Сақтау шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 18:39, курсовая работа

Описание работы

Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....3
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................6
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................18
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..25
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................31
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................36
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................43
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................50

Файлы: 1 файл

Сактау шарты.docx

— 161.69 Кб (Скачать файл)

Алдын ала шартқа жекешелендіру  туралы Жарлықта көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болады. Жекешелендіру туралы Жарлықта «сауда ұнатқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер жүргізген күні сауданын, нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды» делінген.

Алдын ала шарт пен негізгі  шарттың ұқсастығы- олардың екеуінін формалары бірдей болуында. Егер белгілі бір нысандағы шарттарды жасағанда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, рента шарты), онда алдын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс.

Бірақ, егер заңнамада  негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдеттегі сатып алу - сату шарты), алдың ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады .

Алдын ала шартта, тым  болмаса, негізгі шарттың нысанын, сондай-ақ басқа да елеулі шарттын, нысанын анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс . Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міндетті жағдай болып табылады, сондықтан Азаматтық Кодекстің 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудын, бір жылдық мерзімі анықталған.

Мұндай мерзімнің маңыздылығы  сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше жасалмаған болса, онда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін жояды.

Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міндетті болып табылады.

Нарықтық экономика  жағдайында шарттардың басым көпшілігі 
еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міндетті шарттар 
(мысалы,мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс негізінде

жасалатын шарт).Міндетті шарттар арасында жария шарттардын, орны бөлекше.

Коммерциялық ұйыммен  жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда,көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және т.б.)

Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары.

Өзара келісілген шарт жасасқанда онын, ережелерін тараптардың екеуі анықтайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін тараптардың біреуі дайындайды, екінші тарап ол ережелерді түгелімен кұптайды.

Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен стандартты формаларда (бланк,формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса, шарт қосылу шартынан жай шартқа айналады.

Қосылу шарты экономиканын, әртүрлі салаларына таралды. Оның мысалы ретінде электр және жылу қуатын, газды және коммуналдық кәсіпорындардың басқадай қызметін пайдалану туралы шарттарды, көлік ұйымдарымен шарттарды атауға болады.

Көптеген жария шарттар, бір  жағынан қосылу шарттары болып табылады. Мысалы, затты пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері баяндалған бланк ұсынады. Клиент оған ешнәрсе қоспастан, шартқа қол қоя салады. Егер қосатын болса, онда ол жай шартқа айналады.

Ауызша және жазбаша шарттар.

Шарттар ауызша немесе жауоаша нысанда  жасалады (жай немесе нотариалдық). 3аңдармен немесе тараптардын, келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген шарт атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын шарттардың бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Мұндай шарт адамның мінез- құлқынан оның шарт жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

Жетон, билет  немесе әдеттегідей қабылданған  өзге де растайтын белгілер арқылы расталған шарт , егер зандарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

Шарт жасасу    тәртібі Қазақстан    Республикасының    Азаматтық  Кодексінің     23 -тарауындағы  ережелер  бойынша анықталады,  шарт

Тараптар өзара келісіп, шарт жасасуы  үшін олардың біреуі шарт жасасу жөнінде ұсыныс жасауы, ал екіншісі сол ұсынысты қабылдауы тиіс.

Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады. Шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). ¥сыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.

Азаматтық Кодекстің 395-бабына сәйкес офертада бірнеше нысандар болуға тиіс :

  1. ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге ;
  2. мүмкіндігінше    толық,    яғни    шарттың    елеулі    ережелерінің 
    барлығын қамтуға;
  3. белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс[5];

Егер ұсыныс жалпылама  жасалса (мысалы, азамат «Талдықорған» газетінде телевизорын сатамын деп хабарлама береді), ол оферта емес тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан ядамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау - қабылдамау сатушының өзіне байланысты.

Шарт жасасу қандай да бір тараптың міндеті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады.

Азаматтық Кодекстің 395-бабы «оференттің байланыстылығы» ұғымын енгізеді. Бұл шарт әлі болмаса да белгілі бір міндеттемелердің туындағанын көрсетеді. Ол адресат офертаны алған кезден акцепт немесе акцепт үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды.

«Оференттің байланыстылығы»  ұғымынан «офертаның қайталап алынбайтындығы» ұғымы туындайды. Оферент офертамен байланыста болатын мерзім өткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан көрген шығынын өтеу міндетінің туындауына әкеліп соғады.

Сонымен қатар, офертаның  қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозитивтік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады.

Азаматтық Кодекстің 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпылама жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.

Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға үсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға ұсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды.

Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті.¥сынысты жария оферта деп тану үшін мынандай белгілер болуға тиіс:

  1. одан    тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі 
    сезілуі тиіс;
  2. ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс;
  3. тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа 
    үн қатқандарының барлығына қатысты болады.

Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе -ол офертаға шақыру, егер дүкен тауарын витринаға қойса - ол жария оферта. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.

Акцептанттың  өзінің офертамен толық және сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы; акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз және өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін ұсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды және ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғандық болады.

Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналады. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірак бұл норма диспозитивтік болып табылады.

Мысалы, банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер ондай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін білдірмесе, ұсыныс қабылданған болып саналады делінген.

Азаматтық Кодекстің 396-бабының 3-тармағына  сәйкес акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемей қою түрінде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу , қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т.б. түрде болады. Бірақ бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп тұруы тиіс және бұл әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек.

Оферта сияқты акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтарып алынуы мүмкін, оның акцептантқа еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оференттен алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің акцепттен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай алады.

Оферент акцептті алганнан кейін шарт жасалған болып саналады, оны шартты бұзудың жалпы ереже  бойынша ғана тоқтатуға болады.

Шарт жасасу тәртібі. Шарт жасау ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда, ол жерде жоқ контрагентке жауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда жасалады. Мерзімі көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды.Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түрінде теріс салдар келеді.

Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша , егер ондай мерзім белгіленбеген болса-ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса;ал оферта акцепт үшін мерзім көрсетілмей ауызша жасалса; басқа тарап өзінің акцепті жайында тез мәлімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады.

Оферент, жауап ала алмағандықтан, басқа адаммен шарт жасасуы мүмкін. Ол оның құқығы, себебі оферент өз ұсынысымен байланып тұрған жоқ. Ал, жауапты дер кезінде жіберген акцептант та , мерзімнің өтіп кеткенін білмей, шартты орындау үшін өз тарапынан әрекет жасауы мүмкін (көлік дайындауы, басқа зат іздеуді тоқтатуы және т.б.) беруге тиіс. Егер оферент мұны істемесе жауап кешіккен деп саналмайды, яғни шарт жасалған болып табылады, және шартты орындаудан бас тартса оферент акцептантқа келген шығынды өтеуге міндетті.

Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайтадан басталады. Сондықтан ережеге қандай да бір өзгеріс енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Алғашкы оферент акцептантқа айналады, жаңа ұсынысты қабылдауға да, шарт жасасудан бас тартуға да оның кұкығы бар, немесе ол жаңа ұсыныс жасап қайтадан жаңа оферентке айнала алады. Ол шарт жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос әурешілігін түсінгенше жалғаса береді.

Шарт жасасатын жер. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұргылықты жерінде жасалған болып табылады.Шарт жасасқан жерді анқытаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталғандығын белгілейді. Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен онын, тұрғылықты жері деп танылады.Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жері оның тұрған жері болып табылады.Жалпы ереже бойынша шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарын тараптардың өздері шешеді, оларды соттың қарауына бермейді. Егер ол қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды. Азаматтық Кодекстің 400-бабына сәйкес шартқа дейінгі дауларды сотта қарауға болатын тек екі жағдай бар:шарт жасасудан бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті болғанда;пікір қайшылығын сот (мемлекеттік немесе төрелік) қарауына беру жөнінде тараптардың келісімі болса. Мұндай келісім пророгациялық немесе төрелік деп аталады. Пікір қайшылығы сотта қаралғанда ,шарттың тараптар келісе алмаған ережелерін сот анықтайды,ол шешімге тараптар бағынуға тиіс. Шарт алдындағы даулар бойынша сот шешімдері мәжбүрлеп орындату жөнінде ешқандай әрекеттерді керек етпейді, онда тек кұкық құрушы маңыз бар.

Шарт  дегеніміз екі немесе бірнеше  субъектінің келісімі, екі немесе бірнеше субъектінің келісіп, ерік білдіруі. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе, шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл - шарттың елеулі ережесі. Азаматтық Кодекстің 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі жағдайлары бойынша ортақ келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. 393-бап елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпылай олардың нышандарын атап өтеді.

Ережелердің елеулі болып  табылатын мына топтарын бөліп айтуға болады, олар:

Информация о работе Сақтау шарты