комплексі (айтылуы және жазылуы) болады.

Термин сөз ғылыми түсінікті  білдіретіндіктен интелектуалды аспаптың рөлін ойнайды. Термин сөздердің  көмегімен ғылыми теориялар концепциялар, заңдар қалыптасады.Жай сөздерге қарағанда, термин сөздер дефинициялар арқылы ашылады, сөздерге анықтама береді.

Дефиниция (лат, difinitio) – бұл тек негізгі мағынасын көрсету. Мысалы онтогенез (грек – on, ontos сущее, существо - genesis даму, пайда болу)адам морфологиясы, физиологиясы, биохимиясының дамып соңғы өмір сүру дағдысына дейінгі құрылым. «Аэрофия» (грек air ауа + phiotos жақсы көруші) ортадағы, айналадағы оттегінің қышқылдануы реакциясы арқылы энергияны алатын микроорганизмдер.Энциклопедияларда,арнайы сөздіктерде,кітаптарда бірінші рет қолданылып тұрған сөздер(термин) дефиниция арқылы анықталады. 

  Фармацевтикалық термин сөздерге дәрілік заттардың аталуы  және химиялық қосындылар жатады.Бұл көбінесе рецептерде кездесуі мүмкін.Термин сөздерде көбінесе сөз бөліктерінің қайталануы толық немесе толық емес болуы мүмкін.Толық қайталанатындар олар,барлық құрылыс құрылымдары(бөлек морфемдегі немесе жалпы морфемдегі) басқа да сөздерде қайталанатындар.Егерде барлық тек арасында кездесуі немесе басқа жаңа медициналық терминдерде кездесу бұл толық емес деп аталады.   Негізгі көптеген терминдер жасалушы сөздер  қарапайым жолмен пайда болушы ежелгі грек және латын тілінде немесе арнайы морфем арқылы,тілдің негізі арқылы жасалынатын болса,бұл толығымен қайталанушы болып табылады.   Қайталанудың морфем саны мен морфем жинағының маңызды бөлігі жиілік деп аталады. Морфемдік жинақтың әр түрлі сөздерде екі үш рет қайталануынынан олардың жиілігін санауға болады.Жиіктің көп мөлшерде болуы олардың қолданылуына байланысты және осы арқылы үлкен рөл атқарады.Кейбір жоғары дәрежедегі морфемдер және жинақтары ондаған терминдерді жасауға көмек береді. Көптеген ежелгі грек және латын тіліндегі морфемдерді спецификалық  терминология иемденген.

                       Дәрілік заттардың тривиальды атаулары.

Дәрілік заттар көптеген химиялық қосылыстар мен химиялық номенклатурада берілген атауларымен бірге қолданылады.Мысалы:Мырыш  оксиді,салицил қышқылы,натрий хлориді. Бірақ көптеген химиялық қосылыстар дәрі-дәрмектер номенклатурасында тривиальды атауларымен қолданылады.Тривиальды(кәдімгі)атаулар дәрі-дәрмектердің құрамы және құрылымы мен көрсетпейді,бірақ бұл атаулар қолдануға өте ыңғайлы.Себебі,ғылыми атауларды рецепттерде,этикеткаларда және дәріханаларда қолдану ыңғайсыз.Мысалы: анальгин-1-фенил-2,3-диметил-4 метиламино-пиразолон-5 N метансульфонат натрия.

Дәрілік заттардың  тривиальды(кәдімгі) атауларының        жасалу тәсілдері.

   Дәрілік заттардың тривиальды (кәдімгі) атауларының жасалу жолдары алуан түрлі.Сөз құраушы негіз ретінде бірнеше сөз қолданылуы мүмкін.Сөз құраудың негізі “құрылыс” материалы –сөз,сөз құраушы элементтер,түбір және грек,латын сөздік бөліктері болып табылады.Мысалы: apisarthronum-апизатрон(грек:apis-apa+arthron)- ара уы (буын суықтағанда қолданылады) Mentholum-ментол (oleum menthae-ментол майы).

                      Аббревация (лат.қысқа)-қысқарған сөздер  

Тривиальды (кәдімгі) атауларды жасауда бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Сөздің бөліктерін жинақтап дәрілік заттар атауларын жасайды.Мысалы: dimexidum-димексид(диметильсульфооксид); Aetaeridinum-этакридин (лактат Г-этокси,9-диамино-ридин); Phenaminum-фенамин(сульфат-х,J-фенил.Г аминопропана).Көп жағдайда қысқарту жолымен,дәрі-дәрмектер жиынтығы атаулары жасалады.Себебі,барлық әсер етуші заттарды тізіп атап жатқаннан гөрі,оларды қысқартып қолдану өте ыңғайлы.Бұл жасалған атаулар тырнақшаға алынып,дәрілік формалардан кейін жазылады.Мысалы:Tabulettae “Ancophenum”- “Анкофен”-таблеткалары.Бұл дәрінің құрамындағы әсер етуші зат тар: Antipyrini,phenaietini 0,25.Coffeini-natrii benzoatis 0,05.            Фармокологиялық мағына беретін жиіктік бөлшектер.

Соңғы он жылдықта Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау саласының шешімі бойынша дәрілік заттардың тривиальды атауларына жиіктік бөлшектерді қосуды талап етеді.Себебі,дәрілік заттардың белгілі бір анықталған фармокологиялық тобын анықтау үшін.Қазіргі таңда бірнеше ондық осындай жиіктік бөлшектер қолданылады.Солардың бірнешеуі мыналар:

     Латынша

  Қазақша 

Фармокологияға қатысты  мағынасы

          Sulfa

сульфа

Микробқа қарсы сульфаниламидтер

          Cillin

 циллин

Пенициллиндер-антибиотиктер.

          Mycin

 мицин

Микробқа қарсы антибиотиктер.

         Cyclin

 циклин

Тетрациклиннен жасалған антибиотиктер.

          Barb

 барб

Ұйықтатушы –барбитураттар.

           Cain

 кайн

Жергілікті жерді жансыздандырушы.

           Cort

корт

Бүйрек үсті қабықтарының гормондары картикостероидтар.

          Oestr

эстр

Эстрогендер-аналық жыныс  гормондар препараттары.

         Andr

 Андр,эстр

Андрогенді стероидтар –аталық  жыныс гормондар препараттары.




 

Жиіктік бөлшектер

Жиіктік бөлшектер

Мысалдар

-mal-,-al-,-somn,( лат.тілінде,somnus-түс),-hypn-(грек.),-dorm-(фр.)

Ұйықтататын,тынышталдыратын(седативті) құралдар,дәрілер

Alisobumalum,Veronalum,Somnafin,Hypnobroom,Dormital,Neodorm

-stress-(ағыл.) –tranqu-(фр)-atrax-(грек.)

Психоседативті,яғни елегізіп,есалаңданған ауруды емдеуге немесе депрессияға үрейленуге қарсы және тыныштандыратын әсері.

Anastress,Tranquil,Atraxin

-aller-(g),-flog-(phlog-)

Аллергияға,қабынуға қарсы  құралдар.

Allergol,Allerton,Flogistin,Phlogex

-trast-,-gnost-,graf-

Диагностикалық, яғни анықтаудың, рентгено контрастық белгілерді береді.

Choletrast,Bilignost,Cardiografin

-ur-

1) Несеп айдаушы (diuretica) дюретикалық.2)Диагностикалық анықтауға қолданылатын жиіктік бөлшектер мен “trast” бірге несеп-жыныс жүйелердің зерттеуін білдіреді.

1) Diurometan Salurin 2)Urotrast

-lax-

Іш жүргізетін дәрілер

Laxasept,Acetolax

-verm-,-helm-(int)

Ішек құрттарына қарсы,гельминиттерге қарсылығын білдіреді.(anthelminthica)

Univerm,Helmintin,Avermex

-vom(it)-,-emet-

Құсыққа қарсы белгі береді(antiemetica)

Vomital,Vomex,Emetiral

-orex-

Анорексигенді,яғни тәбетті  төмендететін немесе басатын(anorexigena)

Anorex,Cloforex

-t(h)romb-,-coum(cum)-,-arolum-

  1. Қанның қоюлануына қарсы.
  2. Қанның ұюына қарсы,яғни антикоагулянттар

Athrombon,Thrombinum,Dicumacyl,Coumetarolum

-mex-(c)

Құралдар құрамында сынап  бар және микробтарға қарсы әсерде немесе несеп шығару әсерде белгілейді.

Mercusalum,Mercurophyllinum

-cainum-

кайн

Жергілікті ауырғандығын басушылық белгісі.

mycinum

мицин

Стрептомицин тобындағы  антибиотик белгілері

cyclinum

циклин

Тетрациклин тобындағы антибиотик белгілері

-stan-

Стан

Ерлердің жыныстық гормондық  препараттары

-ster-

Стер

Ерлердің жыныстық гормондық  препараттары

-io-

йо

Құрамында йоды бар рентгеноконтрасты  заттар

Информация о работе Термин және түсінік.Терминология түсініктер жүйесі.Фармацевтикалық терминология кешені