Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 10:29, реферат
Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:
1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;
2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;
3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;
Әкімшілік құқық
– бұл қоғамдық қатынастардың
ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық
жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі
олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік
басқару сферасында туындайтын, дамитын
және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды
жатқызуға болады:
1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;
2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;
3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;
Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:
1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);
2) Ұсыну әдісі
(басқару субъектісінің
3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)
4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды)
Әкімшілік құқықтың жүйесі — бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.
Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:
1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.
2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.
Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы — әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).
Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады).
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:
1) қоғамдық қауіптілік — бұл іс — әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару
2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы
3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс — әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.
4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.
5) жаппай өріс алуы (массовость) — бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы — бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.
Әкімшілік кодекс — әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту, жаза шараларын белгілеу, т.б. мәселелерін айқындаушы құқық нормаларын біріктіретін, бірегей жүйеленген заңдар актісі. Қазақстан Республикасында “ Қазақ КСР-нің әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексі” қолданылып келді (1998). Ол КСРО республикалары арасында алғашқылардың бірі болып, 1984 жылы 22 наурызда 10-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-сессиясында қабылданған. Кейін оған бірнеше түзетулер мен толықтырулар енгізілді. 1995 жылы 1 сәуірде әкімшілік кодекстің өзгертулері мен толықтыруларын толықтай қамтыған ресми мәтіні жарияланды. Әкімшілік кодексте материалдық және іс жүргізуге қатысты бөлімдер біріктірілген; 5 бөлімнен, 31 тараудан, 450-ден астам баптан тұрады. Оның көптеген қағидалары бүгінгі күннің, нарықтық қарым-қатынастардың жаңа талаптарына сай келмейді, ескірген. Жалпы, әкімшілік кодекс жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін айқындайтын ең басты акт болып саналады.
Мемлекеттік басқару саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Жалпы басқарудың:
1. Машиналар мен технологиялық үрдістерді басқаратын механикалық; 2. Тірі организмдердегі басқарылатын биологиялық; 3. Адамдардың мінез-құлығы мен ұжымдарды басқаратын әлеуметтік басқару сияқты бірнеше түрлері бар. Басқару нақты бір нәтижеге жету мақсатында, екі не одан да көп адамдардың келісілген іс-әрекеті. Басқару адамзат қоғамында объективті түрде қалыптасады. Сондыктан да басқару алғашқы қауымдык, құл иеленуші, феодалдық құрылыстардың барлығында болып келген. Қоғам дамуы барысында тек қана басқарудың типі, әдістері, мақсаты және түрпішіндері өзгеріп отыратындығымен, өмірдің сан-саласын басқару қажеттілігі сақ-талады.
Мемлекеттік басқару коғам дамуының барысында қоғамдық, қатанастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз: а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет; б) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.
Барынша тар мағынасында
мемлекеттік басқару деп
Мемлекеттік басқарудың қағидаттары — басқару, басқару аппараты сүйенетін, белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы мүмкін, негізгі басшылық бастамасы. Мемлекеттік басқарудың қағидалары зандарда және басқа да зандық күші бар нормативтік актілерде бекітіледі. Мемлекеттік басқару қағидаттары әлеуметтік-құқықтык, және ұйымдастырушылық сияқты екі топқа бөлінеді. Әлеуметтік-құқықтыққа жататындар: 1) жоғарғы мемлекеттік лауазымдар мен органдардың қабылдаған нормативтік актілерін, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін, демократиялык негізде орталықтанған, демократиялық орталықшану қағидаты;
Мемлекеттік қызметкерлер
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттін міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары. Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:
мемлекеттік қызметкерлердін өз ісіне маманданғандығы мен біліктілігі және кәсіби мығымдылығы (принципшілдігі);
Мазмұны
Мемлекеттік қызметкерлердің
негізгі құқықтары мен
Мемлекеттік қызметкер:
Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:
Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер де көзделген. Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметке мынадай адамдар кабылданбайды:
Мемлекеттік қызметке тұру және оны өту тәртібі
Мемлекеттік қызметке тұрудың
заңмен бекітілген шарттарын екі
топқа бөлуге болады: саяси мемлекеттік
қызметкерлердің мемлекеттік