әкімшілік құқық бұзушылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 10:29, реферат

Описание работы

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:
1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;
2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;
3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 33.24 Кб (Скачать файл)
  • Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуы;
  • заңнамамен тиісті қызметке байланысты өзге талаптар белгіленбеген болса, жасының он сегізден кем болмауы;
  • тиісті білімі, кәсіби дайындық деңгейі және қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі.

Азамат мемлекеттік қызметке тұрған кезде, салық қызметі органдарына, оған құқық ментттігі ретінде  жататын мүліктері мен алған  табыстары жөнінде мәліметтер тапсыруға  міндетті. Азамат міндетті, арнаулы  тексерістен өткеннен кейін саяси  және өкімшілік мемлекеттік қызметке тұра алады. Саяси мемлекеттік қызметкерлер өз халқы мен Президентке ант береді. Азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке тұрған кезде, оған үш айлық, сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметкерлер үшін сынак мерзімі белгіленбейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызметті атқару кезінде аттестаттаудан өтуі керек. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттау — бұл олардың кәсіби даярлық деңгейін, қүқықтың мөдениеті мен азаматтармен жұмыс жасай білу қабілетін айқындау үшін октын-октын өткізіліп тұратын шара. Екікабат әйелдерден басқа барлық қызметкерлер аттестаттаудан өткізілуге жатады. Мемлекеттік қызметтегі келесі әрбір үш жылы өткен сайын қызметкерлер аттестаттаудан өтеді. Саяси мемлекеттік қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.

Мемлекеттік қызметкерлер өкілеттігін тоқтату негіздері  және олардың жауапкершілігі

Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз — саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:

  • мемлекеттік органның жабылуы;
  • заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
  • оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі;
  • саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі;
  • саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде;
  • оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы);
  • қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі;
  • келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы;
  • табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;
  • заңда белгіленген жағдайларды коспағанда, мемлекеттік өкімшілік қызметті бөсекеден тыс иеленуі;

аттестаттаудың жағымсыз нәтижелері. Мемлекеттік әкімшілік  қызметкерді оны осы қызметке қабылдауға құқығы бар мемлекеттік  органның тиісті лауазым иесі қызметтен  шығарады. Саяси және мемлекеттік  әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік  қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауап береді. Мемлекеттік қызметкер  өзіне жүктелген міндеттерді  орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра  пайдаланған, мемлекеттік және еңбек  тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік  қызметте болуымен байланысты белгіленген  шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік  қызметкерлерге мынадай тәртіптік  жазалар қолданылуы мүмкін:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс;
  • қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;
  • қызметтен шығару.

Сонымен, мемлекеттік органда  белгіленген тәртіп бойынша ақы  төленетін қызметте отырған және мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін  іске асыру мақсатында қызметтік  өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер деп танылады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және жоғары білікті мамандармен жабдықталған болуы керек.[1]

Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген. [1]


Информация о работе әкімшілік құқық бұзушылықтар