Азаматтық құқықтың жалпы ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2015 в 15:49, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық.
Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оның римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқық цивильді (jus cіvіle) құқық деп атаған.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтың жалпы ережелері - КР.doc

— 160.00 Кб (Скачать файл)

Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалдық жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады. Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі куәландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.

Өткілік беруші қайбір құқық өкілеттілігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді.

Сондықтан сенімхат — әр кезде де мерзімді құжат азаматтық құқыққа сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе – берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.

Егер сенімхат берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.

Өкілдің алған  өкілеттілігінің көлемі мен мазмұнына орай сенімхаттың үш түрі болады:

1. бас сенімхат, ол белгілі  бір кезеңге арналып, әртүрлі мәмілелер жасайтын өкілге береді;

2. бір мәрте берілетін сенімхат — ол тек бір әрекет жасау үшін беріледі;

3. арнайы сенімхат —  ол бір текті мәмілелер жасайтын өкілге беріледі.

Өзіне арнап өкілеттілік  құқық берілген әрекеттерді сенім алушының  өзі атқаруы тиіс. Сенімхаттың күші мынадай жағдайларда жойылады: сенімхат мерзімінің  өтуі; сенімхатта көзделген әрекеттерді жүзеге асыру; сенімхатты беруші адамның оның күшін жою; сенімхат берген адамның одан бас тартуы; өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы; атына сенімхат берілген заңды тұлғанын таратылуы; сенімхат берген адамның  қайтыс болуы оның әрекет қабілеттілігі жоқ, хабар-ошарсыз кетті деп танылуы.

4. Мұрагерлік құқық

 

Мұрагерлік — қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) — мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.  Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап  құқық мирасқорлығы талаптарымен, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.

Мұрагерлік  өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, мұрагерлік заң бойынша орын алады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:

1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

2)  өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;

3) алименттiк міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;

4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актiлерiнiң негiзiнде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Егер бiрiнен кейін бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде  қайтыс болса, олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгiсiз болса — мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің бiреуiн  қасақана  өлтірген немесе олардың  өмiрiне  қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне  қатысты  өсиет  қалдырған адамдар кiрмейдi.  Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға  қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиетті бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Балаларына ата-аналық  құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын  қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде  өздеріне заң күшімен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.

Өсиет бойынша мұрагерлік

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда  өзіне тиесiлi мүлікке билік ету жөнінде  өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.

Өсиет  қалдырушы себебін түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердің бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына  қолданылмайды.   Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкiмдi  қамтитын  өсиет жасауға құқылы.

Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс.

Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет.

Егер  өсиет  қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның  өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның  қатысуымен  өсиет  қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін.

Нотариатта куәландырылған өсиетті  өсиет  қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуға тиіс. өсиет қалдырушының айтуымен  өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық  құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдалануы мүмкін.

Өсиет  қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиетті  өсиетке  қол  қойылғанға дейін нотариус пен куәнің қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға тиіс.

Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін оның мәтiнiн нотариустың қатысуымен куә оқып береді, ол туралы өсиет қалдырушының өсиетті өзі оқи алмауының себептері көрсетiлiп, өсиетте тиiстi жазба жасалады. Егер нотариат куәландырған өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиетте

Куәнің тегі, аты және тұрақты тұратын жері көрсетілуге тиіс. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгiзілуi тиiс. өсиет қалдырушының тiлегi бойынша нотариус өсиеттің мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет).

Құпия  өсиет, оның жарамсыз болып қалу  қаупімен,  өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желімденуге тиіс. Куәлар қол  қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желiмденедi.

Нотариус жоқ елді мекендерде тұратын адамдардың өсиетін заң актiлерiнде нотариат әрекеттерін жасауға уәкiлдiк берілген лауазымды адамдар куәландырады.

Нотариустың,  өсиетті куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күші жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.

Заңды мұрагерлік

Заң бойынша мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.   Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагер болмайды.  Асырап алысушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары  қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагер болмайды.

Азаматтық кодексте төмендегі мұрагерлердің кезегі берілген:

1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейін тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады.

2. Заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады.

3. Заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады.

4. Заң бойынша мұрагер болу құқығын төртiншi кезекте мұра  қалдырушының алтыншы атаға дейiнгiлерiн қосқанда басқа туыстары алады, бұл ретте туыстық дәрежесі неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ дәрежедегі туыстарын мұрагерліктен шеттетеді. Туыстық дәрежесiнiң жақындығы ортақ ата-бабасынан туу саны негiзiнде анықталады.

Әрбір дүниеге келу бір ата (бір туыстық) дәрежесі деп аталады.

Мұрагерлікке шақырылған төртiншi кезектегі мұрагерлер тең үлесте мұрагер болады.

5. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бесiншi кезекте, егер мұра қалдырушымен бір отбасында кемінде он жыл бiрге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), өгей әкесі мен өгей шешесі алады.

6. Заң бойынша мұрагер болу құқығын алтыншы кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

 

1. Ашитов З. О., Ашитов Б. З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері.— Алматы, Жеті Жарғы, 2003.

2. Баққұлов С. Д. Құқық негіздері.— Алматы. 2004.

3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.— Алматы: «Жеті Жарғы», 2001.

4. Төлеуғалиев Ғ. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім.— Алматы: «Жеті жарғы», 2001.

 

Нормативтік-құқықтық актілер:

1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. (21 мамыр 2007 ж. өзгертулер мен толықтырулар).— Алматы, 2007.

2.  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 27 желтоқсан 1994 жыл.

3.  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). 1 шілде 1999 жыл.

4. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ Заңы.

5.  «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы.

6.  «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II Заңы.

7.  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңы.

8. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңы.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Азаматтық құқықтың жалпы ережелері