Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 18:53, практическая работа
Малды азықтандыру - олардың денсаулығына,өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде,өсу және семіру кезінде денеге жаңа ұлпалардың қалыптасуы мен жаңаруына,өнім өндіруге,репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады. Қорек арқылы организм,ассимиляция процесінде өліні тіріге,ал диссимиляция кезінде,керісінше,тіріні өліге айналдыра отырып,сыртқы орта заттарын қабылдайды.