Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2015 в 14:40, курсовая работа
Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға өтуді бастады. Бұл - үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу, бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды талап етеді.
КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...................................................
6
1.1
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының мәні мен мазмұны...................................................
6
1.2
Әлеуметтік жұмыс объектісі, субъектісі және қағидалары.....................................................................................
26
2-ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ........
43
2.1
Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмсының барысы...............................................................................................
43
2.2
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау.................................................................................................
50
2.3
Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі.................................................................................................
60
3-ТАРАУ.
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................
70
3.1
Әлеуметтік жұмысты жеттілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы...........................................................................................
70
3.2
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру...............................................................
81
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау. Мүгедектерді мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2005 жылы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», ҚР 1999 жылдың 5 сәуірдегі № 365-1 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі, асыраушысынан айырылу және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», 2002 жылдың 11 тамызындағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық және педагогикалық түзету және әлеуметтік қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 29 желтоқсан № 1758 «Мүгедектерді 2002-2005 жылдарға оңалту бағдарламасы» Қаулысымен және басқа нормативтік актілермен өткізілуде.
Мүгедектерге мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек жәрдемақылар, протез-ортопедиалық заттар және аяқ-киіммен қамтамасыз ету, арнайы шрифтпен басылған баспалармен, дыбысты үлкейтетін аппаратуралар және синтезаторлармен, техникалық компенсаторлар және басқа да реабилитациялау құралдарын қамту, интернаттық мекемелерде бағу түрінде беріледі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті бюджет құралдары ішінде қосымша мүгедектерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру, соның ішінде мемлекеттік жәрдемақыға қосымша төлеу, жалғыз басты мүгедектерге күтім көрсетуге мемлекет тарапынан қосымшалар, санатория-курорттық елдерге жеңілдік беру.
Елде мүгедектерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуде 72 үй -интернаттары жұмыс істейді, онда 16,5 мың жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз мүгедектер тұрады, соның ішінде 2,9 мың мүгедек балалар (7-кесте).
7-кесте Мүгедектерге арналған интернат-үйлері (жыл соңына)
2001ж |
2002ж |
2003ж |
2004ж | |||
Интернат үйлеріндегі орындардың жалпы саны, мың |
16,7 |
16,5 |
16,5 |
17,0 | ||
Қарттар және ересек мүгедектерге арналған интернат үйлері | ||||||
Интернат үйлерінің саны |
51 |
52 |
53 |
56 | ||
Орындар саны, мың |
13,5 |
13,4 |
13,4 |
13,9 | ||
Тұрып жатқандар саны, мың адам |
11,8 |
12,2 |
12,9 |
13,6 | ||
Мүгедек балаларға арналған интернат үйлері | ||||||
Интернат үйлерінің саны |
17 |
17 |
17 |
17 | ||
Орын сандыры, мың |
3,2 |
3,1 |
3,1 |
3,1 | ||
Тұрып жатқандар саны, мың адам |
2,9 |
2,7 |
2,7 |
2,9 |
*Көздер: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі, ҚР әлеуметтік қорғау мен еңбек министрлігі
Мүгедек балалар, отбасында тұратын жалпы білім беру мектептерінде оқуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан, психологиялық-медициналық консультация қарттар мен 3160 үйде оқытылады жалғыз басты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін үйде әлеуметтік көрсетудің 327 бөлімшесі жұмыс жасайды, 32,7 мыңға қызмет көрсетіледі, олардың 7 мыңнан астамы мүгедектер.
Мемлекеттік тапсырысты орындау шегінде жыл сайын республикалық бюджеттен мүгедектермен ардагерлерді сауықтыруға құралдар бөлінеді. Сауықтырулар бойынша қызметтерді Алматы қаласындағы «Ардагерлер» республикалық пансианаты, Павлодар облысындағы «Мойылды» санаториясы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» және Бурабай курорттық зонасында орналасқан «Жеке-Батыр» қызмет көрсетеді. Мүгедектерді реабилитациялаудың кешенді құру үшін қоғамның жан-жақты интеграциялауы мүмкіндігін жасау үшін Қазақстан Республика үкіметінің 2001 жылы 29 желтоқсандағы № 1758 «Мүгедектерді 2002-2005 жылдардағы оңалту бағдарламасы» бекітілді. Бағдарлама мүгедектерді реабилитациялау жүйесін құруға бағдарланған, өмір сүру жағдайына қарамастан мүгедектік деңгейін төмендету жағдайын қамтамасыз ету.
Балалар мүгедектігінің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық-педагогикалық түзетуді әлеуметтік қолдау туралы» Заңы бекітілді. Заң әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзетудің формалары мен әдісін анықтайды. Ауытқулары бар балаларды айқындау, медициналық, арнайы білімі және әлеуметтік қызмет көрсету, реабилитациялық орталықтар ашу, түзету кабинеттерін ашу, тәрбиелеу, оқыту, еңбек сыйақыларымен байланысты проблемаларды шешу, мүмкіндігі шектеулі балаларды профессорларды дайындау, мүгедектіктің алдын алу болып табылады.
2010 жылға дейін елдің дамудың стратегиялық жоспарында дамуында авытқулары бар балаларды орта кепілдендірілген білім беру конституциялық қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты қойылған. Арнайы білім беру органдарының дамуымен қатар, ондай балаларға елде қарапайым мектептерде оқыту тәжірибесі қолданылатын болды, оқушылар ішінде үйренісіп кетуге жағдайлар жасалады, слнымен бірге балаларды яғни қарап және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқтарға дистанциондық оқыту енгізілмек.
Мүгедектерді қолдау жөніндегі мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі (МЕҰ). Қазақстанда барлық халық ішінде ең әлсізге жататын МЕҰ қорғауындағы мүгедектер. 200 МЕҰ-дың 90-ға жуығы мүгедектермен тікелей жұмыс істеуге біріккен (60%), жанама мәліметтер бойынша осы жұмыстарды үздіксіз жүргізуді: Бірақ қаржыландыру қызметтегі көлемі, мүгедектерге МЕҰ арқылы көрсетеді, және оны бағалау қиынға соғады.
Мүгедектерге МЕҰ құрудың заңды базасы Қазақстан Республикасының «мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы заңымен жүзеге асырады, 48-бап бойынша «мүгедектердің құқығын қорғау, мүддесін ескеру, өзара қолдау көрсетуді атқарушылар қөоғамдық бірігулер құруға құқығы бар, соның ішінде әртүрлі Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген әртүрлі қорлар.
Сонымен республикада республикалық мүгедектер қоғамдарымен олардың облыстық бөлімшелері, Қазақстандық соқырлар қоғамы, Ести алмайтындардың Қазақстандық қоғамы республикалық мүгедек әйелдерді қорғау «Бибі-Ана» қоғамы, әлеуметтік адаптациялау және профессорлады еңбектік балалар мен ауытқулары бар жасөспірімдерді реабилитациялау. Центр-Сатр, «Кеңес», «Лига», «Ақбота», яғни мүгедектермен психофизакалық дамуында ауытқулары бар балаларды қорғау, мүгедек балалар ата-аналардың аассосиайиясы, «Қазақстан мүгедектері» мен мемлекеттік емес ұйымдар заңды тұлғалардың бірігуі тағы басқа жатады.
Көпшілік мүгедектерді біріктіруші мекемелер өздерінің жеке меншік мекемелерін аша отырып, мүгедектерді жұмыс орнымен қамтуға тырысады. Мысалы: соқырлар қауымдастығында бірнеше көп жүйелі мекемелкр бар. Көзі көрмейтін мүгедектер, түймелер, металл үлгілерін, қыстырғыштыр, қақпақтар, тығындар, тігін үлгілерін, қолғаптар және тағы басқа заттар жасап шығарады. Құлағы естімейтіндер қауымдастығында талдарды өңдейтін мекемелері бар, олар жиһаз шығарады. Психофизикалық дамуы бұзылған мүгедектер мен балаларды қорғайтын «Ақ-бота» лигасы өзінің қорғауындағыларды бау-бақшамен қамтыған.
Мекемедегі мүгедектердің жалақысы жоғары емес, бар болғаны 7-8 мың теңге. Кей кездері жалақы мүлдем төленбейді, орнына гуманитарлық көмек беріледі – киім, азық-түлік. Мүгедектер мекемелері жиі рентабельдік емес болып тұрады. заңнамада мынадай норма тұрақтанған. кәсіпорындарда салықты төмендету льготын тек қана 50%-дан жоғары мүгедектер жұмыс істейтін мекемелер алады. Бірақ тәжірибеде көрсеткендей, егерде мекемеде 35%-ға жуық мүгедектер жұмыс істейтін болса, ол мекеме рентабельді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мүгедектерді біріктіруші 200-ден астам ұйымдар бар. Олардың өзара келіспеушілігі қазірше өте төмен, бірақ мүгедектердің нақты құқығын сол қалпында қалдыру және қорғау тенденциясы қалыптасуда. Мүгедектердің жағдайымен айналысатын көпшілік мекемелер білім алу жөніндегі конституциялық құқығын қорғауға, мүгедек балаларымен орта және жоғары білім алуға тырысады. Мүгедек әйелдер қоғамы «Бибі-Ана» және мүгедек балалар ата-аналар ассосиациясы (АРДИ) көп эффективті болып табылады. Осылайша «Бибі-Ана» заң бойынша тұрақтанған льготты жеңіп, 200-ден астам мүгедек балалардың жоғары оқуға түсуіне көмектесті. Мүгедек балалардың ата-аналар ассосиациасы (АРДИ) күнделікті мүгедек балалармен емдеу және оқыту сабағын жүргізуде (5 пен 20 жас аралығында).
Еңбек қабілетінен айырылған жағдайда қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру және әлеуметтік сақтандыру проблемасының шешімін табу үшін «Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» әзірленді. Еңбек қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау келесі құрылымды енгізуді көздейді. Бірінші деңгей – бюджеттің есебінен азаматтарға бірдей жәрдемақылар беру (әлеуметтік қауіптердің түрлеріне қарай).
Екінші деңгей – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен ресми сектордың қызметтеріне зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін қосымша төлемдер жасау немесе сақтандыру төлемдері үшін негіздер болған жағдайлардың тоқтатылуы. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін төлемнің мөлшері белгілі бір уақыт аралығындағы орташа жалақының, аударымдардың ұзақтығы мен еңбек қабілетін жоғалтудың дәрежесіне немесе асырауындағы жандардың санына қарай орын басу коэффициентіне сүйене отырып есептеледі.
Еңбектегі міндеттерін орындау кезінде жазатайым немесе кәсіптік сырқаттың нәтижесінде еңбек қабілетін немесе асыраушысын жоғалтқан жағдайда сақтандыру ұйымдарынан төленетін төлемдер түріндегі қосымша әлеуметтік қорғау қарастырылады (үшінші деңгей).
2.3 Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі
Қазақстан Республикасының «Күнкөріс минимумы туралы» Заңында «кедейшілік шегі» ғымына анықтама беріледі, ол халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет табыстың шегі ретінде түсіндіріледі. Осы «кедейшілік шегі» аз қамтамасыздандырығандарға (табысы аздарға) мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін көрсетудің критерийі болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді. «Кедейшілік шегін анықтау тәртібі туралы
Үкімет Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының
2004 жылы 1,137 миллионға жуық
5-сурет Атаулы әлеуметтік көмекті алуш
«Қазақстан Республикасында зейнеткерлік қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес 1999 жылдың 1 қантарынан бастап, бұрын асыраушысынан айырылуға, жасына (қажетті стаждары жоқ), мүгедектігіне (1,2,3 топтағы мүгедектер, бала жастан мүгедектер) байланысты әлеуметтік зейнетақылар алуға құқылы адамдар, мемлекеттік жәрдемақылар жүйесіне ауыстырылдығ яғни олар зейнетақылар емес, ал мемлекеттік жәрдемақылар ала бастады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектердің жалпы саны, асыраушысынан айрылған және жасына қарай (бір адамға шаққанда), халықты әлеуметтік қорғау және еңбек органдарында тіркеуге тіркелгендер 2004 жылдың басына 786,4 мың адамды құраған. Жәрдемақының орташа мөлшері мүгедектігіне байланысты – 4178 тенге, асыраушысынан айрылуына байланысты – 3142 тенге, жасына қарай – 2616 тенгені құрайды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 3647 теңгені құрайды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,5%-ды құраған (8-кесте).
8-кесте. Алушылардың саны және жасына қарай, мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері
Барлығы, адам |
оның ішінде | ||||||
жасына қарай |
жәрдемақы- ның орташа мөлшері, тенге |
мүгедек-тігіне байланысты |
жәрдемақы-ның орташа мөлшері, тенге |
асыраушы-сынан айрылуына байланысты |
жәрдемақы-ның орташа мөлшері, тенге | ||
Қазақстан Республикасы |
786426 |
15470 |
2616 |
391311 |
4178 |
379645 |
3142 |
Ақмола облысы |
41055 |
526 |
2616 |
19501 |
4086 |
2128 |
3181 |
Ақтөбе облысы |
36074 |
701 |
2616 |
14265 |
4179 |
21108 |
3047 |
Алматы облысы |
87776 |
2703 |
2616 |
44962 |
4109 |
40111 |
3055 |
Атырау облысы |
28674 |
392 |
2616 |
11601 |
4181 |
16681 |
3036 |
Шығыс-Қазақстан облысы |
79636 |
1489 |
2616 |
41483 |
4362 |
36664 |
3204 |
Жамбыл облысы |
52758 |
1280 |
2616 |
24891 |
4220 |
26587 |
3067 |
Батыс-Қазақстан облысы |
35336 |
383 |
2616 |
17898 |
4038 |
17055 |
3107 |
Қарағанды облысы |
72894 |
488 |
2616 |
37499 |
4211 |
34907 |
3188 |
Қостанай облысы |
40411 |
927 |
2616 |
17819 |
3971 |
21665 |
3170 |
Қызылорда облысы |
40116 |
761 |
2616 |
19725 |
4151 |
19630 |
3016 |
Маңғыстау облысы |
18322 |
430 |
2616 |
8349 |
4383 |
9543 |
3198 |
Павлодар облысы |
36740 |
422 |
2616 |
19124 |
4180 |
17194 |
3263 |
Солтүстік-Қазақстан обл. |
41480 |
887 |
2616 |
23033 |
4093 |
17560 |
3223 |
Оңтүстік-Қазақстан обл. |
117410 |
3487 |
2616 |
58386 |
4019 |
55537 |
2909 |
Астана қаласы |
13274 |
212 |
2616 |
6913 |
4457 |
6149 |
3675 |
Алматы қаласы |
44470 |
382 |
2616 |
25862 |
4536 |
18226 |
3830 |
Информация о работе Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру