4. Орталық сайлау комиссиясы
iс бойынша шешiм қабылдаған тиiстi соттан
iстi қарау нәтижелерi туралы ақпаратты
сұратып алады және айыптау үкiмiшығарылған
жағдайда тиiстi Палатаға депутаттық мандаттан
айыру жөнiнде ұсыныс енгiзедi.
2.3. Парламент депутатының
өкiлеттiктерi. Оларды жүзеге асырудың
ұйымдық-құқықтық нысандары
Республика Парламентi депутатының
өкiлеттiгi
1. Депутат Парламент сессиясында
және өзi құрамына кiретiн оның органдарының
отырыстарында қаралатын барлық мәселелер
бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
2. Парламент депутаты:
1) Парламент пен оның Палаталарының үйлестiрушi
және жұмыс органдарын сайлауға және оларға
сайлануға;
2) сессияның күн тәртiбi, талқыланатын
мәселелердi қарау тәртiбi мен олардың
мәнi жөнiнде ұсыныстар мен ескертпелер
енгiзуге;
3) Парламент Палаталары сайлайтын немесе
тағайындайтын не Парламент Палаталары
тағайындауға келiсiм беретiн лауазымды
тұлғалардың кандидатуралары жөнiнде
өз пiкiрiн айтуға;
4) Парламент Палаталарының бiрлескен
және бөлек отырыстарында қарау үшiн ұсынылатын
мәселелер бойынша Палаталар Бюросына
ұсыныстар енгiзуге, ал оның ұсыныстары
қабылданбаған жағдайда оларды Палаталардың
пленарлық отырыстарының қарауына енгiзуге;
5) Парламент пен оның Палаталары органдарының
отырыстарында қарау үшiн мәселелер ұсынуға;
6) Парламент Палаталарына есептi лауазымды
тұлғалардың есебiн немесе хабарламасын
Парламент сессиясында тыңдау туралы
ұсыныстар енгiзуге;
7) заңда белгiленген тәртiппен депутаттық
сұрау салуға;
8) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға,
сондай-ақ отырысқа төрағалық етушiге
сауалдар беруге;
9) дауысқа салу себептерi бойынша өзiнiң
ұсыныстарын негiздеп сөйлеуге, анықтама
беруге;
10) Парламент қабылдайтын заңдардың, қаулылардың,
басқа да актiлердiң жобаларына түзетулер
енгiзуге;
11) Парламент депутаттарын азаматтардың
қоғамдық маңызы бар үндеулерiмен таныстыруға;
12) Парламент отырыстарының стенограммалары
мен хаттамаларындағы депутаттардың сөйлеген
сөздерiнiң мәтiндерiмен танысуға;
13) осы Конституциялық заңға, Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiне сәйкес басқа да өкiлеттiктердi
жүзеге асыруға хақылы.
1.Депутат Парламенттiң және
өзi құрамына сайланған оның органдарының
жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте
дауыс берудi депутаттың жеке өзi ғана
жүзеге асырады.
2.Палатаның Төрағасы, не тиiсiнше
депутат мүшесi болып табылатын органның
басшысы регламентпен белгiленген мерзiмде
депутатқа сессиялардың, орган отырыстарының
өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы, сондай-ақ
олардың қарауына енгiзiлетiн мәселелер
туралы депутатқа хабарлайды, оған осы
мәселелер бойынша қажеттi материалдарды
бередi.
3.Депутат мәжiлiске келуге
мүмкiндiгi болмаған жағдайда бұл туралы
Палатаның Төрағасына не тиiсiнше Парламент
органының немесе оның Палатасының басшысына
күнiбұрын хабарлайды.
4.Депутаттың Палаталар мен
олардың органдарының отырыстарына дәлелдi
себептерсiз үш реттен артық қатыспауы,
сол сияқты дауыс беру құқығын басқаға
беруi депутатқа осы Конституциялық заңда
белгiленген жазалау шараларын қолдануға
әкеп соғады.
5.Палаталар Бюроларының,
олардың тұрақты комитеттерiнiң,
Парламент комиссияларының және
оның Палаталарының құрамына
кiретiн депутат кез келген мәселелер мен
ұсыныстарды қарауға енгiзуге,мәселелердi
қарауға әзiрлеуге, олар бойынша шешiмдердiталқылап,
қабылдауға, сондай-ақ қабылданған шешiмдердiң
жүзеге асырылуын ұйымдастыруға,олардың
орындалуын бақылауға қатысуға хақылы.
6.Өзi құрамына кiретiн Парламент
органының шешiмiмен келiспеген депутат
Парламент сессиясында өз көзқарасын
баяндауға немесе ол туралы төрағалық
етушiге жазбаша түрде хабарлауға хақылы.
7.Палаталар Бюроларының,
олардың тиiстi тұрақты комитеттерiнiң,
Парламент комиссияларының және оның
Палаталарының құрамына кiрмейтiн депутат
аталған органдардың отырыстарына қатысып,
ұсыныстар енгiзе алады,қаралатын мәселелердi
талқылауға және кеңесшi дауыс құқығымен
шешiмдердiқабылдауға қатыса алады. Депутат
Палаталар Бюроларының,тұрақты комитетiнiң
немесе комиссиясының шешiмiмен келiспеген
жағдайда өз ұсыныстарын заң жобасына,
қаулы жобасына түзетулер ретiнде енгiзе
алады. Депутат енгiзген түзетулер Парламент
сессиясында қаралады әрi оларды дауысқа
салу өткiзiледi
Депутаттық өкiлеттiгiн жүзеге
асыруының кепiлдiктерi
1. Депутаттық қызметiн атқаруына
бөгет жасау мақсатымен депутатқа немесе
оның жақын туыстарына қандай түрде болмасын
ықпал жасау Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2.Мемлекеттiк органдар мен
қоғамдық бiрлестiктердiң,жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының,ұйымдардың депутат
алдындағы өз мiндеттерiн орындамаған,
оған көрiнеу жалған ақпарат берген,депутаттық
қызметтiң кепiлдiктерiн бұзған лауазымды
тұлғалары Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауапқа тартылуға тиiс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ елі бүгін әлем таныған,
күш-қуаты тасыған, экономикасы қуатты,
кемелденген мемлекетке айналды. Орта
Азияны мекендеген қазақ халқы талай тарихи
қиыншылықтарды басынан кешіргені ақиқат.
Маңдайына солай жазды ма, көршілері жайсыз
болды ма, әлде ара бірлігі мен ауыз бірлігінің
осалдығы әсер етті ме, әйтеуір қазақ халқы
бес ғасырдың құрбаны болды.
Шыңғыс хан шапқыншылығынан
кейінгі орнаған қазақ жеріндегі Алтын
Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Әбілқайыр
хандығының құрамында болған қазақ тайпалары
дербес жеке мемлекет болмаған еді. Тек
Әбілқайыр хандығынан бөлінген Керей
мен Жәнібек 1456-1458 жылдары Шу өзенінің
бойында алғаш рет Қазақ хандығын құрды.
Бұл Қазақ хандығы XVғасырдың 2 –жартысынан
XVІІІ ғасырдың 1-жартысына дейін дербес,
тәуелсіз ел ретінде өмір сүрді. Осы уақытта
әйгілі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім
ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің жеті жарғысы»
қазақ елінде қалыптасқан заңдар еді.
Бұл заңдар өз уақытында қазақ халқының
басын біріктіруде үлкен рөл атқарған
еді.
Парламент депутаттарына зор
мәртебе берілсе де, өз деңгейінде нақты
халық сенімінен шығатын жұмыстардың
атқарылмай отырғандығы да бар екені шындық.
Өйткені бізде парламентаризм жас, әлі
даму үстінде. Мемлекет ішіндегі халықтың
әлеуметтік жағдайын, жұмыссыздық, білім,
денсаулық саласындағы қордаланған мәселелерді,
жастар мәселесін, тіл саясатын шешуде
парламент негізгі роль атқаратыны даусыз.
Себебі халықпен тығыз байланыстағы ең
өкілетті орган парламент екені барша
жұртқа мәлім. Соңғы уақытта парламент
бұл мәселелерді атқарушы билік өкіметпен
тығыз байланыс жасай отырып, оны шешудің
жолдарын қарастырып келеді. Әрине, алға
жылжушылық байқалуда, толық шешілмесе
де, алдағы уақытта шешімін табар.
Депутат өз мәртебесін пайдалана
отырып, халық ішінде болып, олардың талап-тілектерін,
ұсыныстарын ескеруі керек. Сөйтіп, парламент
депутаттары халық пен билік арасындағы
көпір іспеттес деп айтуға болады. Сондықтан
да депутаттыққа білімі жоғары, парасатты,
адамгершілік қасиеттері мол, өз мүддесінен
гөрі халық мүддесін жоғары қоятын, халқымыздың
ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін,
мәдениетін, тілін, ділін құрметтейтін
тұлғаның сайланғаны дұрыс болар еді.
Кейде мұндай талаптарға сай келмейтін
депутаттардың да сайланып кетіп жатқаны
бар. Бұл - халықтың ренішін парламентке
деген сенімін азайтып жіберетін факторлар.
Әрине ондай депутаттар төбе көрсетіп
қалатыны рас. Жалпы Қазақстан парламентінің
бесінші шақырылымына дейін халыққа танымал
тұлғалар депутаттыққа көп сайланды. Олар
осы парламент мінберінен халықтың мұң-мұқтажын
қорықпай, ашық айта отырып, ел сенімінен
шыға білді. Осындай еңбегінің арқасында
нағыз құрметті азаматтарға айналды. Айталық,
Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы, Шерхан
Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова,
Бекболат Тілеуханов, Нұрлан Өнербаев,
Нұртай Сабильянов, Сәт Тоқпақбаев сынды
депутаттар өз мәртебелерін дұрыс пайдалана
отырып, халықтың үмітін ақтай білді. Өздерінің
азаматтық борыштарын халық алдында абыроймен
атқара білді, шын азаматтық келбеттері
танылды. Қазақстан Республикасының Парламенті
және оның депутаттарының мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық
Заңының 16-бабында Парламенттің заңдар
қабылдау жөніндегі құзыреті былай деп
көрсетілген:
1) жеке және заңды тұлғалардың
құқықтық субъектiлiгiне, азаматтық құқықтар
мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың
мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне;
2) меншiк режимiне және өзге
де мүлiктiк құқықтарға;
3) мемлекеттiк органдар мен
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын
ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк
және әскери қызметтiң негiздерiне;
4) салық салуға, алымдар мен
басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот құрылысы мен
сотта iс жүргiзу мәселелерiнде;
7) бiлiм беруге, денсаулық сақтауға
және әлеуметтiк қамсыздандыруға;
8) кәсiпорындар мен олардың
мүлкiн жекешелендiруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) республиканың әкiмшiлiк-аумақтық
құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер
мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға
хақылы.
Осыған қарап, парламент депутаттарының
құзыретінің кең ауқымды екені тайға таңба
басқандай көрініп тұр. Сондай-ақ парламент
сессияларындағы талданған мәселелер
ақпарат құралдары арқылы халыққа үнемі
шынайы түрде жеткізіліп тұрады. Бұл мәселе
әлі де күн тәртібінде тұр. Себебі парламенттегі
қабылданып жатқан заңдар мен талқыланған
мәселелер, өткір ұсыныстар халыққа тез
арада жете бермейді. Халық әр депутаттың
және олардың жалпы отырысындағы қарастырған
мәселелерді, қабылдаған заңдарды шынайы
түрде уақытында ақпарат алып тұруға хақылы.
Бұл ақпаратты жеткізу жолға қойылған,
бірақ өз деңгейінде толық жетпейтіні
де рас. Алдағы уақытта депутаттардың
жасап жатқан істерін нақты уақытында
жеткізу дұрыс жолға қойылады деп сенемін.
Өйткені депутаттардың ішінде ерекше
белсенділік танытатындарды халық біліп
отыруы тиіс. Сол арқылы депутаттар мен
халық арасында жақсы қарым-қатынас орнап,
шынында халық биліктің қайнар көзі екендігі
дәлелдене түсер еді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының
Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының
1995жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық
Заңы;
2. Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 30 тамыздағы Крнститутциясы
3. З.Ж. Кенжалиев. Қазақстан
Республикасының Конституциясы және құқықтық
саясат тұжырымдамасының iске асу кезеңдерi
// Вестник КазНУ. Серия юрид. – 2003. - № 2.