Тыныс алу дерттерінің синдромдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 23:38, доклад

Описание работы

Өкпе тіні тығыздалу синдромы.
Синдром анықтамасы

Өкпе тіні тығыздалу синдромы - бұл өкпе тінінің шектелген (бөлігі, сегменті) немесе таралған (бірден бірнеше бөлікте) көлемінде ауалығының азаюы әлде мүлдем жоғалуы және соның салдарынан өкпенің тыныс алу көлемінің азаюымен қатар газ алмасу үрдісінің бұзылысымен сипатталатын симтомдардың жиынтығы немесе синдром.

Содержание работы

Кіріспе
-синдром анықтамасы, түсінігі
Негізгі бөлімі
- Өкпе тіні тығыздалу синдромының пайда болу жолдары, себептері, клиникалық көрінісі, тексеру әдістері
Қорытынды бөлімі
-өзекті сұрақтарды қайталау
-сұрақ беру арқылы кері байланыс жасау

Файлы: 1 файл

тыныс.синдромы..ppt

— 2.75 Мб (Скачать файл)

Тыныс алу дерттерінің  синдромдары.

 

Умарова С.У.

Ішкі аурулар пропедевтикасы  кафедрасы, доцент 

Дәріс жоспары

 

  • Кіріспе

-синдром анықтамасы, түсінігі

  • Негізгі бөлімі

- Өкпе тіні тығыздалу  синдромының пайда болу жолдары,  себептері, клиникалық көрінісі,  тексеру әдістері

  • Қорытынды бөлімі

-өзекті сұрақтарды қайталау

  -сұрақ беру арқылы кері байланыс жасау

 

Синдром анықтамасы

 

  •  Синдром – бұл белгілі дертті сипаттайтын және даму немесе пайда болу себебі бір белгілердің жиынтығы.

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы. 
Синдром анықтамасы

 

  •  Өкпе   тіні  тығыздалу  синдромы - бұл өкпе тінінің шектелген (бөлігі, сегменті) немесе таралған (бірден бірнеше бөлікте) көлемінде ауалығының азаюы әлде мүлдем жоғалуы және соның салдарынан өкпенің тыныс алу көлемінің азаюымен қатар газ алмасу үрдісінің бұзылысымен сипатталатын симтомдардың жиынтығы немесе синдром.

Синдром түсінігі

 

  • Өкпе тіні – бұл тығыз дене мен ауаның тепе-теңдігі, яғни  тығыз дене-Альвеолалар, ауа – Оттегі. 
  • Альвеолалар/оттегі
  • Тығыздануы дегеніміз – ауалығының азаюы

Өкпедегі дерттік өзгерістер  түрі

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы

 

 Себептері : өкпе тінінде әртүрлі себептерге байланысты дамитын үрдістер:

  • қабыну,
  • пневмосклероз,
  • қатерлі  ісік,
  • ателектазы обтурациялық немесе                            қысылу (өкпе тінінің  жиырылуы, босаңсуы), 
  • өліеттенуі (өкпе инфарктісі),
  • жүрек жетіспеушілігі (қан іркілу)

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы 
Даму жолдары

 

 Даму жолдары: себебіне байланысты - өзгеріс өкпе тінінде, яғни альвеолаларда  дамиды.

  • қабынулық - альвеолаға қабынулық сұйықтық жиналуы (бейтарап – пневмония;

спецификалық - туберкулез )

  Соған   байланысты  альвеола қабырғалары  қалындап, кернелу (жиырылу,босаңсу) қасиеті төмендейді, ауа жиналу нашарлайды;

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Даму жолдары

 

  • ателектазда – обтурациялық - бронх (ірі  әлде оның   тарамдары) бітеліп  ауа кіруіне  кедергі  болады;

 -компрессиялық (қысылуында -сырттан) - толық керілуі мен ауа толуына   кедергі;

  • пневмосклерозда - өкпе тіні дәнекер тінмен ауысады;
  • қатерлі   ісікте - қатерлі ауасыз тінмен ауысады;

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Даму жолдары

 

 

  •  өліеттенуі   - өкпе тінінің меншікті қан айналымы бұзылады – ауасыз некроз ошағы дамиды;
  • жүрек жетіспеушілігі - кіші қан айналым шеңберінде қан іркілу – альвеолада қабынулық емес сұйықтықтың жиналуы - ауа толуына кедергі.

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Клиникалық көріністері

 

Клиникалық қөрінісі - тексеру әдістері арқылы анықталады және пайда болу себебіне байланысты тәндік белгілер айқындалады

1.Сұрап тексеру:

Шағымдары :

-ентігу - өкпенің тыныс алу көлемінің азаюы (таралған тығыздалуда);

-кеудедегі ауру сезім – зақым ошағы плевраға жақын орналасса;

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Клиникалық көріністері

 

Шағымдары :

-“тотыған” қақырықты  жөтел – ұйыған қан түйіршіктері- бөлікті пневмонияда эритроциттердің ыдырауы – гемосидериннің пайда болуы;

-қанды қақырық - өкпе инфарктісі;

-қалтырау,  қызудың шамадан тыс жоғары болуы – бөлікті пневмонияда.

 

 

 

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Клиникалық көріністері

 

Анамнезі - даму  себебіне байланысты:

  • суықтану,
  • жіті қабынулар,
  • қуатының төмендеуі,
  • жасының   ерекшіліктері,
  • ұзақ темекі шегу,
  • кәсіпшілік уланулар,

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Клиникалық көріністері

 

Анамнезі  - даму  себебіне байланысты:

  • тыныс жолдарының,  жүрек – қантамыр жүйесінің созылмалы  дерттері,
  • тағам сапалығының  төмендігі – витаминдер мен белок  тапшылығы,
  • иммунитетті тежейтін  дәрілерді қабылдау және  т.б.

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Клиникалық көріністері

 

2. Қарап тексеру :

Кеуде қуысын қарау:

 а- пішіні (ателектазда – бір бөлігіннің    кішіреюі);

 б-  тыныс алуда бір бөлігінің қалысуы    (зақым көлеміне байланысты);

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Клиникалық көріністері

 

Пальпацияда –

 

  • зақым  аймағында дауыс  дірілінің  күшеюі;  обтурациялық ателектазда анықталмайды.

 

Перкуссияда-

 а) салыстырмалы  перкуссияда :

-тұйық немесе тұйықталған өкпе дыбысы –

 

пневмосклероз, өкпе рагы,  обтурациялық  ателектаз;

 

 

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Клиникалық көріністері

 

  • тұйықталған тимпаникалық - қабынудың алғашқы  кезеңдерінде,   компрессиялық  ателектазда.

 

 б) топографиялық  перкусссияда –

шекараның жоғарлауы- бөлікті невмонияда,      ателектазда.

 

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Клиникалық көріністері

 

Аускультацияда –

  • Негізгі  тыныс шуы - әлсіреген; орнына –бронхиалды тыныс; обтурациялық ателектазда – тыныс мүлдем естілмейді;
  • Қосымша   тыныс   шуы:

 – крепитациялар -қабынулық үрдістердің басында – бастапқы сықыр - crepetatio indux; аяғында - қайталанған сықыр - crepetatio redux;

- сырылдар - дауысты   немесе  дауыссыз ұсақ, орта көпіршікті -  пневмонияда, қан іркілуде.

Өкпе тіні тығыздалу  синдромы Қосымша тексерістер

 

  • Зертханалық  көрсеткіштер - қабынуда - Л-тоз, Л-лық көріністердің солға ығысуы, ЭТЖ – ның жоғарлауы.

 

  • Р-логиялық  көрініс - ошақты қараю

Өкпе тіні тығыздану  синдромы

 

Сұрақтар:

1. Синдромның  анықтамасы?

2. Өкпе   тіні   тығыздалу  синдромының анықтамасы?

3. Өкпе   тіні   тығыздалу  синдромының  себептері?

4. Өкпе   тіні   тығыздалу  синдромын  анықтау  әдістері?

5. Өкпе   тіні   тығыздалу  синдромының  белгілері?

Плевра құысында сұйықтық  жиналу синдромы

 

Ішкі аурулар пропедевтикасы  кафедрасы.

Доцент Умарова С.У.

Плевра құысында сұйықтық  жиналу синдромы. Анықтамасы

 

 

  • Плевра қуысына  сұйықтық   жиналу синдромы немесе гидроторакс – бұл плевра қуысына  қабынулық (экссудат) әлде қабынулық емес (транссудат) сұйықтықтың жиналуы.

 

Өкпедегі дерттік өзгерістер  түрі

Плевра құысында сұйықтық  жиналу синдромы

 

Себептері:

1.Экссудат – қабынулық сұйықтықтың жиналуы:

  • плевраның инфекциялық қабынуы – -пневмония (бейтарап)   асқынуы; 
  • -өкпе абсцесының плевра қуысына өтуі;
  • туберкулездық  (спецификалық);

Плевра құысында сұйықтық  жиналу синдромы

 

Себептері:

2.Транссудат- қабынулық емес сұйықтықтың    жиналуы:

  • жүрек жетіспеушілігінде;
  • аллергиялық  (полисерозит);
  • бронх рагы; 
  • кеуде  жарақаты;

 

Плевра құысында сұйықтық  
жиналу синдромы

 

 Даму жолдары: қабынулық немесе қабынулық емес сұйықтықтың жиналуы плевра қуысындағы қысымның  терістігіне  байланысты:

  • плевра  қан  тамырлары ішінде қысым   жоғарлайды;
  • қабырғасының  өткізгіштігі   артады; 
  • веналық іркіліс - сұйықтық   сонда   өтеді;
  • лимфа  тамырлары  басылады,  кері сіңірілу қиындайды – сұйықтық көлемі артады  - қысым  жоғарлайды  - оң  болады – компрессиялық  ателектаз дамиды.

Плевра құысында сұйықтық  жиналу синдромы

 

Клиникалық қөрінісі  - тексеру  әдістері  арқылы анықталады:

1.Сұрап тексеру:

А) шағымдары :

  • ентігу –  ателектазға байланысты - өкпенің  қысылуына   байланысты  тыныстық  көлемі  азаяды;
  • кеуде    бүйіріндегі   ауру сезімі – плевра тітіркенуі;

Плевра құысында сұйықтық  
жиналу синдромы. 
Клиникалық көріністері

 

1.Сұрап тексеру:

А) шағымдары

  • жөтел –әлсіз  немесе болмауы мүмкін - плевра тітіркенуі  ;
  • дене  қызуының  жоғарлауы (себебіне байланысты)

Плевра құысында сұйықтық  
жиналу синдромы. 
Клиникалық көріністері

 

1.Сұрап тексеру:

анамнезі - даму себебіне байланысты:

  • қоздырғыштардың белсенділігі  артуы,
  • суықтану,
  • қуатының  төмендеуі, 
  • жүрек  жетіспеушілігі,
  • ревматизм
  • твс.

Плевра құысында сұйықтық  
жиналу синдромы. 
Клиникалық көріністері

 

2. Қарап тексеру :

 Кеуде қуысын қарау:

а - пішіні – бір  жартысының   көлемі үлкеюі- томпиып    шығып тұруы   

б – тынысқа қатысуы – тыныс алуда қалысуы;

 в -қабырғаралықтардың өзгерісі - тегістелуі;

Плевра құысында сұйықтық  
жиналу синдромы. 
Клиникалық көріністері

 

  • пальпацияда –   дауыс  дірілі  әлсірейді    немесе мүлдем анықталмайды.

 

  • салыстырмалы  перкуссияда –сұйықтық     үстінде - тұйық  дыбыс

 

  •  топографиялық  перкуссияда -       шекараның жоғарлауы

Плевра құысында сұйықтық  
жиналу синдромы. 
Клиникалық көріністері

Информация о работе Тыныс алу дерттерінің синдромдары