Бояғыш дәрілік заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 19:57, курсовая работа

Описание работы

Біздің елімізде жалпы мемлекеттік және медициналық алдын алу шаралары ауқымды түрде жүзеге асырылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы 20 тамыздағы Мемлекеттік бағдарламасы негізінде қазір Қазақстан Республикасының химико-фармацевтика өндірісін құру мен оның дамуы отандық дәрілер саудасында бәсекелес болуға қабілетті жаңа өндіріс ұйымдастыруға бағытталуда. Бұл бағдарлама Қазақстанның денсаулық сақтау шараларының импорттық дәрі-дәрмектерге тәуелдігін азайтуды қалыптастыруға бағытталды.

Содержание работы

I Кіріспе......................................................................................3
II Әдебиетке шолу....................................................................5
III Негізгі бөлім
3.1 Бояғыш дәрілік заттар.................................................................9
3.2 Препараттардың әсер ету механизмдері................................11
3.3 Бояғыш заттардың қолданылуы...............................................14
IV Қорытынды.......................................................................16
V Пайдаланылған әдебиеттер.............................................17
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

бояғыш дәрілер.doc

— 108.50 Кб (Скачать файл)

 

 

                                  

Жоспар

 

 

I Кіріспе......................................................................................3

II Әдебиетке шолу....................................................................5

III Негізгі бөлім

3.1 Бояғыш дәрілік заттар.................................................................9

3.2 Препараттардың  әсер ету механизмдері................................11

3.3 Бояғыш заттардың қолданылуы...............................................14

IV Қорытынды.......................................................................16

V Пайдаланылған әдебиеттер.............................................17

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Біздің елімізде жалпы  мемлекеттік және медициналық алдын  алу шаралары ауқымды түрде жүзеге асырылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы 20 тамыздағы Мемлекеттік бағдарламасы негізінде  қазір Қазақстан Республикасының химико-фармацевтика өндірісін құру мен оның дамуы отандық дәрілер саудасында бәсекелес болуға қабілетті жаңа өндіріс ұйымдастыруға бағытталуда. Бұл бағдарлама Қазақстанның денсаулық сақтау шараларының импорттық дәрі-дәрмектерге тәуелдігін азайтуды қалыптастыруға бағытталды. Осы мәселені шешудің негізгі бағыттарының бірі-биологиялық белсенді жаңа заттарды органикалық синтездеудің қазіргі заманға сай әдістерін жасау.

Фармецевтикалық өнеркәсіп  өндірісінің жас саласы болып  саналады. Сонау XIX ғасыр ортасында  дүниежүзі бойынша дәрілік заттардың  өндірісі жекеленген кішігірім дәріханаларда  оқшауланып тұрды. Ондай дәрілер, мұрамен жалғасып келген белгілі рецептілер бойынша дайындалды. Ол кезде халық медицинасын дәрілік заттары маңызды орын алды. Фармацевтикалық өндіріс біркелкі дамымады және бірқатар жағдайларға тәуелді болды. Мәселен, XIX ғасырдың 60-шы жылдарындағы Луи Пастердің жұмыстары вакцина мен сарысуларды өндірудің негізі болды.

Дәрілік қосылыстардың  көп мөлшерін химия ғалымдары  ұсынады, соңғы жылдары химия  саласында жаңа нәтижелерге қол  жетті. Медицина неғұрлым жаңа дәрілік  заттар қатарымен толысуда, оларды талдаудың жетілдірілген жаңа әдістері енгізілуде. Мұндай талдаулар дәрілердің сапасын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Ол жеке кітап ретінде  басылып шығып, «фармакология» деген  атауға ие болды. Фармакология дәрілік  заттардың сапасын қалыптастыратын  жалпы мемлекеттік ережелер мен талаптар жинағы болып саналады. Бояғыш заттар- түрлі материалдарды (мата, былғары, жүн, пластмасса, қағаз т.б) белгілі түске бояйтын қасиеті бар органикалық қосылыстар. Оптикалық ағартқыштар да бояғыш заттарға жатады. Өсімдіктерден (кейде жануарлардан) алынатын табиғи бояғыш заттарды адам өте ерте заманнан қолданып келеді. (мыс., ализарин, индиго, мовеин, т.б. 1856 жылы алғашқы жасанды бояғыш заттар алынды. Поляк химигі Я.Натансон фуксинді, ал ағылшын химигі У.Г.Перкин мовеинді синтездеді. 1857 жылдан мовеин өнеркәсіптік жолмен өндіріле бастады. 1857 жылы неміс химиктері К.Гребе мен К.Т.Либерман ализаринді синтездеді. Осыдан кейін бояғыш қасиеттері табиғи бояғыш заттардан асып түсетін жасанды бояғыш заттар синтезделе бастады. ХХ ғасырдың басында жасанды бояғыш заттар сапасы мен өндірілу көлемі жағынан табиғи бояғыш заттарды ығыстырып шығарды. Синтетикалық бояғыш заттар өндірісінің дамуына орыс химигі Н.Н.Зинин үлкен үлес қосты. Ол аналин алудың жаңа жолын тапты. Қазіргі кезде дүние жүзінде 10 000-ға жуық бояғыш заттар өндірістік жолмен шығарылады. Химиялық құрамына және құрылымына қарай бояғыш заттар анилиндік, арилметандық, хинониминдік, күкірттік, индиголық, полиметиндік, полициклдік, т.б. болып бөлінеді. Қолдану әдістеріне қарай бояғыш заттар қышқылдық, тура, кубтық, күкірттік, негіздік, активтік, тотықтырғыш, дисперсті, т.б. болып бөлінеді. Бояғыш заттардың түстілігі оның күндізгі жарықтың белгілі бір спектрін жұтатындығына байланысты. Бояғыш заттар боялатын материалдармен  химиялық байланыс түзеді, оның табиғаты әр түрлі- ковалентті, иондық, сутектік, хемоадсорбациялық болуы мүмкін. Бояу процестері әр түрлі, көбінесе, сулы ертінділерде жүргізіледі, бірақ қазіргі кезде органикалық ертінділер жиі пайдаланып жүр. Бояғыш заттар медицинада, дәрі-дәрмек, фотореагент, биохимиялық зерттеулерде қолданылады.

 

 

 

 

 

Әдебиетке шолу

 

Халық медицинасында  ертеден бері табиғи бояғыштарды  дәрі ретінде қолданып келеді. Мәселен, біраз бояғыштар бас ауырғанда, жүрек ауруларында, ұйқының қануына  көмектескен. Синтетикалық бояғыш заттар ашылғаннан кейін, олардың көпшілігінің емдік әсері бар екендігі анықталды. Қазір бояғыштар медицинаның малярияны емдеу және тері ауруларын емдеу үшін және дезинфекция саласында қолданылады.   [1]

Соңғы жылдары химик  ғалымдар бояғыш қабілетімен қоса, емдік немесе басқа да пайдалы қасиеттері болатындай бояғыш заттарды іздеумен айналысуда. Аталған қасиеттерге не бояған бояғыштар қатары қазірдің өзінде алынды. [2]

Тоқылған және мақталы  қағаз маталар үстінде адамға зиянкес микроағзалар тіршілік ететіндігі анықталды. Бұлар: түрлі микроорганизмдер, ашытқы саңырауқұлақтар мен бактериялар. Мата үстіне түскенде олар тез көбейіп, салдарынан мата пайдағаспай, шіріп, мықтылығын жоғалтады. Бұндай үлкен зиян әкелетін процесс биологиялық коррозия деп аталынады. Бұдан қорғау үшін матаны арнайы антимикробтық препараттармен сіңдіреді. Мақталы қағаз маталар өндірісінде биоқорғаныш бояғыштар қазірдің өзінде пайдаланылуда. [3]

Химия ерте заманнан адам өміріне қатысуда және жан-жақты  көмек көрсетуде. Әсіресе органикалық қосылыстарды қарастыратын органикалық химия маңызды. Мәселен, шексіз қосылыстар негізінде пластмассаның қажетті түрлері, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук алынады, ол молекулярлық салмағы аз болатын қосылыстар-этил спиртін, сірке қышқылын, глицерин, ацетон және басқа да медицинада пайданылатын заттарды береді. [4]

 Біздің елімізде  химиктер дәрілік заттардың көпшілігін  синтездейді. Халықаралық статистика  деректері бойынша, химиктер қайсыбір  дәрілік затты іріктеп алу  үшін 5-10 мың химиялық қосылыстарды сынаудан өткізулері тиіс.[5]

Дәрілік заттар өте ерте заманнан белгілі. Мәселен, Ежелгі Русьте еркек жалжелкен (папоретник), мак  және басқа да өсімдіктер дәрі ретінде  пайдаланылды. Қазір дәрілік зат  ретінде өсімдік және жануар ағзаларының  экстрактілері мен тұндырмалары, қайнатпалары қолданылады. Соңғы кезде биология, медицина ғылымы мен практикасы жиірек заманауи химия жетістіктерін қолданады. [6]

XIX ғасырдың соңғы тоқсанында  Германияда бояғыштарды өндірістік  синтездеуді меңгеру фенацетин  және анперин дәрілерінің өндірілуіне әкелді. 1904 жылы неміс дәрігері Пауль Эрлих тәжірибелерін жануарлардың ұлпаларына бірқатар бояғыштарды ендіргенде, олар бактериялардың клеткаларын жануарлар клеткаларына қарағанда қарағанда күштірек бояйтынын байқаған. Осыдан келіп, бактерияны өлтіретіндей боялып, бірақ ұлпаға еш зияны тимейтін затты табуға болама? деген сұрақ туындады. Кейіннен Эрлих адамда ұйқы ауруын шақыратын трипоносомаға енетін бояғышты тапты. Онымен қоса, тәжірибе жүргізілген тышқандар үшін бояғыш зат еш зиян әкелмеді. Осылайша синтетикалық дәрілік препараттардың химиясы басталды. [7]

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына  дейін фармацевтикалық химияда  негізгі орынды дәрілік өсімдіктер (шөптер) алды. 30-шы жылдардың ортасында  фармацевтикалық өнеркәсіп бағыт  алған органикалық синтез жолына түсті. Бұған түрткі болған неміс биологы Г.Домагтың  1932 жылы синтезделінген пронтозил бояғыштарының антибактериалдық қасиеттерінің анықталуы. 1936 жылдан бастап осы қосылыс негізінде сульфаниламидті антикоккалық препараттардың ізделінуі кеңінен болды. [8]

Барлық дәрілік заттар екі үлкен топқа бөліне алады: Органикалық және органикалық емес. Екеуі де табиғи шикізаттан және синтетикалық жолмен алынады. Органикалық емес препараттар  алу үшін тау кендері, рудалар, газ, өзендер мен теңіздердің сулары, химиялық өндірістің қалдықтары шикізат саналады. Органикалық препараттар үшін шикізат болып табиғи газ, мұнай, тас көмірі, сланца мен ағаш саналады. Органикалық заттар мен дәрілік препараттар өндірісінде жартылай өнім саналатын көмірсутегінің синтезі үшін мұнай менгаз құнды шикізат көзі саналады. Мұнайдан алынған вазелин, вазелин майы, парафин медицина практикасында қолданылады.[9]

XIX ғасырдың аяғында  өндірістің сұранысына байланысты  органикалық химия үдете дамыды, анилинді қара, көгілдір, сары, қанық сары және басқа да бояғыштар жасалынды. [10]

Анимен, анименді бояғыш заттардың негізгі құрылымдық компоненті. Оларды бір-бірінен тәуелсіз Унфердорбен, Фрицше және Зинин (1826, 1840) жылдары ашты. Оның негізінде органикалық қосылыстар алуға болады екен. [11]

Рунге таскөмір смоласынан анилинді тапқаннан кейін, ол алғашқы  бояғыш затты- розолоиды қышқылды алды. 1850 жылы аниминді майдан бояғыш зат  алды. Натансон 1855 жылы Юрьев қаласында  басқа бояғышты алды. ал 1856 жылы Перкин ашық күлгін бояғыш-мовинді синтездеді, ал 1857 жылы Верген фуксинді түзеп алды. [12]

Анилин бояуы өндірісі өте қымбат және аз кездесетін шикізаттардан  бас тартуға мүмкіндік берді. Алғашында анилинді бояғыш заттар негізінен  текстилді өндірісте пайдаланылды және 1913 жылы олардың қолданылуы 11,9 мың  құрады. Өндіріс орындары негізінен Германия мен Ресейде шоғырланды. [13]

Анилин бояғыш заттар 1860 жылдардан бастап өнеркәсіп өндірісінде  кеңінен қолданылды. Олардың көпшілігі  төзімсіз, жарық сәулесі мен суда ыдырайды. Айта кету керек, өте төзімді бояғыш зат-аниминді қара. [14]

Медицинада қолданылатын негізгі бояғыш заттар бактерицевтік  қасиетке ие, бірқатар қарапайым ағзаларды  өлтіреді; микроорганизм, клетка мен ұлпаны іріктеп бояйды, оларды медицина мен ветеринарияда залалдыздандырғыш, диагностикалық және терапиялық заттар ретінде қолданады. Соның ішінде қолданыс табатын: бриллиант көгі, риванол-метилен көгі, трипафлавин- терапиялық антибактериялды препарат . Сондай-ақ көгілдір метилин-антисептик, қанды талдау кезінде маңызы биохимиялық реактив саналады; кристалды күлгін-балықтардың еміне қолданылатын реактив.[15]

Грамм әдісі бойынша  аниминді күлгінмен бояуға негізделген, грамм оң бактериялар мен бірқатар саңырауқұлақтарды табуға мүмкіндік  беретін әдістер. Алайда мұндай әдіспен  тек жас түрлері ғана болады. Өлген және өлер алдындағы микроағзалар бұл әдіспен боялу қабілетінен айырылады.[16]

Неміс химигі Рихард Мартин Вильштеттер 1912 жылы досы Ханс Фишердің қолқа салуымен, жаңадан құрылған кайзер Вильгельм институтына Берлинге ауысып, ол жерде антоцианинді зерттеуін жалғастырады. Өсімдіктердің қызыл, жасыл және күлгін пигменттерінің басым бөлігі антоцианиндерден тұрады. Бұл қосылыстарды өсімдіктен спирт, эфир немесе су арқылы бөліп алуға болады. Мысалы, қызылша салып, қайнатқан су антоцианиннің әсерімен қызарады. Вильштеттер көптеген өсімдіктердің негізінен үш түрлі антоцианиннің көмегімен түске боялатынын анықтайды. 1914 жылы бірінші дүние жүзілік соғыс белең алып, ғалым антоцианинді зерттеуін тоқтатуға мәжбүр болды.

1915 жылы Р. Вильштеттерге «Өсімдіктер әлемінің бояғыш заттарын, әсіресе хлорофилді зерттегені үшін» Нобель сыйлығы тағайындалды. Вильштеттердің хлорофил мен антоцианиндермен жүргізен жұмысы өсімдік пигменттері алуан түрлі болсада, олардың негізінде бірнеше химиялық қосылыс жататынын көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

Бояғыш дәрілік  заттар

 

Метилен нілі-Methylenum coeчивит қою жасыл түсті ұсақ кристалды ұнтақ. Суда ериді, спирт пен хлороформда нашар ериді. Ерітіндісі қою көк түсті, қалпына келтірушілер ықпалымен бояуы жоғалады, ал тотықтырғыштар ықпалымен қайта реңін алады. Метилен көгін ішке енгізгенде жануар ұлпасы көк түске боялады. Антимикробтық қасиеті әлсіз, бірақ бір тәуліктен көп болады.

Генцианвиалет-Gentionvioletum  қою жасыл түсті кристалды ұнтақ, судың 35 бөлігінде, спирттің 50 бөлігінде ериді. Әлсіз конценттрацияның өзінде (1: 30 000) күшті антимикробтық әсер береді. 1:200 қатынасында 2 минут ішінде маңқа бациллалары өледі, ал 4 минутта-топалаң бациллары  өледі.

Бриллиант жасылы-viride nitens (brilliant guin). Жылтыраған жасыл түсті ұнтақ немесе кесектер түрінде болатын кристалдар. Судың 50 бөлігінде, спирттің 50 бөлігінде ериді. Ерітінді түсі қанық жасыл болады. Ұзақ сақтағанда кесек түрінде жиналып қалады, ал күннің тікелей түскен сәулесі астында ыдырайды.

Хиназол- chinosolum  Лимонды-сары түсті ұсақ кристалды ұнтақ, өзіндік иісі бар, күйдіргіш дәмді. Суда тез ериді (1:1,3), спиртте нашар ериді. Ерітінділер қышқыл реакция береді.

Риванол (этакридин лактат)Aethacridini lastas (Rivanolum)                                                           Сары ұсақ кристалды, ащы дәмі бар, иіссіз ұнтақ. Салқын судың 50 бөлігінде және қайнаған судың 9 бөлігінде ериді. Ерітінділері сары түсті, нейтралды реакция береді. Ерітіндіні сақтаған кезде (әсіресе жарық сәулесі астында) риванол өте улы өнімдерді түзей отырып ыдырайды. Егер препарат ыдырай бастаған болса, оның түсі бурыл-жасылға айналады. Ас тұзын қосқанда риванол тұнбаға түседі. Ұнтақ өте тығыз жабылған, қараңғы әйнектен жасалған ыдыста сақтайды.

Бигумоль-Bigumalum  Ақ кристалды иіссіз, ащы дәмі бар ұнтақ. Құрамында 99 бигумаль бар. Суда нашар ериді. Судағы ерітіндісі төзімді келеді және қайнатқанда ыдырамайды.

Трипафлавин (флафакридин)-микробқа қарсы әсерімен қоса, жануарларға қолайсыз әсер етеді. Әдетте оны тамыр ішіне енгізеді, бұлшықетке енгізгенде қабыну реакциясы дамиды, ол үлкен концентрациядан-ұлпаланып өлі еттенуі болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Препараттардың  әсер ету механизмдері.

 

Трипафлавин жануарлардың жалпы күйін өзгертеді. Препаратты бір қайтара тамыр ішіне енгізгенде сау жылқыда қысқа мерзімді абыржу, тамыр соғысының жиілеуі жиі тыныс алу, перистальтикасының күшеюі байқалады. Осы құбылыстардың барлығы әдетте бірнеше минуттан соң өтеді. Анағұрлым өзгерістер қанда жүреді, рн төмендейді, сарысудың жабысқақтығы жоғарлайды, ақуыз мөлшері де көбейеді, каталаза көрсеткіші жоғарлап, қалдық азоттың мөлшері ұлғаяды. бұл өзгерістердің барлығы ағзадағы тотықтырғыш процестердің бұзылуын көрсетеді. Олар бүйректер мен бауырдың қызметі бұзылғанда қолайсыз саналады. Трипафлавин жануарлардың, күннің күніне сезімтал екендігі белгілі. Сондықтан емдеу барысында малды қараңғыланған салқын жерде ұстайды.

Риванол-өте антимикробтық зат. Ол негізінен коккалар, әсіресе стрептокаккалармен туындаған инфекция кезінде тиімді. Препараттың токсинділігі төмен және ұлпаларды тітіркендірмейді. Органикалық заттар бар жерде белсенділігі жоғарламайды. Антимикробтық әсері баяу, бірақ ұзағырақ әсер етеді. Кілегей қабаттар мен жарақат үстінде препарат тез сарылып, бір тәулікке дейін сақталады. Сондықтан оны емдік және профилактикалық зат ретінде кілегей қабаттардың қабынуы кезінде ұсынады. Тамыр ішіне енгізілгенде, улы әсері төмен. Риваналдың емдік ерітінділері фагацитозды тежемейді, жүйке талшықтарын тітіркендірмейді.

Хинозол-микробқа қарсы қолданылатын құнды  препарат, 1:10 000 концентрацияда микробтардың көптеген вегативтік түрлерінің дамуын тежейді. Ұлпалық ақуыздардың қасиеттерін бұзбайды, Жарақаттың регенерациясына және кілегей қабаттардың қызметіне еш әсер етпейді.

Метилен көгі-тотықтырғыштармен де қалпына келтіргіштермен де оңай байланысады. Соның әсерінен ол ағзада сутегімен  оттегімен босата отырып байланысады. Мұндай реакция цианидтер мен уланғанда өте маңызды. Сонымен қатар гемаглабинмен де өзара байланысады: үлкен мөлшерде метгемаглабинге айналдырады, ал төменде бұрынғы күйінің қалпына келуіне жәрдемдеседі. Көп дозада бүйректердің қабынуын тудыруы мүмкін. Күйіктер кезінде метилен көгінің әсері күшті болады. Сонымен қоса, ауруды басып, ұлпа сұйықтығының термен шығуын болдырмайды. Соның салдарынан қабыну процессі айтарлықтай бәсеңдейді. Бояғыштардың антибактериалдық әсер ету механизмі, оның тазартатын заттың бетін ультракүлгін спектрге айналдыратын, әрі бактериостаттық әсер ету қабәілетіне негізделген.

Информация о работе Бояғыш дәрілік заттар