ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Парламен депутатының
мәртебесі
Орындаған: Иргебекова Ф.Б.
Тексерген: Баймуханбетова Ж.Т.
Алматы 2015ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Парламент депутаты
– халықтың уәкiлеттi өкiлi. Парламент
депутаттарына қойылатын талаптар
2.2. Парламент депутаты
мәртебесiн конституциялық-құқықтық реттеу.
2.3. Парламент депутатының
өкiлеттiктерi. Оларды жүзеге асырудың
ұйымдық-құқықтық нысандары
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң
шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы
өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан
Республикасының Парламенті жоғарғы өкілді
орган ретінде, демократияля органы ретінде
де өзінің саяси еркін білдіреді.
Парламент тұрақты негізде
жұмыс істейтін екі Палатадан, Сенаттан
және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан,
республикалық маңызы бар қалалардан
және Қазақстан Республикасының астанасынан
екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық
маңызы бар қаланың және Республика астанасының
барлық өкілдікті органдары депутаттарының
бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан
құрылады.1 Сенаттың жеті өкілеттілігі
мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Ал мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады.
Алпыс жеті депутат аумақтық сайлау округтегі
бойынша сайланады. Он депутат партиялық
тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының
өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс
депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес
жыл.
Парламент депутатының өкілеттігі
Қазақстан Республикасы Конституциясымен,
Президенттің «Қазақстан Республикасының
Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы» Конституциялық заң
күші бар Жарлығымен белгіленеді. Депутаттың
өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған
сәттен басталады.
Парламент депутатының өкілеттігі:
ол орнынан түскен, депутат іс-әрекетке
қабілетсіз деп танылған жағдайда, Парламент
таратылған, депутат болып сайланғаннан
кейін лауазымды қызметін жалғастыру
үшін сол қызметті сақтауға тиіс болған
жағдайда тоқтатылады.
Депутат Палатаның, оның органдарының
отырыстарына дәлелсіз себеппен қатыспаса
ол еңбек ақыдан, материалдық қаржылық
және әлеуметтік – тұрмыстық жағдайынан
айырылады. Бұл туралы Президенттің «Қазақстан
Республикасының Парламенті және оның
депутаттарының мәртебесі туралы» Жарлығында
айқындалған.
Парламент Палаталарының 1996
жылғы 20 мамырдағы бірлескен отырысында
қабылданған Казахстан Республикасы Парламентінің
Регламенті Палаталардың бірлескен —
отырыстарын өткізу шарты мен тәртібін,
Палаталардың бірлескен органдарын қалыптастыру
және оның қызметін ұйымдастыру механизмін
белгілейді.1
Қазақстан Республикасының
Парламенті өз жұмысын сессиялық тәртіппен
жүзеге асырады. Парламент сессиясы Сенат
пен Мәжілістің бірлескен отырысымен
ашылады және жабылады.
Парламенттің кезекті және
кезектен тыс сессиялары болады. Кезекті
сессияны Мәжілістің Төрағасы шақырады
және жабады сонымен қатар жылына бір
рет — қыркүйек айының бірінші жұмыс күнінен
маусым айының соңғы жұмыс күніне дейін
өткізеді. Ал кезектен тыс сайлау Парламент
өкілеттігін мерзімінен тоқтатқан кезден
бастап екі ай ішінде өткізіледі.
2.1. Парламент депутаты
– халықтың уәкiлеттi өкiлi. Парламент
депутаттарына қойылатын талаптар
1. Парламент — Қазақстан
Республикасының заң шығару қызметін
жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары
өкілді органы.
2. Парламенттің өкілеттігі
оның бірінші сессиясы ашылған сәттен
басталып, жаңадан сайланған Парламенттің
бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден
аяқталады.
3. Парламенттің өкілеттігі
Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп
бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы
мүмкін.
4. Парламенттің ұйымдастырылуы
мен қызметі, оның депутаттарының
құқықтық жағдайы конституциялық
заңмен белгіленеді.
Парламент тұрақты негізде
жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан
және Мәжілістен тұрады.
Сенат конституциялық заңда
белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық
маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының
астанасынан екі адамнан өкілдік ететін
депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның
ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің
білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі
ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын
Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс конституциялық заңда
белгіленген тәртіппен сайланатын жүз
жеті депутаттан тұрады.
Парламент депутаты бір мезгілде
екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.
Сенат депутаттарының өкілеттік
мерзімі — алты жыл, Мәжіліс депутаттарының
өкілеттік мерзімі — бес жыл.
Республика Парламентiнiң депутаты
1. Парламент депутатының
өкілеттігі оны Республиканың
Орталық сайлау комиссиясы Парламент
депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады.
Парламенттің бірінші сессиясында оның
Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар
Қазақстан халқына мынадай ант береді:
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге,
Қазақстан Республикасының тұтастығы
мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы
мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген
депутаттың мәртебелі міндетін абыроймен
атқаруға ант етемін". Антты Президент
қабылдайды және ант беру Республика Үкіметі,
Конституциялық Кеңесі мүшелерінің, Жоғарғы
Соты судьяларының, экс-Президенттерінің
қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі.
2. Парламент депутатының басқа өкілді
органның депутаты болуға, оқытушылық,
ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен
басқа, ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруға,
кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға, коммерциялық
ұйымның басшы органының немесе байқаушы
кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.
Осы ереженің бұзылуы Республика Орталық
сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың
өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.
3. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан
түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды
күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке
қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз
кеткен деп танылған жағдайларда және
Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда
тоқтатылады.
4. Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлаған депутаттарының
өкілеттігі оның шешімі бойынша мерзімінен
бұрын тоқтатылуы мүмкін.
5. Парламент Сенатының тағайындалған
депутаттарының өкілеттігі Республика
Президентінің шешімі бойынша мерзімінен
бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Тиісінше облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың және Республика астанасының
барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін
депутаттар болып табылатын таңдаушылардың
бірлескен отырысында сайланған Парламент
Сенаты депутаттарының өкілеттігі осы
таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен
бұрын тоқтатылуы мүмкін.
6. Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты
тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды
күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын
жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
7. Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес
өзін сайлаған саяси партиядан шыққан
немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты
сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан
кезде өз мандатынан айырылады.
8. Парламент депутатының өкілеттігі осы
баптың 3 және 6-тармақтарында көзделген
негіздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық
сайлау комиссиясы Парламент депутатының
өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің
басталу фактісін көрсетіп қаулы қабылдайды
және Парламенттің тиісті Палатасына
Парламент депутатының өкілеттігі мерзімінен
бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы
шешім қабылдайды.
Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы
негізінде Парламент Палатасы тиісті
Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатады.
9. Парламент депутатының өкілеттігі осы
баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген
негіздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық
сайлау комиссиясы тиісті адамның Парламент
депутатының өкілеттігін жоғалтқаны жөніндегі
фактіні көрсетіп қаулы қабылдайды.
10. Парламент және Парламент Мәжілісі
депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент
немесе Парламент Мәжілісі таратылған
жағдайларда тоқтатылады.
2.2. Парламент депутаты
мәртебесiн конституциялық-құқықтық реттеу;
1. Парламент депутатының
өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау
комиссиясы Парламент депутаты ретiнде
тiркеген сәттен басталады. Парламенттiң
бiрiншi сессиясында оның Палаталарының
бiрлескен отырысында депутаттар Қазақстан
халқына мынадай ант бередi: «Қазақстан
халқына адал қызмет етуге, Қазақстан
Республикасының тұтастығы мен тәуелсiздiгiн
нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына
қатаң бағынуға, өзiме жүктелген депутаттың
мәртебелi мiндетiн абыроймен атқаруға
ант етемiн». Антты Президент қабылдайды
және ант беру Республика Үкiметi, Конституциялық
Кеңесi мүшелерiнiң, Жоғарғы Соты судьяларының,
экс-Президенттерiнiң қатысуымен салтанатты
жағдайда өткiзiледi.
2. Парламент депутатының
басқа өкiлдi органның депутаты болуға,
оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық
қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де
жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен
шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы
органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына
кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы
Республика Орталық сайлау комиссиясының
ұсынуымен депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға
әкеп соғады.
3. Парламент депутатының
өкiлеттiгi орнынан түскен, ол қайтыс болған,
соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша
депутат iс-әрекетке қабiлетсiз, қайтыс
болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған
жағдайларда және Конституция мен осы
Конституциялық заңда көзделген өзге
де жағдайларда тоқтатылады.
4. Парламент Мәжiлiсiнiң Қазақстан
халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттарының
өкiлеттiгi оның шешiмi бойынша мерзiмiнен
бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
5. Парламент Сенатының
тағайындалған депутаттарының өкiлеттiгi
Республика Президентiнiң шешiмi бойынша
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Тиiсiнше
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
және Республика астанасының барлық мәслихаттары
атынан өкiлдiк ететiн депутаттар болып
табылатын таңдаушылардың бiрлескен отырысында
сайланған Парламент Сенаты депутаттарының
өкiлеттiгi осы таңдаушылардың шешiмi бойынша
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
6. Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге
тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың
айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
3) Қазақстан Республикасының
азаматтығын жоғалтқан кезде өз
мандатынан айырылады.
7. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты:
1) депутат конституциялық
заңға сәйкес өзiн сайлаған саяси партиядан
шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес
депутатты сайлаған саяси партия қызметiн
тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
8. Парламент депутатының
өкiлеттiгi осы баптың 3 және 6-тармақтарында
көзделген негiздер бойынша тоқтатылған
кезде Орталық сайлау комиссиясы Парламент
депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп
соғатын негiздердiң басталу фактiсiн көрсетiп
қаулы қабылдайды және Парламенттiң тиiстi
Палатасына Парламент депутатының өкiлеттiгi
мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсыну
енгiзу туралы шешiм қабылдайды.Орталық
сайлау комиссиясының ұсынуы негiзiнде
Парламент Палатасы тиiстi Парламент депутатының
өкiлеттiгiн тоқтатады.
9. Парламент депутатының
өкiлеттiгi осы баптың 4, 5 және 7-тармақтарында
көзделген негiздер бойынша тоқтатылған
кезде Орталық сайлау комиссиясы тиiстi
адамның Парламент депутатының өкiлеттiгiн
жоғалтқаны жөнiндегi фактiнi көрсетiп қаулы
қабылдайды.
10. Парламент және Парламент
Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi тиiсiнше
Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған
жағдайларда тоқтатылады.
Депутатқа ешкiмнiң тиiспеу құқығы
1. Парламент депутатын оның
өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға,
күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленген
әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға,
қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс
жасаған реттерде өзге, тиiстi Палатаның
келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға
болмайды.
2.Депутатты қылмыстық
жауапқа тартуға,қамауға алуға немесе
сот тәртiбiмен белгiленген әкiмшiлiк жазалау
шараларын қолдануға келiсiм алу үшiн Бас
Прокурор Сенатқа не Мәжiлiске ұсыныс енгiзедi,
оны Палаталар тиiстi Палатаның отырысында
қарауға әзiрлеу үшiн Орталық сайлау комиссиясына
жiбередi. Ұсыныс депутатқа айып тағудың,
оны қамауға алуға санкция берудiң немесе
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
сотқа жiберудiң алдында енгiзiледi. Бас
Прокурордың ұсынысы мен Орталық сайлау
комиссиясының тұжырымы олар келiп түскен
күннен бастап екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей
қаралады және Палата тиiстiлауазымды
тұлғалар мен органдардың қосымша ақпарат
тапсыруын талап етуге хақылы. Палата
дәлелдi шешiм қабылдап, оны Республиканың
Бас Прокурорына және анықтау мен алдын
ала тергеуді жүзеге асыратын Республика
мемлекеттiк органының басшысына үш күн
мерзiм iшiнде жiбередi. Депутат өзiне ешкiмнiң
тиiспеу құқығы туралы мәселенi Палата
қараған кезде қатысуға хақылы.
3.Депутатқа қатысты қылмыстық
iстi анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге
асыратын Республика мемлекеттiк органының
басшысы ғана қозғай алады және ол iс жүргiзу
аяқталысымен қадағалауды жүзеге асыру
үшiн Бас Прокурорға тапсырылуға тиiс.