Азаматтық құқықтың жалпы ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2015 в 15:49, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық.
Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оның римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқық цивильді (jus cіvіle) құқық деп атаған.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтың жалпы ережелері - КР.doc

— 160.00 Кб (Скачать файл)

Заңды тұлғаның  құрылтайшылары,  Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды  қоспағанда, осы заңды тұлғаның  құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бір артықшылықтарға ие бола алмайды.

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары. Азаматтық кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметін жарғысы және құрылтай шарты негiзiнде, немесе eгep заңды тұлғаны бір тұлға  құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрі жөнiндегi жалпы ережелер негiзiнде іс-әрекет жасай алады.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз  қызметін  Қазақстан Республикасының үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгі жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.

Заңды тұлғаның  құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның  құрылтайшысы бір адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.

Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәні мен мақсаты белгіленуге тиіс.

Шаруашылық серiктестiгi, акционерлік қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.

Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бірлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне оралымды басқаруына)  өз мүлкін беру және оның  қызметіне қатысу ережелерін белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудің, заңды тұлға  қызметін басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы бекiтiледi.

Азаматтық  құқық объектілерінің ұғымы мен түрлері.

Азаматтық құқық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық  құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.

Азаматтық құқық объектілеріне:

а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет шығармашылық-интелектуалдық  қызметтердің объектісі айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлар белгілері және бұйымдары дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтары мен басқа да мүлік жатады;

б) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі атағы, іскерлік беделі, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға  қол сұқпаушылық  құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.

2. Мәміле ұғымы, түрлері және  нысаны, жарамсыз мәмілелер

 

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп аталады.

Мәмілелер бір жақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін.

Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет. Біржақты мәміле, мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінгі қалдыратын шартпен жасалады деп есептеледі.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің толықтырылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.

Егер шарттың басталуы тиімсіз болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп есептеледі.

Мәмілелер нысаны. Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай және нотариалдық). Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған  өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше көзделмесе ауызша түрде жасалған болып табылады.

Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімімен мәлім жасауға ерік білдіру деп танылады.

Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша жасалуы мүмкін.

Мәміленің жазбаша түрі:

Мынадай мәмілелер:

• егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет  өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің  өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;

• мәмілелерді жасау кезінің  өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіш жоғары сомаға;

• заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасауға тиіс.

Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жеделхат, телефон жазба, телетайп жазба, факс немесе субъектілерді немесе олардың еркі білдіруінің мазмұнын айқындайтын  өзге де құжаттар алмасу, егер заңдарда немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасаған мәмілеге теңестіріледі.

Мәміленің нысана мазмұнына және қатысушыларына сондай-ақ олардың еркі білдіру бостандығына  қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекет орындарының, не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Біржақты мәміле дегеніміз — заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәміленің жиі кездесетін түрі-өсиет қалдыру.

Тарап  өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады. Ал бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.

Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus — келісім) — келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res — зат) келісімінің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.

Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған, мақсатына орай құқықтық негіз бен мақсатты (cousa) еншіленеді. Бірақта бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізінде байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық).

Шартпен жасалған мәмілелер қандай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін.

Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдыратын шартпен жасалады деп есептеледі.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса мәміле кейін күш қойылатын шартпен жасалады деп есептеледі.

Азаматтық құқықта биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздармен басқа мүлікке  қатысты  құқықтар мен міндеттерді өзара беру тур келісімдерді биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады.

Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың түрлері.

Азаматтық  құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:

а) зат құрамының ақауы болатын мәміле;

б) ерікке қатысты ақауы бар мәміле;

в) нысананың ақауы бар мәміле;

г) мазмұнның ақауы бар мәміле.

Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негізінде немесе адамгершілікке көрнеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады.

Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады.

Әрекет  қабілеттілігі болғанмен, мәміле жасаған кезде өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

3. Өкілдік және сенімхат

 

Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және жоқтатады.

Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін бел етін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.

Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді.

Заң бойынша кейбіреулер үшін оның  өзі  қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі  ғана жасауы керектігін заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі.

Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережелерімен айқындалады, ал оның өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына қорғау түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғым арқылы көрінеді. өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл және үшінші жатқан тұрады. өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін заң нұсқауы немесе заңды тұлғаның  құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдіктің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады.

Азаматтық  құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады.

Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттілігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.

Үшінші жақ — азамат немесе заңды тұлға. өкілдің онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатынастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

Өкілдік негізінде бір тұлғаның (өкілдік беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр.

Мұндай өкілеттілік болмаған және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады.

өкілеттіктің туындауының негізі заң фактісі болып табылады. Заңда мынадай өкілдіктердің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген  өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің, еркі заңда көрсетілген фактілер.

Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды.

Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. өкілдік беруші өкілді туып қана қоймай, оның өкілеттілігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік берушінің атынан заңдылық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау талап етіледі. өкілдік беруші мен  өкіл арасында шарт жасалып, онда өздерінің ішкі қарым-қатынастарын айқындайды.

Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындайды.

Мұндай жағдайда коммерциялық  өкіл  өкілдің  өкілеттігі көрсетілген жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда — сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.

Өз атынан бөлу — заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай өкілдікте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды.

Коммерциялық  өкілдіктің екінші түрі — басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар.

Сенімхат. Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілді сенімхат деп аталады.

Сенімхатты пайдалану кезінде «уәкілдік» және «өкілетті» деген терминдерді ажырата білу керек.

Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке қатысуы, ал өкілеттілік  өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әрекеттердің шеңбері болып табылады.

Заң жағынан қарағанда сенімхат беру — біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттілікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті, сондықтан да өкілдің келісемі талап етілмейді.

Информация о работе Азаматтық құқықтың жалпы ережелері