Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2013 в 18:49, реферат
Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Заңсыз банктік қызмет.
Несиені заңсыз алу және мақсатқа сай емес пайдалану.
Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару.
Бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу.
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату.
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен сипатталады. Айыпты өзінің не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткенін біледі, соны қалайды. Қылмыс субъектісі — арнаулы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіткен ұйым — эмитент басшысы, немесе уәкілетті органның бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткен лауазымды адамы.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың қоғамдық қауіптілігі мемлекет белгілеген ережелерді әдейі айналып өтуде жатыр, нәтижесінде мемлекеттік бюджет бұл операциялардан түсуге тиісті табысты алмайды, бағалы қағаздардың айналымын бақылау тәртібі және оларды тіркеу тәртібі бұзылады.
Бұл қылмыстың объектісі мемлекеттің экономикалық приоритеті, Қазақстан Республикасының экономикасын ұғымды дамытудағы мемлекет пен инвесторлардың экономикалық мүдделері.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың объективтік жағы сол жасалған әрекетте.
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы
«Бағалы қағаздар рыногы
Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы
қағаздармен жасалған
Қылмыстың құрамы тіркеу, есептерді бекіту, бағалы қағаздармен мәміле және сол мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздарды листингке қосу қор биржасы немесе басқадай бағалы қағаздар рыногында мәміле жасау заты болып табылатын бағалы қағаздарға рұқсат және оларды есепке алу сияқты бағалы қағаздарға байланысты әрекеттерді қамтиды. Бұл әрекеттердің барлығын қор биржасы орындалды, ол акционерлік қоғам нысанында жұмыс істейтін заңды тұлға болып табылады. Оның міндеті бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру, олармен жасалған мәмілелерге кепілдік беру, бағалы қағаздардын. тиімді айналымын, қаржы ресурстарының қайта бөлінуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Қылмыстық жауапкершілік болудың қажетті шарты — бағалы қағаздармен операция жүргізу ережелерінің бұзылуы, оған ірі зиянның келуі.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәдан көрініс табады. Айыпты өз әрекеттерінің заңдылығын білуге тиіс, өзінің лауазымдық, қызметтік міндеттері бойынша бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін білуі керек, қоғамға қауіпті зардаптың болуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатының алдын ала көре білуі керек және матери-алдық пайда көздеп сол зардапты тілеуі тиіс.
Бұл қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа толған, есі дұрыс адам. Мына жағдайда ол бағалы қағаздармен операцияны жүргізу міндеті жүктелген лауазымды адам.
Қылмыстың сараланатын түрі — бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзуды бірнеше рет, оны алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе ұйымдасқан топтың жасауы.
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
«Қазақстан Республикасының
Жалған ақша немесе қағаздар жасау немесе сату әрекеті үшін жауаптылық осы бапта көзделген.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының ақша және несие жүйесі.
Қылмыс заты — жалған ақша немесе құнды қағаздар.
Ақша дегеніміз —
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат ретінде анықталады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 129-бабының 1 тармағы). Бағалы қағаздарға: облигация, банк сертификаты, коносамент, ақша және бағалы қағаздар туралы заң актілерімен немесе олар белгілеген тәртіпте бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа құжаттар.
Бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының валютасында да, шетелдік валютада да бола алады.
Бұл қылмыстың объективтік жағы үш балама әрекеттерді жасаумен сипатталады — жалған ақша мен құнды қағаздарды жасау, сақтау немесе сату.
Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны — арнаулы мақсат — жалған ақша және бағалы қағаздар жасап және сақтап, оларды сату.
Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Осы баптың 2 бөлігі мынадай саралаушы нышандарды көздейді, ірі мөлшерде жасау және жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамның жасауы.
Заңда ірі мөлшердің сандық критерииі анықталмаған. Ол әрбір нақты жағдайда жасалған іс-әрекеттің мән-жайына байланысты белгіленеді.
Адам жалған ақша және бағалы қағаз жасағаны, сақтағаны және сатқаны үшін бұрын сотталған деп танылады, егер сол қылмыс үшін бұрынғы соттылығы қылмыстық заңға сәйкес алынбаса және жойылмаса.
Осы баптың 3 бөлігі көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасағаны үшін жауаптылық көздейді.
Қылмыстық Кодекстің 31 бабының 3 бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топқа осы қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен екі және одан көп адам жатады.
7. Жалған төлем карточкалары
мен өзге төлем және
есеп айырысу құжаттарын жасау немесе
сату
Жалған төлем карточкаларын, сол
сияқты бағалы қағаздар болып табылмайтын
өзге де төлем және есеп айырысу
құжаттарын сату мақсатында жасау немесе
сату - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк
көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған
адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi
жалақысының немесе өзге де табысының
мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Бiрнеше рет жасалған немесе ұйымдасқан
топ жасаған дәл сол әрекеттер мүлкi тәркiленiп
төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл өзгерістермен және
толықтыруларымен.
2. ҚР Қылмыстық кодексі 16 шілде 1997 жыл өзгерістермен және
толықтыруларымен.
3. «Жемқорлыққа қарсы
күрес» Қазақстан
1998 жыл.
4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы 18
қыркүйек 2009 жыл.
5. «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы» 30
сәуір 1999 жылғы №1 ҚР Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 25.12.2007 жылғы
өзгерістерімен және толықтыруларымен .
6. «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойына со
тәжребиесі туралы» ҚР
Жоғарғы Сотының нормативтік Қаулысы
№8 9 шілде 1999 жыл. Оқу-әдістемелік кешені
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
7. «Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексіні 63-
туралы ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік Қаулысы №4 21 маусым 2001 жыл.
8. «Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаудың кейбір мәселелері
туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік Қаулысы №15 19 қазан 2001 жыл.
9. «Жазадан шартты мерзімінен босату және өтелмеген жаза бөлігін жазаның
жеңілірек түрімен алмастыру туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік Қаулысы №10
от 25 желтоқсан 2007 жыл.
10. «Науқасына байланысты жазаны әріқарай өтеуден босату туралы» ҚР
Жоғарғы Сотының нормативтік Қаулысы №11 сәуір 2002 жыл
11. «Қылмыс рецидиві
туралы заңнаманы соттардың
Жоғарғы Сотының нормативтік Қаулысы №8 25 желтоқсан 2007 жыл
12. «Қажетті қорғаныс
туралы заңнаманы соттардың
Жоғарғы Сотының нормативтік Қаулысы №2 11 мамыр 2007 жыл
13. «Қылмыстың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы»
Жоғарғы Сотының нормативтік Қаулысы №11 от 25 желтоқсан 2006 жыл.
Информация о работе Ақша несие саласындағы қылмыстарды саралау.