Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2013 в 18:49, реферат
Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Заңсыз банктік қызмет.
Несиені заңсыз алу және мақсатқа сай емес пайдалану.
Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару.
Бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу.
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату.
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ақша несие
саласындағы қылмыстарды
Қазақстан Республикасындағы
қылмыстың өсу жағдайында қоғамға
азаматтарға аса зор
Алайда нарықтық экономикалық
жағдайында тікелей экономика
аясында жасалатын , сауда ережесін
бұзу , сапасыз өнімдерді і сату,
жалған кәсіпкерлік , монополияға
қарсы заңдарды бұзу және т.
б қылмыстардың қоғамдық
Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика жағдайларында, Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана , заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сипаталады .
Экономика аясында
қылмыстардың субьектісі
Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар дың
Ақша-несие саласындағы қылмыстарға: несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194 бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207 бабы) қылмыстар жатады.
Заңсыз банктік қызметтің құрамы заңсыз кәсіпкерліктің жалпы құрамынан, тек сол заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыратын сала бойынша ғана өзгеше.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Банктік қызмет мына
актілермен реттеледі: ҚР
Банктік қызметтің
(банктік операциялардың) кейбір
түрлерін лицензиялау тұтынушы
мүддесін қорғауды қамтамасыз
ету, халыққа қызмет ету
Егер мына нышандардың біреуі болса:
1) тіркелмеген;
2) арнаулы рұқсат қажет болып, бірақ ол алынбаған;
3) лицензиялау ашрты бұзылған болса банктік қызмет заңсыз деп танылады.
Бұл қылмыстың құрамы болуы үшін заңсыз банктік қызмет азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян екелтіруге, не ірі мөлшердегі табыспен ұштасуы тиіс.
Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомағ азаматқа не бес жүз есе асатын сомға ұйымға не мемлекетке зиян келсе, ол зиян ірі мөлшердегі деп танылады. Айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе көп мөлшердегі табыс ірі табыс деп саналады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. Айыпты адам өзінің банктік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рұқсат керек бола тұра онсыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бұзғандығын, өзінің іс-әрекеті нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін не қалайда келетіндігін немесе өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен ұштасатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайды.
Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі –жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Заңсыз банктік қызмет қылмыстың сараланған түрі деп саналады, егер оны ұйымдасқан топ жасаса немесе ол ерекше ірі мөлшердегі табыспен ұштасса не оны заңсыз банктік қызметі немес заңсыз кәсіпкерлігі үшін бұрын сотталған адам жасаса.
Ұйымдасқан топ – қылмыс жасау үшін жақсы ұйымдасқан, қылмыстың күрделі түрлерін бірлесіп орындай алатын топ. Ол тұрақты болады, бір немесе бірнеше қылмыс жасауды мақсат тұрады.
Айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын табыс ерекше ірі мөлшердегі табыс деп саналады.
Егер адам бұрын ҚК-тің бабымен сотталып және оның сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз кәсіпкерлерлігі үшін бұрын сотталған деп танылады.
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі – банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі – несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыстың заты – несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары.
Несие дегеніміз – ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз, оны қарыз алушы несие берушіге қайтаруға тиіс.
Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы кепе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі — несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәлімет беру.
Қылмыстың құрамы — материалдық. Несиені заңсыз алу бұл іс-әрекет ірі зиян келтірген кезде аяқталады, зиянның мөлшері ҚК-тің 189 бабына берілген ескертуде белгіленген.
Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі, бұл жағдайда айыпкер несие берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды, келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.
Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның бастығы несие, демеу-қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу жалған беріп, не несиелерді, демеуқаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға, не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе басқа несие берушіге хабарламай несие, демеуқаржы нежеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі және соны қалайды.
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі — банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі — несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыс заты — несиелік берешек.
Несиелік берешек дегеніміз — несие берушіге белгілі бір мерзімде қайтарылуға тиісті, қарызға алынған ақша қаражаты.
Қылмыстық, объективтік жағы ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару болып табылады.
Несиелік берешекті өтеуден жалтару дегеніміз несиені шартта көрсетілген мерзімде қайтармау. Егер, соттың тиісті шешімі күшіне кіргеннен кейін несие қайтарылмаса, ал несие алушының оны қайтаруға мүмкіндігі болса, онда бұл несиелік берешекті етеуден әдейі жалтару деп танылады.
Айыпкердің іс-әрекетін осы бап бойынша саралау үшін несиелік берешек, осы бапқа берілген ескертуге сай, азамат-қарызгер үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома немесе ұйым-қарызгер үшін екі мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома болуға тиіс.
Қылмыс құрамы — формальды. Бұл қылмысты аяқталды деп санау үшін тиісті сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, өтеуге мүмкіндік бола тұрып ірі мөлшердегі несиені қайтармау фактісі анықталса жеткілікті.Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Кінәлі адам ірі мөлшерден несиелік берешекті өтеу жөніндегі заңды күшіне енген сот шешімін орындамай отырғанын біледі және өзінің несиелік міндеттемелерін орындаудан жалтаруды қалайды.
Қылмыс субъектісі —16-ға толған азамат немесе ұйым басшысы.
Мемлекет экономикасының
маңызды салаларының бірі —
бағалы қағаздар рыногы, ол Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан
«Бағалы қағаздар рыногы
Бұл қылмыстың тікелей объектісі — бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңға сәйкес эмиссия дегеніміз — бағалы қағаздарды шығару және орналастыру (2-бап). Эмиссия жарияланған жарғылық капиталды құрастыру және өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент аркылы іске асырылады (өндіріледі), (13-бап). Эмиссияның нәтижесінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылады және орналастырылады (14 және 15-баптар). Эмиссия әртүрлі әрекеттерді қамтиды, оның ішінде эмиссия проспектісінде инвесторлар үшін берілген ақпараттарды ашу және бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың корытындысы бойынша есеп ұсыну (15-б).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бағалы қағазды белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат деп анықтайды (129-баптың 1 бөлігі).
Қылмыс заты — эмиссия проспекті немесе бағалы қағаздар шығару жөніндегі есеп.
Эмиссия проспектісі дегеніміз — эмитент, оның қаржылық жай-күйі және шығарылатын бағалы қағаздар жайындағы ақпараты бар құжаттар пакеті (заңның 2 бабы).
Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі есеп дегеніміз — эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы құжаттар пакеті, оны эмитент қағаздарды орналастыру кезінде әрбір алты айдың қорытындысы бойынша (әр алты ай біткен соң бір ай ішінде), сондай-ақ орналастыру біткен соң бір ай ішінде уәкілетті органға ұсынады (заңның 24- бабы).
Бұл қылмыстың объективтік жағы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту түріндегі, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекет.
«Бағалы қағаздар рыногы
туралы» Заңның 22 бабына сәйкес
эмитет, сондай-ақ бағалы қағаздар
рыногының бағалы қағаздарды
орналастыруды жүзеге асырушы
кәсіпкер қатысушылары
Бұл қылмысты жасағанда айыпкер осы қылмыстың жалған. Бұл қылмыстың құрамы — формальды, яғни бағалы қағаз шығару жөніндегі көрінеу жалған есеп, не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісі бекітілген кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.
Информация о работе Ақша несие саласындағы қылмыстарды саралау.