Азықтады микробиологиялық зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 18:53, практическая работа

Описание работы

Малды азықтандыру - олардың денсаулығына,өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде,өсу және семіру кезінде денеге жаңа ұлпалардың қалыптасуы мен жаңаруына,өнім өндіруге,репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады. Қорек арқылы организм,ассимиляция процесінде өліні тіріге,ал диссимиляция кезінде,керісінше,тіріні өліге айналдыра отырып,сыртқы орта заттарын қабылдайды.

Файлы: 1 файл

Гигиена слайд.pptx

— 3.87 Мб (Скачать файл)

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

 

Тақырыбы:  Азықтады микробиологиялық зерттеу.

 

Орындаған: Құрманғали Б.

                           Уызова Ж.

Тобы: ВС-313

Малды азықтандыру - олардың денсаулығына,өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде,өсу және семіру кезінде денеге жаңа ұлпалардың қалыптасуы мен жаңаруына,өнім өндіруге,репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады. Қорек арқылы организм,ассимиляция процесінде өліні тіріге,ал диссимиляция кезінде,керісінше,тіріні өліге айналдыра отырып,сыртқы орта заттарын қабылдайды.

Азық  сапасы мал түлігіне, оның жасы мен  физиологиялық жағдайына,жынысына,сондай-ақ малдың өсірілу бағытына сай болуы  керек. Құнарлы дұрыс азықтандырудың басты негізгі принциптері:

  • Мал организмінің азыққа деген керекті көлемі мен мөлшерін қамтамасыз ету;
  • Мал азығындағы бүкіл қоректік заттар құрамын жеткілікті деңгейде ұстау;
  • Жақсы,дәмдік сапасын сақтау;
  • Қоректік заттардың ас қорытуға жеңілдігі;
  • Жем-шөпте патогенді организмдердің,соның ішінде микробтардың,зиянды және улы заттардың болмауы.

Азықтың сапасын бағалау оның қоректілігін,зияндылығы немесе қауіпсіздігі,сапалығы,биологиялық  құндылығы сияқты көрсеткіштерді анықтау  арқылы жүргізіледі. Азықтың зияндылығы малда ауру тудыратын,оның ішінде организмде зат алмасудың бұзылуы,улануы,токсикоинфекциялардың  туындауы,аллергияның пайда болуы,гармоналдық  функцияның бұзылуы,организмнің иммунобиологиялық  күйінің әлсіреуі және т.б. зиянды заттардың  болуымен сипатталады. Азықтың улылығы  қоршаған ортадан түсетін улы  химиялық заттардың болуынан және азықтың  өзінде пайда болатын,сонымен қатар  бактериялар,саңырауқұлақтар және басқа да организмдерден бөлінетін  метоболикалық удың түзілуімен байланысты. Азық құрамында болатын кейбір заттар ұрықтандырылған жұмыртқаға,эмбрионға,ұрыққа әсерін тигізіп,эмбриотоксиндік және тератогендікті(кемістікті) тудырады.

Сапасыз азық беру мал арсында көптеген аурулардың,соның ішінде індетті  және инвазиялық аурулардың таралуына  себепші болады. Кейбір жағдайларда  сапасыз азық малдың жарақаттануына әкеліп соқтврады. Өйткені,олардың  ішіндегі өсімдіктің қатты өзектері,үшкір  металл заттар, шыны болуы мүмкін. Қатып  қалған,ыстық азық  асқазан-ішек жолын ауруға(атония,гастрит,энтерит,бауыр  циррозы) шалдықтырады.

 

Білу керек 

Азық сапасын зерттеу тәсілдері.

Органолептикалық әдіске азықтық  заттардың сыртқы көрінісі,иісін,түсін,бүтіндігін,түрлік құрамын анықтау жатады

Физика-механикалық әдісте-азықтың  ылғалдылығын,ондағы бөгде заттардың  болуын(топырақ,металл) және азықтық  көрсеткіштерін анықтайды.

Химиялық әдістер-азықтың құнарлық бағасын,әртүрлі  минералдық және органикалық  заттардың,витаминдердің болуын зерттейді. Азықта мына көрсеткіштер анықталады:рН,қышқылдық,сілтілік,әртүрлі  улы және қауіпті заттар

Ветеринариялық-биологиялық тәсілдерге мал мен лабораториялық жануарлардан микробиологиялық,санитариялық-микологиялық,гельминтологиялық,паразитологиялық және алиментарлық үлгі алу жатады.

Саңырауқұлақтар және зең саңырауқұлақтары өсімдік  массасында үнемі болуы мүмкін. Олар қанттарды спиртке дейін ашытады,жем-шөптің дәмін келтіреді,хош иіс береді, бұл малдың тәбетін ашады. Саңырауқұлақтар  витаминдер және басқа биологиялық  заттар түзілуіне,соның арқасында  микроорганизмдер дамуына әсер етеді. Дегенмен саңырауқұлақтар өзінің тіршілік әрекеті үшін қанттарды пайдаланады,демек,сүт  қышқыл түзілуін кемітеді. Кейбір саңырауқұлақтар  тіпті органикалық қышқылдарды  ыдыратады. Саңырауқұлақтар әдетте процестің алғашқы кезінде жедел  дамиды,кейін олардың саны азаяды.

Қажетті құрал-жабдықтар: петри аяқшалары,Чапек агарлы қоректік ортасы,сүзбе қағазы,стерилді су,пинцет,зертханалық мельница,шуттель-аппарат,пробиркалар,1 мл градуирленген пипеткалар,термостат, зертханалық таразы, физиологиялық ерітінді,заттық шыны және жапқыш шыны,микроскоп,микологиялық ине мальц-агар,сусл агары,Билай қоректік ортасы,Амман лактофенолы,белсенді заттың 0,1% ерітіндісі(ОП-7,ОП-ю,твин-80),этил спиртінің 70% ерітіндісі,Ван-Итерсон қоректік ортасы,формалиннің3% ерітіндісі,аммиактың 5% ерітіндісі.

Зең саңырауқұлақтарды анықтау  үшін азықтарды қоректік орталарға  егеді,содан соң бірнеше егуден таза культураларды алады,олардың  санын анықтайды,морфологиясын зерттейді,улылығын анықтайды. Егерде азықтан белгілі  бір зақымдар табылса,оның микроскопиялық зерттеуін және саңырауқұлақтың  түрін анықтайтын зерттеулер жүргізеді. Дән дақылдарынан тұратын азықтан  зең саңырауқұлақтарын анықтау  мақсатында Чапек агарлы қоректік ортасын  қолданады, ал  ірі(көлемді)азықтарда-ылғалды  камералар қолданылады. Дененің  саңырауқұлақтармен зақымдалуы беткейлі(споралану) және  терең болып бөлінеді. Дененің  терең зақымдалуын анықтау үшін дәнді формалиннің 3% ерітіндісімен  залалсыздандырады.

Дәкеге оралған 50 тал дәнді дезинфекциялық ерітінді  құйылған стаканга салады.1-2мин  соң оларды стерилді су құйылған стаканга салып,оған 2-3 тамшы аммиактың 5% ерітіндісін  қосады. Содан соң суды төгіп,стерилді пинцетпен дәндерді бір бірінен  алыс орналастырып Чапек агарлы қоректік ортасына салады. Кішкентай дәндерді  бір аяқшаға 10 талдан,ал үлкен дәндерді 5 талдан салады және аяқшаға егеді. Егер дәнді –дақылдар целлюло  бұзатын саңырауқұлақтармен зақымдалғанына күдік болатын болса,онда оларды қосымша Ван-Итерсон қоректік ортасы бар ылғалды камераға егеді.

Сабан шөптерді 2см ұзындықпен турап  стерилді пипеткамен 3 агар қоректік ортасы бар Петри аяқшаларына салады. Сабан шөпті әр аяқшаға 10 талдан,ал 3 ылғал камераға сол сынамадан 90 тал сабан шөптен салады. Туралған силоспен сақталған күнжара саңырауқұлақтарды  анықтау үшін оларды 10 талдан агарлы Чапек қоректі ортасына егеді. Ондағы комбикормдағы,шроттағы және ет-сүййекті ұндағы саңырауқұлақтарды анықтау  мақсатында күю әдісін қолданады. Бұл  үшін гранулды немесе брикетті азық сынамасы зертханалық диірменде ұсатады. Азықты 100мл беткейлі-белсенді заттары  бар 0,1% ерітінді құйылған колбаға салады. Содан соң оны 15-20мин Шуттель  аппаратында шайқайды.

Егулердің өсіндісі.

Егулері бар Петри аяқшаларын стерильді  қағазға орайды,темостатқа қояды. Ол температурасы 22-25⁰С 7-10 тәулік бойы термостатта  тұрады. Зең саңырауқұлақтарының  споралары 3 күннен кейін байқалады. Бірақ саңырауқұлақтарды иденфикациялау үшін 5-7 тәулік қажет.

 Зең саңырауқұлақтарының саны.

 Ондағы  азықтарда егуден кейінгі колония  санының санағын 2-3 тәуліктен  кейін бастайды.

                 Назар аударып     тыңдағандарыңызға  рахмет!!!


Информация о работе Азықтады микробиологиялық зерттеу