Тістің күту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 17:55, научная работа

Описание работы

Оқушы атты ғылыми жобасында бүтін сау тістер—адам денсаулығының басты кепілі екенін айта келіп, көп аурудың тістен басталатынын нақты дәлелдермен келтірген. Тістің негізгі бөлігі дентин микробтардың әсерінен бұзылса, ол тісжегіге айналатынын практикалық жұмысы арқылы көрсете келіп, тіс ауруын болдырмау жолдарына достарын шақыра білген. Мектеп медбикесімен тығыз байланыс жасап, емдік қасиеті бар тіс пасталарын пайдалануға нұсқау алып көп ізденген. Оқушының ғылыми жобасын сабақ кезінде қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Адамның денсаулығы мықты болуы өзіне байланысты екенін түсіндіре келіп алдын-алу шарасын тісті күтуден бастауға шақырады.

Содержание работы

Кіріспе .........................................................................................................4
Зерттеу бөлім
1. Тістің құрылысы.........................................................................................5-7
Тіс және ауыз гигиенасы ..............................................................................8-10
Тіс гигиенасы................................................................................................11-14
Тіс ауруларынан сақтану жолдары.............................................................15-16
Қорытынды .....................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер:...............................................................................18

Файлы: 1 файл

тіс гылыми.doc

— 141.00 Кб (Скачать файл)

Тіс ауырмау үшін


 

 

 

 

 

Адамның тісі оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі түсіп қалу, тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады: [Қосымша-№1]

1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырыңдар;

2.  Қызыл иікті де қолмен  ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс;

3. Тісті төменнен жоғары немесе  керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан  аспауы керек.

4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы  тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып  тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;

5. Тіс щеткаларын сабындап таза  сумен мұқият түрде жуып, спиртпен  дезинфекциялаған жаман болмайды.

Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық – физиологиялық  белсенді заттар енгізіледі  (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор,  кальций – хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем - домдық – профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады.

6.  Тісті тазартқаннан кейін  ауызды эликсирмен шайыңдар. Міне  тіс күтімі осындай деңгейде  жүру керек.


Тіс гигиенасы

Бүгінгі таңдағы экология мәселесі әлемдегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Экологияның ластануы адамның денсаулығына, соның ішінде тістеріне де зиянды әсерін тигізеді. Бүгін мен тіс мәселесін қозғағым келіп отыр. Тіс – бұл негізгі шайнау аппараты және оның қызметінің бұзылуы ішек-қарын жолдарының ауруларына, мәселен гастрит, асқазанға жара шығу және басқа да ауруларға әкеледі.

Денсаулықты жақсарту мақсатында жыл сайын №644 бұйрық бойынша 18 жасқа дейінгі балалар профилактикалық медициналық байқаудан және 3,5,8-ші сыныптар терең медициналық байқаудан өткізіледі. Медициналық байқаудан өту кезінде балалар сонымен қатар тіс дәрігерінің кабинетінде де тексеріледі.

Мемлекет те стоматология облысына көмек көрсетіп отырады. Тіс дәрігерінің медициналық тексерісінен өту кезінде 18 жасқа дейінгі оқушыда тісжегі (кариес) анықталса оны тегін емдейді, өйткені мемлекет тісжегісі бар балалардың тегін емделуі үшін жыл сайын ақша қаражатын бөліп отырады.

Адам тұщы суды пайдалана отырып тісі мен қызыл иегіне зиян келтіреді, ал бұл келешекте гингивит пен тісжегіне әкеледі. Сонда тұщы судың қандай зияны бар? Бұл судың құрамында тістерде тұнып қалатын және тіс тастарын құрайтын химиялық элементтер бар. Бірақ біз тек суды пайдаланып қана қоймай, құрамында өндірушілер өз өнімдеріне қосатын, көп зиянды химиялық элементтерден тұратын күнделікті тамақ өнімдерін қолдана отырып зиян келтіреміз.

Мен өз мектебімнің бастауыш сыныптар арасында  2008 жылдан 2010 жылға дейінгі тексеріс кезінде тісжиегі анықталған оқушылардын пайыз санын салыстырдым. Нәтижесі мынадай болды: жылдан жылға тісжиегімен ауыратын балалар саны артып отырған. Оның себебі гигиенаны сақтамау, дұрыс тамақтанбау. 

Тісжегі ауруының себептері дұрыс тамақтанбау болып табылады: қантты көп мөлшерде қолдану, ұннан жасалған тәтті тағамдарды көп пайдалану, тағамдарда кальций мен фосфордың жетіспеуі, тамақ рационында шикі жемістер мен көкөністердің болмауы (оларды шайнау кезінде тістердің өзіндік тазалануы жүреді).

Құрамында фтор жеткіліксіз болатын ауыз суды пайдалану аурулардың пайда болуына әсер ететін екінші фактор болып табылады. Сондықтан құрамында фтор болатын таблеткаларды пайдалану, сонымен қатар суды фторлау үшін сумен жабдықтау жүйесінде арнайы құрылғыларды орнату қажет.

Тіс пен ауыз қуысын күту гигиенасын білмеу және оны сақтамау тісжегінің дамуының келесі себебі болып табылады. Ауыз қуысының жеке гигиенасы – адамның жалпы гигиенасының ажырамас бөлігі. Адамның ауыз қуысының гигиенасы ережелерін қаншалықты дұрыс орындағанынан оның тек сыртқы келбеті ғана емес (әдемі тістер мен қызыл иектер), ауыздан жағымсыз иістің шықпауы, ауызда балғындықты сезіну, ең бастысы – оның тістерінің, қызыл иектерінің, ауыз қуысының шырышты қабығының саулығы да тәуелді болады. Ауыз қуысының жеке гигиенасының негізі – тістерді дұрыс және үнемі тазалап отыру.

Адамның ауыз қуысында үнемі бактериялар жүреді. Оңай ферменттелетін көмірсулардан – қант пен кулинарлық өңдеуден өткен крахмалдардан тұратын барлық өнімдер мен сусындардың көбісі бактериялардың қоректенуін қамтамасыз етеді. Бактериялардың мекені мен олардан бөлінетін жабысқақ заттар тіс қағын құрайды.

Алғаш рет бактерияларды дәл сол тіс қағында голланд ғалымы А.Левенгук (1683 жылы) анықтады. Бактериялардың тіршілік әрекетінің өнімі қышқылдар болып табылады, олардың бөлінуі тістің бұзылу процесінің басталуына жәрдемдесуі мүмкін.

Тәтті азық-түліктердің молшылығы, жаман әдеттер, тістер мен қызыл иекті гигиеналық күтудің сапалы болмауы, аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы кезінде тіс дәрігеріне баруды кейінге қалдыру, профилактикалық байқаудан өту үшін жарты жылда бір рет дәрігерге көріну әдетінің жоқтығы – тістеріңізді жоғалтып алуда тәуекел етуіңіздің кейбір себептері ғана.

Бүгінгі таңда өкінішке орай, тістері сау адамды анда-санда кездестіруге болады. Барлық тістерінің күшті күйде болған жағдайдың өзінде көбінесе өз тістері емес, қымбат ақша тұратын жасанды ипмлатанттар болуы мүмкін.

Тіпті болмағанда ауыз қуысын дұрыс күту қажет:

  • Тісті күніне екі рет – таңертең және ұйықтар алдында ысып, тазалау қажет;
  • Тісті дұрыс тазалау техникасын сақтау қажет;
  • Күніне жоқ дегенде бір рет тістің арасын тіске арналған жіппен тазалап отыру қажет;
  • Ауыз қуысын шаятын арнайы сұйықтықтарды пайдалану қажет;
  • Тіс тазалағыштарын пайдалану қажет;
  • Дұрыс тамақтану керек;
  • Суды фильтрден өткізетін құрылғыларды пайдалану, ал жоқ жағдайда қайнатылған суды пайдалану қажет;
  • Тіс щеткасын әр 3 ай сайын ауыстырып отыру қажет. [Қосымша -№2]

Егер адам осы қарапайым ережелерді сақтап отырмаса, онда тісжегі пайда болуы мүмкін.

Тісжегі тістің ең көп таралған, оның қатты және жұмсақ ткандерін зақымдайтын аурулардың бірі болып табылады. Тісжегі терминін дәл аударғанда «шіруді», яғни тістің эмалі мен дентинінің бұзылуын білдіреді. Ол ауыз қуысының гигиенасын сақтамаудан туындайды. Тіс эмалінде шайнау кезінде алынбайтын жерлерде (тістің бүйір жақтары, шайнау жақтарының терең жерлері)  жұмсақ тіс қағы пайда болады. Бұл тіс қағы тістің бетімен берік түрде байланысады да, әртүрлі бактериялар мен таздардың (грибоктардың) шоғырлану жері болып келеді. Тіс қағының құрамына кіретін бактериялардың жартысын стрептококктар құрайды. Тіс қағының құрамына минералды тұздардың қосылуы оның нығыздалуына жәрдемдеседі. Мұндай пайда болулар тіс қағы (зубная бляшка)деп аталады.

Тісжегіні өз бетімен кетіруге болмайды, міндетті түрде тіс дәрігеріне көріну қажет. Ол осы тістерді емдейді және орын алған шұңқырдың орнына пломба қойып немесе осы тісті жұлып алады және коронка деп аталатын қазіргі заманғы тісті қояды.

Коронка – зақымдалған тістің пішінін, қызметін және сыртқы түрін толық қалпына келтіретін протез. Коронка зақымдалған тісті қалпына келтіруге; пломбалаудың көмегімен қол жеткізуге болмайтын жағдайда әлсізденген немесе сынған тісті одан әрі бұзылудан қорғауға, тістің дұрыс емес пішінін және бұзылған түсін түзетуге мүмкіндік береді. Осы барлық қызметтерді коронка қаншалықты қажет ұзақ уақыт бойы орындай алады. Бірақ оларға да шын тістерге сияқты ерекше күтім қажет.

Содан соң мен дәрігермен кеңесуге бардым. Осының нәтижесінде 1-4 сыныптар арасында сауалнама өткіздім. [Қосымша-3]

Сұрақтары:

  1. Тісті үнемі жуасыз ба?
  2. Тісті сақтау жолдарын
  3. Дәрігермен кеңесесіз бе?

 

Тіс  ауруларынан сақтану жолы

 

1. Тісті күніне екі рет тазалау,

2.Тамақтан соң  әр уақытта тісті шайып тұру керек.

3.Жылына екі рет тіс дәрігеріне   көрініп тұру керек,

4.Тамаққа қатты өнімдерді пайдаланбау керек,

5.Тіс щеткасы біртегіс  жұмсақ қылшықты болу керек,

6. Тіс щеткасы қатаң түрде  әр адамда жеке болу керек,

7.Тісті барлық жағынан тазалау  керек,тазалау уақыты 3 мин бол  керек,

8.Тіс пастасының құрамында міндетті  түрде фтор болу керек,

9.Тіс щеткасын бір жылда 4 рет  ауыстыру керек,

10.Қант, конфет, тәтті тоқаш тағамдарын  азырақ пайдаланған жөн.

 

Тісті қалай жуу керек?

 

Тісті күніне екі рет жуып тұрған абзал. Таңертеңгісін, кешке астан соң, ұйқы алдында. Себебі астан кейінгі қалдықтар тіс қуыстарында қалып қойған, тістің шіруіне алып келеді.Дұрыс жуылған тіске құрт түспейді. Тісті кем дегенде, үш минут жуу қажет. Өйткені тіс пастасы тісті қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Тіс жуғанда, щетканы күрек тістен азу тістерге дейін жеңіл қозғалыспен айналдыра ысып шығасыз. Одан соң, күрек тістер арқылы екінші жақ бөлігін, ысып шығасыз. Үстіңгі және астыңғы тістерді де кезек - кезек ысқылайсыз.

Тамақ қалдықтары тістің астыңғы жағында көп тұрып қалады. Сондықтан жеңіл қозғалыспен тістің ішкі қабатын ысып тұру қажет. Пародонтит, гингивит секілді тіс ауруларын емдеуде тісті осылай тазалаудың көмегі көп.

 

 

 

Жағымсыз иістер

Ауыз іші құрғап кеткенде, тіс зақымданғанда, тіс еттері ауруға шалдыққанда, ауыздан жағымсыз иістер шығады. Құрамында спирті бар заттармен ешқашан ауыз шайқамаңыз. Себебі спирт ауыз терісін күйдіріп, одан әрі құрғатып жібереді. Жағымсыз иістерден құтылудың ең оңай жолы - мамандарға қаралып, кеңесіне жүгіну. Уақтылы ауызды шайып, тісті мезгілімен жуып тұру. Мөлшерден тыс пайдаланған тәтті тағамдар тіс ауруына алып келеді.

 

 

Қорытынды

«Тісті күту жолдары» атты ғылыми жобасында «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей тіс аурудың алдын-алу шараларын қарастырдым. Тіс ауруынан алдын-ала сақтандырып тіс щеткасын ауыстырып отыру, фтор қосылған тіс пастасымен үнемі жуу зиян екенін дәлелдеп бердім. Тісті күту жолдарына арналған бағдарламаларды көруге шақырып, тісжегіден сақтануға жарнамалар жасадым. Ғылыми жобаның теориялық жағынан гөрі практикалық жағына көп мән бердім. Тісті сақтау үшін дәруменге бай тағамдар жеуге шақыра отырып, тісжегіден сақтану жолдарын білуде мектеп медбикесімен тығыз байланыста болдым. Тісті күту әр адамның міндеті деп тұжырым жасап, алдын алуды өзіне мақсат еттім. Осы айтқандарымнан алдағы уақытта тісжегілер азаяды, достарым өздері сақтана біледі деген ойдамын.

Тісіміздің саулығын қалай сақтауымыз қажет? Ол үшін тісімізді әр тамақтан кейін ысуымыз қажет, бактерияға қарсы қорғанысты ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ететін фтордан тұратын тіс пастасын пайдаланып, тіске арналған жіптерді, тісті шаятын арнайы сұйықтықтарды қолдануымыз қажет, және ең бастысы жылына екі реттен кем емес тіс дәрігеріне көрініп тұруымыз қажет.

Сау тістермен күлімсіреу – бұл саулықтың, әдеміліктің, сәнділіктің және мәртебеліліктің көрінісі!

 Қорыта келе теориялық жазғанымды  практикалық яғни кітапша арқылы, тістің күту қажеттілігін түсіндім. Алдағы уақытта осы ғылыми жобамды бұдан әрі де тоқтап қалмай зерттеп бермекшімін.

 

Ұсыныс

  1. Тіс ауруларын алдын-алу
  2. Ғылыми жобаның тақырыбын сабақ кезеңінде қолданған тиімді
  3. Дүниетану сабағынан тіс тақырыбына 1 сағат бөлінсе.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Балдырған журналы. №2, 2010 ж.

2. Ғаламтор желісі.

3. Валеология оқулығы. 1 сынып.

4. Загорский В. А. Частичные съёмные  и перекрывающие протезы — М.: Медицина, 2007

5. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша  түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991.

6. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том

 

 

 


Информация о работе Тістің күту жолдары