Бояғыш дәрілік заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 19:57, курсовая работа

Описание работы

Біздің елімізде жалпы мемлекеттік және медициналық алдын алу шаралары ауқымды түрде жүзеге асырылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы 20 тамыздағы Мемлекеттік бағдарламасы негізінде қазір Қазақстан Республикасының химико-фармацевтика өндірісін құру мен оның дамуы отандық дәрілер саудасында бәсекелес болуға қабілетті жаңа өндіріс ұйымдастыруға бағытталуда. Бұл бағдарлама Қазақстанның денсаулық сақтау шараларының импорттық дәрі-дәрмектерге тәуелдігін азайтуды қалыптастыруға бағытталды.

Содержание работы

I Кіріспе......................................................................................3
II Әдебиетке шолу....................................................................5
III Негізгі бөлім
3.1 Бояғыш дәрілік заттар.................................................................9
3.2 Препараттардың әсер ету механизмдері................................11
3.3 Бояғыш заттардың қолданылуы...............................................14
IV Қорытынды.......................................................................16
V Пайдаланылған әдебиеттер.............................................17
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

бояғыш дәрілер.doc

— 108.50 Кб (Скачать файл)

Бояғыштардың  сулы ертіндісі бактериостаттық әсер етеді, әрі тері мен кілегей қабықтың әртүрлі ауруларын емдеуге қолданылады. Ескеретін жайт, аталған бояғыштар этил  спиртінде жақсы ериді. Бұл орайда олардың антибактериалдық активтілігі күшейеді де, аталған бактериостық әсері бактерицидтік әсерге ауысады.

Бояғыштардың  спиртті ертіндісі, оның сулы ертіндісі секілді қолданылады, алайда тітіркену әсері айқын білінеді. Ескеретін жайт, бұл улылығы шамалы зат. Алайда, метилен нілі қанға сіңгенде уландыруы, соның әсерінен метгеммоглобин пайда болып, тыныс алу жетімсіздігіне ұшыратуы мүмкін.  Осы күйді емдеу үшін метилен нілін организмнен тезірек бөліп шығару шарасын қарастырып, ал ол үшін дезинтоксикациялық дәрілерді (полиглюкин, гемодез т.б.) және несеп айдайтын препараттарды тамшылатып құяды. Метилен нілінің біршамашы антидоты 10 % -тік глюкоза ерітіндісі, оны венаға тамшылатып құйғанда метилен нілінің байланысы үшін эритроциттермен бәсекелеседі.

Метилен нілінің метгемоглабин түзу қабілетін және оның сүтқоректілер гемоглобиніне жоғары троптың қабілеті болғандықтан, емдеу практикасында  көгерткіш қышқылдан улануды (мәселен, өрік, шабдал т.б. піспеген жемістерін жегізгенде) емдеуге қолданады, ал көгерткіш қышқылдың уландыру әсері, оның цианметгемоглобинді тез түзу қабілетіне негізделген. Осындай улану жағдайында метелин нілін енгізгенде эритроциттер рецепторларының орнына цианды қышқылмен бәсекелесіп, метгемоглобин түзеді, ал мұның өзі цианметгемоглобинге қарағанда улылығы едәуір шамалы.

Генцианвиолет. Тамыр ішіне енгізілген препараттың микробқа қарсы қарсы әсері нашар болады және жануар үшін өте улы. Жарақат пен тері үстінде генцианвиолет жоғары бактерицидтік әсер береді.

Бриллиант жасылының  әсер етуі генцианвиолетке ұқсайды, бірақ микробқа қарсы әсері анық байқалады. Ол грам оң бактериялар үшін өте зиянды, ал грам терісі үшін өте әлсіз. Жылтыр стафилакоканың өсуін 1:10 000 000 концентрацияда 20 минут ішінде тоқтатады. Ал дифтерия таяқшаларын 1:85 000 000 концентрацияда 15 минут ішінде тоқтатады. Алайда туберкулез таяқшалары үшін тіптен 1 проценті концентрацияда да ықпал етпейді. Қабынуға қарсы жақсы, бірақ ұзақ жүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бояғыш заттардың  қолданылуы.

 

Бриллиант жасылын инфекцияланған жарақаттарды емдеу кезінде (судағы және сұйық парафиндегі 1:1000-2000 ертінділері), күйік кезінде 1-2 проценті спирттік ертінділер) қолданады.

Генцианвиолет- дымқыл беткейде (жара, экзема) микробқа қарсы әсерімен қоса, кептіргіш қасиетке де ие. Сондықтан  мұндай жағдайларда өте емдік  пайдалы зат ретінде қолданылады. Сондай-ақ жара, жарақат, жырық, іріңді дерматит кезінде емге пайдаланады. Генцианвиолет спирттік (1-2 ) немесе (сулы ертінді 1-3 ) түрде беріледі. Сондай-ақ жақпа (2-10 ) және үкпе (0,2-1 ) түрінде де ұсынылады. Оның судағы ертінділері кейде инфекциялық гастроэнтерит кезінде ішке қолданады.

Метилен көгі күйіктер мен  экзема кезінде , пиодермия, фаллкулит  кезде сыртқа қолданылады. Цистит, уретрит  кезінде сулы ертіндісімен (0,02 ) шаяды, Метилен көгінің ертінділерін цианид, көміртегі тотығымен, күкіртсутегімен  уланғанда тамыр ішіне енгізеді.

Хинозолды микробқа қарсы 0,1-0,2  ертінді түрінде жаралар  мен жарақатты шаю үшін, кілегей  қабаттарды бүрку үшін және қолды  залалсыздандыру үшін қолданады. Сондай-ақ хинозолдың жақпа түрі (5-10 –ті) жарақатты  емдеуде ұсынылады.

1 мг мөлшер есебімен  суда араластырып, үш күн бойына  күніне бір реттен береді. Сосын  кейінгі төртінші және бесінші  күнде күніне бір рет 12,5 мг/кг  мөлшерде бигумаль беріледі. Егер  емдеу барысында дене температурасы  жоғарласа, онда екі препаратты  да қатар қолданады.

Риванолды ауыздың, тыныс  алудың жоғарғы жолдарының, көз, жыныс  мүшелерінің кілегей қабаттарының қабынуында, сондай-ақ жарақатты емдеу  үшін қолданылады. Оны ертінді (1:500-2000), жақпа (1-2 % үкпелер (1-3%  ) түрінде пайдаланылады. Жас малға іш өту кезінде ішке 0,002-0,01 кг мөлшерде береді. Тамыр ішіне берілетін мөлшері: жылқыға 0,1-0,5; түлкіге 0,001-0,00кг,мүйізді ірі қараға 0,2- 0,6; иттерге 0,01-0,05кг.

Трипафлавин көптеген аурулар  кезінде политропты әсер ететін дәрілік  зат ретінде кеңінен қолданылады. Алайда ол жылқының нутталиозында, мүйізді ірі қараның пирлплазмоз, бабезиозында және фасциолезінде, қойдың пироплазмасында аса тиімді. Протозойлық аурулар кезінде трипафлавинді емдік мақсатта қолданады. Бірақ оны ауру тасымалдаушы кенелерді жануарлар үстінен тапқанда алдын алуға да қолдануға болады. Инвазияның жасырын кезеңінде енгізілген трипафлавин ауру барысын бәсеңдетеді. Препаратты 1 процентті ертінді немесе үкпе түрінде қолданылады.

Тамыр ішіне енгізілетін  мөлшері: жылқыға, мүйізді ірі қараға, ұсақ малға, шошқа мен итке 0,003-0,004; түлкіге 0,01-0,15. Препаратты суда немесе натрий хлоридінің изотаникалық ертіндісінде ерітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды

 

Сонымен, қорытындылай келе, бояғыш дәрілік заттар медицинада ертеден қолданылды, қолданылып келеді және одан әрі жетілдіруде. Өз елімізде де, шет елдерде де органикалық химия жетістіктері пайдалануда.

Көптеген бояғыш дәрілік  заттар біздің күнделікті тұрмысымызда пайдалануда, мәселен бриллиант  жасылы.

Жоғарыда аталғандай бояғыш заттар тек медицина, ветеринарияда ғана емес, сондай-ақ тоқыма , агроөнеркәсібінде, құрылыс т.б. өндіріс салаларында кеңінен пайдаланылады.

ХХ ғасырдың аяғында  өндіріс сұранысына байланысты органикалық  химия қарқын ала түсті де нәтижесінде медицина мен ветеринария үшін маңызды синтетикалық жаңа бояғыш дәрілік заттар жетілдірілді. Жалпы бояғыш заттар негізінде анилин бояуы жатыр.

Бояғыш заттарға түрлі  түс, иіс, дәм, қасиет тән. Біразы жануар ағзасы үшін зиян келтірмесе, екіншісі керісінше токсинді деп саналады.

Көптеген бояғыш заттар микробиология, вирусологияда пайдаланылады. Мұнда негізінен материалды бояй отырып, бактерия, вирусті де бояу арқылы анықтайды.

Қалай болғанның өзінде бояғыш дәрілік заттарда ағза үшін пайдалы әсері аз, сондықтан оларды сақтықпен пайдаланған жөн.

Жаңа дәрі-дәрмектерді  өндірісте өндіру химия ғылымы, фармакология, биохимия, молекулалық биология және басқа да ғылымдарды қамтитын болғандықтан ғылыми жағынан өте ауыр әрі маңызды. Препараттарды дайындау сатысында скрининг, клиникалық бақылаудан өткізу және олардың нәтижесі үлкен рөл атқарады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Коган И.М. Химия  красителей, 3 изд., -М., 1956

2 Венкатараман К. Химия  синтетических красителей, пер. с  англ., т.1-2.–Л., 1956.

3 Степанов Б.И. Введение в химию и технологию органических красителей. –М., 1971.

4 Чекалин М.А., Пассет Б.В., Иоффе Б.А. Технология органических красителей и промежуточных продуктов. –Л.1972.

5 Мозгов И.Е. Фармокология. –М.: Колос, 1985.

6 Қожабеков З.К. Малдәрігерлік фармокология.- А., 2000.

7 Третьякова А.Д. Ветеринарные  препараты. –М.:Колос, 2003.

8 Уша Б.В. и др. Фармакология. –М.: Колос, 2003.

9 Іскендіров Ә. Қазақстанның  дәрілік өсімдіктері.- А.: Қазақстан, 1982.- 151 б.

10 Шоқыбаев Ж. Химиялық  препараттарды мал шаруашылығында қолдану. – А.:Қайнар,1986.-96 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Бояғыш дәрілік заттар