Тістің күту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 17:55, научная работа

Описание работы

Оқушы атты ғылыми жобасында бүтін сау тістер—адам денсаулығының басты кепілі екенін айта келіп, көп аурудың тістен басталатынын нақты дәлелдермен келтірген. Тістің негізгі бөлігі дентин микробтардың әсерінен бұзылса, ол тісжегіге айналатынын практикалық жұмысы арқылы көрсете келіп, тіс ауруын болдырмау жолдарына достарын шақыра білген. Мектеп медбикесімен тығыз байланыс жасап, емдік қасиеті бар тіс пасталарын пайдалануға нұсқау алып көп ізденген. Оқушының ғылыми жобасын сабақ кезінде қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Адамның денсаулығы мықты болуы өзіне байланысты екенін түсіндіре келіп алдын-алу шарасын тісті күтуден бастауға шақырады.

Содержание работы

Кіріспе .........................................................................................................4
Зерттеу бөлім
1. Тістің құрылысы.........................................................................................5-7
Тіс және ауыз гигиенасы ..............................................................................8-10
Тіс гигиенасы................................................................................................11-14
Тіс ауруларынан сақтану жолдары.............................................................15-16
Қорытынды .....................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер:...............................................................................18

Файлы: 1 файл

тіс гылыми.doc

— 141.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Қостанай облыстық білім беру басқармасы»ММ

«Рудный қалалық білім беру бөлімі»ММ

«№15 орта мектебі»ММ

 

 

 

 

Сыбаева Айжан

1  «Б»  сынып оқушысы

 

 

 

«Тістің күту жолдары»

 

Секция: валеология

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:

Қарымсақова Жаңыл Серікбайқызы

бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Рудный, 2013ж

Мазмұны

Кіріспе .........................................................................................................4

Зерттеу  бөлім

1. Тістің құрылысы.........................................................................................5-7

  1. Тіс және ауыз гигиенасы ..............................................................................8-10
  2. Тіс гигиенасы................................................................................................11-14
  3. Тіс ауруларынан сақтану жолдары.............................................................15-16

Қорытынды .....................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер:...............................................................................18

 

№15 орта мектептің 1  «Б» сынып оқушысы   Сыбаева Айжанның

«Тістің күту жолдары» атты жұмысына

 

 

Алғы сөз

 

       1 «Б»  сынып  оқушысы  Сыбаева Айжанның  «Тістің күту жолдары» атты  ғылыми  жобасында   кез келген аурулардың ауыз қуысынан басталатынын айта келіп, тіс жегінің болуы тәттіні мөлшерден тыс көп жеуден болып отырғанын анық көрсете білген. Жас ерекшелігіне қарамастан жан-жақты ізденіп көп мәлімет жинаған. Тісті күту жолдарын түсіндіруде теориялық жұмыстан гөрі практикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлген. Достарын тісті күтуге шақырып, тіс жегіні  болдырмау жолын айқын көрсете білгені байқалады.

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                       Қарымсақова Жаңыл Серікбайқызы

                                                            бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№15 орта мектептің  1 «Б» сынып оқушысы  Сыбаева Айжанның

«Тістің күту жолдары»  атты  жұмысына

 

Сын пікір

 

        Оқушының ғылыми жобасында тісті күту жолдары анық көрсетілген. Жан-жақты іздену жұмыстар ы жасалған. Тісің болсын маржандай дегендей адамның күлкісі әдемі болуы да тістің бүтін болуымен тығыз байланысты деп ой түйіндеген. Тісті сақтау үшін тіс дәрігеріне жылына 2 рет барып тұруға үгіттей келе, тісті инемен шұқымау сияқты тағы басқа зиянды әдеттерден сақтандырған. Оқушының тақырыбының мазмұны ашылған. Өз білгенін достарына үйреткен. Оқушының алдағы жұмысына шығармашылық табыс тілеймін.

 

     

 

 

      Пікір жазған ата-ана:             Пирмаханова Келбет Бекмурзайқызы

 

 

 

 

 

Андатпа

         Оқушы  «Тісті күту жолдары» атты ғылыми жобасында бүтін сау тістер—адам денсаулығының басты кепілі екенін айта келіп, көп аурудың тістен басталатынын нақты дәлелдермен келтірген. Тістің негізгі бөлігі дентин микробтардың әсерінен бұзылса, ол тісжегіге айналатынын практикалық жұмысы арқылы көрсете келіп, тіс ауруын болдырмау жолдарына достарын шақыра білген. Мектеп медбикесімен тығыз байланыс жасап, емдік қасиеті бар тіс пасталарын пайдалануға нұсқау алып көп ізденген. Оқушының ғылыми жобасын сабақ кезінде қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Адамның денсаулығы мықты болуы өзіне байланысты екенін түсіндіре келіп алдын-алу шарасын тісті күтуден бастауға шақырады.

Сыныптас достарының қызығушылығын арттыру мақсатында күнделікті өмірде тісін күтпейтін балалардың да кездесетінін мысалға келтіріп, соның әсерінен тістің бүлінуі пайда болатынын  түсіндіре кеткен.

Жұмысының  мазмұнын  зерттеу  түрлері  арқылы  аша  білген. Оқушы  жас  ерекшелігіне  қарамай  ізденіс  үстінде  тістің күту ережелерін есінде сақтап, басқа сыныптарға да тісті күту туралы кеңес бере білген.

                                     

 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

В проекте научной работы ученика игра тогызкумалак спортивная игра, которая может помочь глубже изучить математику, поэтому сделав вывод, что нужно не только творчество развивать, с этой целью проделал множество поисковых работ.  Ученик в своей работе большое внимание уделил практике, чем теории.

В современное информационное время чем играть в бесполезные компьютерные игры, призывает ценить национальные игры от которых ожидается большое будущее.  Поэтому играть в эту игру это все равно что заниматься спортом.

В научной работе предлагает, чтобы внутри школы был кружок по игре тогызкумалак.

Не оставила без внимание от простых вещей до перемен. 

С целью повышения интереса среди друзей одноклассниц она начертила проект уведенное собой своим умом.

Смысл проекта сумела открыть с помощью разных исследований. Ученик не смотря на свой возраст во время исследований запоминая правила игры, учила друзьям эффективные пути выигрывать при хождении.

 

Кіріспе

Тақырыптың  өзектілігі:

       Күнделікті өмірде асқазан ауруының көбеюі. Біріншіден тісті дұрыс тазартпау, құрамында қанты бар тағамдарды көп жеуден тісжегінің пайда болуы, тіс түскеніне мән бермеуден болса, екіншіден емдетуге қаражат тапшылығы кедергі болып отырғанын ашып айтудан туындайды.

      Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеті:

       Ғылыми  жобаның  басты мақсаты – дұрыс тамақтана білу тісті әр түрлі аурулардан сақтауға көмектесетінін түсіндіре келіп, тіс ауруының алдын алуға, жас күндерінен бастап, күтуге тәрбиелеу.

Мақсатыма  жету  жолдарымда төмендегі міндеттерді шешуді алдыға қойдым.

  • тісті дұрыс тазарту;
  • тісті уақытымен емдету;
  • тіс щёткасын ауыстырып отыру;
  • кітапша түрінде тістің күту ережелерін есте сақтауға шақыру.

         Ғылыми  жобаның нысаны ретінде журналдар, түрлі әдебиеттер, фотолар, энциклопедия ,қосымша  оқулықтар  желісінен  алынды.

Тақырыптың  теориялық  және  практикалық  маңызы:

         Жұмыстың  негізгі  тұжырымдамаларын, арнайы  сабақтарда  тақырыпқа сай пайдалануға болады. Жұмыстың  құрылымы: кіріспеден қорытынды  мен  тараулардан  тұрады.

 

Тістің құрылысы

Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және тубірі болады. Тістің ауыз қуысынан шығып тұрған бөлігі тіссауыт деп аталады. Оның сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған. Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық заттарға тікелей байланысты.. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіссауыттың үстіңгі бүдырларындағы кіреуке едәуір қалың. Балалар тістері кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан, ол жұқа болады. Тістің келесі бөлімі - тіс мойын. Тіс мойны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Тіс түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Курек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (соңғы үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы кеуекті дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген.

Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің сезімталдығына байланысты.

Тістің негізгі бөлігін дентин (лат. «dens» - тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70%-ы фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыс-тарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес ) деп аталады.

Бүтін әрі сау тістер - адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру коздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғак) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салкын сусындарды бірінен соң бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға жәнө т. б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.

Ауыз қуысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсакталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толык шайналған, өрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Көрнекті ақын Мұзафар Өлімбаевтың «апылғұпыл ішкен ас, асказанға түскен тас» деген нақылынан өздерің қорытынды шығарыңдар.

Адамның да тістері басқа сүткоректі жануарларга ұксас жеке топтарға бөлінген. Тістер курек, сойдақ, кіші және улкен азу тістер деп бөлінеді.

Ересек адамдарда 28-32 тұракты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жаксүйектердегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақсүйектерде 16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақсүйектердің алдыңғы жағында орналаскан жалпақ тістерді курек тістер деп атайды. Кейде оларды халық арасында маңдай тістер немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек тістердің саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны - 4. Адам күрек және сойдақ тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны - 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны - 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.

Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сөбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сут тістер деп аталады. 6-7 жастан бастап сүт тістер түсіп, орнына тұракты тістер шығады. «Баланың жетіде тісі түседі» деген нақыл соны аңғартады. Өйткені балалар жақсүйектерінің мөлшері мен пішіні ересек адамдардан өзгеше болады. Тұрақты тістердің бастапқы нышаны сүт тістердің түбірінің астында орналасқан. Олар бірте-бірте сүт тістерін ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне коректің келуіне кедергі жасайды. Қорек келмеген сүт тістер бірте-бірте түседі, оның орнына астыңғы жаксүйекте тұрақты тістер шығады. 12-14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18-20 (одан да кенгірек) жаста шығады. Оларды кеш шығатындықтан, «ақыл тістер» деп атайды. Шын мәнінде, олардың акылға ешбір катысы болмайды.

2 жастан бастап үйрете  берсе болады. Қазір шығып жатқан  тіс шайқағыштардың өзі ойыншық сияқты жасалған ғой. Сондықтан олар ойнап жүріп тістерін тазалайды. Тазалықтың ешқандай зияны жоқ.

Баланың тісі алты айлығынан бастап өсе бастайды. Бірақ ауыз қуысын күтуді жаңадан тіс шыққанға дейін бастау керек. Ал 3 жасына қараған шағында олардың барлық сүт тістері шыға бастайды. 6 жасқа толар-толмас олар түсіп, орнына тұрақты, азу тістер өседі. Азу тістер 13 жасқа қарай толығымен шығып болады.

 

Тіс және ауыз гигиенасы.

Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып, тісті тазалау кажет. Күн сайын тісті таңертең және кешке мұқият тазалап жуу керек. Тісті тазалауда белгілі ережені есте ұстау шарт. Алдымен бөлме температурасындағыдай сумен ауызды бірнеше рет шаю; содан соң арнайы мәсуекпен тазалау; алдыңғы жағын үйкелей бермей алдыңғы, артқы бүйір тұстарын да мұкият тазалау. Мөсуекпен тістердің арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай ыскылау; тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттерін де тазалау қажет.

Әрбір адамның жеке басының арнайы мәсуегі болуы тиіс. Оны пайдаланғаннан кейін жақсылап тазартып жуып, сабындап қою керек. Келесі пайдаланарда мәсуектің сабынын жууды естен шығаруға болмайды.

Қазақ халкының көрнекті ғалымы, әрі алғашкы кәсіби дәрігері Халел Досмұхамедұлы да тістің тазалығына зор мөн берген. «Аузынды таза үста-саң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мәсуекпен (тіс тазалағышпен) жаксылап тазала. ішкен-жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалал шайьш отыр». Ғалымньщ бұл даналық сөздері әрбір адамның есінде жүрер ережеге айналуы шарт.

Тісті тазалаудың басты құралы - тіс мәсуегі. Ондағы қылшықтардың орташа ұзындығы 25-30 мм, ені 8-12 мм болуы шарт. Жаңа мәсуекті пайдаланудан бұрын сабынмен әрі ыстық сумен жуу керек. Мәсуекті әрбір 2-3 айда жаңартып отыру кажет. Тіс пасталарын да дұрыс таңдай білу керек.

 

 

Тіс жегінің пайда болуы


 

 


 

 

 

 

 

 

Тісті күту


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тістің түсуі


 

 

 

 

 

 

Мектеп окушыларына «Ну, погоди», «Буратино», «Карлсон», «Детская», «Мятная», «Апельсиновая», «Олимп» және т.б. пасталар ұсынылады. Тіс кіреукесінің беріктігін сақтау үшін құрамында фторы бар пасталар қолданылады. Ондай пасталарға «Чебурашка», «Фтородент», «Флюродент», «Сигнал», «Пепсодент», «Колгейт» жатады.

Тістің бүтіндігін сақтау үлгісін жапон халқының казіргі кездегі игілікті істерінен айқын көруге болады. Тісті және ауыз қуысын мұқият тазалау - ұзақ өмір сүрудің басты кепілі. Олай болса, бұл салада да өзге халықтардың да өнегелі істерінен үлгі алудың ешбір сөгеттігі бола қоймас.

Информация о работе Тістің күту жолдары